Жүрек
Реферат, 20 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Жүрек.docx
— 36.52 Кб (Скачать документ)Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300
грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан.
Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек
қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі
беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу
кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық
бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys —
Ми (дұрыс айтылуы — мый) — сүтқоректілерде мінез-
Сопақша ми мен көпір жұлынның
жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгішт
Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.
Бауыр(hepar) — 1) ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын
бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен
орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам
бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы
сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан
және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми
затында ұштары бүйрек астауына бағытталған
пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі
қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе
түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы
астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа
жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа
шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы
қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне
1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы
өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үне
Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) – адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды.
Қолқа (pron-en|eɪˈɔrtə; грекше ἀορτή - aortē, ἀείρω - aeirō "көтеремін")
- 1. омыртқалылардың қан айналыс жүйесіндегі ең ірі артерия қан тамыры; жүректің сол қарыншасынан басталады,
дененің барлық тіндері мен органдарынқанмен қоректендіреді.
Қолқа қабырғаларының серпімділігі артерия қан тамырлары бойымен қанның үздіксіз ағып тұруын қамтамасыз етеді. Қолқаның жүректен бадана тәрізді кеңейіп басталған бөлігі – қолқа баданасының қабырғасы мен қолқаның айшықты қақпақшалары бірігіп, Қолқа қойнауын (синусын) түзеді. Сүтқоректілерде қолқа жүректің сол қарыншасынан шыққаннан соң, жоғары көтеріліп, омыртқа бағанасына және артқа (адамда – артқа және төмен) қарай бұрылып, қолқа доғасын құрайды.
Көкет (лат. diaphragma ) - көкірек және құрсақ қуыстарын бір-бірінен бөліп тұрған, пішіні күмбез тәрізді жалпақ жұқа бұлшық ет. Күмбездің дөңес келген ортаңғы сіңірлі төбесі көкірек қуысына қарай бағытталған. Көкеттің шеткі етті бөлігі — тарамдалған бұлшықет будаларынан тұрады. Олар бекитін орындарына қарай: бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Көкет жиырылған кезде құрсақ қуысына қарай күшті тартылып, көкірек қуысын кеңейтіп, тынысты ішке қарай алуға көмектеседі. Сондықтан, көкетті тыныс алу бүлшық еттерінің инспираторлар тобына жатқызады
Сілекей безі (слюнная железа) (glandula salivalis, лат. glandula — без, saliva — сілекей) — ауыз қуысына сілекей бөледі.
Орналасу орнына сәйкес сілекей
безі — қабырғалық және қабырғадан тыс
жатқан бездер болып екіге бөлінеді. Қабырғалық сілекей безі ауыз қуысы мүшелерінің
кілегейлі қабығында (ерін, ұрт, таңдай,
тіл бездері) орналасады. Қабырғадан тыс жатқан сілекей безі ауыз
қуысымен өздерінің өзектері арқылы жалғасады.
Бұларға шықшыт, тіласты (бұғақ) және төменгіжақ
(ал- қым) бездері жатады. Сілекей безінің
сөлі ауыз қуысына түскен азықты дымқыддандырып
жібітеді. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ьщырату
Аш ішек (intestinum jejunum; Латын іntestinum — ішек; jejunum — аш) — адам мен жануарлар ащы ішегінің ілмекгі келген ең ұзын бөлігі. Ол құрсақ куысындағы ұзын ішек шажырқайына ілініп, көптеген ішек ілмектерін түзеді. ішектің ұзындығы жануарлардың қоректену сипатына тікелей байланысты. Адам мен етпен қоректенетін жыртқыш жануарларда аш ішек — қысқа, талғаусыз жануарларда (мыс. шошқада) — орташа, шөппен қоректенетін жануарларда — ұзын болып келеді. Мысалы, аш ішектің орташа ұзындығы: итте — 2-7 м, сиырда — 40 м, жылқыда — 20-30 м, қойда — 30- рының негізін — кемік сүйек заты құрайды. Кемік сүйек затының сүйектік арқауын, жілік бастарына сырттан түсетін күш бағытгарына сәйкес бір-біріне әртүрлі бұрыштар жасап орналасқан сүйектік тақташалар құрайды. Олардың аралықтарындагы ұяшықтарда организмдегі қан түзілу процесінің орталық мүшесі — сүйектің қызыл кемігі майы болады. Жілік бастарының буын қуысы жағындағы буындық беттері гиалинді шеміршекпен қапталған.
Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр