Банк ісіндегі ақпараттық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:41, курсовая работа

Краткое описание

Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары мен жеке заңды тұлғалар
арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе
сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге
қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері
(жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен
өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады. Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын
болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома
сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру
жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді.
Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.жұмыс.docx

— 2.17 Мб (Скачать документ)

жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін

сақтандырылушылардың жарналары  есебінен сақтандыру қорының құрылуына  байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру,

жауапкершілікті сақтандыру , кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік

сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіп орындардың, ұйымдардың,

 азаматтардың нақты  сақтандыру мүдделерін ескереді,  сақтандыру объектілері мен заттарының кең щеңберін түрлі  сақтандыру жағдайларынан

сақтандырмалық қорғаумен  қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі уақытта

сақтандыру нарығында  әр түрлі меншіктегі ұйымдар жетерлік.Олардың  қызмет ету аясы тәуекелді сақтандыру аясын қамтиды:  биржалық келісімдерді,

жүктерді, несиені сақтандыру және коммерциялық, құқықтық және басқа  да

арнайы тәуекелдерді сақтандыру.

 

1.2 Сақтандыру қызметі және оның механизмдері

 

Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен 

азаматтардың  мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар  мемлекеттің 

макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді  атқару болып 

табылады. Сондықтан,  рыноктық шаруашылығы  дамыған мемлекеттерде 

сақтандыру  әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  шешудегі экономиканың

стратегиялық  секторы болып отыр.

Сақтандыру қызметі өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді.Қазіргі

әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға  сай және

қарқынды  дамыған сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етеді. Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің тұрақты дамуы туралы айту қиын.Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы сақтандыру компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз кезегінде сақтандыруға деген ынталандырудың

жетіспеушілігінен, соның ішінде өмірді сақтандыруға, халықтың отандық

қаржы ұйымдарына деген сенімділігінің төмендігі, әсіресе ұзақ мерзімді

салымдар  жасауға көп халықтың сенбеуінде болып отыр.

Сақтандыру қызметі – бұл  қаржылық тұрақтылықты және төлем

қабілеттілікті  қамтамасыз ету мақсатында қаржы  рыногында пайда алу 

үшін  қордың уақытша бос қаражаттарын пайдалану және дәстүрлі мәміле

аясында сақтандыру оқиғаларының туындауы себебінен  болған зияндарды 

қайтару жағдайында, заңды тұлға тарапынан  кәсіпорындардың, ұйымдардың,

азаматтардың  салымдарын (сақтандыру сыйлықақылары) мәміле есебінен төлеу бойынша сақтандыру қорын құруға негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрін көрсететін сақтандыру қызметінің қатысушылары арасындағы ерекше

тұйықталған қатынастар жиынтығы.

Экономикалық  категория ретінде сақтандыру  – сақтандырушы мен 

сақтанушы арасындағы экономикалық қатынастардың  жиынтығы, яғни 8

мүліктің  бір бӛлігі сақтандыру сыйақысы ретінде (ақшалай немесе натуралды 

үлгіде) бір субъектіден екінші субъектіге сақтандыру төлемі түрінде

сақтандыру оқиғасы туындаған кезде қайтарым жағдайына беріледі.

Сақтандыру қызметі өркениетті қоғамның ажырамас бөлігі болып

табылады. Осыған орай оның даму стратегиясы  республиканың жалпы

экономикалық  дамуының стратегиялық міндеттерімен  тығыз байланыста болуы шарт. Сондықтан, ұлттық сақтандыру қызметі рыногын дамыту стратегиясын әзірлеу барысында обьективті және субьективті түрдегі келесі

талаптар ескерілуі қажет:

  • сақтандыру қызметі рыногын дамытудың ұйымдық тұжырымдамасын

     әзірлеу;

  • бағалаудың сапалық және сандық ӛлшемдерінің жүйесін анықтау және

     даму бағыттарын таңдау мен негіздеу;

  • «Қазақстан  - 2030» елдің ұзақмерзімді стратегиясы дамуының негізгі

     сатыларына сәйкес келетін сақтандыру қызметінің даму

    стратегияларын,олардың мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу;

  • ұлттық және халықаралық рыноктағы ӛз орнын нығайту және бәсекелік

     артықшылықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сақтандыру

     жүйесі дамуының стратегиялық бағдарламалары мен жобаларын

     стратегиялық маңызды бағыттар мен салаларға бағыттай отырып

     әзірлеу;

  • әлемдік стандартқа сай келетін сақтандыру қызметінің даму

     процестерін реттеу механизмдерінің жүйесін дайындау.

Сақтандыру  және оның қоғамдық экономикалық қатынастардағы жүйесі

ұлттық табысты қайта бөлу (айырбастау) сатысынан итеріле отырып, төрт

сатыдан тұратын өзіндік ұдайы өндіріс қызметін жүзеге асырады (1.1 кесте).

 

1.1 кесте – Сақтандырудағы экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі сатылары.

 

Өндіріс

Тарату

(қайта бөлу)

Айырбастау

Тұтыну,

Қолдану



Өндіріс факторлары иелерінің

арасында брутто- табысты өндіру мен

тарату олардың бір  бөлігін 

сақтандыру қорына салудың 

потенциалды мүмкіндігін  береді.

Өндіріс факторлары иелерінің нетто-

табыстарының бөлігін  сақтандыру

жарнасына (сыйлықақы) айналдыру, ол өз кезегінде келесі сатылардан тұратын нақты сақтандыру үдерісінің бастамасы болады:



I саты – сақтандырушылармен сақтандыру  жарналарын құру және

сақтандыру өнімін сату нәтижесінде  сақтандыру төлемдерін өндіру үшін  олардан сақтандыру қорын құру.



II саты – сақтандыру топтары,  сыныптары, түрлері және басқа  бағыттары

бойынша сақтандыру қорларын құру және тарату.



III саты – сақтандыру шарттары  бойынша (сақтандыру қорларын  бағыты

бойынша жұмсау) сақтанушыларға сақтандыру тӛлемдерін өтеу.



IV саты – сақтанушылардың өтелінген  сақтандыру төлемдерін жоғалтқан

немесе бүлінген нысандарын қайта қалпына келтіру үшін қолдануы.


 

Сақтандыру қызметіндегі ұдайы  өндіріс процесінің бірінші сатысы

азаматтардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік институттардың ерікті және

міндетті  сақтандыру тізбесі бойынша сақтандыру қорғанысы қызметін сатып 

ала отырып, нетто-табыстан сақтандырушыларға төлейтін сақтандыру

сыйлықақыларының  есебінен, сақтандыру қорларын құру арқылы сақтандыру

қорғанысын  қамтамасыз етеді.Бұл сақтандыру қызметін сатып алу- сату сатысы.Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысы  –

сақтандыру  қорларын құру және тарату. Бұл сатыда сақтандырушылар 

біруақытта  сақтандыру қорларын құра отырып, оларды сақтандыру

нысандарын  қайта қалпына келтіру үшін қолдануы.

Сақтандыру  қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің үшінші сатысы  –

сақтандыру  төлемдерін жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен

сақтанушыларға  жоғалтуларын өтеп беру үшін сақтандыру қорын пайдалану

арқылы  сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен байланысты. 

Сақтандыру  қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің төртінші сатысы  –

сақтандыру  төлемдерінің сақтанушылардың ие болу, басқару, қолдануымен

байланысты  мүліктік қызығушылығын, олардың үшінші тұлға алдындағы 

жауапкершілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуімен  байланысты.

Жоғарыда  айтылған тұжырымдарды талдай келе, біз  «сақтандыру қызметі»

терминіне қатысты үш категорияны береміз. Біріншіден, бұл қатысушылар 

арасында  туындайтын экономикалық қызығушылықтарды қорғау тәсілі болып табылады. Екіншіден, сақтандыру қызметі  – қоғамдық қатынаста жүйесінің ажырамас бөлшегі болады.Үшіншіден, сақтандыру қызметі  – бизнес түрі болып табылады.

 

1.3 Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы

 

Сақтандыру  классификациясының барлық звеносы  сақтандырудың екі түрін қамтиды. Олар:

1. Міндетті сақтандыру.

2. Ерікті сақтандыру.

Міндетті  сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы  және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды  білдіреді. Міндетті сақтандырудың  инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың  қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету  мақсатында заң арқылы міндеттейді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және

белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.

Ерікті  сақтандыру – міндетті сақтандырудың  әрекетіне қарағанда 

азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда  болған сақтандырушы

(сақтандыру  компаниялары) және сақтандырушы (жеке  және заңды тұлғалар) өзара келісім  негізінде пайда болды.Ерікті  сақтандырудың инициаторы болып,  шаруашылық субъектілері мен  жеке және заңды тұлғалар табылады. Міндетті сақтандыру формасын мемлекет тек қана жеке сақтандырулар мүддесін қорғау мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін сақтандыру мекемесін анықтайды. Ерікті сқтандыру алдын-ала келісілген сақтандыру мерзімі анықталады. Ерікті сақтандыру, сақтандыру жарнасын төлеген соң ғана күшіне енеді.

 Міндетті  сақтандыру:

- автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;

- жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін; 
  Ерікті сақтандыруды екі үлкен салаларға бөлуге болады:

1.    Мүлікті сақтандыру.

2.    Жеке басты сақтандыру.

Сақтандыру  өз іс-әрекетінде танымның теориялық  және эмпирикалық

 тәсілдеріне  сүйенеді және бірқатар ғалымдардың,  экономиканың,

статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді. 
Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға,

жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы

қызметінің  тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін

қолданылады. 
   Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды. Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі

болатындай  буындар мен салаларға бөлудің  ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру

объектілеріндегі  өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша  және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген  және нақты мағынада

сақтандыруды  жіктеу сақтандырушыларда және олардың  жұмысында,

объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі

көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді. Нарықта меншік түрі жағынан мемлекеттің және мемлекеттік емес болып бөлінетін арнаулы сақтандыру ұйымдары қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдардың қызмет ету саласы ішкі, сыртқы және аралас нарық салаларын қамтиды. Бұл экономикалық қызмет түрі ретіндегі сақтандыру саласын

ұйымдық жіктелуі болып табылады.Ұйымдастыру түріне қарай сақтандыру

мемелекеттік,акционерлік, өзара кооперативтік болып бөлінеді.

Ерекше ұйымдық түрге дәрігерлік сақтандыру жатады.

Мемлекеттік сақтандыру – сақтандырушы ретінде  арнайы өкілетті ұйым тұлғасы арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру түрі: мемлекет мүдделерінің щеңберіне оның кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін жүргізуге үстемдігі жатады. 
   Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде жарғылық қоры жеке және заңды тұлғаларға тиесілі акциялардан және басқа құнды қғаздардан жиналған акционерлік қоғам түріндегі жеке капитал болатын мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру

Информация о работе Банк ісіндегі ақпараттық жүйе