Саналы адамның қалыпты еңбектегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 17:59, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды.

Содержание

І тарау Адамның шығуы мен қалыптасу негіздері
1.1. Саналы адам туралы түсінік
1.2. Саналы адамның қалыптасуына тән факторлар
ІІ тарау Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің ролі
2.1. Алғашқы еңбек құралдары
2.2. Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің артықшылықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саналы адамн калыпт еңбектің ролі.doc

— 163.00 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық еңбек бөлінісінің  тереңдеуімен байланысты жұмыс күші өзінің жеке ерекшелігін сақтап дамыта отырып, бірте-бірте қоғамдық сипатқа ие бола бастайды. Сөйтіп жиынтық жұмыс күші пайда болады. Жұмыс күшін пайдалану тек белгілі бір қоғамдық іс-қимыл негізінде ғана мүмкін. Ол өнідірістің жеке факторы ретінде орын алады. Жұмыс күші-қоғамдағы ең басты, жасампаз күш. Қоғамдық дамуыдң бүкіл тарихы көрсеткендей қоғамдық өндірістің дамуында әсересе ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығысен байланысты жеке фактор ролі барған сайын өсіп келеді, ол заңды да.

Ал заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен қрал-жабдықтарынан бастаймыз.

Еңбек заты дегеніміз  бұл өңделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралы арқылы өңделетін зат. Олардың екі  түрі бар:

  1. табиғи- руда, көмір, мұнай балық тағы басқалар;
  2. белгілі бір табиғи процестен өңдеуден өткен шикізат материал тағы басқалар.

Еңбек құралдары дегеніміз  адамның өзі мен еңбек затының  арасында тұратын және оның осы затқа  ететін ықпалын іске асырушы ретінде  пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы, яғни адамның сол арқылы табиғатқа әсер ететін, ықпал жасайтын зат. Еңбек құралдары бірнеше түрге бөлінеді:

а) еңбек құралдары, аспаптар, машиналар, механизмдер. Еңбе кқұралдарының  бұл түрін классикалық экономикалық теория өндірістің сүйек және бұлшық ет жүйесі деп атайды;

ә) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар, бөшкелер, сауыттар тағы басқалар);

б) өндірістік обьектілер (өндірістік үйлер, құрылыстар, жолдар тағы басқалар);

в) жер де еңбек құралы ьболып табылады;

г) еңбек құралдарына  электр қуаты, бу химиялық, ядролық реакциялар да жатады.

Ғылыми психология, сондай-ақ сананың бақылауынан тысқары  тұратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды. Орысша «сознательное» және «безсознательное»  деген сөзбен бейнелетін осы ұғым философия, психология, психопатология, психиатрия, өнер тану, тарих тағы басқа ғылымдарда жиі қолданылады. Мұны психологияға алғаш рет енгізген австрия психологы З. Фрейд болды.

Санадан тыс құбылыстар жөнінде тәжірибеге негізделген  материалистік пікір айтқан ғалымдардың  бірі И. М. Сеченов. Осындай кезде мидағы қозу, тежелу процестерінің жұмысы баяу болып келетіндіктерін И. Павлов та дәлелдеген. Әйтсе де, осы құбылыстардың мән-мәнісі ғылымда әлі де жете зерттелген жоқ. Ал творчестволық іске әрдайым сананың қатысуы, оның айқын жұмыстарының қажет екендіктері даусыз.

«Сана дегеніміз» деп  жазды К. Маркс – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен  арадағы шектеулі байланысты тану болып  табылады». Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен-бірі тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көріністері болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп те атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана түсіндірмейді, сонымен қатар табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі обьективтік себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді. Себептілік дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды.

Алғашқы адам бұрын шикі өсімдік жесе, бара-бара ет жей бастауы, оны пісіріп жеуі, жеуге жарайтын басқа да заттарды асқа қосуы, тәннің, әсіресе мидың физикалық, химиялық процестерінің өзгеруіне, олардың формасының айрықша болуына әсер еткен. Адам тәнінің құрылысы, оның әрекеттері бара-бара хайуанаттардікінен өзгеше бола бастаған. Бұлардың барлығы адамда тіл мен ақылдың, сонымен бірге сананың пайда болуына себепші болған. Бірақ та саналы әрекеттердің ақыл мен тілдің пайда болуы үшін жалғыз ғана биологиялық негіздердің болуы жеткіліксіз еді. Егер де биологиялық негіздер болғанмен, адам еңбек етпесе, қоғамдасып жүрмесе, оларда саналы әрекет те болмас еді. Сондықтан сана еңбектің жемісі. Жоғарыда айтылған биологиялық өзгерістердің өзі де еңбек арқылы өзгеріп, дамып отырған. Еңбек үстінде адамдар бірімен-бірі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлескісі келген, оларда сөйлесу мұқтаждығы туған. Бұл мұқтаждық адамдарда тіл мен сана арқылы пайда болды. Сөйлеу адамның ақыл ой процестерінде сапалық өзгерістер туғызды; заттар мен құбылыстардың мазмұнын, сәулелендіріп адамда алдымен нақтылы көрнекілікті ұғым, кейіннен абстрактілі ұғымдар пайда болып, теориялық ой дами бастады.

Адам баласы қоғамдық жағдайларда өсіп-өніп әлеумет тәрбиесінде болатындықтан, оның психикалық әрекеттері, өзгеше жағдайларда дамып, хайунаттар психикасынан да өзгеше болып келеді. Сондықтан хайуанат жанын адам баласына көшіру, яғни басқаша айтқанда антропоморфизм жолына түсу ғылыми қате пікір болып табылады.

Сана пайда болумен бірге  бала өзін-өзі танып, өз  қоршаудағы орнын біле бастайды. Сыртқы дүниемен қарым-қатынастарының өзгеруі, онда жаңа мұқтаждықтар, мүдделер, әрекеттердің жаңа формаларын тудырып, дами түсуіне  себепші болады. Психикалық дамуда сандық көріністер бара-бара сапалық қасиеттерге көшіп отырады. Мысалы, тілдің шығуы, сананың пайда болуы жаңа сапалық даму болып табылады. Тәрбие мен оқудың әсерімен бала психикасы біртіндеп ересек адамдардың психикасына айналады. Бірақ та оған дейін балалардың психикалық әрекеттері бірнеше кезеңдерден өтеді. Олар негізінде бала жасының түрлі кезеңдеріне байланысты. Психикалық әрекеттердің дамуы бірыңғай процесс болғанмен, оның төменгі сатылары жоғарғы сатыларға негіз болып, олардың пайда болуына дайындық жасап отырады.

Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан біздің эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының екінші жартысына  дейін алғашқы қауымдық периферия  өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен  болды. Содан кейін де ол бірталай жерді алып тұрды. Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты. Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады.

Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп  жатқанымен, тек европалықтардан  кейін ғана ол қоғам толығымен  орнады.

Алғашқы қоғамдық қауымдық құрылымның бір бөлігінің адамзат  қоғамында осыншама ұзақ уақыт, екінші бөлігінің өркениет сатысына өткеннен кейін сақталуы бүкіл әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне байланысты болды.

Өркениет және оның алғашқы  қауымдық перифериясы оның әртүрлі  түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді өркениет орталықтарны қарағанда орналасуына байланысты.

Алғашқы қауымдық периферия  жақын және алыс болып бөлінді. Жақын  периферия жылдамырақ, алыс периферия  жай дамыды, нәтижесінде дамыған  және артта қалған перифериялар пайда болды. Таптық қоғамға қатынасты орнына сәйкес алғашқы қауымдық периферия сыртқы (өркениет ареалынан тыс орналасқан) және ішкі (осы ареал шектеріндегі) болып бөлінді. Бірақ жақын периферия әскери күш арқылы көрші таптық қоғамды өзіне бағындырды. Бұндай жағдайда екінші реттік алғашқы қауымдық периферия қалыптасып, олар жаулап алушылар таптық қоғамға өткенге дейін сақталды. Бұндай жағдай тарихта варварлық жаулап алудың салдары ретінде жиі кездесті.

Өркениет пен қазіргі  заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды.

Жақын перифериямен арада  ал қосымша байланысты жақын периферия  арқылы алыс перифериямен қатынас барысында  пайда болды. Бейбіт байланыстардың ішінде негізгі түрлері—алмасу саудасы, миграция және инфильтрация арқылы, сол сияқты көпшілік және элитарлық, әскери байланыстардан - әскери тонаушылық және жаулап алу, т.б. түрлері болды. Ең кең таралғаны – шаруашылық байланыстар. Олар арқылы еңбекті қоғамдық бөлу және кейбір жағдайда жаңа шаруашылық - мәдениет типтері мен тип тармақтары түзілді. Мысалы, Оңтүстік - батыс Азияда б.э.д. 1 мыңыншы жылда керуен саудаларының қажеттері көшпелі түйекештер тап түзілу үрдісінің алдында тұрған шаруашылық - мәдени тип тармағының бедуин тайпаларының арасында таралуына жағдай жасады. Шаруашылық байланыстар арқылы барлық аса маңызды техникалық және технологиялық жетістіктер: керамика өндірісі және металлургия, желкенді, т.б. көлік түрлері, т.б. таратылды.

Өркениеттік шаруашылық байланыстар алғашқы қауымдық қоғамдар экономикасының дамуына мүмкіндік жасады. Мысалы, Эгей теңізі бассейніндегі тайпалар басында Таяу Шығыстағы қола құю өндірісіне шикізат жеткізушілер ретінде енген болса, кейіннен өздері Орталық Европа тайпаларын шикізат жеткізушілерге айналдырған археологиялық зерттеулер арқылы анықталған.

Қоғамдық құрылымның салыстырмалы автономиялылығына байланысты рухани-идеологиялық байланыстар саласында  біршама мүмкіндіктер ашылды. Бұны мифология мен діни мысалдардан көруге болады. Египеттік Күн ладьясының бейнесі Күннің айналымы туралы мифтің көрінісі екендігі баршаға  болды және ол Закавказье, Оңтүстік Швеция, Карелия мен көптеген сібір өзендері сағаларынан табылған. Бұл мифологиялық мәліметтің кең таралуы Евразияның үлкен территорияға таралғандығын дәлелдейді. Орта ғасырда бұндай бүкіл әлемдік дін түрлері,- христиан, ислам, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттің жақын және алыс алғашқы қауымдық перифериясына таралды, және олар қоғамдық және отбасылық тұрмысқа әсерін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Саналы адамның  қалыптасуындағы еңбектің артықшылықтары

Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы  кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын  жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады. Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген. «Homo erectus» - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.

Адамзат баласы өз басынан әр түрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сипаттайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілгенінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.

Бір кезде ең қарапайым  еңбек құралдарына негізделген  қоғамдық құрылыс үстіміздегі ғасрыдың екінші жартысында технологиялық өндіріс  ретінде ең жоғары дәрежесін жетті. Қоғамдық өндірісті дамытуға те кқана  еңбек құралының болуы жеткіліксіз. Оған қоса қажетті материалдар тиісті технологиялар қуаттар ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жынтық мазмұны технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек, технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы, материладар, технологиялар қуаттар, ақпараттар, өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес, сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдістерінің дамуына тікелей әсер етті және даму сатыларын белгілеп берді. Демек қазіргі технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ, әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрделі процесс.

Алғашқы қауым тұсында  да адамдар ең қарапайым еңбек  құралдарын пайдаланды. Сондықтан олар табиғатқа бағынышты  еді. Бертін келе от жағу пайда болды. Осы бір  қарапайым құбылыс адам қоғамының  дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді. Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды. Тас, қола, темір ғасырлары атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді. Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды.

Құл иеленуші әсіресе  феодалдық қоғамда өндіріс әдістері елеулі табыстарға жетті. Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға  байланысты материалдық өндірісті  дамыту қажеттігі. Жаңа технология, техника  пайда болды да өндірісті және еңбект іұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Мұның ьбәрі туып келе жатқан жаңа қоғам капиталистік қоғамның талаптарына сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері қажет болды. Ол тек қана еңбек құралдарының дамуының жаңа сапалық белгілермен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді. Ал ірі машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ, оның тарихи және қалыптасу белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады олар: жай кооперация, мануфактура, фабрика.

Информация о работе Саналы адамның қалыпты еңбектегі рөлі