Экстрокорпоральды ұрықтандырудың оң және теріс әсері
Курсовая работа, 07 Декабря 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Экстрокорпоральды ұрықтандыру ғылымын зерттей келе оның оң және теріс жақтарын көрсету. Тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін ұлттық сипатта қарастыру; адам мақсатына сай тақырыпты жан жақты ашып көрсету. Салауатты өмір салтын сүруге шақыру;
Содержание
Кіріспе...................................................................................................................................4
І Жасанды ұрықтандыру-ғасыр жаңалығы
1.1 Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан ұрықтандыру арқылы сәбиді дүниеге әкелу (экстрокорпоральды ұрықтандыру)...................................................................... 7
1.2 Экстрокорпоральды ұрықтандыру қазақ елінде қонақта..................................................................................................................................8
1.3 Құрсақ ананың құқығы жан-жақты қорғалады...........................................................9
ІІ .Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі
2.1. Жасанды ұрықтандыру орталықтары жеті атаны біле ме?........................................................................................................................................11
2.2 Дініміздің үкімі қандай?...............................................................................................13
III Аман ердің аты шығады.
3.1 Жасанды жолмен ЭКО арқылы ұрықтандырған баланың денсаулығы..................17
3.2 Бедеулік пен белсіздік: кесел ме, кесір ме?................................................................19
3.3 Белсіздікке апаратын бес себеп....................................................................................22
IV Шетелге қарап ұлыған қазақ болып шықпайық
4.1 Қолдан ұрықтандырудың шетелдегі жағдайы.........................................................24
4.2 Бала сүю бақытына қанша жаста жетуге болады....................................................25
4.3 Шетел жұлдыздарына қуаныш силады...................................................................26
Қорытынды .......................................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................................
Прикрепленные файлы: 1 файл
эко ұрықтану жолы.docx 123 (восстановлен).docx
— 85.58 Кб (Скачать документ)• Батыста суррогаттық ананың өз күйеуінен жүкті болып қалу жағдайы да кездесуде. Германияда бір әйел суррогаттық ана болуға келісім берген. Сөйтіп, жатырына келісілген шарт бойынша ерлі-зайыптылардың зиготасы қойылғаннан кейін аяғы ауырлайды. Алайда, уақыт өте келе оның сол зиготадан емес, өз күйеуінен жүкті боп қалғаны анықталады. Бірақ, ол алдын ала 8000 АҚШ долларын алып қойғандықтан, әлгі ерлі-зайыптыларға күйеуінен жүкті болған өз баласын табыс етуге мәжбүр болған. Кейбір адамдар өз балаларын ақшаға осылай сатуда. Міне, бұл – дінсіз, рухсыз ғылымның жетістіктері.
Қазір батыста табиғи жолмен
өзі босануға денсаулығы жете
тұрып, әйелдің баланы кестіртіп
алдыруы сәнге айналды. Себебі, толғатып,
қиналып туғанша кестіріп
Жоғарыдағыларға қоса, сперма мен жұмыртқаны түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны үшінші бір әйелдің жатырына қою жолымен дүниеге келген баланың жаратылыс, болмыс, мінез-құлық, психология, ақыл-есінің ақаусыз болатындығына ешкімнің кепілдік бере алмасы және хақ . Мұны алдағы уақыт көрсетеді. Бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін тақырып.
Қысқасы, суррогаттық тәсілмен дүниеге бала әкелу мейлі діни тұрғысынан болсын, мейлі адамгершілік жағынан болсын құптарлық іс емес екені айқын. Ислам ғұламалары бірауыздан қолдан ұрықтандырудың бұл тәсіліне «харам» деп анық пәтуа берген.
Иә, өмірде бала сүюдің қандай бақыт екені баршаға аян. Алайда, міндетті түрде бала сүю керек екен деп шариғат тыйымдарын аттап, адамгершілікке жат қылықтарға бару дұрыс емес. Бұл тұрғыда батыстық экспериментер мен адасулар бізге үлгі бола алмайды. Батыста үйленбей-ақ балалы болуды қалайтын әйелдер арнайы құрылған сперма банкаларынан белгілі бір мөлшердегі қаражатқа қалаған адамының ұрығын сатып алып балалы бола береді. Белсіз азаматтар өз әйеліне осы сперма банкаларынан танитын яки танымайтын еркектердің ұрығын пайдалануына рұқсат етуде. Бедеу әйелдер күйеулеріне өзі мүлдем танымайтын бөтен әйелдің жұмыртқа клеткаларын қолдануына разы болуда. Керек десеңіз, шешесі қызының баласын, қызы шешесінікін, қарындасы ағасының баласын босанып беретін жайттар да кездеседі.
Сұрақтың жауабын Шәкәрімнің:
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске бара
жатыр ішім толып»
- деген даналық сөзімен
Қолдан ұрықтандырудың 5 харам түрі
1. Ерінің спермасын (ұрығын) өзімен некелес болмаған бөгде бір әйелдің жұмыртқасына қосып жетілдіруге, сонан соң оны өз әйелінің құрсағына әкеліп орналастыруға болмайды.
2. Бөгде еркектің спермасын пайдалану жолымен жетілдіруге, оны әйелінің құрсағына орналастыруға болмайды.
3.Ерлі-зайыптылардан алынған жұмыртқа клеткасы мен сперманы сыртта жетілдіру, оны басқа бір әйелдің құрсағына апарып салуға болмайды.
4. Бөгде еркектің ұрығымен бөгде әйелдің жұмыртқа клеткасын сыртта жетілдіріп, сосын сол эмбрионды өз әйелінің құрсағына салдыруға, содан бала сүюге болмайды.
5. Ерінің спермасы мен әйелінің жұмыртқа клеткасын сыртта жетілдіріп, осы эмбрионды күйеуінің екінші әйелінің құрсағына орналастыруына болмайды.Ислам дінінде ауыр күнәлардың бірі зина болса,оның бір негізі – ұрпақтың заңсыз жолмен келуі,ұрпақтың кімнен тарағанының беймәлім болуы ғой.Сондықтанда бедеу, белсіз еркектің бөгде адамның ұрығын әйелінің жатырына салғызуы зипа жасаукүнәсімен пара-пар. Және де белді, бедеу емес еркектің өзінің ұрығы мен әйелінің жұмыртқа клеткасын басқа әйелдің жатырына салдыртуы, сол еркектің осы әйелмен бірге жатып, бірге болуымен тең саналады. Зинаның үлкен бір мәні осылайша ұрықтың некесіз әйелдің құрсағына түсуі.
III Аман ердің аты шығады.
3.1 Жасанды жолмен ЭКО арқылы ұрықтандырған баланың денсаулығыЖасанды жолмен ЭКО арқылы ұрықтандырған баланың денсаулығы
Бұрын бүлдіршін өзінің қайдан пайда болғанын сұраса, әдетте қысылған ата-ана «аһ дегенде аузымнан түстің» немесе «құс әкеліп тастады» деп жататын. Енді «шыны түтіктен пайда болдың» деген жауапты да айтуы мүмкін. 2010 жылы алматылық дәрігерлердің шеберліктерінің арқасында пайда болған 60-тан аса атыраулық сәби дүниеге келген.
Жүргізілген зерттеулер олардағы патологиялық ауытқулар кәдімгі табиғи жолмен ұрықтанған балалардан аспайды. Бұдан басқа, ЭКО бағдарламасы бойынша имплантация алдындағы генетикалық диагностика көмегімен туған балаларда Дауна синдромы, муковисцидоз, гемофилия, талассемия сияқты және басқа да генетикалық ауытқушылықтарды болдырмауға әбден болады. Ата-аналардың айтуынша, осындай балалар басқаларға қарағанда зерек болып келеді деп сендіреді,
Митохондриальды аурулардың алдын алатын экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі үш адамның ДНҚ-сын қажет етеді.
Таяуда Ұлыбритания әлемдегі ең бірінші үш ата-аналы (бала үшеуінен туылады) ел атануға алғашқы қадамын жасады. Жаңа әдіс митохондриальды ауруларды мүлде болдырмауға септескенмен, екінші жағынан этикалық қиын сұрақтарды тудырып отыр.
Бүгінгі таңда британдық балалардың әр алты мыңыншысы митохондриальдық бұзылу белгісімен туылатын көрінеді. Оның салдарынан жүрек, бауыр ауруы, тыныс алу жолдары мен бұлшық ет дистрофиясы туындауы мүмкін.
Митохондриальды ауру балаға анадан беріледі. Болашақ нәрестені қатердің осы бір түрінен құтқару үшін аналық жасушадан митохондриальды ДНҚ алынып, оның орнына донорлық материалмен толықтыралады екен.
Сонымен, болашақ нәрестенің ДНҚ-сы әкенің, ананың, донордың генетикалық материалынан түзіледі. Бұл дегеніміз, бір баланың үш ата-анасы болады деген сөз. Әрине, бұл тұста баланың мінез-құлқы өз ата-анасынан келеді десек те, бәрібір де жаңа әдіске байланысты этикалық сұрақтарға тосқауыл бола алмайды.
Қауіпшіл жандардың күдігінше, аталған әдістің жүзеге асуы - «гибридті» балаларға жол салудың артыкелешек ұрпаққа адам айтқысыз зардап тигізбек.
Елімізде сирек кездесетін,
медициналық тілмен айтқанда, орфандық
аурулар саны жылдан-жылға артып келеді.
Тіпті әлемдік деңгейде дабыл қағып отырған
елдердікінен кем емес. Орфандық ауруларға
қарсы шаралардың Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 18 қыркүйек тегі 193-IV «Халық денсаулығы
және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
кодексінен ойып орын алуы бұл проблемаға
бейжай қарауға болмайтындығын ескертсе
керек. Еліміздегі орфандық дәрі-дәрмектердің
тізбесі де әлдеқашан бекітіліп қойған-ды..
Сирек кездесетін аурулар жайында
білетініміз бұрындары там-тұм ғана еді,
бүгінгі күні мұндай ауруға шалдыққан
балалар саны 20-дан астам деп жатыр. Мен
мұны қазақ үшін көп дер едім. Егер жоғалып
бара жатқан құндылықтарымызды қайта
жаңғыртпасақ, сирек кездесетін аурулар
жеті ата ұғымынан мақрұм елдердегідей
кең тарап кетуі ғажап емес. Мутацияға
ұшыраған ұрпақтарымыздың санын көбейтіп
алмайық. Шынымен де, жетінші ұрпаққа дейін
қыз берісіп, қыз алысуға үзілді-кесілді
тыйым салудың арқасында қазақ тұқымның
бұзылуынан, тектік-генетикалық қасиеттердің
жойылуынан, ұрпақтың азғындануынан сақтандырылған.
Қазақ ұрық тазалығын сақтау арқылы балалар арасындағы ауруды тізгіндеп отырды. Нақтырақ айтсам, бұрындары жаңа туылған балалардың тек 0,02 пайызы ғана ауру болып туылса, қазір бұл көрсеткіш 45 пайызға артып кетті. Демек, 100 баланың 45-і науқас деген сөз. Тағы бір айта кетерлігі, ертеректе қазақта аурудың 25 қана түрі болған, қазір сол 1700-ге артты. Осының барлығы ұрық тазалығын сақтамауымыздан.
Бұл дәлелденбеген нәрсе, ол физил. тұрғыдан дұрыс бала болып өмірге келгенмен оның мінез-құлқы қалай қалыптасады, рухы қалай болады, ол әлі белгісіз. Рухани тұрғыдан ауру балалар пайда болып жатқан шығар, ертең еліне, жеріне қиянат жасайтын адамдар пайда болып жатқан шыгар бұл әлі зерттелмеген нәрсе. Ең қасиетті ұғым ата-тек шежіре болса, бұл ата-тек қолдан ұрықтандыру арқылы көп жағдайда зиянға ұшырайды, еліміздің ертеңі жоғалады, әкесі белгісіз, шешесі белгісіз ұрпақтар Отанға дұрыс қызмет атқарады деп айту әрине қиын
Ойраттың ойраны, жоңғардың
жорығы кезінде көз жасы алқасына сұлап,
ақтабандана тозған халқымыз дәл қазіргідей
қасірет шекпеп еді. Экоға әу баста айына
бір екі адам ғана жүгінетін болса қазірде
күн құрғамайтын болыпты. Ұрпақ зарын
тартқандардың дені уыздай жас отбасылар.
Балалық шағы әлеуметтік жағдай ауыр болған,
ел шамасы қытайлық ойыншықтар мен тағамдардан
өзгеге жетпеген кезеңде өткен 25- 30 жас
аралығындағы ұрпақ. Дәл осы шамадағы
азаматтарымыздың шауһаты әлсіз. Оған
жоғарыда айтылған әлеуметтік жағдай
мен шетелдік тауардың қайсысы кінәлі.
Мамандар соңғысында гәп бар ау, өйткені
қытайлық тауарлардан ұрпақ үшін қауіпті
қоспалар әлі күнге табылып жатыр. Тіпті
сынап та шығады дейді.
Жетпісбайлар мен Сексенбайларды
өмірге келтірген қауқарлы қазақ азаматтары
тәуелсіздік алғанда Отызбайға зар болып
қалады дегенді кім ойлаған. Түтікшеден
туған ұрпақ ат ұстар мен ту ұстарға жарар
ма?