Әкімшілік -құқықтық режимдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 13:43, реферат

Краткое описание

Құқықтық реттеу ондағы жеке, топтық, мемлекет және қоғам мүдделерінің тұрақты теңдігін қамтамасыз ететін (міндетті нормативті және әкімшілік ұйғарымдар, құқықтық реттеу типтері), сондай-ақ жеке адамның мүдделерінің өзіндік ерекшеліктерін, сақтау және есепке алынуын және жеке мен жалпылық көлемдерін қамтамасыз ету құралдарының болуын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

rezhimder.docx

— 19.31 Кб (Скачать документ)

Әкімшілік -құқықтық режимдер

Құқықтық реттеу ондағы жеке, топтық, мемлекет және қоғам мүдделерінің тұрақты теңдігін қамтамасыз ететін (міндетті нормативті және әкімшілік ұйғарымдар, құқықтық реттеу типтері), сондай-ақ жеке адамның  мүдделерінің  өзіндік  ерекшеліктерін, сақтау және есепке алынуын және жеке мен  жалпылық көлемдерін қамтамасыз ету құралдарының болуын қамтамасыз етеді. Белгілі бір объектке, қызметтің белгілі бір бөлігіне қатысты жеке адамның, мемлекеттің, қоғамның мүдделерін қамтамасыз ететін, осы қызмет бөлігіндегі заңды реттеу ерекшелігін айқындауға көмектесетін құралдардың бірі құқықтық режим.  «Құқықтық  режим»  құқықтық реттеудің қатаңдығы деңгейін, белгілі бір шектеулер мен жеңілдіктердің болуын, субъектілердің белсенділігіннің рұқсат етілген деңгейінің олардың құқықтық дербестігінің  шектерін  білдіреді [С.С.Алексеев. Общие дозволения и общие запреты в Советском праве. -М.: юридическая литература, 1989. - с. 186]. Әрбір құқықтық режим  шегінде  әрқашанда барлық құқықтық  реттеу тәсілдері (позитивті міндеттеу, рұқсат берушіліктер, тиым салушылықтар)   қатысады, бірақ әрбір режимде  осы тәсілдердің  біреуі жетекші болып қатысуы, соның ерекшелігін айқындайды, оның «түр-келбетін» анықтайды.

Әкімшілік — құқықтық режим —  бұл реттеудің әкімшілік —  құқықтық құралдарын нақтылы үйлесуі, орталықтандыру тәртібінде, құқықтық қатынас субъектілері өзінің мәртебесі бойынша заңды тұрғыдағы позицияда болатындығы көрінетін құқықтық ықпал етудің императивті тәсілі [Бахрах Д.И. Административное право. -М.: БЕК, 1993- 280с.]. Тараптардың теңсіздігінің мәні — мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі ерекшелік: қолданыстағы құқықтық ұғарымдарына сәйкес азаматтар  өкілетті басқару органдарына келуі тиіс, не болмаса олардың субъективті құқықтарын жүзеге асырудың басқа жолы жоқ.

Құқықтық режимдерді 2 топқа бөлуге болады: жалпы және туынды.

Жалпы режимдерге құқық салаларының  құқықтық режимдері жатады. Құқық салаларының құқықтық режимі — бұл зерттеудің заңды құралдарының жиынтығы — салалық құқықтық ықпал ету әдістерімекн туындаған және нақты құқық саласының өзіне тән қағидаларына негізделген салалық заңды құрал. Жалпы алғанда, салалық режимдердің ерекше реттеушілік бағыттарындағы нақты бір құқық салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардағы қосалқы режимдерді құру негізі болып табылады.

Қосалқы режимдер — бұл жалпыға қарағанда азаматтар мен ұйымдардың конституциялық мәртебесін, рұқсат берушіліктердің не болмаса қосымша тиым салушылықтар немесе  позитивті міндеттеулерден тұратын ереше шектеулердің мөлшерін, мемлекеттік органдардарда функционалды  міндеттеулердің  мөлшерінің өзгеру деңгейімен ерекшелінетін жалпыны модификациялаудан тұратын режим.        

Қосалқы әкімшілік — құқықтық режимдер екі топқа бөлінеді:

1) әдеттегі;

2) төтенше;

Әдеттегі режимдер — тұрақтылық, мемлекеттік басқару органдарында қандайда болсын төтенше  құзырлықтың боллмайтындығыфмен, азаматтар мен ұйымдардың өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру бойынша дербестігімен сипатталады. Әдеттегі әкімшілік — құқықтық режимдер әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі:

а) территоиялар бойынша (қорықтар және т.б.);

б) жекеле

байланысты (қару-жарақ, есірткі және т.б.);

г) қызмет түріне байланысты (азаматтың қорғаныстың республикалық жүйесінің жұмыс істеуі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою).

Төтенше  әкімшілік — құқықтық режим азаматтардың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың шаруашылық  қызметін шектеумен, төтенше құзырлықтағы мемлекеттік органдарды құрумен, жұмыс істеп жатқан мемлекеттік  органдарға ттенше өкілеттіліктер берумен, азаматтар мен ұйымдарға қосымша міндеттер жүктеумен сипатталады. Заңнамада төтенше жағдайлардың  3 түрі белгіленген: шұғыл, әскери және ерекше.

Әкімшілік — құқықтық режимдердің құқықтық негізін  ҚР Конституциясы және әдеттегі, сондай-ақ төтенше  режимдерді белгілейтін жалпы ережелерден тұратын заңдар құрайды.

Төтенше жағдайлардың құқықтық режимі  ҚР Конституциясы мен 1993 жылғы 15 қазандағы «Төтенше жағдайлардың  құқықтық режимі туралы» ҚР заңымен, сонымен қатар негізінен төтенше жағдайлар кезіндегі  жекелеген басқару  органдарының мәртебесі мен қызметін реттейтін ҚР Президентінің жарлықтарында бекітілген. Төтенше жағдайлар қоғамға әлеуметтік  міндеттерді шешуді ауырлатады, сондықтан мемлекетті  қоғамдық қатынастарға қатаң  заңды-ұйымдық ықпал ету  шараларын белгілеуге, осындай  жағдайларды жою үшін және қоғамды қалыпты өмір сүру жағдайларына қайтару үшін құқықтық құралдарды өзгертуге міндеттейді. Төтенше жағдайларды жариялау үшін мына жағдайлар  негіз болады («Төтенше жағдайлардың  құқықтық режимі туралы» ҚР заңында белгіленген):

1) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың  қалыпты қызметі үшін қауіп төндіретін табиғи апаттардың, техногендік катастрофалардың немесе олардың  пайда болу қауіпі болғанда;   сонымен қатар халықтың игілігіне келтіретін зиянды төмендету мақсатында жедел құтқарушылық және авариялық — қалпына келтіруші жұмыстардың, эпидемиялардың, ірі авариялардың болуы;

2) күштеумен ұштаса жүретін, конституциялық құрылысты өзгерту қадамдары, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қадамдар; жаппай бассыздықтар; әлеуметтік немесе ұлтаралыққ жанжалдар; жекелеген жергілікті жерлерді қоршап алу; мемлекеттік шекарадан көршілес мемлекеттердің территорияларына жалпылай өту.

 


Информация о работе Әкімшілік -құқықтық режимдер