Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:38, лекция

Краткое описание

Аймақтық экономиканың негізгі және дәстүрлі әдістерінің бірі экономикалық географиядағы сияқты, қол жеткен деңгейдегі және экономикалық және әлеуметтік даму тенденцияларын талдау және нақты территорияның өндіргіш күштерін орналастыру.
Талдау жекелеген аймақтың өндіргіш – күштерін орналастыру және дамытудың аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін территориялық және геосаяси жағдайдан, ғылыми – техникалық, экономикалық, әлеуметтік, табиғи ресурстық бағалаудан тұрады.
Бағдарламалық – мақсатты болжауда талдаудың уақытша кезеңінде болжам жасалған өткен жылдарды, 3 – 5жыл ретроспективті кезеңді, сондай – ақ жасалған жылы экономиканың қызмет етуінің күтілген нәтижесін қамтиды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

aimaktk.doc

— 185.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен бірге аймақтағы экологиялық  жағдай, жұмыссыздық, экономикалық және әлеуметтік даму деңгейінең, реттелетін салықтың ставкасын аймақтық дифференциясы мүмкін. Мемлекеттік бюджеттің орталықтандырылған қорлар қаржыландырудың басқа көздерімен  шешу мүмкні емес мақсаттарға қол жеткізу (кенеттен болған жағдайлар салдары, дағдарысты әлеуметтік мәселелерді шешу) сондай ақ  мемлекеттік аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бөлінеді.

Әлеуметтік саясаттың аймақтық аспектісінің негізгі мақсаты аймақта өткір әлуметтік келіспеушіліктердің пайда болуын болдырмау, әлеуметтік қауіп жоғары аудандарда, оның күшңн жою (төмендету). Жоғары көңіл аударуды қажет ететін аудандарға жаңа шаруашылықты игеретңн табиғи жағдайы қатан, өнеркәсіптері ескі, құрылымдық жұмыссыздығы бар,  жалпы экономикалық депрессивті, тұрақты әлеуметтік дамуы үшін қаржылық-экономикалық базасы жеткіліксіз  аудандар жатады.

Сондай ақ халық тұратын аудардың әлеуметтік дамуына ерекше көңіл бөлу қарастырылуда. Аймақтық әлеуметтік бағдарламаны қаржыландырудың негізгі көзі республика бюджеті, аудан, облыс, жергілікті бюджеттер. Халықтың аз қамтылған топтарын қолдау мақсатында халықты қалыптасқан. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі қорлары бюджеттік және бюжеттен тыс субсидияларды ұсыну, бюджеттік салалардың жұмысшыларына жоғары жалақы деңгейін бекіту, жәрдемақы мен зейнетақы ақы бекіту және т.б.

Инвестициялық саясат облысында, мемлекеттік орталықтанған күрделі салымды қысқарту шартында акционерлік компаниялар қорларды, жеке және шетелдік инвестицияны тарту үшін жағдай жасауға негізгі ыңғайлар жасауы тиіс.

Маңызды халық шаруашылық міндеттердін шешуге және аймақтың шаруашылық кешенділігінің деңгейін арттыруға жағдай жасайтын, өндірістің территориылық құрылымын тиімді етуге мүмкіндік беретін жобаларды ынталандыру қажет.

Аймақтарда инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында объектілердің құрылысы үшін инвестициялық сыйақыны төлеу, асудағы кепілдік, құрылыс алаңдары үшін жер көмек беру, инвестициялауға жеңілдетумен ұсынуға, жағдай жасау, территориялар қызығушылық білдіретін объектілердің бұрын басталған құрылысын аяқтау үшін акционерлік қоғамдар, территориялық және өндіріс аралық консорсиумдар құруға, инвестициялауға жеңіл несие ұсынуға жағдай жасау қарастырылады.

Экономикалық дағдарыс шартында өндірісінің қарқынына ықпал ететін, сондай ақ құрылымдық қайта құруды жүзеге асыруға экономиканы ынталандыру жаңа  инвестицияны талап ететін әлсіз аудандар мен прогрессивті салаларға күрделі салымды қолдау үшін инвестициялық салықтық кешені пайдалану болып табылады.

Аймақ экономиканың құрылымдық қайта құрылуын ынталандыру мақсатында салықтық және амортизациялық жеңілдікке маңызды орын білдіреді.

Аймақтық аспектінің сыртқы экономикалық қызметі ынталандыру үшін анықтаушы мәні болады. Бұл сферада қазіргі уақытта жекелеген республика, облыстың үкіметі, сәйкес жергілікті әкімшіліктерге тауар экспортының квотасы бойынша ерекше құқықтар мен бірқатар жеңілдіктер ұсынады.Аз реттелген қызметтің нәтижесінде бюджеттің теңсіздігі  артады, сыртқы экономикалық жалпы қазақстандық реттеу күрделенеді. Сондықтан барлық аймақтар үшін бірдей  мүмкіндікті жасай отырып , сыртқы  нарықта аймақтың  қызметін қайта  қарау қажет. Ерекше жағдайлар еркін экономикалық зоналарға тарталуы қажет.

Аймақтық факторлардың ықпалының күшейетіндігін  ескере отырып сыртқы экономикалық  қызмет сферасында жекелеген аймақтардың  артықшылықтары мен жеңілдіктерін кей жағдайда ұсынудың бірынғай  ережесін бекітетін арнайы заңды және нормативті актілерді қазіргі күннен бастап қабылдау қажет. Бұл актілердің жобасын заңды органдар, сондай ақ орындаушы биліктің жергілікті органдары талқылауы  қажет. Сондай ақ  Қазақстанның аймақтарының экспортты мүмкіндіктерін дамытудың өзара байланысты бағдарламаларын жасауға, сыртқы экономикалық қызметті дамытудың жалпы ұлттық бағдарламамындағы олардың интеграциясына  маңызды мән берілуі тиіс.

Аймақтың әлеуметтік экономикалық ерекшеліктері экономикалық реформаларды жүзеге асырудың аймақтың дифференциалданған шараларын жасауды ғана талап етпейді, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі ресурстарды орталықтандыруға минималды талапты және олардың аймақ аралық қайта бөлінуін ескереді. Бұл ҚР әлеуметтік экономикалық және саяси жүйелерінің сенімділігі мен турақтылығының маңызды шарттарының бірі. Дағдарысты  және әлсіз игерілген аймақтарды мемлекеттік қолдау қажеттілігі сондай ақ аймақ аралық коммуникацияны қамтамасыз ету орталықтандырылған инвестицияның едәуір көлемін алдын ала анықтайды.  Барлық аймақтарда (экономикалық жағдайына тәулсіз) халықтың өмірінің  минималды деңгейіне қолдау көрсету, бюжеттік қорлардың аймақ аралық қайта бөлінуін жинақтауды және федералды слақтың жүйенің сәйкес қалып тасуын талап етеді.

Экономикалық дамыдың қазіргі кезеңінде аймақтағы нарықтың құрылымдар, көбнесе қалыптасқан және қызмет етеді. Оларға салық, банк, қойма және сауда өткізу, жұмысбастылық қызметі және басқалар жатады. Бірақ әлі олар нарықтың талапқа толық жауап бермейді, сондықтан қазіргі уақытта оларды әрі қарай жетілдіру міндеті тұр.

Экономикалық реформаны тереңдету шартында маңызды  мәселелер еңбек нарығын қалыптастыру  және жұмысбастылық үдерісін реттеу. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аймақтық саясат және аймақтық экономика

 

1  Мемлекеттің аймақтық  саясатының негізгі бағыттары

2  Аймақтық саясаттың  мазмұны мен мәні

 

1  Мемлекеттің аймақтық  саясатының негізгі бағыттары

 

Аймақтық саясат (АС) - мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Ол орталық және жергілікті билік органдарымен жүргізілген әр түрлі заңды, әкімшілік және экономикалық шаралар кешенінен қамтиды және олар өндіргіш күштерді орналастыр үдерісін реттеуге бағытталған.

Мемлекеттің АС – мемлекет пен аймақ, сондай-ақ аудандар арасындағы өзара қатынастармен байланысты, яғни аймақтық аспектідегі кеңістікте  елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуын басқару қызметінің сферасы. Аймақтық саясат элеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі және келесідей негізгі бағыттардан тұрады:

1. аймақтық дамудың қозғалыс  күшінің арақатынасың анықтау  және олардың өзара әрекетін  қамтамасыз ету (экономиканың мемлекеттік  және жеке секторлары, аймақтың  ішкі және сыртқы даму факторлары және қорлары);

2.  экономиканы басқарудың орталық  және аймақтық деңгейлерінің, дамуының  аймақтық және жалпы мемлекеттік  арақатынасы;

3.   қалған аудандардың экономикасын  көтеру және жаңа аудандар  мен ресурстарды игеру;

4. ұлттық экономикалық сұрақтар (көп ұлттық мемлекеттер шартында);

5. урбанизация мәселелері.

Аймақтық саясаттың бағыттарына демографиялық, аграрлық саясаттың аймақтық аспектілерін және мемлекеттік биліктің басқада шараларын жатқызуға болады.

Осы әрбір бағытқа және жүзеге асатын нақты шараларға мемлекеттің қатынасына, мемлекеттің аймақтық саясатының мазмұның құрайды.

Аймақтық саясат неғұрлым дамыған елдерде үлкен мәнге ие болады, бәрақ аз дамыған елдерде аймақтың мәселелері жиі өткір болады.Бұл аймақтық саясатты  жүргізу едәуір қорды қажет етентіндігімен байланысты.

Дамушы елдерде аймақтық саясаттың бағыты келесідей мәселелерді қамтиды:

1. елдің барлық аудандарының  бірынғай ұлттық нарықтағы  интеграциясы;

        2.   аймақтық  диспропорцияны  жұмсарту және  ерекше артта қалған аудандар  экономикасын көтеру;

3.   қалар мен ауылдар арасындағы  қарама-қайшылықты жұмсарту,  урбанизация  үдерісін реттеу;

4.  табиғи және адам ресурстарын  неғұрлым толық игеру;

    1. жаңа өнеркәсіптік жобаларды тиімді орналастыру.

2  Аймақтық саясаттың  мазмұны мен мәні

 

АС Қазақстан үшін саңызды мәнге ие. Қазіргі жағдайда, нарық қатынастарға өту жағдайында, аймақтық саясаттың рөлі артады. Бұл төмендегілерімен негізделеді:

1. экономикалық реформаны жүргізу  кезінде аймақтың спецификасын  есепке алу, реформаның бір қатар  бағыттарын аймақтық ауыстыру, аймақтың бастапқы  шарттарын жедел өзгерту, есепке алу қажеттілігі;

       2.   Қазақстанның  ұлттық мемлекеттік құрылымының  қайта  түзілуінің аяқталмауы  және қарама қайшылығы және  аймақтық басқару органдарының  комптенциясының шектеулілігі;

Урбанизация үдерісіне қатысты аймақтың саясаттың міндеті қалалық өмір сүру салтын кеңінен дамыту болуы шарт, гиперурбанизация дамыған елдер үшін , әлсіз урбанизация дамушы елдер үшін сипатты.

Аймақтық саясат міндеттері, ереже бойынша  ұлттық, ұзақмерзімді сипатта болады. Олардың көпшілігі бұрынғыдан өтіп келеді, бірақ жаңа шарттар бойынша өзгереді, мүдделерін өзгертеді, оларды шешуге жаңа ыңғайларды талап етеді.

Осылайша, аймақтық саясатта жаңа аудандарды игеруден тұрақтандыруға ауыстырылды.

Ерекше маңызды міндеттерге келесілер жатады:

- экологиялық жағдайды жақсарту;

- жағңа жұмыс орындарын жасау  және аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылымының  жедел дамуы;

- аймақтарда дағдарысты жағдайларды  жақсарту;

- ірі қаларда өндірістік объектілермен, халықпен, экологиялық жүктемемен мөлшерден тыс жүктелуін жою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық қауіпсіздіктің аймақтық аспектілері

 

1. Ұлттық қауіпсіздіктің аймақтық аспектісі

2. Аймақтық саясаттың  жүргізудің әдістері және аймақта  нарықтық құрылымның қалыптасуы.

 

 

1. Ұлттық қауіпсіздіктің аймақтық аспектісі

Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға жедел өту, аймақтардың нарықтық шарттарға бейімделуінің қабілеті ір түрлі болғандықтан, уақытша әлеуметтік – экономикалық дағдарысқа әкелді. Әсіресе келесідей аймақтың үш тобын атап өтуге болады:

- өз өніміне сұранысты жоғалтқан  немесе нарықтық бағада рентабельсіз  өндірістердің шоғырлануының жоғары  болуы;

- экономикалық орталықтан қашық, олардың жағдайы көліктік тарифтердің  өсуінен нашарланады;

- мемлекеттік бюджеттен қосымша  жәрдем алып жүрген аймақтар.

Алғашқы салынған күштің объективті айырмашылығы, биліктің әр түрлі аймақтарға қатынасының әр түрлі болуында және аймақтық билігінің саясатының әр түрлі болуында, бұл  реформаның біртексіз жүзеге асқандығын және олардың аймақтық әр түрлілігін анықтайды.

Жүргізілген аймақтық биліктің келесідей моделдерінің негізгі вариациялары анқталған:

- нарықтық қайта түзілулердің  қалыптасуы;

- сыртқы экономикалық қызмет  бойынша жеңілдіктерді және әлемдік, ішкі бағалардың айырмашылықтарын  пайдалана отырып, экспортты күшейту бағытталу;

- өз аймағы үшін үкіметтен  жеңілдіктерді жауап алу (салықтық  жеңілдік субсидиялар және т.б.);

- аймақтық деңгейде әкімшілік  жоспарлы экономиканың мәнді  элементтерін сақтау.

АС басты мақсаты – барлық қызығұшылық білдіретін аймақтар, кәсіпорындар, азаматтар үшін нарыққа кіру жағдай жасау.

Аймақтық саясат мақсаты үш топтан тұратын мақсаттар жүйесінен тұрады.

Әлеуметтік-аймақтық нарықтың дамуына, әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың құрылуына ықпал ететін жеке меншік  қабатын аймақта қалыптастыру; отандық және шетелдік инвесторлардың, жекешелендіруден түсетін қорлардың есебінен, мемлекеттік қорлар есебінен әлеуметтік инфрақұрылымын объектілерін ламыту және халықты әлеуметтік қорғау.

Экономикалық-қаржылық тұрақсыздық шартында, аймақтар, шаруашылық кешеннің тұрақты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында әрбір аймаққа тән, спецификалық ерекшелерді есекеретін, территориялық, бағытталған жекешелендіру; Қазақстанның барлық аймақтарда бәсекелестік нарықтың ортаны жасау; шаруашылықты монополиясыздандыруға қатысу; кіші және орта кәсіпорындар жүйесінің дамуы базасында табиғи ресурстардың пайдаланылу кешенділігін арттыру; экпортты потенциалды кеңейтуге қатынасу; шетелдік капиталды тарту.

Экологиялық – экологиялық таза технологияны тарату негізінде аймақтарда экологиялық-экономикалық тепе-теңдікті  қайта орнатуға қатысу; табиғатты қорға шараларын жүзеге асыруға жеке және шетелдік капиталды тарту.

АС стратегиялық міндеттері келесідей мәселелерді шешуден тәуелді болады:

- нарықтық экономика шартында тиімді механизмді жетілдіру бағыттары мен мемлекеттік қатынастардың жаңа экономикалық механизмдерінің қалыптасу қағидаларының тиімді үйлесуі;

- нарық шартында біртіндеп қайта  мамандануды жүргізу және қолайлы  салдарды максималды пайдалану  арқылы аймақты дамыту;

Информация о работе Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері