Адам жане онын кукуктары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:49, курсовая работа

Краткое описание

Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі
қағидалары...............................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2.1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері.........................................................................................................................21
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36
3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары......................................................................................................................48
Қорытынды.................................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукык курс.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

Қолданылып жүрген Қазақстан  Республикасының Конституциясы  құқықтық кепілдіктерді өзінің «Адам және Азамат» деп аталатын ІІ бөлімінде нақтылай түскен.

Жалпы, кепілдік дегеніміз  қамтамасыз ету деген мағынаны білдіреді. Ал заң кепілдігі дегеніміз қолданылып жүрген заңдар арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру құралдыра мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу құқықтары т.б. осы құқықтарға кінәсіздік презумпциясын қосу керек: заңсыө тәсілмен алынған айғақтардың заңды күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейтіндігі, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық мәселе әкімшілік жазаға тартуға тыйым салу, т.б. Өкінішке орай, кезінде қолында билігі бар құрылымдар мен лауазымды адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді теріс орындауының кесірінен жазасын өтеп қайтқан ешбір кінәсіз адамдарды қылмыскер деп танудың куәгері біздің тарихымыз. Ұзақ уақыт бойы заңгерлер мен ғалымдар кінәсіздік презумпциясының өзіне күдік түғызады. Ал белгілі бір кезеңдерде ол өзінің мәнін мүлдем жойды. Тіпті заңда тікелей кінәсіздік презумпциясы жөнінде түсінік жоқ. Осыған қарамастан қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясында аталған терминнің мағынасы «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - деп көрсетілген (77-бап, 3-тармақ). Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім де өзінің жеке мойындау негізінде ғана сотталуға тиіс емес. Осыған байланысты айтатын бір жайт – қазір ешкім өзіне өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Сөйтіп, бұрын қолданылып келген қалай болса да айыпталушының кінәсіз дәлелдейтін деректерді табу айласының түп тамырына балта шабылды. Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 3)-тармақшасы сот әділдігін жүзеге асырудың конституциялық принципінің бірін сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиіс: «Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгеруіне болмайды». Іс жүргізу заңмен әр түрлі санаттарға істердің соттылығын анықтағанда өзіндік ерекшелігі, күрделілігі, істің қоғамдық мәне, оны тез және тиімді шешудің қажеттілігі ескеріледі. Қылмыстық іс жүргізу немесе Азаматтық іс жүргізу нормаларында көрсетілгендей, Конституцияның 77-бабының 3-тармағы, 3)-тармақшасының негізінде іс бойынша жақтардың келісімінсіз істің соттылығын өзгертуге болмайды[25,9б].

Бұл Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатын конституциялық нормалар мен заңдардың  және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалардан үстемдігін белгілейтін 4-баптың 2-тармағының конституциялық нормаларынан туындайды. Адамға және оның ісіне заңда көрсетілгенге сәйкес келмейтін, лның бұған келісім жоқ кезде сотты болушылығын анықтауды Негізгі Заңның 77-бабы 3-тармағының 3) –тармақшасының конституциялық нормасын бұзу ретінде қарау керек деп тұжырымдайды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесң 1997 жылғы 6 наурызындағы №3 қаулысында.

Осындай тұжырымдамалардың  мазмұны Конституцияның басқа да баптарынан айқындала түседі. Оның 13-бабында: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар»,- делінген. Демек, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін құық бұзушылықтан тек қана сот қорғай алады деген сөз. Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілмеген залалдың толық өтелуін талап ете алады. Мемлекеттік өкімет билігі органдарының, өзге де мемлекеттік органдарынаң заңдарға сай келмейтін құжат шығаруынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдардың әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтуге тиіс.

Осыған байланысты тағы да айта кететін жайт – бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігіне немесе басқару органдарына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасалмайды. Ол үшін әрбір адам тұжырымдарын біліп қана қоймай, оны қолдана алатын болу қажет. Өкінішке қарай әзірше адамның құқық сауаттылығы жоққа тән. Сондықтан адвокаттардың (қорғаушылардың) көмегіне жүгінуге әкеп соқтырады. Конституцияның 13-бабында: «Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі»,- деп жазылуы кепілдіктің тағы да бір көрінісі.

Көмектің түрі әр түрлі. Ол – конституция нормаларын (заңдарды түсіндіру ретінде, не адвокаттардың қылмыстық, азаматтық, шаруашылық істерге байланысты сот істеріне қатысын, заң көмегін беруі ретінде болуы мүмкін. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттық (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Осыдан залалдың өтелуін  талап ету құқығы туындайды. Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес, құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады. Құқығыбұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстарды (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі (4-тармақ). Ал моральдық нұқсан азаматтық кодексте көзделген залалдардан тыс өтіледі.

 

 

2 Жеке тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарының  конституциялық негіздері

2.1 Адамның  жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің  түсінігі мен түрлері

 

Жеке адамның қоғамдағы  жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол  сұғуға ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айырықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір-қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс істейді. Адамның өзінің құқы мен бостандығының бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бір де бір мемлекеттік орган, бір де бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс. Адам мен адамзаттың құқықтық жағдайы (құқықтық мәртебесі) дегеніміз, әдеттегінше оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Шын мәнінде, бұл адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты мазмұны болып табылады. Бірақ та оған өзге де құқықтық факторлар әсер ететінін әрдайым естен шығармауымыз керек. Олар – азаматтық қағидалар, құқық пен бостандық кепілдіктері. Адамның құқықтары мен міндеттері көптеген құқық салаларында тұжырымдалған. Солардың ішінде адамның қоғамдық жағдайын дәріптеуде мемлекеттік құқық саласының атқаратын рөлі ерекше. Әсіресе, адамның, азаматтың құқықтық мәртебесінің негізгі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Оған мыналар кіреді: азаматтылық, адам мен азаматтың құқықтық жағдайының конституциялық принциптері, олардың негізгі құқықтары мен бостандақтары (азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени), конституциялық міндеттер. Бұл адамның құқықтық жағдайының басты элементі, ядросы. Құқықтық мәртебесінің негіздері адамның қоғамдағы жағдайын анықтауда басты шешуші рөл атқарады, өмірлік маңызы бар, мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-тарауында берілген.Адамның құқықтық жағдайы мұнымен шектелінбейді. Азаматтардың өзге құқықтары мен міндеттері көптеген әр түрлі құқық салаларында тұжырымдалады, бірақта бұлар негізгі құқықтарға бостандықтар мен міндеттерге бағынышты, оларды одан әрі дамытуға және нақтылана түсуіне бағытталған. Адам мен азаматтық құқықтық жағдайына мінездеме беру үшін, алдымен, адам, тұлға, азамат ұғымдарының арақатынасын ажыратуымыз, олардың конституциядағы құқықтық мәртебесінің принциптерін және негізгі белгілерін анықтауымыз қажет. Осы сұраққа жауап берместен бұрын «адам», «тұлға» және «азамат» ұғымдарын айқындап алу керек. Әдеби шығармаларда, ауызекі әңгімелерде адам, тұлға, азамат ұғымдары олардың арасында белгілі бір айырмашылық бар болса да, бірқатар жағдайда бір мәндес сөздер ретінде қолданылады.Кез келген нақтылы адам тұлға болып саналады, және ол табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерге ие бола алады. Нақтылы қоғамдық-экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді. Тұлғаның қайталанбас даралығы адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының өкілі ретінде адамға тән кейбір ортақ белгілерді де қамтиды: оларға ұлты, кәсібі, әлеуметтік жағдайы және оның қоғамда алатын орны, жауаптылығы тағысын тағы жатады. Тұлғаның осындай жалпы сипаттарының жиынтығы оның әлеуметтік бейнесін айқындайды[11,23б].

Қазақстан Республикасында  тұлға нарықтық қатынастарға өту  жағдайында материалдық игіліктер  өндірісі саласында, оны бөлу мен  айырбастау жоғары деңгейдегі еркіндікті иеленеді. Қазіргі уақытта әрбір  азамат өнеркәсіп кәсіпорнының, сауда мен өзге қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындардың жеке немесе ұжымдық меншік иесі яки орташа немесе ірі бизнесмен бола алады. Бірақ өмірде кездесетін белгілі бір объективтік, не субъективтік жағдайларға байланысты адам өзін тұлға ретінде сезінбеуі де мүмкін. Оған мысал ретінде адамның жүйке жүйесінің ауруына байланысты оны сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануын алсақ та жеткілікті.Азамат ұғымы публистикалық мағынасында жиі қолданылады, ол адам - өз Отанының ұлы немесе қызы деген ұғымды білдіреді. Басқаша мағынасында бұл ұғымы адамның кез-келген мемелекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екендігін аңғартады. Оның тығыз байланыстылығын мынадан көруге болады: мемлекет азаматтарға толық құқықтар мен бостандықтарын белгілеп берсе, ал азаматтар заңды түрде белгіленген сыйлықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу, т.с.с. жүзеге асырады.

Ең маңыздысы, адамның  табиғи құқығы - өмір сүру құқығы.

«1. Әркімнің өмір сүру құқы бар.»

2. Ешкімнің өз бетінше  адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі» (Конституцияның 15-бабы). Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда қолданылады.Өлім жазасын қолдану туралы үкім шығармас бұрын сот мұндай ең ауыр жазаны қолданудың мән-жайын жан-жақты дәлелдеп, өлім жазасына кесілген адамды мейлінше толық сипаттап көрсетуга тиіс. Сонымен бірге сот сотталушының психикалық дертке ұшырамағанын да анықталуы керек. Мұндай дертке ұшырағандарға жаза мүлдем қолданылмайды.

Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен  Қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуіне құқылы. Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған ба, бұрын оған кешірім жасалған ба, жасы, отбасылық жағдайы және басқа мән-жайлары ескеріледі.

Жеке адамның өміріне  қол сұқпаушылық Конституция  арқылы қорғалады.

«Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (17-бап).

Конституцияның осы  қағидасы, негізінен, лауазымды адамдарға  қатысты. Қазақстан Республикасының  заңдары денеге жарақат түсіретін, адамның қадір-қасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді- кесілді тыйым салады. Азаптау ұрып-соғу, төбелесу, дене жарақатын салу түрінде көрінуі мүмкін.

Қорлау – жеке басын, ұлттық қадір қасиетін қорлау және басқа әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін. Айыпталушыға, күдік келтірілушіге, куәгерге, сарапшыға қатысты мұндай әдістерді қолданған милиция, прокуратура қызметкерлеріне қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Заң адамнның бостандығын  басқа жеке адамдардың да зорлық-зомбылығынан қорғайды. Егер кім де кім адамды өз бетімен бостандығынан айыруға әрекет етсе ол адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Мұндай іс-әрекет күш қолдану (жеке бөлмеге қамау, психикалық ауруханаға жатқызу және басқалары) не күш қолданамын деп қорқыту жолымен жүргізілуі мүмкін. Егер адам қылмыскерді ұстау және оны құқық қорғау органдарына тапсыру мақсатында күш қолданса, әрине, ол жауаптылыққа тартылмайды. Өйткені ол өзінің азаматтық міндетін орындайды. Егерде лауазымды адам (милиционер, тергеуші) өзінің қызмет бабын пайдаланып, адамды бостандығынан заңсыз айырса, онда ол билігін теріс және асыра пайдаланғаны үшін жауаптылыққа тартылады. Оның үстіне айыпталушыдан, куәгерден күштеу жолымен алыңған жауаптың күші болмайды.

Куәгер – тергеушілік  және сотісі жүргізілуінде маңызды тұлға. Заң боынша ол тергеу (алдын ала анықтама алу), сотпроцесінде куәлік беруден бас тарта алады. Ол кім кімге де түсінікті болуы тиіс. Егер адам жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесіне нұқсан келтірілген мән-жайға куәгерлік күйде болса, онда шындықты ашу үшін тергеу және сот органдарына көмектесу оның адами және азаматтық міндетті. Қылмыстылықтың өрісі кең жағдайында ақиқат жауап бергені үшін қылмыскерлер тарапынан болуы мүмкін кек алу әрекетінен сақтануды сот және тергеу органдары естерінен шығармауы тиіс.Куәгердің өзінің азаматтық міндетін орындауы үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Сондай-ақ ар-намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі болып  табылады. Әр адам өз еркі бойынша, өзінің дінге қатысын өзі белгілеуге құқылы. Егер адам қайсібір дінге сенетін болса, оның діни рәсімдерді, әдет-ғұрыптарды орындауына ешкімнің кедергі келтіруге құқы жоқ. Әрине, діни рәсімдерді,әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді орындау басқа адамның, қоғамның заңды мүдделеріне кесел келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің құқы мен бостандығын тікелей және жанамалап шектеуге немесе оларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге тыйым салады. Конституция бір де бір діннің артықшылығын көздемейді. Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру адам құқын бұзу болып есептеледі. Дінге сенетіндер қасиетті деп есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау мен арамдау құқық бұзушылық болып табылады.

Заң ар-намыс бостандығын  жариялай отырып, адам оның азаматтық  міндетін орындауынан босатпайды. Өзінің діни көзқарастарын бетке ұстап азаматтың заңды, атап айтқанда әскери міндетін өтеуден бас тартуына құқы жоқ[8].

Информация о работе Адам жане онын кукуктары