Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2015 в 23:32, дипломная работа

Краткое описание

Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.
Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................

І Әдебиетке шолу........................................................................................
1.1. Қоршаған ортаның ластануы мен классификациясы.............................
1.2 Химиялық ластану....................................................................................
1.3 Қоршаған ортаның физикалық ластануы...............................................

ІІ Негізгі бөлім................................................................................................
2.1 Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адам ағзасына тигізетін әсері............................................................................
2.2 Отын-энергетика өндірісінің қоршаған ортаға әсері..................................
2.3 Химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері................................................
2.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға әсері.......................
2.5 Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері.........
2.6 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға әсері...........................
2.2 Өндірістік қалдық түрлері және оларға сипаттама......................................
2.8 Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын
анықтау...........................................................................................................
2.3 Улы өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру жолдары...............................
2.4 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау................
қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.......................................
2.11 Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі.........................................................

ІІІ Тәжірибелік бөлім....................................................................................
3.1 Атомды–абсорбциялы анализ әдісімен топырақ үлгілерінен ауыр металдардың массалық үлесін анықтау
3.1 Өлшеу құрылғылары, құрал-жабдықтар, реактивтер....................................
3.2 Үлгі алу және анализге дайындық....................................................................
3.3 Өлшеу жұмыстарына дайындық......................................................................
3.2 Зерттеу нәтижесі...............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс қоқластаушы заттар06.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

Қалдыктарды зиянсыздандырудың төрт әдісі: жағу, химиялық немесе биологиялық жолмен нейтралдау, көму арқылы жүргізіледі.

      Әртүрлі жылу физикалық касиеті бар қалдықтарды жағуға арнайы арналған қондырғылардың конструкңиялары жасалған. Кейбір өнеркәсінтерде жағу процесі қазандықтың күш беретін қондырғыларында жүргізіледі. Жағу алдында өндеу арқылы қалдыктарды көп жылу шығаратын касиет беріп жанғыш затқа айналдырады. Жанғыш қалдықтардың бәрі жағылады. Қалдықтарды жағуды 1000-1200 "С шамасында жүргізген орынды, себебі бұл жағдайда атмосфераға бөлініп шығатын ластаушы заттардың көлемі минимумға дейін төмендейді.


Бірқатар   елдерде   қауіпті   қалдыктарды   жағуға   өте   жоғары температураны   ұстай   алатын   цементтік   пештер   қолданылады.

Негізінде   цементтік   пеште   химиялық  тазартуға   пайдаланылған өнеркәсіп ерітінділері, баспа бояулары, бояу сүйылтқыштары мен олардың қалғындылары, қолданылған майлар және жанғанда көп жылу   бөлетін   органикалық   қалдықтар  жағылады.   Қалдықтарды көмудің орнына жою үшін жағу әдісін қолданған тиімді келеді, себебі    оларды    жаққанда   бөлінген    жылуды  цемент   шығару пайдаланса,     осыған     жұмсалатын     біраз     отынның     мөлшері қысқартылады.

Жанбайтын улы қатты және паста тәрізді 2-ші және 3-ші кластық қалдықтарды зиянсыздандыру оларды тығыздап қалыңдығы 1 м-дей саздан немесе бетоннап жасалған шүңқырларға көму аркылы жузеге асырылады.

Қазакстанда ең кеңінен колданылатын әдіске бір калдыктың түрін екінші калдыкпен зиянсыздандыру жолдары жатады. Мысады, байыту фабрикаларының сілтілі сұйык қалдықтары мен зауыпардан шығатын қышқылды ерітінділерді арнайы тұндырғыш тоғандарға  бір-бірін нейтрадлау үшін бірге жинайды.

Сонымен қатар қазіргі кезде коксхимиялык зауыттардан шығатын күкіртті смолалы заттарды нейтралдауға азот тыңайткыштарын өндіретін зауыттардың әкті шламдары қолданылып жүргені белгілі. Ал көмірді кокстауда бөлінін шығатын құрамында күкіртті сутегі бар газ аммиак суымен нейтралданады.

Әдетте улы емес жанбайтын қатты қалдықтар ашык жерде сақталынады немесе жәй көміледі.

Құрамында 1-3 қауіптілік кластарына жататын заттары бар қалдықтарды көмуге тыйым салышап есіндыктан полигонта жіберер аллында өнеркәсіптің өзінде оларды сусыздандырып пасталық түрге айналдырады.

Өте улы қалдықтарды, өсіресе құрамында мышьяк пен кадмий барларын, зиянсыздандыру мен көму ерекше назар аударуға жатады. АҚШ-та түсті металлургияның мышьягі бар қалдықтары цементпен араластырылып, су өткізбейтін жыныстарда орналасқан арнайы полигондарға көміледі. Жапонияда құрамында кадмий бар қалдықтарды пісіру арқылы суға төзімді улы емес шыны төрізді кесекке айналдырады. Шымкент қорғасын зауытынан қалдық ретінде шығатын кальций арсенаты өндірістің өз аймағында темірбетон шұңкырларында сақталады. Мышьяк қалдықтарын суға өте төзімді шынылы түрге айналдыруға бағытталған көптеген әдістер белгілі.

Полигондар

Полигондар - бұл кәдеге асыруға жатпайтып өнеркәсіп калдыктарын зиянсыздау мен көмуге бағытталған арнайы табиғат қорғау құрылыстары. Полигон құрудын негізгі максаты -қалдықтарды көмуге бөлінген жерді экономикалық турғыдан тиімді түрде қолдану аркылы топырақты, атмосфераны, жер асты мен бетіндегі суларды улы комноненттермен ластанудан сактау.

Жергілікті суды қорғау мен санитарлық эпидемиялық қызмет мекемелерімен келісілген нұскауларда полигонға қабылданатын және қабылдауға жатпайтын улы қалдықтардың түрлері анық керсетіледі. Қалдықтар міндетті түрде паспорттандырудан өткізіледі. Әр өнеркәсіп мекемесі санитарлық ережелерді негізге ала отырып, қалдықтарды жинауға, сақтауға, буып-түюге, тасымалдауға, көмуге, т. б. істерге қатысатын адамдарға арналган қауіпсіздік техникасының нұсқауларын жасайды. Полигон басшыларымен және жергілікті санитарлық эпидемиологиялык қызмет мекемесімен келісілгеннен кейін бұл құжатты өнеркәсіп мекемесінің басшысы бекітеді.

Полигондар оңашалау, үйлер салынбаған, жақсы желденетін, нөсер жаңбыр жауғанда, қар ерігенде және тасқын болғанда судың астында калмайтын жерлерге орналастырылады. Полигонды жиі жел тұратын бағытын анықтап, ел тұратын жердін ық жағында, су алатын жерден, қыстақ шүңқырлардан, уылдырық шашатын және балыктардың мекендейтін жерлерінен төмен, су жинауға арналған ашық қоймалардан тыс аймаққа орналастыру қажет. Полигон аймағында жер асты сулары 20 м-ден артық терендікте жатуга тиіс, сонымен    қатар    осы    полигон    орналасқан    жерде    топырақтың фильтрация коэффициенті 1 мкм/тәулік артык болмауы керек. Әсірсе ішуге қолданылатын жер астындағы сулардың үстіне қалдыктарды көмуге болмайды.

Дүнис жүзі бойынша іс жүзінде қатты тұрмыстык қалдықтар (ҚТҚ) айналымы келесі жолдармен үйымдастырылады:

  1. Көму   және    жарым-жартылай    өңдеу    жүмыстарын   жүргізуге арнайы полигондарды салу;
  2. азот тыңайтқыштарын немесе биоотынды компостау (кордалау) аркылы алу;
  3. сыпырыпды жағатьн зауыттарда қалдыктарды жағу;
  4. ферментациялау   (мал   шаруашылығының   ағындарынан   биогаз алу);
  5. бастапқы сорттау,  пайдаға асыру және қалдықтардағы құнды компоненттерді пайдалану;
  6. қатты тұрмыстық қалдықты ниролиздсу - ауасыз жоғары температурада (шамамсн 1700 "С) қыздыру.

Қоршаған табиғи ортаны ластау деңгейін төмеңдету мақсатында бұрынғы бақылаусыз қоқыс тастайтын жерлердің орнына үлксн қалаларда полигондар салу кеңінен дамып келе жатыр. Полигондар салу үшін 20-25 жыл оданда көп жылдар уакытында қалдыктарды жинауға болатын сазды жер тапдалады. Тандалған алаңның табанына фильтратты жинақтау үшін үлкен астауға ұқсастырып,-терендігін 1,5 м немесе оданда тереңдеу етіп қазады. Егерде сазды жер болмаса, бірақ су жаксы отетін жергс полигон салу кажет болса, онда астаудың түбінс қалындығы 0,5 м сазды басқа жерлсрден әкеліп салады (10.9-ші сурст).

Тәулік ішіндс полигоннын бір алаңына қалдыктарды орналастырып, оларды әр 2 м биіктіктс буьдозсрмен тығыздап отырады. Екінші тәулікте қалдықтарды баска алаңға әкеліп орналастыра береді ал алдыңғы алаң қалындығы 0,25 м жекелегіш кабатпен жабылады. Бұл жекелегіш кабатпсн жабу және тығыздау жұмыстарын жүргізу ауанын ластануы мен шыбын-шіркейлсрдің және кеміргіштердің таралуын шектейді.

Полигонның алатын жерінің көлемін азайту мақсатында қалдықтарды 60 м биіктікке дейін кабат-қабатпен орналастырады.

Полигон толғаннан кейін оның соңғы беткі қабатын өсімдік егуге арналған кабатпен жабады.

ҚТҚ арналған полигондарды орналастыру үшін ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер мен жыралар жиі пайдаланылады. Полигондар толық толтырылғаннаң және өсімдіктерге арналған топыракпен беті жабылғаннаң кейін оның үстінде саябақ, ойын алаңдарын ұйымдастыруға немесе басқа да мақсаттарға пайдалануға болады [26].

Биотехнология арқылы қалдықтарды залалсыздандыру

Қатты және өте қауіпті сұйық қалдықтарды зиянсыздандыру үшін назар аударуға тұратын жолдардың бірі - биологиялық технология. Биологиялық технологияда адамға пайдалы өнімлерді алуға және қоршаған ортаны тазалауға тірі организмдер мен биологиялық процестер қолданылады. Биотехнологияны адамдар ежелден қолданып келе жатыр. Барлық ауыл шаруашылық өндірістері биотехнологияда негізделген. Мысалы, нан пісірудің немесе шарап ашытудың негізі болып микробиологиялық процестер саналады. Биотехнологияның мүмкіншілігі аукымды. Микробиологиялық организмлердің әралуан түрлері кейбір органикалық заттарды сіңірумен қатар, оларды зиянсыз түрге немесе  пайдалы  өнімдерге,  мысалы,  шалшықты  газға  айналдыра алады. Біракта, биологиялық әдісті қолдану оның ұзақ уакытты қажет етуіне байланысты белгілі шамада шектелуде.

Биотехнологиянын жетістігі мен микроорганизмдердін жаңа түрлерін алу экологиялық қорғау жолындағы мақсаттарға жетуге мүмкіндік туғызады деген үміт орындалатынына сонғы кезде көз жеткізіп отырған жағдайлар аз емес. Мысалы, биологиялық жолмен ыдырайтын жаңа пластиктер түрлері жасалуда. 1990 жылы американың JСJ компапиясы қанттарды бактериялармен ферментациялау арқылы дүние жүзінде атгаш рет биологиялық жолмен ылырайтын "биопол" деген термопластикті алды. Ол пленкалар, ылыстар, буып-түйетін тоқылмаған материалдар алуға пайдаланылады. Қазіргі кезде көп елдердегі ірі ғылыми лабораториялар мен фирмалар әр алуан қасиеттер тән биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлік материалдар алудың іргелі биотехнологияларын жасау үстінде.

Тікелей коршаған органы қорғауға бағытталған биотехнология әдістері соңғы кезде қарқынды түрде дами бастады. Экологиялық биотехнологиялардын негізгі дамыған бағыттарына мыналар жатады:

• акаба суларды биологиялық жолмен тазалау;

• қатты қалдықтарды биологиялық әдістермен өндеу (ақаба судың түбіне жиналатып ұсақ тозаңды тұнбаны пайдаға асыру, қатты тұрмыстық қалдықтарлы өңдеу, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын зиянсыздандыру мен жою

• ауаны ароматты заттектерден биологиялық жолмен тазалау;

  • коршаған ортадағы ксенобиотиктерді (тірі организмлерге жат химиялық заттектер) биолдеградациялау;

• органикалық химия қалдықтарды және мұнаймен ластанған топырақты биологиялық жолмен рекультивациялау;

• органикалық қалдықтарды және биомассаны пайдалану арқылы калпына келетіп энергиямен, шикізат көздерімен камтамасыз ету (биогаз және екінші реттік отын түрлерін алу, органикалық тыңайтқыштардын, трансформациясы және т. б.);

• аурулар мен ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының зиян-кестерімен күресуге химиялық пестицидтерге альтернативті кауіпті емес нәтижелі биологиялық шиғараларды жасау.

Улы қалдықтарлы зиянсыздандыруга физикалық әдістер де қолданылып жүр, атап айтқанда әртүрлі сәуле түрлерімен (мысалы, ультра күлгін сәулесі) күрделі молекулалардан күралған органикалық сүйық қауіпті заттарды жай молекулалардан түратып зиянсыз зат түріне айналдыруға болады.

 

2.10 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына  қойылатын экологиялық талаптар

 

Қалдықтарды сақтау және көму орындары

1. Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, оңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін  белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлерде (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) жүргізіледі.

2. Қалдықтарды алып қою ниетінсіз  оларды тұрақты орналастыратын орын  қалдықтарды көму орны болып табылады. Қалдықтарды көму арнайы арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі.

3. Қалдықтарды кейіннен орнын  ауыстыру ықтималдығына және (немесе) олардың қоршаған ортаға әсеріне  тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігіне байланысты тұрақты орналастыратын орын олардың ұзақ мерзімді сақтау орны болып табылады. Полигондарға белгіленген экологиялық талаптар қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылады, бұл ретте оларды алып қоюдың, тасымалдаудың, кейіннен кәдеге жаратудың немесе түпкілікті көмудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Қалдықтар полигондардың орналастыру  мен салу жобалары осы Кодексте  және Қазақстан Республикасының  өзге де нормативтік құқықтық  актілерінде белгіленген тәртіппен  мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан өтуге жатады.

5. Қауіпті қалдықтарды сақтау  мен көму шаруашылық қызметін  экологиялық қауіпті түріне жатады. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен  көму орындары экологиялық қауіпті  объектілер болып табылады.

Қалдықтарды орналастыру полигондарының сыныптары

1. Қалдықтар орналастырылатын әрбір  полигон мынадай сыныптардың  біріне жатқызылуға тиіс:

1) І-сынып – қауіпті қалдықтарды  орналастыруға арналған полигон;

2) ІІ-сынып – қауіпті емес  қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;

3) 3-сынып – инертті қалдықтарды  орналастыруға арналған полигон.

2. Әртүрлі сыныптағы полигондарға  орналастыруға арналған қалдықтардың  тізбесін қоршаған ортаны қорғау  саласындағы уәкілетті орган  айқындалады.

Қалдықтарды орналастыру полигондарына қойылатын экологиялық талаптар

1. Инертті қалдықтарға ғана алдын  ала өңдеусіз көму қолдагылуы  мүмкін.

2. Қауіпті қалдықтарға залалсыздандыру, қалыпты жағдайға келтіру және  қалдықтардың қауіпті қасиеттерін  төмендететін басқа да әсер ету тәсілдерді қолданылуға тиіс.

3. Қауіпті қалдықтарды  қауіпті  емес және инертті қалдықтардың  полигондарына орналастыруға тыйым  салынады.

4. Белгілі бір сыныптағы полигонда  қалдықтарды қабылдау  критерийлері  былайша айқындалады:

1) қоршаған ортаны (әсіресе жер асты және жер үсті суларын) және халықтың денсаулығын қорғау;

2) полигон шегінде қалдықтарды  қалыпты жағдайға келтіру процестерін  қамтамасыз ету;

3) қабылданатын қалдықтардың сапалық  құрамы;

4) қабылданатын қалдықтардың органикалық  құрауыштарының саны және олардың биологиялық бұзылуға бейімділігі бойынша талаптар мен шектеулер;

5) қорғаныш (критерийлеріне сәйкес  ықтимал қауіпті құрауыштардың  санына қойылатын шектеулер;

6) қалдықтар мен құралатын сүзінді  сулардың экоуытты қасиеттері.

5. Қалдықтарды кездейсоқ қоқыстарда бақылаусыз орналастыруға тыйым салынады.

6. Әрбір полигон олардың қоршаған  ортаға теріс әсерінің алдын  алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған  Қалдықтарда құралатын сүзінді  судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесімен жабдықталуға тиіс.

7. Полигонда көмуге арналған  қалдықтардың саны мен қауіпті  қасиеттері азайтылуға тиіс.

Информация о работе Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсері