Айналайын» балабақшасының ұжымы арасында өткен психологиялық тренинг «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:37, доклад

Краткое описание

Денсаулық – ауру мен дене кемістігінің жоқтығы ғана
емес, адамның дене, жан саулығы мен әлеуметтік толық
амандық жағдайы». Отбасының әлеуметтік жағдайы, түрлі
аурулармен ауру, көңіл күйдің мазасыздығы, түрлі
жағдайларға адамның нашар бейімделуі, осы
қиыншылықтардан арылу, жеңіп шығу үшін арнайы
мамандардың және психологтардың көмегі керек

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айналайын.docx

— 225.15 Кб (Скачать документ)

 
фотолар: qogam.kz, dmk.kz

Десе де… Сіз осы күнге дейін балабақшаның балаңыз үшін пайдасы бар ма деп ойлап көріп пе едіңіз? Ендеше, оның тиімділігі мен зиянын бірге таразылап көрейік.

Ұтымдылығы: Балабақшаның балаңызға берері аз емес. Сурет салып, ойын ойнап, ойды, тілді, бойды дамытатын жаттығулар жасап, әдебиетті, мәдениетті тануды үйренеді. Өзгесін айтпағанның өзінде кішкентай балаңызды түбекке отыруға, ас алдында қол жуу  мен киімін өздігінен киіп-шешуді де үйрету қатал деген аналарға оңай болмайды. Ұсақ-түйек болса да балабақшада мұның бәрін тез қабылдап үйренеді. Жанындағы достарына еліктеп, тәрбиешілеріне ұқсап бағуға тырысып-ақ тез қабылдайды. Қарапайым ойындарының өзі баланы психологиялық, физиологиялық тұрғыдан дамуға әсер беретіндіктен, тәрбиешілер айрықша ойындарды үйретеді. Үйде өзіңіздің дәл солай ойнатуға мүмкіндігіңіздің бола бермейді, оған төзімділігіңіз де жете бермес. 
Үйде қатаң тәртіппен өмір сүру оңай емес. Уақытылы ұйықтап, уақытылы ояну, сағатымен, мөлшерімен ғана тамақтану да әжептеуір күш екендігін жалған дей алмассыз. 
Алғаш достық пен бауырмашылдық, сыйластық пен мейірімділікті де санасына сіңіретін балабақша болады. Көпшілікпен тіл табысуды, өзін-өзі қорғауды, ортаға сіңіп, көшбасшы болуға да жетелейтін дәл осы балалар бақшасы.

Кемшілігі: 
1. Психологиялық соққы. Бүгінгі күнге дейін анасының ыстық құшағында алаңсыз өскен бала, бөтен ортаға тап келгенде, күйзеліске ұшырайды. Өзін керексіз қалғандай сезінеді. Жетімсіреп, айналасындағыларға дұшпан секілді қарайды. Ата-анасына өкпелеп, жүрегінде сақтап қалуы да ғажап емес.

2. Ауру. Балабақшаға баратын балалар жиі ауырады. Бір апта барса, екі апта сырқаттың салдарынан үйінде қалуы мүмкін. Бұл жұмысбасты ата-аналарға оңай тимесі анық. Өйткені, баласы ауырғандықтан, екеуінің бірі жұмыстан демалыс алып, ұл-қызының қасында отыруы тиіс. Егер басшы түсіністікпен қараса, мәселенің оңай шешілгені. Олай болмаса, кез-келген әке мен шеше қиындыққа тап болып әрі-сәрі күйге түсіп кетеді. Балалардың жиі ауыру себебі, көп дерт жұқпалы болғандықтан, 20-30 баласы бар топтарға тез тарайды. Иммунитеті әлсіздер инфекцияны да тез қабылдайды. Емнің өздігінен қайтатындығына сеніп, дәрігерге шұғыл жүгіне бермейтіндер де кездеседі.

3. Жаман әдеттер мен сөздер. Кешке үйге келген соң ұлыңыздың түрлі бейәдеп сөздер айтып жүргенін аңғарасыз. Қасындағы досынан үйренгендігін айтып, мақтанып қояды. Бір-бірінен жаман әдеттерді қабылдау жұқпалы дерттен де қауіпті. Өкінішке орай, бұл жағдайда ата-ана дәрменсіз. Қолыңыздан келетіні — тәрбиесіз өскендердің ғана жаман қылыққа бой алдыратынын түсіндіріп айту.

4. Жарақат. Бір сәтке де дамыл таппайтын балалар жүгіріп жүріп, құлап қалуы мүмкін. Ондай жағдайдың орын алмайтындығына ешкім кепіл бере алмайды. Оған қоса, алысып-жұлысып жүріп, бір-бірін аңдаусыз жарақаттап та алады. «Тәрбиешісі қайда қарап жүрген» деп сөгуіңіз мүмкін. Десе де, балалардың саны — 20-30, ал тәрбиеші — жалғыз. Сондықтан, бәрін бірдей қадағалап отыру ақылға қонымсыз.

5. Тәрбиешісі. Кең пейілді, мейірімді, тәжірибесі мол тәрбиешінің тәрбиесіне түссе, сіздің де, балаңыздың да бағы жанғаны. Ал, керісінше болса…

6. Қосымша шығын. Айына белгілі бір соманы отбасылық бюджеттен алып, балабақша ақысына саласыз. Мейлі ол мемлекеттік болсын, мейлі жекеменшік болсын. Ол да шығын.

Баланы балабақшаға қанша жасынан бастап беру керек?

Психологтар бір ауыздан баланы балабақшаға 3 жастан беру керектігін айтады. Өйткені, дәл осы уақытта ол көпшілік ортамен қарым-қатынас жасауға бейім болады.

Қолындағы машина-қуыршағымен жалғыздан гөрі топпен ойнағанның қызығырақ екендігін ұғына бастайды. Ата-ана көпшілік достардың орнын алмастыра алмайды. Сондықтан, табиғи жолмен пайда болатын сұранысты тек балабақшалар мен өзге де балалар ұжымында ғана қанағаттандыра алады. Қорыта келе айтарымыз, баланың қай ортада жайлы сезінетіндігін ата-ананың өзі шешеді.

Думан балабақшасы жайлы мәлімет «Думан» балабақшасы. А.Сапарова, «Думан» балабақшасының әдіскері Қызылорда облысы,Шиелі ауданы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 2006 жылдың 1 наурызында «Қазақстан – өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында : «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» ,-деп атап көрсеткен болатын .Сондықтан , білім мен тәрбие саналы да ,сапалы болуы шарт. Қазақстанның ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Баланың денсаулығын нығайту , кішіпейлдікке парасаттылыққа ,табиғатты аялай білуге үйрету мақсатында «Думан» балабақшасында жұмыс атқаруда. 2010 жылдың қараша айынан бастап Шиелі кентінде «Думан» балабақшасы ашылды. Балабақшада сағат 7 ден 18 дейін үш топ жұмыс істейді.Барлығы 75 бала .2012 жылы балабақша жаңа ғимаратқа көшті.Жаңа ғимарат кең әрі жарық.Топтар әсем де,эстетикалық талапқа сай безендіріліп , қазіргі заманғы техникалық құрал – жабдықтармен жабдықталған. Балалардың танымдық әрекетін ,шығармашылығын дамыту үшін ,барлық құрал- жабдықтар пайдалануға қолайлы жерде орналастырылған. Тәрбиешілер топтарда жайлы жағдай жасауға тырысады.Оқу жылының басында жылдық жоспар құрылады. Онда тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін жоғарлатуға бағытталған мерекелік іс-шаралар,ашық сабақтар,семинарлар , кеңестер , педагогикалық кеңестер жазылған. Балабақшаның басты міндеттері: 1. балаларды азаматтық пен патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерімен ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеу; 2. мектепке дейінгі түзету-оқыту және тәрбие берудің негізгі міндеттерін іске асыру, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту; 3. адамгершілік негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру; 4. мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту және тәрбиелеу; Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық , психологиялық , педагогикалық , әдістемелік білімді , педагогикалық шеберлікті , баланың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. «Думан» балабақшасының тәрбиешілері мемлекеттік стандартымызды ,ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, педагогикалық технологияның бірнеше түрлерін қолданады:ойын арқылы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы,модульдік оқыту технологиясы, дамыта отырып оқыту технологиясы. Тәрбиешілер жүйелі жұмыс істеулерінің арқасында балдырғандар ұйымшылдыққа үйренуде , оқу қызметінің дағдыларын меңгеруде. Тәрбиешілердің іскерлігін, белсенділігін арттыру мақсатында алты түрлі үйірмелермен жұмыс жасайды. Атап айтқанда , «Алтын қолдар» үйірмесі тәрбиеші Оспан А., «Өнерпаздар» , «Көңілді суретшілер» тәрбиеші Бәтешова А., «Зеректер» клубы, «Кішкентай ғалымдар» тәрбиеші Жорабекова С., «Аспаздық орталық» тәрбиеші Жүнісбекова А. Үйірме жұмысының негізгі мақсаты балалардың танымдық біліктіліктерін арттыру,дүние танымы мен ой-өрісін кеңейту. Балабақшаның тәрбиеленушілеріне топта ғана көңіл көтеріп қоймай, серуендеуді де қызықты өткізеді. Балабақша аумағында қазіргі заманға сай ойын кешендері (әр топқа), балалар ойнайтын құм, көлеңке шатырлары орнатылған. Жарық түрлі түске боялған ғимарат көзді рахаттандырып, жақсы, көңіл-күй сыйлайды. Біздің балабақшаның қонақжайлығы мен таңғажайып көркін үлкендер ғана емес, кішкентай балалардың бағалайтынына үміттенеміз, өйткені мектеп орындықтарына дейін балабақша олар үшін екінші үйлері болады.  
Источник: http://asyl-bilim.kz/load/balaba_sha/balaba_shad_y_erezheler/duman_balalabakshasy/70-1-0-1221

 

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН САУАЛНАМА 
 
 
Құрметті ата-ана! 
 
Оңалту орталығы қызметкерлерінің жұмысын дұрыс жоспарлау үшін сіздің балаңыз бен отбасыңызға көрсетілетін қызметтер туралы пікіріңіз өте маңызды. Сіз жауаптарды жасырын түрде жаза аласыз. Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз.  
 
«Иә», «Жоқ», «Білмеймін» деген жауаптардың біреуін таңдаңыз немесе өз пікірлеріңізді жазыңыз. 
 
 
1. Баланың осы орталыққа келіп жүргеніне қанша уақыт болды?  
 
а) 6 айға жетпейді; ә) 6 айдан 1 жылға дейін; б) 1 жылдан 2 жылға дейін; в) 2 жылдан асты. 
 
2. Баланың жасы нешеде? 
 
_____________________________________________________________________________ 
 
3. Сіз баланың кімі боласыз? (қажетінің астын сызыңыз): анасы, әкесі, әжесі, атасы, __________________________________________________________________________. 
 
4. Орталықпен келісім шартқа отырдыңыз ба?  

  •  
    иә

  •  
    жоқ

  •  
    білмеймін

 
5. Келісім шарт бойынша өз міндеттеріңізді білесіз ба?  

  •  
    иә

  •  
    жоқ 

 
6. Қандай көмек  түрлерін аласыздар? (қажетінің асытн  сызыңыз)

  •  
    Психологиялық көмек
  •  
    Әлеуметтік педагог кеңесі
  •  
    Логопед қызметі
  •  
    Дефектолог қызметі
  •  
    Сурдопедагог сабағы
  •  
    Емдік дене шынықтыру
  •  
    Массаж, ФЗТ
  •  
    Топқа келу

 
 
7. Орталық Сізді несімен қызықтырады? (көрсетілген жауаптардың үш-төртеуін белгілеңіз): 

    •  
      Түзету жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуы.

    •  
      Бала денсаулығын нығайту жұмыстары.

    •  
      Материалдық-техникалық құрал жабдықтары мол.

    •  
      Қызметкерлердің кәсіби деңгейлері жоғары.

    •  
      Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау беріп отырады.

    •  
      Емдік дене шынықтыру сабақтары, массаж, ФЗТ.

    •  
      Қолдаудың кешенді жан-жақты өткізілуі. 

    •  
      Баланың дамуындағы жағымды өзгерістер. 

    •  
      Орталықтың орналасқан жері.

    •  
      Басқа _______________________________________________________________

 
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
8. Педагогтың сіздің балаңызбен жұмысына қанағаттанасыз ба?  

  •  
    иә

  •  
    Жоқ (неге?)________________________________________________________________

 
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
 
9. Түзету жұмыстарынан жағымды өзгерістер болды ма?  

  •  
    иә

  •  
    жоқ

  •  
    білмеймін

 
10. Педагогтың баламен  жүргізетін жұмысында нені өзгерткіңіз  келеді? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
 
11. Балаңыздың жетекші педагогын ауыстырғыңыз келе ма?  

  •  
    иә

    •  
      жоқ

 
«иә» деп жауап берсеңіз, неге?  
 
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
12. Ата-аналарға арналған тренингтерге қатысқыңыз келе ма?  

  •  
    иә

  •  
    жоқ

  •  
    білмеймін

 
«иә» деп жауап берсеңіз, қандай тақырыпта?_____________________________________ 
 
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
13. Ол тренингтарда қандай маманмен кездескізің келеді? (қажетін белгілеңіз, маманның аты-жөнін жазыңыз) 

  •  
    Логопед

  •  
    Психолог

  •  
    Дефектолог

  •  
    Сурдопедагог

  •  
    Тәрбиеші

  •  
    Әлеуметтік педагог

  •  
    Ән-күй сабақтарының жетекшісі

  •  
    Массажист

  •  
    Емдік дене шынықтыру бойынша маман

  •  
    Басқа _______________________________________________________________

 
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
 
14. Сізге заңдық көмек қажет па?  

  •  
    иә

    •  
      жоқ

 
«Иә» деп жауап берсеңіз, қандай заңдық көмек қажет?____________________________ 
 
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________15. Ата-аналарға Қазақстан республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары мен оларға көрсетілетін жеңілдіктер туралы ақпараттандыру іс-шаралары қажет па?  

Информация о работе Айналайын» балабақшасының ұжымы арасында өткен психологиялық тренинг «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері»