Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 22:49, реферат

Краткое описание

Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу егіншілік мәдениетін еөтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп – дамуына қажетті жағдайлардың бірі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталады соны мен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін ташиналармен өндіргіш құралдар арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп айтылады. Топырақты өңдеуге органикалық және минералдық тынайтқыштарды ендіруге көп жылдық шөп пен сабан түптерін сондай – ақ топырақтың жоғары қабатында аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдіктер аурулардың тұқымдарын жауып әрі тұншықтырылады.

Содержание

І Кіріспе
1.1 Қазақстанда топырақ өңдеу әдістері.
1.2 Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Топырақты тығыздау.
2.2 Топырақ өңдеу тәсілдері
2.3 топырақ бетін өңдеу тәсілдері
2.4 топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру
2.5 Топырақ өңдеу жүйелері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

топрыак ондеу.docx

— 34.36 Кб (Скачать документ)

Егін себілгеннен кейін катоктау, себілген тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, дәнді дақылдардың енгіштігін 10... 15 проңентке арттырады. Егін себілгеннен кейін катоктау су режиміне мәнді ықпал етпейді және елеулі қосымша өніммен қамтамасыз ете алмайды.

Сортаң және сортаңдау топырақты ылғалданған күйінде катоктау тіпті зиянды, өйткені топырақ қабыршағының пайда болуына мүмкіндік туғызады. Мұндай топыраққа егін себілгеннен кейін катоктау да дәнді дақылдардың өнімін темендетеді. Осыған орай мұндай танаптарды катоктауды егін себер алдында қолданған жақсы (10-сурет).

Тұқым себуден кейін жүргізілген катоктаудан соң арамшептер қауырт көктеп шығады.

2.4 Топырақты өңдеу сапасына агротехникалық баға беру.

Топырақ өндеудің сапасын анықтаудың бірнеше елеулі ерекшелігі бар: а) орындалатын жұмыстардың үлкен көлемдігі; б) топырақ өңдеудің сапасын анықтауға себепші болатын жағдайлардың көптігі, топырактың қасиеттері, ауа райы, механизаторлардың шеберліктері, құрал саймандардың тапшылығы, топырақтың ылғалдануы; в) өндеу сапасын бағалайтын жетілдірілген аспаптардың болмауы; г) нақты топырақклиматтык жағдайды есепке ала отырып, енім берудің сменалық нормасын белгілеудің жеткіліксіздігі; д) топырақты өңдеудің сапасын бақылайтын ұйымның болмауы, тек өңдеудің сапа керсеткіші бұзылған жағдайда болмаса, орындаушыларды материалдық жауапқа тарту тәсілдерінің жетіспеушілігі; ж) сапасы төмен орындалған жұмыстарды кейбір жағдайда іс жүзінде қайтадан орындауға болмайтындығы.

Бақылау мен сапаны анықтаудың маңызы. Егіншілікте топырақты өңдеуді бақылау мен сапасын анықтаудың маңызы зор. Жоғары сапада өңдеу — егіншілік мәдениетінің өсуі мен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың негізі.

Топырақты өңдеудің сапасын бақылау мен бағалауды жақсы үйымдастыру механизаторлардың орындалған жұмысы үшін жауапкершілігін сезінуіне және еңбегінің түпкілікті нәтижесіне ьщталандыруға тәрбиелейді.

Жазык тілгішпен еңдеудің сапасын бағалау. 
Далалық тракторлармен атқарылатьш жұмыстардың сапасын 
бағалау арнаулы нұсқауларда толық берілген. Мұнда тек жазық 
тілгіш өңдеуді бағалаудың қысқаша мазмұны берілген. 

Жазық тілгішпен өңдеудің сапасын бағалау, осы құралдарға 
қойылатын агротехникалық талаптардан шығады.

Жазық тілгішті құралдар  топырақты   қопсытуды,    арамшөптерді құруды, топырақты аз шаңдатып және аз кептіруді, оның  беткі  қабатының желге төзімділігін сақтауды, ылғалдын, жиналуына мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етуге тиісті. 

Топырақты жазық тілгішпен өңдеудің агротехникалық талабы,мен  сапасын  бағалаудың мынандай  көрсеткіштері  болады:  қопсыту тереңдігін диаметрі 14 мм, 5 мм бөліктерден тұратын темірден жасалған стерженьмен тексереді.

2.5 Топырақты өңдеу жүйелері.

Жаздық дақылдар себілетін топырақты негізгі немесе сүдігерлік өңдеу жүйесі. Танаптың  топырағын сүдігерге сапалы түрде өңдеу дақылдың өнімін және оның сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Тұқым себу науқанын сапалы өткізу, оның біркелкі көктеп шығуы және дакылдың кейінгі кезде карқынды өсіпдамуы күзде сүдігердің сапалы өңделгеніне байланысты.

Сүдігер каншалыкты сапалы өнделсе, кейінгі барлык агротехникалық шаралар соғұрлым тиімді жүргізіледі. Сондыктан да топырақты күзде ендеуді «негізгі өңдеу» деп те атайды. Топырақты сүдігсрге өндеу мына жұмыстардан тұрады: егістік жерді тегістеу, топырақты өндердің алдында суару, сыдыра өндеу, органикалық   және   минералдық  тыңайтқыштарды   сіңіру   және  сүдігерге жырту.

Жазық тілгішпен күзде өңдеу топырақ бетінде жел эрозиясынан сенімді қорғауды, тамыр қоректенетін топырақ қабатын ақсы қамтамасыз етуді, аударып жыртумен салыстырғанда ең жоғары және тұрақты өнім алуды қамтамасыз етеді.  

Топырақты күзде қанырмалы жыртумен салыстырғанда жазық тілгішпен өндеу орта есеппен гектарына 7,7 ц үстеме өнім берген. Бұл дерек жазык тілгішпен өңдеу құрғақшылықтың жойқын ықпалын жеңіп шығатын сенімді құрал екенін көрсетеді. Дәндіпарлы   ауыспалы  егістің  барлық  танаптарында  қайырмалы  плугпен  жыртумен  салыстырғанда  жазық тілгішпен  өндегенде,  жаздық бидай шығымдылығы   әлдеқайда   жоғары   екенін көрсетеді. Ауыспалы егіс дақылдарының  1 гектар егістігінен    алынған астық, қайыра жыртып өңдеуге қарағанда, жазық тілгішпен өндегенде 33 процент жоғары болды немесе гектарына 2,7 ц. қосымша өнім алынады.

Ерте өңделген сүдігер кеш өңделген сүдігерден аз ғана қолайды болса да, сапасы жағынан артық.

Жазық    тілгішпен    өңдегенде    нитрификациялану     қарқыны 
кайырма жыртумен салыстырғанда төмен. Жазық тілгішпен өндеу 
бойынша—0—10  см  топырақ   қабатындағы   фосфордыц   сіңімді 
формасыныц мөлшері жоғары, алайда 0—30 см қабатта ол қайырма жыртқандағы шамада болады.                                                        

Дәнді парлы ауыспалы егісте,   қайырма   жыртуға   қарағанда   
жазық тілгішпен күзде өңдеуде біржылдық арамшөптер біршама, 
көбірек. Тайыз өңдеуге қарағанда, терең қопсыту атпа тамырлы 
арамшөптерді жақсы жояды.                                   

Топырақтыц  жырту  қабатын  тереңдетуде    оның    физикалық   
қасиеттерін  жақсарту және құнарлылығын  арттыру үшін қолданылатын агротехникалық әдіс. Топырақты үнемі   бір   тереңдікте  ғана жырту  оның астыңғы қабатын нығыздап    тастайды.    Одан  топырақтың су өткізгіш қабілетін нашарлатып, тамырдың тереңден түсуіне кедергі жасайды.                                           

Өсімдікке керекті қарашірікті және басқа да органикалық 
заттарды көбейту, оларды толық пайдалануға қолайлы жағдай 
жасау суармалы егіншілікте ең басты міндет болып табылады.

Суармалы егіншілікте жонышқа тыңын және жасыл тыңайткыштарды бірінші жылы 40...45 сантиметр тереңдікке жырту, ал келесі 2...3 жыл бойы 20...25 см өңдеу және 20...30 см тереңдіккеі копсыту тиімді.                                 

Топырақты терең жыртқанда оның ауа-су режимі жақсарады, 
микробиологиялық процестер күшейеді, арамшөп тамырлары қырқылады. Топырақта мәдени есімдік тамырлары жақсы дамып, олардың қоректену алаңы кеңнді. Бұл әдіс шым, күлгін, көптен өңделетін қара, қара қоңыр, сортаң және боз топырақтарда қолданылады.

Қорытынды

Курстық жұмысымды қорыта келгенде  Қазақстанда топырақ өңдеу әдістерің егіншілік мәдениетінің көтерудегі басты шараларының бірі болып табылады. Сапалы өңделген топырақты дақылдардың өсіп дамуына қажетті жағдайлар жасалған. Топырақ өңдеудегі органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге көп жылдық арамшөптерден болатын зиянкестер өсімдік ауруларын тұқымдарды жауып әрі тұншықтырады.

Топырақ өңдеудің сапасын анықтауды бірнеше елеулі ерекшеліктері бар. Топырақты өңдеу кез келген адамның қоылынан келе бермейтін іс болып табылады. Бұл ерекшелік жыртылған топырақтың құнарлығын арртыру үшін және жаңадан сапалы өнім алу үшін қолданылады. Қазіргі таңда көптеген егіншілік салаларында әр  түрлі дақылды өнім алу үшін пайдалы жақтары бар. Сонымен қатар көптеген мемлекеттерде Қазақстан мемлекетін салыстырғанда айрықша орын алады. Осының салдарынан қазіргі таңда жақсы өнім алу себебі осы. Мысалыға, айтатын болсақ бақылау мен сапаның анықтаудың маңызы топырақты тығыздау, пішіндеу, егін аңызын сақтау, жырту, топырақты өңдеу тәсілдері, терең қопсыту тағы басқа да жатқызуға болады.

Қатарлап себуге өсімдіктің қалыңдығын қалыптастыру олардлы қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін қатарларды көлденең жүретін культиваторлық өсімдіктерді сиретеді немесе қатарлар бойымен жүретін арнаулы сиреткіштерді қолданылады. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

 

1."Агроөнеркәсiптiк  кешендi және ауылдық аумақтарды  дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

2.«КазАгро» ұлттық  холдингі» акционерлік қоғамын  құру туралы Қазақстан Республикасы  Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы  № 220 Жарлығына,   Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысы

3.Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы, 1998.

4.Казахстан в  цифрах за 2007 год. Агентство РК  по статистике. 2008.

5. Әкімбеков С.,  Баймұхаметова А.С.,  Жанайдаров  А.У. “ Экономикалық теория ”  /Астана 2002ж.-464 бет. 

6.  Есекин Б. Прогресс Казахстана в достижении целей Повестки дня XXI века      //Экология и устойчивое развитие.-2001 г

7.Қожаниязов Т.Қ., Қожаниязова Ж.Т.“Қазіргі экономика”                                                                             /Тараз, 2001 ж.

8. Мәмбетқазиев  Е., Сыбанбеков Қ.  “ Табиғат қорғау ”                                                                 /Алматы 1990 ж.-412 бет

9. Мұқауұлы С.,  Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ”                                                                       /Алматы 1999 ж.-270 бет.

 


Информация о работе Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар