Үстеме шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:59, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: үстеме шығындар есебі. Курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебі және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар үстеме шығындар есебі туралы жазылған. Жұмыстың кіріспе бөлімінде жалпы шығындар туралы түсінік және олардың жіктелуі көрсетілген; 1-бөлімінде жалпы үстеме шығындар ұғымы мен есебі, оларды орналастыру қажеттілігі туралы жазылған; 2-бөлімінде үстеме шығындарды тарату ставкалары туралы түсінік, олардың түрлері және есептеу тәртібі сипатталған; 3-бөлімінде үстеме шығындарды есепке алуды жетілдіру жолдары қарастырылады; ал курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы үстеме шығындарды есерке алу жолдары сипатталып кеткен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстык жумыс.doc

— 255.50 Кб (Скачать документ)

    Шұжық өнімдерін  өндіретін жекелеген кәсіпорындардың қызметін тәжірибесін зерттеу нәтижелері ұйымның коммерциялық-өткізу қызметі табысты жұмыс істеу үшін осы қызмет бойынша барлық шығындардың толық және жан-жақты есебі ғана емес, сонымен бірге жұмысты келесідей бағыттар бойынша қамтитын өткізудің дәлелденген жүйесін қалыптастыру қажет етіп отырғанын байқатады: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің деректерінің базасын қалыптастыру; сатуды жоспарлау кезіндегі бақылауды жетілдіру; өткізу-сату жоспарының орындалуын бақылауды күшейту.

Өнеркәсіптің басқа да салалары сияқты, ет және шұжық өнімдерін өндіруші салалардағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне елеулі әсер ететін фактордың бірі – бұл ұйымның коммерциялық-сату (өткізу) қызметі екенін айта аламыз. Ұйымның жабдықтау-дайындау, өндіріс және коммерциялық-сату қызметтері бірін-бірі үнемі толықтырып, үздіксіз өзара байланыста болуға тиісті. Өйткені, шұжық өнімдерінің технологиялық ерешеліктері мен сипатына байланысты, оларды сақтау орындарында ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Тек берілген тапсырыстар мен нарықтағы ұсынысқа байланысты орындалатын шұжық өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, ұйымның ішінде өткізу-сату бөлімінің басқарушылық есебін өндірістік жоспармен және нақты өндіріс көлемімен байланыстыра отырып, ұйымдастыру қажет деп тұжырым жасаймыз. [14]

    Басқару есебі  басқарушылық шешімдердің тиімділігін  алдын-ала бағалауға, оңтайлы  түрде бөлімшелер арасында бөліп,  таратуға, ұйымның даму жолдарын  белгілеуге және дағдарыс жағдайын  болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын  бюджеттеу жүйесіне сүйенеді. Бюджет – жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Басқару есебінде бюджеттеуді жоспарлау процесі деп те атайды. Жоспарлау процесі бақылау процесімен тығыз байланысты, соған байланысты жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажетті бөлігі болып табылады. Біздің пікірімізше, шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға бюджеттендіру жүйесін енгізудің нәтижесі келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндіктер береді:

1. Кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға;

2. Қызметті үйлестіруді және жекелеген бөлімшелер мен жалпы кәсіп-орындар мүдделерінің өзара байланысын қамтамасыз етуге;

3. Шұжық кәсіпорынының шаруашылық қызметінің түрлі баламаларын болжауды, жоспарлауды, нормалауды, талдауды бақылауды, бағалауды және қабылданылатын басқарушылық шешімдердің дәлелдігін арттыруды іске асыруға;

4. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ұйымның қаржылық жағдайын жақсартуға. [2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен курстық жұмысты  аяқтай келе үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдарын ұсынамыз:

  • үстеме шығындарды жауапкершілік орталықтары мен өндірістер бойынша нақты жауапты тұлғаны көрсете отырып ұйымдастыру, бұл үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізудің дәлдігін қамтамсыз етіп, осы шығындарды төмендету жолдарын анықтауға ықпал етеді;
  • құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарын өндіріс кезеңдері арасында құралдың атқарған уақыт санына тепе-тең таратқан орынды;
  • өндіріс орындарының тозуы мен ағымдағы жөндеу шығындарын тікелей жолмен қосқан дұрыс;
  • еңбекақы шығындарын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына тепе-тең бөлу керек;
  • қалған шығын баптарын өнімнің жекелеген түрлерінің салмағына бара-бар бөлген дұрыс.

Менің пікірімше, өндіріс орындарында шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардағы бюджеттендіру жүйесі ең аз дегенде келесідей бюджеттерді қамтуы керек: сату; өндіріс; шикізат, негізгі және көмекші материалдардың тікелей шығындары; еңбек ақы төлеудің тікелей шығындары; жалпы өндірістік шығындар; бөлімше бойынша жиынтық бюджет; үстеме шығындар; пайда мен зияндар.

Жүргізілген зерттеулердің  нәтижесінде бюджеттің орындалуын бақы-лауды жүзеге асыру үшін негізгі  екі бағытты қолдануды ұсынып отырмыз:

1. Өнім өндіретін кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің бюджетін бөлімшенің өзінің жауапты адамдары арқылы орындату;

2. Барлық құрылымдық бөлімшелер бюджетін (оның ішінде шығын баптары бойынша) жоспарлы-экономикалық қызмет бөлімі немесе есеп бөлімі арқылы орындату.

Өндірістік орындардың басшысына тәжірибеде көптеген саналуан басқарушылық шешімдер қабылдауға тура келеді. Өнімнің бағасы, кәсіпорын шығындары, өнімді сату көлемі мен құрылымына қатысты қабылданылатын әрбір шешім кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етеді. Осы категориялар арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтаудың қарапайым және аса дәл тәсілі залалсыздық шегін орнату, яғни өнім өндіретін кәсіпорындардың табысы шығындарын толық жабатын кезді анықтау болып табылады.

Бұл курыстық жұмысты  жазу барысында әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық және шетелдік әдебиеттер, кезекті басылымдар  қолданылған. Кіріспеде көрсетілген мақсаттар мен міндеттер толығымен орындалды.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Ержанов А.К., Айтанаева  Ә.Қ.,  Жуманова  Г.Ш., Баянова   М.С.,   Иматаева   Ә.Е.  Басқару есебі:  Оқу   кұралы. – Алматы: Экономика, 2009

2. Басқару есебі: Оқулық/Авт.:В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова;  Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.-Алматы: Экономика, 2005.- 298 б.

3. «Бухгалтерлік есепті жүргізу туралы» ҚР Заңы, 2007 ж.

4. Бухгалтерский учет и аудит: перспективы развития в Республике Казахстан Бухгалтерлік есеп және аудит :  Қазақстан Республикасындағы даму перспективалары: материалы научно-практ. конференции :г. Алматы, 16 июня 2005 г. Ч. 1 / М-во образования и науки РК; Каз. экономич. ун-т им. Т. Рыскулова; под общ. ред. А. А. Абишева.- Алматы: Экономика, 2005.- 304с

5. Дүйсенбаев, К. Ш. ж.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы / Дүйсенбаев, К. Ш., Төлегенов, Э. Т., Жұмағалиев, Ж. Г.; ред. Н. Р. Жексенбаева. - Алматы: Экономика, 2001.- 328, [4] б.: таб.

6. Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы, Құдайбергенова, Нұрадин Айыпұлы. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері оқулық.-                      Алматы: Экономика, 2006.- 384 б.

7. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У.Кәсіпорындардың бухгалтерлік      есебі.         Кітап  1.- Алматы: Рауан, 1992.- 316бет

8. Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ. К. Кеулімжаев,  З. Н. Әжібаева, Н. А.Құдайбергенов, А. Ә. Жантева.- Алматы: Экономика, 2001.- 330 б.

9. Сәтмырзаев,  А.А.Басқару есеп жүйесінде калькуляция әдістерінің кейбір мәселелері:[Экономика]// Банки Казахстана.- 2005.- N 3.- 37-43 б.

10. Сүйіндікова,А.Нарықтық экономика жағдайында басқару есебінің теория-лық және әдістемелік негіздері:// Экономика негіздері.- 2005.-N 2.- 26-29б

11. Оразтаева, З. Б.  Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру : оқу құралы / ҚР білім және ғылым м-трлігі;  С.Сейфуллин атын. Қазақ аграрлық  ун-ті.- Астана: , 2003.- 94 б.

12. Назарова В.Л.  Бухгалтерлік есеп: оқу құралы /ҚР білім және ғылым м-трлігі;Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық ун-ті.-Алматы; Экономика 2005 ж.

13. Бірімжаров Ә. Өндірістік бөлімшелердегі ішкі шаруашылық есеп.- Алматы: Қайнар, 1996.- 88 бет

14. Мамыров, Нұрғали  Құлшыманұлы ж.б. Микроэкономика: оқу құралы / Есенғалиева, Қаламқас  Сембайқызы, Тілеужанова, Манатжан  Әшімқұлқызы.- бас.- Алматы: Экономика, 2004.- 420 б.

 


Информация о работе Үстеме шығындар есебі