Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 22:49, реферат

Краткое описание

Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу егіншілік мәдениетін еөтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп – дамуына қажетті жағдайлардың бірі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталады соны мен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін ташиналармен өндіргіш құралдар арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп айтылады. Топырақты өңдеуге органикалық және минералдық тынайтқыштарды ендіруге көп жылдық шөп пен сабан түптерін сондай – ақ топырақтың жоғары қабатында аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдіктер аурулардың тұқымдарын жауып әрі тұншықтырылады.

Содержание

І Кіріспе
1.1 Қазақстанда топырақ өңдеу әдістері.
1.2 Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Топырақты тығыздау.
2.2 Топырақ өңдеу тәсілдері
2.3 топырақ бетін өңдеу тәсілдері
2.4 топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру
2.5 Топырақ өңдеу жүйелері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

топрыак ондеу.docx

— 34.36 Кб (Скачать документ)

Топырақ өңдейтін   машиналарға   қойылатын  талаптар:  22...23 см терендікте жыртып, қыртысты майдалау және аудару, ендігін  толық бойлап, бірдей тереңдікте жырту, өскен шөп пен егін қалдықтарын толық жабу, топырақтың беткі қабатын біріктіру және тегістеу.

Дәнді және техникалық дақылдарға  арналған негізгі өңделетін топырақтарда  бұл  талаптар   аудармалы   бетті   корпусармен    жабдыкталған жалпы жұмыска    арналған    плугтарды    қолдану» арқылы орындалады. Мұнда әрбір  корпустың алдында топырақтың  беткі шымды қабатын тіліп, оны борозданың түбіне аударып жатқызатын шым аударғыш орнатылады. 

 Шым   аударғышының топырақ қабатына  ену  терендігі   10... 12 см болады. Бұл шым  аударғыштардың жұмыс   беті   цилиндроид тәрізді. 

 Аса шымды  топырақта жұмыс істеу ұшін  (тың және тыңайған    жерлерде)     жартылай    винтті    шым     аударғышты     қолданған   орынды. 

 Таяз жырту  ең көп дегенде 20 см тереңдікке  дейін жүргізілсе,20 см-ден артық  тереңдікте жыртуды терең жырту  деп атайды.     

 Аударып жырту  загонның ортасынан басталады  да, мұнда загонның ортасында  үйілген атжал пайда болады.

Құлата жырту жұмысы загонның шетінен басталады, мұндай жыртылған жөн ортасында айырма борозда пайда болады.

Жұмыс беті жартылай винтті корпустар, тығыздығы жоғары,  шьмды тың және тынайған топырақты өңдеуге арналған.

Шым аударғышпен бірге қолданғанда аңыздық егіс пен өсімдік қалдықтарын жабуды қамтамасыз етді.

Жұмыс беті винтті корпустар топыақ қабатын   (180°-қа)   ау даруға арналған. Бұлар топырақ қыртгысын   мүлде   майдаламай біртұтас лента түрінде қалдырады.

Топырақ қабатын аудармай жыртуға қайырмасыз корпустар қолданылады. Мұндай корпустармен жабдықталған плугтар ылғалы тапшы аудандарда күлді, сортаңды және басқа да қүнарлығы аз топырақтарды жыртуға қолданыліады.

Топырақ қабатын аудармай терен жырту топырақты шамалы араластыруды және қабаттарды өзара. алмастыруды қамтамасыз етеді, көпжылдық арамшөптерді жояды, топырақтын физикалык қасиетін өзгертіп, су режимін жақсартгады, жыртылған қабаттын құнарлануын арттырады.

Бір терендікте жыл сайын қайта жырту өсімдіктін. тамырына ауа, су өткізбейтін қатты топырақ ұлтаны пайда болуға әкеліп соктырады.

Өсімдік тамыр жүйесі осы топырақ ұлтанына дейін барып, бүгіліп, қайырылып қалады, ал тамыржемістері әлсіз болып, мол өнім алуды тежейді. Жыртылған танашта топырақ ұлтаны пайда болмас үшін жылмажыл әр түрлі тереңдікте жыртып, немесе топырақ терендеткішті пайдаланған дұрыс.

Корпустың артына қондырылатын топырақ тереңдеткіш топырактың қопсытылатын қабатын 6...15 см тереңдетіп, оны топырак бетіне шығармай қопсытады. Осылайша қопсыту топыраққа ауаның, судың енуін көбейтеді. Өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасайды және жыртылу қабатынын төменгі қыртысын байытуға мүмкіндік береді.

Қарашірікті қабаты қалың емес топырақты өндегенде, төменгі құнарсыз қабат үстіне шығарылады да, құнарлы қабаттың сапасын төмендетеді. Сондықтан мұндаій топырақты арнаулы ойықты корпуспен өндеген жөн. Ойық корпус топырақты екі қабатта еңдейді.

Теменгі қабаттың (қалыңдығы 13....15 см) қопсытылған топырағы бетіне шығарылмай, түрен мен қайырма арасындағы ойық арқылы жылжып борозданың ұлтаныніа түседі.

Ал жоғарғы қабаттың (қалыңдығы 18...22 см) топырағы қайырмамен аударылып, үсақталады діа, алдынғы корпустың ойы-ғынан түскен төменгі қабаттың қопсытылған топырағының үстіне жатқызылады.

Тамыр жүйелері 35...40 см терендікке жететін, мысалы, қант қызылшасын, мақтаны, жүгеріні, тағ;ы басқа техникалық дақылдарды егетін топырақты өңдегенде кең алымды корпусы бар плуттар қолданылады.

Топырақты мұндай корпустармен: өңдеу мәдени өсімдіктердін тамыр жүйелерінін жақсы дамуын және ауанын үлкен терендіке енетін қамтамасыз етеді. Ылғалдың жиналуына және сақталуына қолайлы жағдай жасайды. Тошырақта қоректік заттардын мөлшері айтарлықтап артады және егістік жердің арамшөптермен ластануы азаяды.

Терең қопсыту. Терең қопсытқыш — жазық тілгіш культиваторы топырақ қабатын қопсытады, өңдіейтін топырақ қабатын аудармай тіледі. Топырақ бетінде 80 проценттей аңыз сабақтары сақталады. КПГ-250 терең қопсытқыш — жазық тілгіш күльтиваторы 30 см тереңдікте қопсыту үшін алым кеңдігі 110 см болатын екі жұмыс органьшен, ал 16 см тереңдікте жазық тілгішті өңдеу үшін алым кеңдігі 250 см болатын бір жұмыс органмен жабдықталады.

Терең қопсыту үшін пайдаланатын құралдар ҚПГ-250 және КПГ-2—250. Ең жоғарғы сапалы өңдеу, топырақ ылғалдылығы ең аз су сыйымдылығы 55...65 процент болғанда жүргізіледі. Жылжу жылдамдығы сағатына 10 км дейін, өңдеудің тереңдігі 30 см дейін болады.

Саңылауландыру. Топырақты терең еңдеудің мұндай тәсілі көбінесе тау баурайларындағы күздік дақылдарға, көпжылдық шөптер егісіне, шабындықтар мен жайылымдарға қолданылады. Саңылаулар баурайға көлденең кесіледі, оның тереңдігі 35... 40 см.

Саңылаулар баурайға қаран ағатын суды ұстап қалады, судың ағып кетуі мен топырақтың шайылуын азайтады, өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз өтуін және олардың өнімділігін арттырады.

Саңылауларды тілу ушін саңылау тілгіш ШН-2—140 қолданады, ал аралығы 1,4 метрден, тереңдігі 40 см дейін екі саңылау тіледі. чизель-культиваторлар мен чизель-терең қопсыткыштар күшті тығыздалған топырақтарда жұмыс істеуге қабілетті, өңдедетін қабатта тоң кесек болдырмай, уатылуын қамтамасыз етеді.

Чпзель-терең қопсытқыштарды топырақта тұтас өңдеуге және сол сияқты егер қопсытқыш тіректің ара қашықтығын ұлғайтса — санылау жасау үшін де қолдануға болады.

Фрезерлеу. Фрезерлеу топырақты терең өңдеу тәсілі ретінде өте шымды (қыртысты) шабындықтарды, бұтақты, минералды және шым тезекті топырақтарда қолданылады. Өңдейтін құралы фреза.

Фрезерлеуде топыракты ұсақтау мен араластыру белсенді жүреді. Өңдеу тереңдігі 25...40 см дейін барады.

Егістік фрезаларын, культиваторлар сияқты, топырақты қопсыту сапасы, арамшөптердің тамырын ұсақтау мен жұмыс органдарының жүрісінің тұрақтылығы бойынша бағалайды.

2.3Топырақ бетін өңдеу тәсілдері. Топырақтың беткі қыртысың ендеудің тереңдігі 10 см дейін, ал тайыз өңдеудің тереңдігі—20 см дейін жүзеге асырылады.

Топырақтың тек беткі қыртысын өңдейтін (тырмалау, катокгау, сыдыра жырту), сонымен қатар беткі қыртысы үшін қалай болса, пайыз өңдеу үшін де сондай өңдеудің тәсілі мен құралдары қолданылады (культивациялау, ұялау).

Топырақты сыдыра жырту. Сыдыра жыртатын дискілі сыдырғыштар әдетте симметриялы және симметриясыз болады. Симметриясыз сыдырғыштар орташа бороздалар мен жалдарды аз қалдырады. Негізінен алым кеңдігі 5, 10, 15 және 20 метр болатын симметриялы дискілі сыдырғыштар қолданылады.

Дискілі сыдырғыштардың жартылай аспалы және тіркемелі түрлері бар. Дискілі сыдырғыштардың алым кеңдігі 5...20 м, өңдеу тереңдігі 10 см дейін, қимыл бұрышы 15...35 градус.

Қуыс дискілі сыдыра жыртқыш, егіс алдында   өңдеу үшін, жазық дискілі — көктемде  ылғалды  буға  айналдырмауға  қолданылады. Қуыс дискілер арамшөптерді жойып, топырақты аудары отырады, ал жалпақ дискілер — топырақты копсытып және жыл жытады.

Топырақты өңдеу жүйесінде сыдыра жырту дәнді дакылдарді жинағаннан кейін аңызды өңдеу, пар танабын еңдеу, әсіресе жа таған тамыр сабақтарын ұсақтау үшін қолданылады.

Сыдыра жырту тынды, тыңайтылған топырақты, көпжылды шөптердің қыртысын жыртудың алдында және жыртқаннан кейі шымын өңдеу үшін қажет болады.

Сыдыра жыртудың барлық пайдалылығымен қатар зиянді жағы да бар. Сыдыра жыртуда топырақтың беткі қыртысы шаи данады, кұрғап кетеді, аңыз сабақтарын топыраққа көмі тастайды.

Көктем ылғалды жылдары сыдыра жырту неғұрлым пайдалі болып шығуы мүмкін, себебі ол арамшөптерді, әсіресе қара сұлы ны тиімді жояды және аңыздық сеялкалардың жұмыс істеуі үші қолайлы жағдайлар жасайды.

Культивациялау. Ауыл шаруашылық дақылдарын сеуіп жән отырғызу үшін топырақтарды дайындау технологиясы культива торлармен орындалады, онда тұқымның өсіп шығуына қолайлы жағдай жасау, арамшөптерді отау және топырақ қабатын жұм сарту, топырақты тұқым өндірілетін тереңдікте себу алдында қопсыту, құрғақшылық аймақтарда қайта жыртудың орнына жыртылатын терендіктегі қабатты аудармай қопсыту, ылғалды лығы өте төмен аймақтарда отамалы дақылдар үшін жалдар тілініп және қатар аралықтар жасалады (6-сурет).

Топырақты жел эрозиясынан қорғау жүйесіне—көктемде және күзде жазықтілгіш культиваторлармен топырақты өңдеу яғни топырақ бетіндегі аңызды сақтай отырып, 10... 16 см терендікте қопсыту және арамшөнтерді отау да кіреді. Культипациялауға арамшөптерді қырқып, өнделетін қабатты аудармай, қопсыту да жатады. Егінді күтуде катараралықты культивацияла негізгі мәселе болып саналады. Онда арамшөптер кесіліп, олардың тамырсабақтары таралып алынып немесе егістік бетіне кұнарлы топырақ себіліп отырылады.

Қатарлап себуде өсімдіктің қалындығын қалыптастыру, оларды қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін қатарларда көлденең жүретін культиваторлармен өсімдіктерді сиретеді немесе қатарлар бойымен жүретін арнаулы сиреткіштерді қолданады.

Қатар аралықты өңдегенде өсімдік қатарлары қасында өңделмейтін алаңшалар — өсімдік тамырларын қырқылудан сақтайтын зонасы қалып отырады. Осы өсімдік тамырларын сақтау зонасындағы арамшөптерді отау үшін жеңіл түптеу жүргізіледі.

Жаңа шығып келе жатқан арамшөптер, осы түптеу кезінде үйілген топырақпен көміліп жойылады, ал күшті екпе дақылдар оған қарамай өсе береді, зонасы қалып отырады. Осы өсімдік тамырларын сақтау зона-сындағы арамшөптерді отау үшін жеңіл түптеу жүргізіледі.

Жаңа шығып келе жатқан арамшөптер, осы түптеу кезінде үйілген топырақпен көміліп жойылады, ал күшті екпе дақылдар оған карамай өсе береді.

Өсімдік тамырларын сақтау зонасы топырағының беткі қабатын қопсыту отағыш тамырлармен немесе инелі дискілі айнымалы шотпен орындалады. Отамалы дақылдардың өніп өсуі кезінде қатар аралықтарын өңдеу үшін оларға қоректік зат ретінде минералдық тыңайтқыштарды да енгізуге болады. Қатар аралықтарын өндеуге ылғалдылығы көп аймақтарда дақылдарды түптеу және суармалы егіншілік танаптарындағы суару бороздаларың жасау да жатады.

Аңызды, парлы танаптарды өңдеу үшін егіс алдында культивациялауға арналған өңдеу тереңдігі 8... 16 см, аңыздық сақталу дәрежесі 75...80 проңент.

Топырақты жазық тілгішпен өңдеу — егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесінің маңызды буыны.

Шұңқыр қазғыштар. Топырақты су эрозиясынан сақтаудың тиімді шарасы — егіс даласында жаңбыр мен қар суларын тоқтату, топырақтың беткі қабатын судың шаюынан сақтау болып табылады. Әдетте бұған топырақты саңылаулау, үзік-үзік борозда жасау, қарды шолақтап жалдау немесе шағын көлдету, топырақтан тоспа жасау.

Егістіктерде (әсіресе 50 ойықтау танаптарда) тұйықталған шұңқырлар қазу үлкен тиімділік береді. Мұндай шұңқырларды (ұяларды) қазу үшін сүдігер немесе пар сияқты өңдеу жүргізілген танаптардың бетінде, ұзындығы 1,3 м, ені 0,5 м және тереңдігі 15...20 см тұйық шұңқыр жасау үшін арналған. Шұңқырдың сыйымдылығы 19...25 л, шұңқырдың әр гектар сайын саны 10,5... 15,0 мың дана. Мұндай шұңқырларды қазу үшін ЛОД-10, ПЛДГ-5, ПЛДГ-10 дискілі шұңқыр қазғыштарды немесе ПРНТ-9000 плуг-тарьша арналған құрылғыларды пайдаланады.

Тырмалау. Тырмалау тәсілі жұмыс органдары әр түрлі формада болатын, шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқарылады.(7-сурет).

Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытып, тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3...4-тен 5...6 см дейін.

Тісті тырмалармен тек жыртылған атыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан айырылған топырақта жұмыс істейді және ол топырақты түренді құралдармен өңдейтін комплекске енеді. Салмағына қарай ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді.

Егер бір тіске түсетін салмақ 2...3 кг болса ауыр, 1...2 кг болса  орташа, 0,5...1,0 кг шамасында болса  женіл тырмаларға жатады.

Отырғызылған картопқа күтім жасау үшін тырма тістері өзар топсалы жалғасқан, топырақ бедеріне икемделген тор тәрізд тырманы қолданады.

Топырақ бетінің қабыршағын бұзуға, оның жоғарғы қабатын қопсытуға, өсіп келе жатқан арамшептердің көгін жоюға арнала ды. Тырманың бір тісіне түсетін салмағы 0,96 кг аспайды.

Шанышпалы тырма күзде өңделмеген топырақты қопсытуға арналған. Қопсыту тереңдігі 4...8 см, аныздың сабақтарының соң талу дәрежесі 75...80 проценттей болады, шанышпалы дискілі батареясының қимыл бұрышы 8...12 немесе 16 градустай болады Батареяның тырма тістері топыраққа дөңес жағымен тереңдей тіндей еніп орнатуға болады (бәсеңді қалыпта). Алайда, мұнда жағдайда топырақ күштірек қопсытылып және араласады, армшөптер тұқымы топырақ қабатына жақсы енеді.

Егер тырма тістері топырақ қабатына терендейтін болса (бел сенді қалыпта), онда танап топырағы шамалы араласып, аты сабақтары жақсы сақталады.

Өсімдік көгі өніп шыққан топырақты қопсытканда батаре бүрышын 0° градусқа қояды. Топырақ қабатын жазық тілгішпе өндеу жүйесінде шанышпалы тырма ете қолайлы.

Дискілі тырмалар егістік, бау-бақшалық (жеңіл) және батпақты танапты өңдейтін (ауыр) болып бөлінеді.

Егістік жеңіл тырмалар ірі кесектелген сүдігерді ендеп, жырі қаннан кейінгі көпжылдық шептердің қыртысын дұрыстау үшін аңызды сыдыра жыртуға қолданылады.

Бау-бакшалық тырмалар тың және тыңайтылған топырағы жыртуға және одан кейін шым өндеуге, шабындық пен жайыльмның беткейін жақсартуға қолданады. Әндеу тереңдігі 20 см дейі болады.

Тырмадағы дискілі батареяның сыдыра жыртқыштан айыр машылығы, қозғалу бағытына қарай 0...210 бұрышпен екі қатардан орнатылады.

Алдыңғы батарея топырақ қабатын аударып отырса, соңғы батарея оны жығып отырады. Жеңіл тырмалардың қуыс дискілрі түтас, ал ауыр тырмалардікі — ойык болады да топыракк жақсы тереңдеп, есімдік қалдықтарын жақсы ұсақтайды.

Дискілі тырмалармен өңдегенде топырақ жақсы ұсатылады жарым-жартылай аударылады, араластырылады. Солтүстік Қазақстанда дискілі тырмалар дақылдық танапты қорғайтын күтіпбаптау үшін,  мал  жайылымдықты  жақсарту үшін пайдаланады.

Катоктау. Катоктау топырақтың жоғарғы қабатының тығыздалуын, тегістелуін қамтамасыз етеді. Осымен қатар, бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтағанда, топырақтың зиянды қабыршағы бұзғанда, жарым-жартылай қопсыту да жүзеге асырылады. Бұл тәсілді атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6 катогы ме ЗКВТ-1,4 және СКГ-2 су құйылатын катоктары колданыладі (9-сурет).

Бұдырлы сақиналы катоктар топырақты аз шаңдатады, құрылыс ерекшелігінің  арқасында,  олар  өткеннен   кейін   топырақтынбеткі қабаты түйіршікті болады. Катоктау ерте көктем мезгілінде арамшөптердің, әсіресе қара сұлы көгін құрту үшін бәрінен де кажет.

Информация о работе Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар