Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:38, лекция

Краткое описание

Аймақтық экономиканың негізгі және дәстүрлі әдістерінің бірі экономикалық географиядағы сияқты, қол жеткен деңгейдегі және экономикалық және әлеуметтік даму тенденцияларын талдау және нақты территорияның өндіргіш күштерін орналастыру.
Талдау жекелеген аймақтың өндіргіш – күштерін орналастыру және дамытудың аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін территориялық және геосаяси жағдайдан, ғылыми – техникалық, экономикалық, әлеуметтік, табиғи ресурстық бағалаудан тұрады.
Бағдарламалық – мақсатты болжауда талдаудың уақытша кезеңінде болжам жасалған өткен жылдарды, 3 – 5жыл ретроспективті кезеңді, сондай – ақ жасалған жылы экономиканың қызмет етуінің күтілген нәтижесін қамтиды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

aimaktk.doc

— 185.00 Кб (Скачать документ)

Халықаралық порттардың, аэропорттардың, автожолдар және теміржол көлігін соғу тұрасында көп әңгіме болып отыр. Сонымен қатар бүгінгі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды түбірім жаңарту, еркін кәсіпкерлік зоналарын дамыту керек.

Үшінші топ облыстары үшін қазіргі кезеңдегі негізгі мәселелер экономика салалардың бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оларды аумағында республиканың азық–түлік ресурстарын негізгі көлемі қалыптастыру, аграрлық реформаның жақсы жүргізу қажеттілігі   ауылдағы өндірістік қарым–қатынастарды реформалау, айылды жаңғырту мазмұнымен негізделеді. Облыстардың осы тобы  үшін алдыңғы  кезектілер санына өндірістік процесіне меншіктің әр түрлі реформаларын дамуымен байланысты жаңа техника мен технологияларды енгізу және пайдалану  бойынша проблемалары жатады. Ауыл шаруашылығы мамандануы аудандарында олардың ғылыми–техникалық потенциалын есепке ала отырып (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл) биотехнология және ген инженериясын дамыту қажет. Ресупбликаның тұрақты азық–түлік кешенінің қалыптастырылуы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайтадан өңдеу  бойынша, сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізаты мен азығын сақтау бойынша үлкен емес кәсіпорындардың  кең жүйесін ұйымдастырудағы қарастырады.

Төртінші топтың облыстарында экономиканы тұрақтандыру экологиялық күйзелістің жайылмауын болдырмау, мұнда тұратын тұрғындардың дәстүрлері мен тәжірибелерін, жергілікті ресурстардың пайдалануын есепке алып, халық шаруашылығы кешенін түбірімен жаңғырту, сонымен қатар тұрғындардың өмір сапасының жіне деңгейінің жоғары  стандарттарын қамтамасыз ету үшін материалдық негізді құру бойынша кейінге қалдырылмайтын іс–шараларды қабылдау қажеттілігін қарастырады.

 

  1. Аймақтық экономиканы басқару

 

Әлеуметтік–экономикалық дамудың ерекшеліктері, аймақтар экономикасының нарыққа енудегі өзіндік жолдары әрбір аймақтық жүйенің экономикалық  дамуындағы түбегейлі мемлекеттік және нарықтық реттеу әдістермен қамтамасыз өте алатын, аумақтық дамуды басөарудың сәйкес механизмін талап етеді.

 Алғашқы уақытта басқару  қызметтерін бөліп көрсету мәселесін  шешу қиын болатын, өйткені басқарудың  аумақтық органдардың бұл үшін нақты құқықтары және жергілікті дәрежеде қаржылық қамсыздандырулары болмады, сөйтіп аймақтың халық–шаруашылқ кешені негізінен орталықтан басқарылды.

Аймақтық ұдайы өндірісті басқарудың мемлекеттік  және аумақтық аспкетілерінің арасындағы қатынас елеулі дәрежеде мемлекеттің мемелекеттің экономикасының тұрақтылығымен анықталатының дүниежүзілік тәжірибе көрсетті: терең экономикалық күйзелі жағдайларында экономикалық қарым–қатынастарды реформалау басқарудың мемлекеттік тұтұалары күшейді, мемлекеттік құрылымдар аймақтың шаруашылықты басқарудағы негізі қызметтерді өз мойнына алады, әрі қарай экономиканың тұрақтылығын өсуіне қарай аймақтық ұдайы өндіріс процесі көп дәрежеде жергілікті органдармен басқарыла бастайды.

Аймақтың басқару қызметін бөлу негізгі тізбек деңгейінде өзін–өзі басқару, ресупблика экономикасын басқарудағы мемлекеттік реттеу нығайту және аймақ деңгейінде жалпы мемлекеттік мақсаттар мен мәселелерді есекере отырып жергілікті шаруашылық басқаруды өз бетінше жүргізу сияқты бірегей принциптерін келіп шығу қажет. Мұндай бастапқы алғышарттың бірінде экономикалық басқарудың республикалық органдарының негізгі қызметтері болып экономикалық–әлеуметтік дамудың басыдықтарын және маңызды стратегиялық бағыттарын анықтау, республика үшін едәуір глобалды  маңызды мәселелер бойынша ұлттық бағдарламаларды қаржыландыру, республиканың халықаралық және мемлекетаралық еңбек бөлінісіне тиімді қатысуын анықтау табылады.

 Аймаөтардың  экономикалық дамуы  оларды жасылынған таза табыс  есебінен жүргізілгендіктен, басқарудың республикалық органдары, депрессивті аймақтарды көтеру, тірек аймақтарда экономика салаларында жаңару процесін  ынталандыру, қорғаныс кешенінің конверсиясы, өзінің тарихи отанына оралып жатқан тұрғылықты ұлт өкілдерін жайғыстыру т.с.с. үшін аймақтық дамудың республикалық қорын қалыптастырып қайтадан, бөлістіруге міндетті. Осыған байланысты олар аймақтар арасында қаржылық ресурстарды қайтадан бөлістіруге, соның негізінде экономикалық өсімінің жаңа резервтерін алуға, жалпы республикалық мақсаттағы ресурстарды аймақтық органдармен пайдаланылуын бақылауға міндетті.

Ресупбликаның экономикасын тұрақтандыру және нарықтық қатынастарды қалыптастыру процесіне аймақтық ресурстарды тарту белгілі бір жалпы жайғдайларды құрғанда ға мүмкін, атап айтсақ:

– барлық аймақтық қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісіне тиімді ықпал ету билік және басқарудың жергілікті органдарына белгілі аймақта ағып және аяқталып отырған процестерді реттеу құқығын бекіту;

– аймақтық ресурстардың белгілі бір егесі болуы керек, ол олардың тиімді қолданылуына жауап бере еді;

– экономиканың барлық салаларындағы қызметті жақсартудың күшті стимулы ретінде аймақтың экономика салалары кешенінің тиімді қызмет етуінің деңгейінен жергілікті бюджеттедің тәуелділігін қамтамасыз ететін заңдылық кепілдемелер болуы мүмкін, өйткені бүл оның әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешуді амақтағы шаруашылық жүргізудің деңгейімен байланыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері