Долана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:16, реферат

Краткое описание

Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинадажәне мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат ДОЛАНА.docx

— 171.87 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ№3

 

Тақырыбы: 

«Долана»

Мамандығы: БИО – 6М060700

Кафедра: Биология

Пәні: Қазақстанның биоресурстарының қазіргі жағдайы

Курс: 1

Қабылдаған: а/ш.ғ.д., Карынбаев А.Қ

Тапсырған: магистрант Кенжебекова Л.К.

 

 

 

Тараз 2013

 

Кіріспе

Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинадажәне мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. оларды дәрілік өсімдіктер дейді. осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің  бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Олар: айыр, алоэ, аралия, арша, асқабақ, ақшайыр, аюқұлақ, бақалақ, бәрпі, валериана, дәрмене, дермене, диоcкорея, долана,жалбыз, жалбызтікен, жалынгүл, женьшень, жерқонақ, жолжелкен, жөке, жуа, жусан, жүгері, итбүлдірген, итжидек, итжүзім, итмұрын, итошаған, көкшегүл, қаражоңышқа, қалақай, қаражидек, қасқыржидек, қырықбуын, қырыққұлақ, қыша, лапыз, ламинария, левзея, меруертгүл, мия, наперстянка, ойраншөп, олеандр, өгейшөп, раувольфия, рауғаш, сарыағаш, секуринега, сенна, скумпия, таңқурай, томағашөп, шай, шайқурай, шалфей, шәңкіш, шөпшай, шытыр, эвкалипт,элеутерококк т.б.

    Осы өсімдіктердің  ішінен доланаға тоқталайық.

Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділертұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.  

Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшей-теді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес, әрі тікенекті болғандықтан долананы көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.

Күтімі:

Кез-келген бақтың топырағында тамырланып өсе береді. Ашық күн көзінде өскенді қалайды. Жаздың ыстық күндерінде судың жетіспеушілігіне шыдамды, әрі қысқы суыққа да төзімді.

Көбейтілуі:

Тұқымы және қалемшелері  арқылы көбейтіледі. Сұрыпты түрлерін арнайы жылыжайларда ғана көбейтеді.

‎ Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш. Долананың Америка мен Еуразияның қоңыржай белдеулерінде кездесетін 200 (кей деректерде 1000-нан астам) түрі бар. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі 1 – 4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген.Мамыр – шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 – 5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.

Долананың әлемде  39-дан  астам  түрі  болса, оның барлық қасиеті жан-жақты әлі  зерттеліп болған жоқ, – дейді  ғалымдар. Ал біздің республикамызда  кең тарағаны екі түрі. Ол раушан гүлділер тобына жатады. Биіктігі 5-8 метр аралығында өседі. Мұның алқызыл  түрлері Алатау, Іле Алатауы, Тарбағатай тауларында көбірек кездессе, алтайлық ақшыл түрлері Алтайда көп  өседі.

Олар — биіктігі 4-5 метрге дейін жететін, ағаш тәрізді  өсімдік. Бұталарының қабығы жылтыр қоңыр, ұзындығы 3-4 сантиметрдей жуан әрі  түп-түзу тікенектері болады. Жапырақтары  қысқа сағақты, жұмыртқаға ұқсас 3-7 салалы, шеттері үшкір тісті, екіжақтарында  да аздағантүктері бар. Гүлдері ақ немесе қызыл түсті шоғырлана орналасады, диаметрі 5 сантиметрге дейін жетеді. Гүлжапырақшалары бесеу. Тұқымы – қызыл  қоңыр түсті, 3-4 дәнегі бар жеміс. Қызылдолана Алматы облысында өседі. Алтай Іле, Тарбағатай өңірлерінде  алтайлық долана деген долананың  тағы бір түрі бар. Долананың гүлінен 3 ас қасықты жарты литрлік ыдысқа салып, үстінен ақ арақ немесе 70 градустық  спирт құйып, 10 күн жабық ыдыста ұстайды. Осыдан аз қайнаған суға бір  шай қасық қосып, астан 10-15 минут  бұрын қабылдайды. Күніне үш рет. Мұны бір айға созып, он күн демалып  қайта жалғастыруға болады.

Кептірілген дәнінен  бір стақанды ұнтақтап, үстіне 100 грамм 70 градустық спирт құйып, 21 күн  жабық ыдыста ұстайды. Бұдан бір  шай қасықты аз қайнаған суға қосып, күніне үш рет астан бұрын ішеді. Бір айға созып, дем алып, бір жылда 7-8 рет қайталауға болады.

Үш қасық дәнін  ұнтақтап жарты литр қайнап тұрған суға тағыда 10 минут қайнатып, 2 сағат  бұқтырады. Осыдан соң үшке бөліп, ас алдында бір күнде бітіреді. Мұндай ем бір айға созылады, екі апта дем  алып, қайта жалғастыруға болады. Бұл  рецепттерді негұрлым ұзағырақ пайдалансаң, солғұрлым денсаулыққа пайдалы. Адамның еске сақтау қабілетін жақсартады. Ұйқысыздыққа ұйқы алдында ішеді.

Өсімдіктіңбұлайтылғанекітүрінен де дәріжасалады. Оларорманды, сайлыжерлерде, өзенжағасындағыбұталардыңарасында, тау етектеріндеөседі. Мамыр-маусымайларындагүлдейді, жемісіқыркүйекайындапіседі.

Дәрілікмақсатүшіндолананыңжемісі  мен гүлінпайдаланады. Гүлдерінде эфир майлары, холин және ацетилхолин, хлорогенқышқылдары бар. Доланаданжасалғандәрілерорталықжүйкежүйесінтыныштандырады, жүрекбұлшықеттеріне күшбереді, жүрек пен мидағықан айналысын жақсартады. Ғылымимедицинададолананы гипертония мен гипертирeозауруларынемдеугежәнежүрексоғуыныңырғағыбұзылғанда, жүректіңтұсыауырғанда, ұйқықашқанда, жалпыжүйкежүйесіәлсірегендекеңіненқолданады.

Долана халық  емінде ежелден қолданылып келе жатқан дәрілік өсімдіктердің бірі. Оны  жүрек-қан тамырлары, бас айналу, ұйқысыздық, асқазан қышқылдығын  теңестіру сияқты сияқты сырқат түрлеріне  ем. Долана көктемде жеміс ағаштарына қарағанда кешірек гүлдейді. Бір  бұтақ басында ондаған ақ гүл  тостағаншаларын ашады. Осы гүлді  ашылар-ашылмаста жинап көлеңке, жел қағып тұратын жерде кептіріп алады. Ал жемісін күзде тамыздың соңы, қыркүйек айларында жинап кептіреді.

Долана өнімдері орталық жүйке жүйесін тыныштандырып, жүрек бұлшық етінің жиырылу қабілетін  арттырады. Жүрек соғысының қалыпқа  түсуіне көмектеседі. Артериядағы  қан қысымын шамалап төмендетуге  ықпал жасайды. Қан құрамындағы  холестериннің белгілі мөлшерден  аспауына септігін тигізеді. Жүректің негізгі көктамыры мен ми ішіндегі қыл тамырлардың қан айналысын  жақсартады.

Соңғы жүз жыл  ішінде әлем медицинасында долананың  көптеген қасиеттері біртіндеп ашыла  түсуде. Әсіресе жұмыс қабілеті нашарлаған жүректі әлдендіруге, оның майлануын  тежеуге, соғу жиілігін теңдеуге, жүрек  құлақтарының бұзылуын тоқтатуға, жүрек  қарыншаларының кеңуін тежеуге, тамырлардың  ішкі қабырғасында май, түз түзілістерін болдырмауға қатысады.

Долананың кейбір түрлері  буын ауруларына, тұз жиналуға қарсы  қолданылады. Мәселен, қытайлар асқазан  сырқатына тиімді дәрі ретінде қараса, қазақтар жүрек қан тамырларына  пайдалы дәрі деп біледі. Долананың  кептірілген гүлінен бір ас қасықты 300 г суға 5 минут ақырын кайнатып, бір сағат бұқтырады. Осыны үшке бөліп, ас алдында ішеді. Ал жемісін  кептіріп, бір ас қасықты жарты  литр суға 10 минут ақырын қайнатып, бір сағат бұқтырады. Астан бұрын  бөліп ішеді. Долананың басқа  өсімдіктен бір ерешелігі – қанша  ішкің келсе, сонша іше беруге болатындығы, пайдасынан басқа зияны  жоқтығы.

Қолдану тәсілі. Долана гүлдерінің 3 ас қасығын 3 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, әр ішкенде тамақ алдында 1 стаканнан 3 рет ішеді. Оның жемісінің 10 граммын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырып, шай ретінде ішуге де болады. Одан спиртті ерітіндіні былай жасайды: Өсімдік жемісінің 25 грамын 100 мл спиртке  салып, 8-10 күн тұндырады, сонан соң 30-40 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Егер тұнба араққа жасалса, онда 50-60 тамшыдан 3 рет ішу керек.

Дәрінің тиімділігін  арттыру үшін долана жемістерінің 4 бөлігін, түркістандық сасық шөптің 4 бөлігін, батпақ ақ шайырының 4 бөлігін, түймедақ гүлінің 1 бөлігін алып араластырады. Осы қоспаның 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, дайын болған дәріні 1 ас қасықтан 3 рет ішеді.

Долананың гүлінен 3 ас қасықты жарты литрлік ыдысқа салып, үстінен ақ арақ немесе 70 градустық  спирт құйып, 10 күн жабық ыдыста ұстайды. Осыдан аз қайнаған суға бір  шай қасық қосып, астан 10-15 минут  бұрын қабылдайды. Күніне үш рет. Мұны бір айға созып, он күн демалып  қайта жалғастыруға болады.

Кептірілген дәнінен  бір стақанды ұнтақтап, үстіне 100 грамм 70 градустық спирт құйып, 21 күн  жабық ыдыста ұстайды. Бұдан бір  шай қасықты аз қайнаған суға қосып, күніне үш рет астан бұрын ішеді. Бір айға созып, дем алып, бір жылда 7-8 рет қайталауға болады.

Үш қасық дәнін  ұнтақтап жарты литр қайнап тұрған суға тағыда 10 минут қайнатып, 2 сағат  бұқтырады. Осыдан соң үшке бөліп, ас алдында бір күнде бітіреді. Мұндай ем бір айға созылады, екі апта дем  алып, қайта жалғастыруға болады. Бұл  рецепттерді негұрлым ұзағырақ пайдалансаң, солғұрлым денсаулыққа пайдалы. Адамның еске сақтау қабілетін жақсартады. Ұйқысыздыққа ұйқы алдында ішеді.

 

Жүрек сырқаттарына.

Долана жемісінің 200 гр.жуып,200 гр.суда 30 минут баяу жанған отта қайнатып, 2-3 ай 1 стаканнан 3 мезгіл ішсе ем.

Қызыл долана ағашы  қабығының ішкі жағындағы ақ кілегей  қабығын кептіріп,ұнтақтап,2 ас қасығын 1 литр суға салып, 10 минут қайнатып, 2 сөтке тұндырады. Осыған 1 ас қасық  бал қосып күніне20-25 гр. үш мезгіл ас алдында 1 ай ішу керек.10 күн демалып, тағы қайталай берсе болады.

Долананың гүлін  көлеңкеде кептіреді. Осының 200 гр. ұнтағын 2 литр балға араластырады. 3 мезгіл 3 ай бойы күн сайын ас алдында  ішу керек. Бұл жүрек ауруының бәріне ем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Долана