Химиялық заттардың табиғи бірлестіктерге және адам организміне әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 22:51, контрольная работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім;
2.1.экологиялық жағдай және адам денсаулығы;
2.2. негізгі әсер етуші аса қауіпті химиялық қосылыстар.
2.3.Химиялық элементтердің адам ағзасына әсер ету мөлшерін зерттеу
2.4.Табиғи бірлестіктердің химиялық ластануы(биосфера,атмосфера,су,топырақ)
3.Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 70.56 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім;

2.1.экологиялық жағдай және адам  денсаулығы;

2.2. негізгі әсер етуші аса  қауіпті  химиялық қосылыстар.

2.3.Химиялық элементтердің адам  ағзасына әсер ету мөлшерін  зерттеу

2.4.Табиғи бірлестіктердің химиялық  ластануы(биосфера,атмосфера,су,топырақ)

3.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей  байланысты, яғни адамзат тіршілігіне  қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат  – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен  техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап  дамуы, жерасты қазба байлықтарын  кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.  
Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.Өзінің дамуының барлық сатысында адам өзін қоршаған әлеммен тығыз байланыста болған.Бірақ,индустриальды қоғам пайда болғаннан бері адамның табиғатқа араласуы күрт күшейіп,сол араласу алуантүрлі болғандықтан,қазіргі таңда адам үшін глобальді қауіп төңдіруі мүмкін.Қалпына келмейтін шикізат түрлерін өндіру өсуде,жыртуға,ауыл шаруашалағана арналған жерлерде қалалар,заводтар салынуда.Адамға біздің планетамыздың тіршілік бар қабатына,яғни биосфераға араласуға тура келеді.Қазіргі күнде биосфера қарқынды өсудегі антропогенді әсерге шалдыққан.Осыған себепкер болатын,экологиялық жағдайды нашарлататын бірнеше процестерді айтуға болады.Олардың ішіндегі ең ауқымдысы және маңыздысы қоршаған ортаның химиялық ластануы.Олардың ішіндегі өндірістік және тұрмыстық салалардың әсерінен пайда болатын  газдық және аэрозольдық ластағыштар.Атмосферада көмірқышқыл газының жинақталуы    да артуда.Бұл процестің дамуы планетадағы орташа жылдық температураның өсу тенденциясының артуына әкеледі.Сонымен қатар экологтарды үрейлендіретін мәселе Әлемдік мұхиттың мұнай және мұнай қалдықтармен ластануының артуы болып отыр.Қазіргі күнде ол ластану1/5 …жалпы көлемін алады.Мұндай өлшемдегі мұнаймен ластану Атмосфера мен Гидросфера арасындағы газ және су айналымындарындағы айтарлықтай бұзылыстарға себеп болуы мүмкін.Топырақтың пестицидтермен химиялық ластануының және оның қышқылдығының артуы экожүйелердің бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.Жалпы осы келтірілген ластаушы факторлар биосферада болып жатқан процестерге көп мөлшерде әсерін тигізеді. Химиялық қосылыстар, химиялық заттар — бір немесе бірнеше элемент атомдарының химиялық байланысу нәтижесінде құралған заттар. Химиялық қосылыстар химиялық реакциялар көмегімен алынады. Қандай жолмен және қандай жағдайда алынса да таза Химиялық қосылыстардың сандық және сапалық құрамы тұрақты болады. Химиялық қосылыстарға молекуласында ковалентті байланысқан атомдары бар жай заттар да жатады (азот N2, оттек O2, сутек Н2, т.б.) Химиялық қосылыстардың құрамы химиялық формулалар түрінде өрнектеліп, құрылымы формулалармен беріледі. Химиялық қосылыстардың негізгі қасиеті құрам тұрақтылық заңына және еселік қатынас заңына байланысты, сондықтан әрбір Химиялық қосылыстардың өзіне тән химиялық, физикалық, оптикалық, т.б. қасиеттері болады. Химиялық қосылыстар химиялық реакциялар нәтижесінде алынады. Ол түзілгенде энергия бөлінеді не сіңіріледі (Экзотермиялық реакция, эндотермиялық реакция). Алынған қосылыстың физикалық, химиялық қасиеттерінің бастапқы алынған заттардың қасиеттерінен айырмашылығы болады (қ. Изомерия). Химиялық қосылыстар органикалық емес (қ. Анорганикалық химия) және органикалық (қ. Органикалық химия) болып бөлінеді. Осы кезде 100 мыңнан аса органикалық емес, 3 млн-нан аса органикалық Химиялық қосылыстар белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ  ДЕНСАУЛЫҒЫ 
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі 
Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. 
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. 
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар. 
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. 
Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық. 
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі. 
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-тен 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі. 
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған. 
2.2.Негізгі әсер етуші химиялық қосылыстар.Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:  
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады; 
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады; 
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. 
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады. 
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады. 
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар 
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. 
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. 
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады. 
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіп

сіз деп есептеліп келді. Оны  аэрозоль баллондарында газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы  қасиеттері анықталды. 
Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлорэтан) да хлорлы көмірсуларга жатады. 1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15 млн. тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған. Антарктиданың өзінен шамамен 25 мың тонна ДДТ табылған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицидті қолдануға тыйым салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты (ыдырау мерзімі 50 жыл) ол қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді. 
Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Нәтижеде тек вьетнамдықтар ғана зардап шеккен жоқ шамамен 20 мың американдықтарды да қамтыды. 
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді. 
Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады. 
Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор альдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.). Дүние жүзінде ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде. 
Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б. 
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаптың — 60%-ы шығарылады.Ауыр металлдардың ішінде ең қауіптілері ушеу олар:қорғасын,кадмий және сынап. 
Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. 
Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық. 
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау. 
Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады. 
Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады. 
Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. 
Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті. 
Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.

2.3.ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ  АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕР ЕТУ МӨЛШЕРІН  ЗЕРТТЕУ

Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Табиғаттағы  өзгерістер және қоршаған ортаның әсері  жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  Топырақ, ауа, су – тіршілік  көзі екендігі белгілі.  Ендеше, тіршілікке әсер етуші биогенді элементтер жайындағы ғылыми-жобалы жұмыстарды өзекті зерттеулердің қатарына жатқызуға болады.Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып  тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығы да  тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент  – оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған  0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.

Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі  таралуы олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты. Суармалы жерлерден жылына 6 млн.т. тұздар шайылып, жер бетіне  таралып отырады. Бұл көрсеткіш жылдар  өткен сайын  12 млн.тоннаға дейін артатындығы жайлы ғылыми болжамдар бар.

Кремнийдің, алюминийдің табиғи қосылыстары  суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Тірі жүйелер  негізін, ағзаның 97,4%-ын  құрайтын элементтер – органогендер: көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). Оттек пен сутекті көміртектің органикалық  қосылыстарының тотығу және тотықсыздындыру қасиеттерін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт ферменттердің белсенді ортасын түзушілер. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі :

1.Макроэлементтер  (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және  хлор);  ағзадағы мөлшері 10% – дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт)  ағзадағы мөлшері 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер – сынап,  алтын, уран, торий, радий және  т.б. Олардың ағзадағы мөлшері  15% – дан төмен.

Әр  түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін  қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке  қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді : H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2.Қосымша  элементтер. Бұл элементтер жануар  мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық  маңызы осы уақытқа дейін толық  зерттелмеген.

3.Өте  аз элементтер. Адам және жануар  ағзаларынан табылған, мөлшері және  биологиялық маңызы белгісіз.

Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі  концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер  мүшелер мен ұлпаларда әркелкі  таралады. Микроэлементтердің көпшілігі  бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында  жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Ағзада  микроэлементтер байланысқан және бос ионды  түрінде де кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су-маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды. Ендеше су ресурстарының құрамын зерттеу, үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады.

Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық   белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал, фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері–600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% – ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді ал табиғатта  кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі белгілі. Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид  түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады.

Информация о работе Химиялық заттардың табиғи бірлестіктерге және адам организміне әсері