Саналы адамның қалыпты еңбектегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 17:59, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды.

Содержание

І тарау Адамның шығуы мен қалыптасу негіздері
1.1. Саналы адам туралы түсінік
1.2. Саналы адамның қалыптасуына тән факторлар
ІІ тарау Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің ролі
2.1. Алғашқы еңбек құралдары
2.2. Саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің артықшылықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саналы адамн калыпт еңбектің ролі.doc

— 163.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І тарау Адамның шығуы  мен қалыптасу негіздері

1.1. Саналы адам туралы  түсінік

1.2. Саналы адамның  қалыптасуына тән факторлар

ІІ тарау Саналы адамның  қалыптасуындағы еңбектің ролі

2.1. Алғашқы еңбек құралдары

2.2. Саналы адамның  қалыптасуындағы еңбектің артықшылықтары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі: Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды. Туыстық жақын отбасылар бірігіп үлкен әулет құрады. Еңбек ету, қарым-қатынас барысында ұжымдар пайда болды. Ұжымдардан бірте-бірте коғам қалыптасты. Әрбір саналы адам — өзі өмір сүрген қоғамның толық мүшесі болып саналады. Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың дене бітімі, санасы толық қалыптасқан. Қазіргі кезде қалыпты анатомия ғылымында кемел адам (нормальный человек) деген ұғым бар. Дені сау адам қоғамдағы жауапкершілікті жақсы сезінеді.

Қоғамның басты өндіргіш күші - адамдар. Қандай кәсіпорында болмасын, өндіргіш нәтижесі адамдардың еңбегін  дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет. Ұйымдастыру деген ұғым тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Кез келген еңбек ұжымы адамдардан құралады. Адамдардың әр тобына немесе әр қайсысына нақтылы тапсырма беріледі де, осы тапсырманы орындауға қажетті өндіріс құралдары бекітіледі және жағдай туғызылады. Олардың еңбегінің нәтижесі әркімнің өз міндетін жете біліп, оны абыроймен орындауына байланысты. Бұл үшін еңбекті дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру деп әрбір ұжым мүшесінің еңбегін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде жетілдіріп отыруды, еңбек өнімділігінің жогары нәтижесіне жетуді айтады. Бұл ұғым өндіріс құралдарының неғұрлым ұтымды пайдалануын, озық технологияны пайдалана отырып жұмыс істеу мен демалуды өзара үйлестіріп отыруды талап етеді. Еңбек дұрыс ұйымдастырылуы үшін ол ғылыми негізде жинақты, үйлесімді, нәтижелі және мархабатты түрдегі жүйеге келтірілуі керек. Ғылыми негіздегі жүйе деп еңбекті ұйымдастыруды жетілдіре беруге арналган шаралардың ғылыми талаптарға сәйкс болуын айтады. Жинақты деген ұғым деген еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың жан жақты жүргізілуін, яғни өндірістің барлық бағыттарында, салаларында іске асуын талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: саналы адам туралы түсінік бере отырып, оның қалыптасуындағы еңбектің ролін айқындау.

Курстық жұмыстың алдына қойған міндеттері:

  • саналы адам туралы сипаттама беру;
  • саналы адамның қалыптасуындағы еңбекті сипаттау;
  • саналы адамның қалыптасуындағы еңбектің ерекшеліктеріне тоқталу;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

І тарау Адамның  шығуы мен қалыптасу негіздері

1.1. Саналы адам  туралы түсінік

Дене құрылысы мен  түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне, сүтқоректілер класына, маймылдар  отрядына, гоминидтер тұқымдастығына жататыны белгілі. (Гоминид – қазіргі заманның және мұнан 3,5 миллион жыл бұрын болған адамдардың жалпы атауы.) Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға да оттек, су, қоректік заттар керек, олар маусымдық және тәуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп, үйренеді. Температура мен күн сәулесі жарығының өзгеруіне байланысты, қорғану әрекеттерін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына жататынын олардың табиғатқа бағынышты екенін көрсетеді. Бірақ, бұдан адамдардың жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды тумайды. Керісінше адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен сана бар, олар үнемі пайдалы іс-әрекетпен айналысуға, өзара келісіп, бірлесіп өмір сүруге, өз іс-әрекетіне жауапкер болуға, организмдерде болмайтын ерекше әлеуметтік орта - қоғам құруға тырысады.

Олар құрған  қоғамдық  арақатынас басқа жануарлар арақатынасынан анағұрлым жоғары  тұрады. Адамдар өз қауымдастық қоғамында онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін  бекітеді  және  қоғам мүшелерінен оның  орындалуын  талап етеді. Адамдардың  өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де  байланысты болады.

Адамның биологиялық  табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті сақтап қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте жалғастырудан, қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Барлық адамдар қоректік тізбекте І және ІІ қатардағы консументтер бола отырып, тағам тұтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп шығарады.

Адам – жер бетіндегі  қазір белгілі болған үш миллион  биологиялық түрлердің бірі. Салыстырмалы эмбриология мен анатомияның мәліметтері адам тәнінің дамуы  мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын көрсетеді. Саналы адам адамның ең аяқталған түрі болып табылады.

Палеонтроптарды қазіргі заманғы  адам типтес – неонтроптар ығыстырды. 38-48 мыңжыл бұрын саналы адам пайда болды. Кейде қазіргі заманғы адам типтесті «хомо сапиенс» деп те атайды. Алғашқы қоғам баяу дамыды. Соған қарамастан алғашқы адамдар біртіндеп ойлау қабілеті, дене бітімі жағынан қазіргі адамдар қалпына келді. Саналы адамның қалыптасып бітуі кейінгі палеолит кезеңінде болды деп есептейміз. Саналы адам өкілі ғылымда кроманьондық адам деп аталған. Оның қалдықтары Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан солай аталған. Ғалымдар осы саналы адамның пайда болуымен адамның қалыптасу процесі аяқталды деп есептейді. Бұдан әрі нағыз, саналы адамдардың тарихы басталады. Антропогенездің басты факторы ең үздік еңбек құралдар қызметіне деген табиғи сұрыпталу болып есептеледі. Антропогенез – алғашқы қауымдық адамдардың пайда болуымен эволюция үрдісі, қазіргі заманғы адамға ұқсас «гомо сапиенс» адамы тегінің эволюциялық қалыптасу үрдісі.

Кроманьондықтар - шамамен бұдан 30 мың жыл бұрын пайда болды. Қаншама жорамалдар ұсынылды. Кейбірі адам айтқысыз қызық: «неандерталдықтар мұздақтан өліп, кроманьондықтар ғарыштық кеменің қирауынан түскен ұшқыштар екен» десті. Оның себебі антропологтар 50 мың жылдан аз мерзімде ай-күні белгіленген неандерталдықтардың қалдығын табу сәтінің болмауынан еді. Соңғы 15 жылда мұндай олжалар Азиядан да, Еуропадан да табылды. Олардың айы-күні 40 және 30 жылға белгіленген. Табылған неандерталдықтардың келбеті кроманьондықтар сияқты. Дегенмен көптеген жорамалдардың біреуі бойынша Африкада бұдан 20-30 мың жыл бұрынырақта бүкіл адамзат сақталып қалды және ғаламшарда бірден кроманьондың бейнелі - осы заман типіндегі адам орын тепті. Ал австралопитек, питекантроп және неандертал- дық сияқты бүған дейінгі эволюциялық үлгілердің барлығы эволюциялық тұйыққа тірелді.

Кроманьондықтар - осы  заман типіндегі адамдар «homo apiens kromanonese» немесе «саналы кроманьондық адам». Кроманьондықтар зерделігінін; деңгейі, сірә, бізден ерекше болмаса керек. Олар тас құралдардың барлық түрін пайдаланды, сондай-ақ сүйекке өрнек жасау, кейініректе металл құюды да меңгерген. ЬІдыс дайындауға сазды пайдаланды. Біртіндеп жинақтама жинаудан және аңшылықтан мал шаруашылығына және егін шаруашылығына көшті. Біздер — кроманиондық адамның тікелей ұрпағымыз.

Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне  “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Алғашқы қауымның ерте кезеңінде  тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер  өндіретін шаруашылық болды.

Бұл типологиялық қатар  – алғашқы қауым (алғашқы  адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.

Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында  адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері - өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.

Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық  туыстық қауым – кемелдену  кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Саналы адамның  қалыптасуына тән факторлар

К. Маркс пен     Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен түсіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .

Марксизм-ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырып шешуді және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек   ынтымақтастық  дәрежесіне  дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрлі ассоциацияларды (бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып, келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді.

Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жасаудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады. Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар — бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге келтіреді, ал музыканттың қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып та отыр). Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызды.

Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен  өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге  өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам  сонымен  бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» .

Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті. Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.

Информация о работе Саналы адамның қалыпты еңбектегі рөлі