Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 13:38, лекция

Краткое описание

Аймақтық экономиканың негізгі және дәстүрлі әдістерінің бірі экономикалық географиядағы сияқты, қол жеткен деңгейдегі және экономикалық және әлеуметтік даму тенденцияларын талдау және нақты территорияның өндіргіш күштерін орналастыру.
Талдау жекелеген аймақтың өндіргіш – күштерін орналастыру және дамытудың аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін территориялық және геосаяси жағдайдан, ғылыми – техникалық, экономикалық, әлеуметтік, табиғи ресурстық бағалаудан тұрады.
Бағдарламалық – мақсатты болжауда талдаудың уақытша кезеңінде болжам жасалған өткен жылдарды, 3 – 5жыл ретроспективті кезеңді, сондай – ақ жасалған жылы экономиканың қызмет етуінің күтілген нәтижесін қамтиды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

aimaktk.doc

— 185.00 Кб (Скачать документ)

Лекция. Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері

 

  1. Аймақтың ресурстарын және табиғи, шаруашылық жағдайларын талдау

Аймақтық экономиканың негізгі және дәстүрлі әдістерінің бірі экономикалық географиядағы сияқты, қол жеткен деңгейдегі және экономикалық және әлеуметтік даму тенденцияларын талдау және нақты территорияның өндіргіш күштерін орналастыру.

Талдау жекелеген аймақтың өндіргіш – күштерін орналастыру және дамытудың аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін территориялық және геосаяси жағдайдан, ғылыми – техникалық, экономикалық, әлеуметтік, табиғи ресурстық бағалаудан тұрады.

Бағдарламалық – мақсатты болжауда талдаудың уақытша кезеңінде болжам жасалған өткен жылдарды, 3 – 5жыл ретроспективті кезеңді, сондай – ақ жасалған жылы экономиканың қызмет етуінің күтілген нәтижесін қамтиды.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың қазіргі деңгейін талдау негізінде территориялық еңбекті бөлуде аймақтың қатынасу, ерекшеліктері ашылады, дамудағы кемшіліктері мен диспропорциялары және олардың аймақтағы шаруашылық кешенді жетілдіруге ықпалы анықталады, қалыптасады көліктік – экономикалық байланыстар бағаланады. Талдау нәтижесінде мәселенің өзара байланысты жүйесі, әр аймақтың ерекше даму міндеттерінде қарастырылатын шешім бағытын қалыптасады.

Дамудың қазіргі деңгейін және өндіргіш күштердің орналасуын бағалау территориялық еңбекті болуде қалыптасқан ресурстарға және әлеуметтік, табиғи, экономикалық шарттарға, ғылыми – техникалық прогрес деңгейіне оның сәйкестілігін және табиғатты пайдалануды тиімді етудің, өндірістердің тиімділігін өсірудің, әлеуметтік және экономикалық дамуды жеделдетудің резервтерін ашуы тиіс.

Аймақтың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін және олардың орнын бағалауды Ресей экономикасында жиынтық қоғамдық өнімнің ұлттық өсу қарқыны және абсолютті мәні (материалды өндіріс салаларының жалпы немесе таза өнім соммасында), олардың жиынтық қоғамдық өнімдегі немесе ұлттық өнімдегі үлесі және халықтың жан басына шаққандағы есебінде (ҚР бойынша орташа деңгейімен салыстырғанда), негізгі қорлардың құны, күрделі салым көлемі және т.б. қолданылуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштер салалар бойынша да анықталады. Сонымен қатар өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және басқада салалардың қалыптасқан құрылымы зерттеледі (жалпы, тауарлы, таза өнім көрсеткіштері, жұмысбастылар саны, негізгі қорлардың құны қолданылады), оның даму деңгейіне ықпалы және өндірістің аймақтың тиімділігінің көрсеткіштері анықталады, олардың табиғи, еңбек, материалды ресурстарға, ғылыми – техникалық прогреске, территорияның әлеуметтік және экологиялық шарттарының талаптарын сәйкестігімен бағалануы беріледі.

  1. Аралас және паралельді өндірістің орналасуы және дамуының тиімділігін анықтау

 

Аймақтың кешенді дамуы мен мамандануының тиімділігі және деңгейі техника – экономикалық және баланстық есептеулерге негізделеді. Аралас өндірістің құрылуы мен дамуынан алынатын эффекткешенді бағыттағы жекелеген өндірістік обьектілердің тиімділігін есептеу әдісімен анықталады. Бірақ есептеудің негізгі қағидасы ерекшеленген салалық шешімдерде шығындармен аралас өндірістің барлық кешенінде шығындарды салыстыру болып табылады.

Ірі обьект базасында кәсіпорындардың топтың орналасу сұрақтарын шешу кезінде, барлық өндірістік циклда шығындар есептеледі, бұл кешенде негізгі обьект бойынша сондай – ақ неғұрлым аралас өндірістер бойынша.

Мысалы, металлургиялық зауыттың басқа өндірістермен орналасу тиімділігін анықтау кезінде негізгі кәсіпорынды рудамен, технологиялық жылумен, құрылыс базасының шығындарымен қамтамасыз етумен байланысты шығындар ғана емес, сонымен бірге энергетикалық базасының құрылысы мен эксплуатациясына жұмсалатын шығындар, коксты көмір өнімдерін қайта өңдеу бойынша химияның аралас кәсіпорындарының шығындары да кіреді; қара металлургия кәсіпорынның құрылысымен байланысты ауданда құру мақсатты болып табылатын жалпы қызмет көрсететін және қалалық шаруашылық шығындары кіреді.

Содан соң сол аймақтағы көрсетілген шығындардың айырмасы есептеледі және күрделі шығындардың өтелу мерзім анықталады. Бұл жұп бір кешенді есеп екі аймақтың сала аралық блок көрсеткіштерінің салыстыру формасында. Ол халық шаруашылығының территориялық модельдер бойынша негізгі есептеулерді толықтырып, анықтай алады, өйткені көрсеткіштердің аз генерализация ерекшеленеді және кейбір аймақтық факторларды (өндірісті, жер су бағалауды және т.б. кешенді ету) ескереді.

Мұндай есептеу, мысалы Курск магнитті аномалиясының темір рудаларын Батыс сібірге апарғанда және Батысқа дайын өнімді (металл, машина, химиялық материалдар) әкеткенде,онда металург - өнеркәсіп кешенінің орналасуын көрсетеді және құрылыстың қымбаттауына және жалақының артуына қарамастан, Чернозеп орталығында орналасуымен салыстырғанда, дайын металлопрокаттың әрбір миллион тоннасына 13трлн. сомға жуық мөлшерде келтірілген шығындардың үнемділігін береді. Бұл негізінен, Сібірде мұндай кешендерді жасау кезінде едәуір мөлшерде талап етілетін су, жер, жылудың  Чернозеп орталығына қарағанда арзандығымен түсіндіріледі.

Бірақ аралас өндіріс шығындарын есептегеннен кейін де шын мәнінде тиімді шешім алуға жүгінуге болмайды, онда жалпы аудандық ресурстарды пайдаланудың неғұрлым тиімді бағыттары жөніндегі сұрақ ашық қалады. Сондай есептеулерде өндірістер мен параллельді салалардың кешенді орналасуынан алынатын эффектіні (нәтижені) ескеру қажет.

 

 

 

 

Лекция 3. Аймақтағы салалардың орналасуы мен дамуының мүдделілігі

Бұл сұрақ аймақтық мамандануды негіздеу жолымен және шаруашылықтың дамуының кешенділігімен, аймақтағы өзара алмасатын өндірістерді тізбекті таңдаумен анықталады.

Осыған байланысты, әрбір аймақта бірінші кезекте неғұрлым үнемді мамандықтағы саланың дамуын қарастырады. Бұл жекелеген факторларға ғана емес, көптеген факторларға, сондай – ақ салалардың орналасуына қолайлы болады. Содан соң мүмкін маманданудың өндірісін орналастыру қажет (жекелеген оң факторлармен), әрі қарай басқа салалар орналастырылады.

Кезектілік жөніндегі сұрақ аймақ шаруашылығының пропорционалдық мәселесінің құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ бірінші ұғым (кезектілік) неғұрлым тар. Халық шаруашылығының пропорционалдығы өндіріс масштабының арақатынасынан тұрады. Кезектілік есептеулері салалар мен аймақтардың дамуының тек артықшылықтары мен тізбектілігін бекітеді, яғни шаруашылықтың территориялық пропорционалдығы белгіленетін баланстық есептеулермен өндіріс тиімділігін анықтау арасындағы байланыстыратын звено болып табылады.

Кәсіпорындар мен салалардың орналасу, аймақтардың шаруашылық құрылымын негіздеу, олардың мамандануы мен кешенділігінің сұрақтарындағы болжамды материалдарды дұрыс шешу үшін, аудандық – салалық қатарларда аймақта салалардың орналасуы мен дамуының кезектілігінің ерекше сызбалары алдын – ала жасалады. Аймақтық кешеннің тізбекті жақсаруының бұл тәсілі сол саланың техника – экономикалық көрсеткіштерін басқа аймақтардың ғана емес, зерттелетін аймақтағы басқа салалардың да көрсеткіштерімен салыстыруды қарастырады.

Неғұрлым кең тараған есептеу әдісі соммалы немесе толық шығындарды пайдалануға негізделген. Берілген және баламалы аймақта, бір жұмысшыға сәйкес келтірілген шығындардың айырмашылығы бойынша салаларды топтаудан тұрады. Есептеу әр түрлі салалардың көрсеткіштерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді (1сом өнім шығындарын салыстыру мен қол жеткізеді). Соммалы шығындар көрсеткіштерін пайдалануда шығындар нормативінің құрамдас базада оған негізгі өндірістік және көліктік шығындар сондай – ақ тұрғын үй құрылыс және көшудің қосымша шығындар енгізіледі.

Үлкен күнәрәтсіз кішігірім территориялық дифференциалдығы шығындардың маңызды элементтерін артта қалдыруға болады, мысалы жылу, энергия және т.б.шығындары. Аудандық – салалық қатарларды құрудағы, толық емес келтірілген шығындардың дәлділігі төмен көрсеткіштер, мысалы тек көліктік. Олар есептеулердің қарапайымдылығымен және жеткілікті сенімділігімен ерекшеленеді. Халықтың тығыздығы жоғары және шектелген минералды – шикізаттық ресурстары бар, көптеген маманданудың салалары әкелінген шикізатпен жылумен жұмыс істейтін және дайын өнімнің негізгі бөлігін сыртқа шығаратын аймақтарда, қатарларды құру шикізат, материал, жабық түрдегі жылуды әкелудің келтірілген шығындарының негізінде және бір жылдағы бір жұмысбастыға сәйкес дайын өнімді сыртқа шығару негізінде мүмкін.

Бұл жағдайға қарамастан, сұраққа әр түрлі ыңғайлар қандайда бір типтің жиынтық шығындары бойынша жасалған қатарлар есебінің нәтижелері болады. Бұл шығындарға жеке қатарлардың құрылуы (жылу – энергетикалық ресурстар, көліктік шығындар және т.б. бойынша) және шығындардың территориялық дифференциясын болдыратын факторлардың көп ықпал етуі байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция. Экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық бағдарламалары

 

Қазақстанда аймақтық дамудың мәселелерінің қиындай түсуі аймақтық әлеуметтік экономикалық жағдайының ақталмаған теңсіздігін жоюдың бірінші кезектегі қажеттілігімен, табиғи ресурстарды игеру қажеттілігімен, экологоиялық тепе – теңдікті ұстаумен, шаруашылықтың территориялық құрылымын және т.б.байланысты. Бұл жағдайларда экономикаға ықпал ететін жаңа, тиімді әдістерді пайдалану шындыққа ұласады. Мұндай әдістерге мемлекеттің бірыңғай аймақтық саясатымен байланыста, жекелеген аудандардың дамуының стратегиялық мәселесін қысқа уақыт ішінде, сенімді және квалификациялы шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалық – мақсатты болжау жатады.

Аймақтық бағдарламаны жасау – бұл әр түрлі таксономикалық деңгейлерде аймақтың барлық мүмкіндіктерін шоғырландырудың мақсатты үдерісі.

Аймақтық бағдарламалар мақсатты кешенді бағдарламалардың әр түрлілігін  көрсетеді және экономикалық, әлеуметтік және ғылыми – техникалық дамудың аймақтық стратегиясын басқару және реттеудің құралы, шаруашылық қызметтің формасы, бірінші кезектегі мәселелерді шешу үшін ресурстарды мүдделі шоғырландыру тәсілі болып табылады.

Аймақтық бағдарламалардың келесідей түрлері болады: мемлекет аралық, мемлекеттік (федералды) және биліктің территориялық органдармен қалыптасатын және жүзеге асатын, жеке аймақтық.

Аймақтық бағдарламалар өз құрамы бойынша тар мамандандырылған, салалық белгілер бойынша қалыптасатын және кешенді болады. Тар мамандандырылған бағдарламалар, ереже бойынша мақсатты мемлекеттік бағдарламалардың құрамында жасалады, мысалы «Қазақстандағы денсаулық сақтау». Оның құрамына, барлық аймақтар бойынша сәйкес бағдарламалар жасасады – «Аймақтағы денсаулық сақтау», мұнда кадрларды, материалдарды ресурстар және т.б. қаржылындару көздері бойынша қаржы ресурстарына қажеттілікті анықтайды. Қаржыландыру көздері және аймақтық бағдарламалардың басқа ресурстар бойынша қаржыландыру ресурстарының соммасы федералды мақсатты бағдарлама бойынша толығымен жалпы қажеттілікті құрайды. Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді бағдарламалары тар мамандандырылған бағдарламаларға кіреді, олардың ішіндегі едәуір меншікті үлесті әлеуметтік бағыттағы бағдарламалар алады (денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, коммуналды шаруашылық, туризм, демалыс және т.б.) сәйкес аймақ бойынша кешенді бағдарламалар барлық түрдегі ресурстардың қажеттілігі бойынша тар мамандандырылған бағдарламаларды үйлестіруге мүмкіндік береді және мерзімдер бойынша олардың шешімінің мүдделілігін анықтайды.

Аймақтық бағдарламалар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі (территориялық орны, функционалды бағыты, шешілетін мәселенің мазмұны, бағдарламалы міндеттердің масштабтығы, салалық локализация, мәселенің пайда болу сипаты және т.б.). белгілердің және оған сәйкес бағдарлама кластарының бөлінуі олардың қалыптасуы мен жүзеге асу үдерісінде жалпы заңдылықтарын іздестіру шарты болып табылады. Жіктемелік белгілер мәселенің мазмұнын көрсетеді және бағдарлама обьектілерін, оларды басқару ерекшеліктерін көрсетеді.

Әрбір аймақтық бағдарлама біруақытта бірнеше жіктемелік белгілермен сипатталады. Мысалы, нақты аймақтық (жергілікті) бағдарлама территориялық орны бойынша – облыстық; функционалды бағыты бойынша – экологиялық; мәселенің масштабы бойынша тар мамандандырылған; ұзақтығы бойынша – орта мерзімді және т.б.болуы мүмкін.

Сонымен қатар бағдарламалау тәжірибесін ОҚУ (зерттеу) осы шаруашылық формасын пайдаланудағы кемшіліктерді мәлімдейді. Жалпы мемлекеттік бағдарламалау тәсілдерінің аймақтық деңгейге, жасаудағы жүйесіздікке, территориялық бағдарламаларды пайдалануға ауысуы байқалады. Бір уақытта жүзеге асатын өзара үйлесіміз майда және жеке бағдарламалардың үлкен санын жүзеге асыру әрекеттері жойылмаған. Бағдарлама объективті экспертизадан өтпейді, қаржы және материалды – техникалық ресурстарға жоғары қажеттіліктен тұрады. Қамтамасыз ететін қорлардың барлық түрлерінде қажеттілікті және оның пайдалану тиімділігіне есептеулер жүргізілмейді. Жобалар көбнесе аймақтың ресурстық әлеуетін және мемлекеттік қолдаудың нақты мүмкіндіктерін ескерусіз қалыптасады. Жекелеген шаралар мен бағдарламаларды аяқтау мерзімдері дұрыс бекітілмейді. Аймақтық бағдарламалаудың нормативті – заңды және ұйымдастырушылық басқарушылық негіздері құрылмаған. Аймақтық бағдарламалар ақпараттың өткір тапшылығында және жобалау кезеңінде барлық объективті факторларды ескеру мүмкін болмаған жағдайда жасалады. Бағдарламаны орындау бойынша статистика ұйымдастырылмаған.

Бағдарламалауды жетілдіру басқару әдістемесі мен технологиясының өзгерісімен ұйымдастырушылық құрылымының қайта қалыптасуымен, нарық талабын ескере отырып, экономикалық нормативтермен ынталандырудың белгілі – бір жүйесін жасаумен байланысты сұрақтардың толық кешенін шешуді ұсынады. Аймақтық (республикалық, аудандық, облыстық, қалалық және т.б.) бағдарламаларды жасау және жүзеге асырудың жалпы реті мен ережесі бекітіледі.

Аймақтық бағдарламалардың спецификасы олар республика, аудан, облыс, қала деңгейінде қалыптасып, жүзеге асады және жалпы мемлекеттік территориялық мүдделерден шығады. Бағдарламалау үшін аймақтық мәселелерді таңдау. Ереже бойынша билік және басқарудың территориялық органдарымен жүргізіледі. Бағдарламалық шаралар географиялық шектелген аймақ шекараларында, әкімшілік – территориялық бөлу бірлігінде (республика, облыс,қала) жүзеге асады. Жобалауды басқару және бағдарламаны жүзеге асыру орындаушы аймақтық биліктің құрылымымен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаны қаржыландыру көбнесе мемлекеттің субсидияларының есебінен жүзеге асады – бұл қандайда бір мәселе мемлекеттік мәнге ие болғанда және аймақтық қоры есебінен шешу мүмкін болмаған жағдайда.

Информация о работе Халық шаруашылығын теориялық ұйымдастыруды экономикалық негіздеудің әдістері