Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:23, курсовая работа

Краткое описание

Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау, сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2-3
І. Нарықтық экономика жағдайындағы бюджет кірістерінің экономикалық мазмұны мен мәні
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі …………………..4-5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы…….…...6-7
1.3Бюджет кірістері және олардың көздері.......................................................8-9
1.4 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы……………………...…………9-12
II. Қазақстан республикасының бюджет кірістерін талдау
2.1 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы ……………...……………12-16
2.2 2009-2012 жж. Бюджет түсімдеріне талдау ............................................16-21
III.Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары......22-24
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Қорытынды.............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемл бюджет кірісі.docx

— 186.50 Кб (Скачать документ)

Бюджеттік тапшылықтың шекті  мөлшеріне ел экономикасының даму ауқымдары  мен деңгейі,оның экспорттық мүмкіндіктері ,шаруашылықты басқару әдістеріндегі ерекшеліктер сияқты және т.б факторлар ықпал етеді.Әлемдік тәжірибе көсеткендей,ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік бюджеттің тапшылық деңгейі әрбір елде әр түрлі болып келеді.Сондықтан бюджеттік тапшылықтың сандық параметрлері әрбір мемлекет үшін жекелеген негізде анықталатын мүмкін шектерден асып кетпеуі тиіс.[13]

1-кесте.Қазақстанда мемлекеттік бюджет тапшылығын құрудың көрсеткіштері(млрд.тг)[2]

 

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Тапшылық

-212518

-327479

-510946

-554789

-570547

-580723

ЖІӨ-ге қатысты тапшылық

%түрінде

1,65

2,04

3,20

2,58

2,42

2,23

Ескерту: Әдебиеттерден теориялық  негіз бойынша автормен құрастырылған.


 

2-кесте.Ақтөбе облысының жергілікті бюджетінің тапшылығы,млн.тг[2]

Облыс

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Соңғы сальдо

Ақтөбе

-2234

3504

1932

-1485

-2694

1572

599

Ескерту: Әдебиеттерден теориялық  негіз бойынша автормен құрастырылған


 

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
  2. қоғамдық өндіріс шығындарынық өсуі;
  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
  4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
  5. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауга жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудын комақты ауқымы;
  6. «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
  7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.

Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр – ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Қорғалған баптардың құрамын республика Парламенті мен биліктің жергілікті орғандары анықтайды. 
Бюджет тапшылығын төмендетудін мынандай әдістері болады:

  1. шығыстар тұракты, кірістер өседі;
  2. кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
  3. кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырак төмендейді).

Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру. 
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

  1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың аркасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
  2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
  3. Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қорық басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
  4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Бюджет тапшылығына қатысты  фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.

    • Жыл сайын баланстандырылатын бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай- күйі фискалдық саясаттыңтұрактандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері втоматы түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып табылады. Бюджетті баланстау саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы втоматы түрде салық түсімдерін кебейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс. Бұл жағдайлардың кез келгенінде инфляция күшейеді.
    • Циклдік негізде баланстандырылатын бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдын. Барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі ерлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
    • Қаржының функциялық тұжырымдамасының максаты макроэкономикалық тұрактылыққа, инфляциялық емес толық камтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді втоматы түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бүдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.[3]

Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін бюджеттің түжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді

Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканың Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшьшығы арқылы анықталады. Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар құралдарын, бюджет құралдарыньщ бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеуге жұмсау. Оның көлемі займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған займдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.[2]

 

 

2.2   2009-2012 жж. Бюджет  түсімдеріне талдау

 

Бюджеттің 2009 – 2012 жылдарға арналған кірістері Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қор тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуі және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған салық саясатының негізгі бағыттары негізінде айқындалды.

2011 жылға арналған республикалық  бюджеттің күрделі экономикалық  жағдайда  іске асырылғанын ешкім де жоққа шығармайды.  Жалпы, 2012  жылғы бюджет түсімі 4 триллион 751 миллиард теңге, шығысы 4 триллион 523 миллиард теңге құрап, тапшылығы 228,5 миллиард теңге шамасында болды.

Кірістерді есептегенде  мемлекеттік басқару және мемлекеттік  мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2010 жылғы 1 сәуірден 25 %-ке,

2011 жылы 1 шілдеден 30 %-ке арттыру  және Мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру қорына аударымдарды 2010 жылы 5 %-ке дейін арттыру нәтижесінде  әлеуметтік салық және 2010  –  2012 жылдар ең төменгі жалақы  мөлшерінің ұлғаюына байланысты  жеке табыс салығы түсімдерінің  төмендеуі ескерілді.[11]

 

 

 

 

 

1-кесте. Мемлекеттік бюджеттің  кірістері ЖІӨ-ге %-пен

 

Көрсеткіштердің атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Кірістер

14,9

15,2

15,0

салықтық  түсімдер

14,3

14,6

14,4

салықтық емес түсімдер

0,4

0,4

0,4

негізгі капиталды сатудан  түсетін түсімдер

0,2

0,2

0,2





Ұлттық қорға  жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер көлемінің       2010 – 2012 жылдарға арналған болжамы макроэкономикалық  көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде жасалған: мұнай өндіру, мұнайға әлемдік баға, АҚШ долларына  теңгенің бағамы, сондай-ақ бұған дейінгі  жылдардағы түсімдердің серпіні, ағымдағы жағдайды талдау.

2010 жылы Ұлттық қорға  тікелей салықтардың түсімдері  ЖІӨ-ге 9,2 % деңгейінде болжанып отыр, 2011 жылы – 8,3 %, 2012 жылы – 8,0 %.

   2-кесте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына тікелей салықтық түсімдер, 2010 – 2012 жылдарға арналған

 

          Дерек көзі: www.stat.kz сайтынан алынған мәлімет бойынша құрастырылған

«Мемлекеттік және республикалық  бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының  шоғырландырылған бюджетінің болжамдары»  деген кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Соңғы жылдардың ішінде Қазақстанның экономикасы орнықты  өсуін көрсетті және шоғырландырылған бюджеттің профицитін қамтамасыз етті. Атап айтқанда осы елімізге бүгінгі  таңда әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жұмсартқан резервтерді жинақтауға мүмкіндік берді. [8]

 

3-кесте 2008 – 2012 жылдардағы шоғырландырылған бюджеттің теңгерімі мен мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы

 

                    Дерек көзі: www.stat.kz сайтынан алынған мәлімет бойынша құрастырылған

Алайда, бюджетке шығыс жүктемелерді азайту жөніндегі шараларды қабылдамай жинақталған активтерді одан әрі  пайдалану жүзеге асырылмайтын болады. 2009 жылға арналған республикалық  бюджетті нақтылау кезінің өзінде бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде орталық  және жергілікті мемлекеттік органдардың, холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың әкімшілік шығыстары, сондай-ақ оларды материалдық техникалық жарақтандыру және күрделі жөндеу бойынша шығыстар қысқартылған тиісті шаралар басталған  болатын.

Даму бюджетінің іске асырылу  тәсілдері қайта қаралды, бұл  да инвестициялық жобалар бойынша  шығыстарды оңтайландыруға және мемлекеттік  ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайтуға  мүмкіндік берді.

 

4-кесте 2008 – 2012 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің

кірістері мен шығыстары

          Дерек көзі: www.stat.kz сайтынан алынған мәлімет бойынша құрастырылған

Мемлекеттік бюджет кірістері 2008 жылдың деңгейіне 2012 жылға қарай  ғана қол жеткізілетінін ескере отырып, жоспарлы кезеңде қарқыны үш жылдық кезеңде орта есеппен 11,7 %-тен аспайтын мемлекеттік шығыстардың өсуін тежеу саясаты жүргізілетін болады.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы  «Жаңа онжылдық –  жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының қаражатын  қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы  әзірленді.

Ұлттық қордың алдағы он жылға арналған қаражатын пайдаланудың жаңа тәсіліне сәйкес 2010 жылдан бастап республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт  абсолютті мәнінде 8 млрд. АҚШ доллары  деңгейінде  тіркелді.  Бұл ретте, Ұлттық қордан  нысаналы трансферттер тарту ерекше жағдайларда  Қазақстан Республикасы Президентінің  шешімі және Ұлттық қорды басқару  кеңесінің ұсынысы бойынша мүмкін болады. 

Бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі жөніндегі саясат осы  онжылдықтың соңында ЖІӨ-ге көп  дегенде 3 %-ды құрауы тиіс  мұнай  емес тапшылықты қысқартуға (оның маңызы  одан әрі  біртіндеп нөлге теңесетін  болады), сондай-ақ кейіннен тек даму бюджетін қаржыландыруға  көше отырып, Ұлттық қордың ағымдағы шығыстары қаражатын  жұмсауды қысқартуға бағытталады.[6]

 

5-кесте Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлеміндегі Ұлттық қордың кепілдік берілген және нысаналы трансферттер түріндегі тартылатын қаражатының үлесі

 


                   Дерек көзі: www.stat.kz сайтынан алынған мәлімет бойынша құрастырылған

Жоғарыда жазылған тәсілдерді ескере отырып, Ұлттық қорға қосымша  жинақтар 2020 жылға 40 млрд. АҚШ долларынан астамды құрайды, ол активтер 90 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі тиіс, бұл ЖІӨ-ге кемінде        30 % -ті құрайды.[8]

 

 

6-сурет

Ұлттық қор активтерінің серпіні

Дерек көзі: www.stat.kz сайтынан алынған мәлімет бойынша құрастырылған

Инвестициялық саясат 2010 – 2012 жылдары  әлеуметтік-экономикалық жағынан  неғұрлым маңызды, экономикаға және  халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға барынша мультипликативті әсерін тигізетін  қайта бағдарлау ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады. 

Инвестициялық бағдарламалардың теңгерімділігін, ел мен өңірлердің инфрақұрылымы  мен ресурстық әлеуетінің дамуына  орай жеке меншік сектор жобаларын  іске асырудың өзара байланыстылығын  қамтамасыз ету жүйелі және жедел  шаралар қабылдау арқылы бұдан бұрын  көрсетілген фискалдық саясат бағыттарымен келісетін екі негізгі бағыт  бойынша жүзеге асырылады. Жүйелі сипаттағы ұзақ мерзімді шара Елдің аумақтық-кеңістіктік даму схемасын әзірлеу дегенді білдіреді, ол мемлекет ресурстарын тиімсіз пайдалануды азайтуға, өндірістік, көлік, инженерлік, әлеуметтік, рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту мен халықты таратып орналастыру жүйесін үйлестіруге мүмкіндік береді және жеке меншік сектордың бизнес-бастамалары үшін бағдарлар ұсынады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары