Алты адам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 14:37, реферат

Краткое описание

Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты - алтынды "аң тәсілді" өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі - әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" кейпі. Оны алғаш ашып, әлемге танытқан ғалым-археолог Кемел Ақышев.

Прикрепленные файлы: 1 файл

алтын адам.docx

— 36.43 Кб (Скачать документ)

Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты - алтынды "аң тәсілді" өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі - әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" кейпі. Оны алғаш ашып, әлемге танытқан ғалым-археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д. YIY ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы Сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттармен қоса жерленген. 
Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның "Алтын адам" аталуы да сондықтан. 
Сонымен қатар, ағаш ыдыс-аяқтар т.б. заттар қойылған. Соның бірі - 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғылымда "Есік жазуы" деп атайды.  "Алтын адам"  киімі - сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы. 
 Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры. 
 Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.

Алтын Адам реконструкциясы туралы қазақша реферат

«Алтын адам» Қазақстан аумағына жататын Есік қорғанынан табылған, біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғғ. өмір сүрген көшпенділердің тарихынан, өркениеті мен мәдениетінен хабар беретін, бүгін де әлемдік мәдени құндылықтардың қатарына енген бірегей туынды.  «Алтын адам» бас киімінің ұшар басындағы арқарды (тоқты) ғалымдар Тоқты дәуірімен байланыстырады. Тоқты белгісі Марс басқаратын От стихиясымен байланысты.Негізінде От стихиясын тығыз материяда жүзеге асыруға тырысқан шығармашылық бастау, ынта, ерік-жігер деп талдауға болады. Бұл белгі бастапқы идеяны, өзінің жеке қасиеттерінің бәрін жете, сезіне, түйсіне білетін, тың идеялар тудыруға, қалыптастыруға, өзін-өзі көрсетуге және экспансияға тырысқан тұлғаның идеясын толық мағынасында түсінуді білдіреді. Басқарушы Марс Тоқтының іс-әрекеттеріне, мінезіне пәрменді күш, мықтылық береді. Мінездері бойынша олар бірбеткей, пысық  Тоқты дәуірі Христостың туғанына дейін, одан екі мың жыл бұрын басталған-тын. Жобамен осы кезеңде Ежелгі Шығыс елдерінде, Мысыр мен Месопотомияда, сондай-ақ Индияда кеннен темірді айырып алу тәсілін ашады. Бұл қола дәуірінің соңы мен темір дәуірінің басына келеді. Темірдің қолданылуы адамзатқа үздіксіз соғыс әкелген Тоқты дәуірінің күшіне енген кезін нақты сипаттайды. Бұл — Марстың басқаруымен, Тоқты белгісіне тән алға ұмтылушылықпен және экспансиямен түсіндіріледі. Тоқты дәуірінің басталуымен алғашқы еуропалық өркениет – Крит аралындағы миной мәдениеті бастау алады. Христостың туғанына дейін, шамамен екі мың жыл бұрын, орта миной кезеңінде урбанизация үдерісі жүріп, қалалар, Кност, Мелия, Фест секілді алғашқы сарайлар салынады. Ғалымдар қоғамның бір типіне жатқызатын Грек және Рим өркениетінің барлық бастамаларын Тоқты дәуірінің идеясына сәйкестендіреді (осыған байланысты айта кететін бір жайт, Ежелгі грек аңызында Критте аты аңызға айналған Афин мен батыр Тезей «Жұлдызды бұқаны» өлтіреді – Минотавра). Десек те, адамдар Тоқты дәуірінен де кейін соғысты, әсіресе ХХ ғасырдағы болған соғыс көне дәуірде болған соғыстан асып түсті, алайда бұл соғыстың ХХ ғасырдағы соғыстан айырмашылығы, ежелгі дәуірде күнделікті маңызға айналған, батырдың жеке басының көзсіз ерлігін асқақтататын, ержүректілігін көрсететін құрметті соғыс болды. Батырлардың болуы Тоқты дәуіріндегі маңызды оқиға, себебі батыр дегенің бәрінен бұрын жеке, биік тұратын, толық қалыптасқан Тұлға, Тұлғаның алға ұмтылушылығы мен қалыптасуын көрсететін, Тоқты белгісінің алғашқы сипаттарының бірі ретінде көрініс беретін құбылыс. Тоқты дәуірінің кезеңі сол замандағы дін – зороастризммен тығыз байланысты. Зороастризм ақсүйек (арий) тайпаларының арасында, олар Иранның белгілі бір аумағын жаулап алған кезде, пайда болды. Зороастризмнің нақты пайда болған жері солтүстік-шығыс Иран мен Ауғанстанның, Арменияның бөлігі және Орта Азия. Солтүстік ақсүйектер (арийлер) қазіргі Ресей мен Қазақстан аумағында да пайда болды деген дерек те бар. Зороастризм адамзат тарихындағы алғашқы пайғамбарлық және монотеистік дін болып саналады. Ашо Заратуштраның туған жері мен уақыты нақты анықталмаған. Ғалымдар Заратуштра біздің дәуірімізге дейін, екі мың жыл бұрынғы кезеңде, б.д.д. VI ғасырда өмір сүрген дейді. Дәл осы кезеңде дәуірдің барлық болмысын, ой-толғамын көрсететін «хайуанаттар стилі» бірге пайда болады. «Алтын адам» салтанатты киімінде ежелгі шебер жаһанның мифологиялық көрінісін, жақсылық пен жамандықтың бітіспес айқасын, жарық пен қараңғылықты ғажап айшықтай білген. Индо-иран халқының, сонымен қатар сақ тайпаларының санасында әлемдік болмыс үш бөліктен тұрған: жоғары — аспан әлемін, орта – жер әлемін, төменгі – жер асты әлемін білдірген. Скиф өнерінде хайуандардың бейнесі (бұғы, тауешкі, антилопа т.б.) жер әлемінің символы ретінде олар өлуге хақылы. Ежелгі адамдардың сенімі өлімге әкелетін өмірдің тіршілігі үнемі жаңғыру арқылы тұрақты түрде жаңарып тұратынына әкеп саяды. «Алтын адам» бас киімі хайуандар, өсімдіктер және геометриялық фигуралар бейнеленген әшекейлерден тұратын күрделі де үйлесімді композиция. Әшекейлердегі хайуандар жатысы кәдімгідей емес, мысалы, жамбасы айналдырылып берілген. Бәлкім, көшпенділер өнерінде құрбандыққа шалынатын хайуан осылай бейнеленген, ал оның көрінісі – дәстүрге негізделген шартты композициялық схема болар. «Хайуанаттар стилі» өнері адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын айғақтайтын, адамның жақсылық пен жамандықтың, өмір мен өлімнің мәңгілік күресін шын мәнісінде түйсінудің айнасы іспеттес болды“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұражайын ашуға байланысты былтыр күзде Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Мәулен Әшімбаевтың арнайы келіп, Алтын адам табылған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт¬қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағдарламасына байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерткіштерді жаңғырту жұмысы ерекше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс… Ол жұмыстардың біткеннен кейінгі тағдыры қандай бол-мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-шашық тастап кетеміз бе?”, – деп, қынжыла ескерткен болатын. Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүргізілген археологиялық жұмыстарға көңілі толмайтыны айқын аңғарылады. Алайда Елбасының сол ескертпесін қатаң басшылыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұха¬мед Кішібеков: “1969 жылы Алматы облысының Есік қаласына жақын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Алтын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейін¬гі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді. Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екінші үлкен ғылыми жаңалыққа” лайық ұлттық шара жасай алған жоқ едік. Енді, міне, “Мәдени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көлемінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, – деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың! Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойластырған жөн. Ол үшін ең әуелі, меніңше, Президент айтқандай, мұның “құрылыс емес, ғылыми жұмыс” екенін есте ұстау қажет. Сондықтан, қорық-мұражайды салу жұмысымен қабат оның ғылыми-зерттеу жағын да тереңдетуге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде танытып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті көмегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз. Президент “Мәдени мұраға” қатысты Отырарды мысалға келтірсе, мен Бесшатырды мысалға келтірмекпін. Алтын адам Іленің бір жағалауынан табылса, Бесшатыр келесі жағында жатыр. Қазір ғалымдар екеуін де сақ дәуірінің ескерткіші дейді. Бесшатырда ғалым К.Ақышевтың айтуынша, 26 шаршы километр жерді алып жатқан 31 оба бар. Соның он сегізін 1957-1961 жыл аралығында ғалым Кемал Ақы¬шев қазып, зерттеген. “Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен саналған. Ол үш бөлімнен тұрады: дәліз, ауызғы бөлме, қабір”.“Бесшатыр ескерткіші Іле аңғарын мекендеген сак-тиграхаудалар тобына жататын тайпалардың қасиетті герросы болғандығына (патшалары мен көсемдерін жерлейтін арнайы орын – Б.Н.) ешқандай дау жоқ”, – деп тұжырымдайды. Алайда, ол обаларда зерт¬тейтін қазір ешқандай кейіп те, зат та жоқ, тек ашық-шашық жат¬қан тастар мен топырақ қана қалған.

«Алтын адам» — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1]

Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.

Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.[2] Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.[3] Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[4] Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.[5] 

 Алтын жауынгер Қазақстандағы Сақ мәдениетінің ең жарқын көрінісі - археологиялық ескерткіштер, қорғандар, молалар. 

 

Олардың ішінде өзінің байлығы бойынша сирегі - Алматы облысындағы орналасқан молалар, Есік қаласының шетінде, Алматы қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан. Есік қорған-моласы скиф-сақтар кезеңіндегі ең үлкен археологиялық ескерткіштердің және 20 - ғасырдың ең  ұлы ашылуларының бірі болып саналады. 

 

Алматы облысындағы Есік қаласы шетінде Сақ қорғаны қазылған, ол барлық әлемге кең танылған. Оның астында, молада, шырша бұталарымен жабылып, ағаш еденде сақ жауынгерлерінің киім киген кейпіндегі сүйектері жатқан, олар тұтастай алтынмен қапталған (Алтын жауынгер). Оның бастарына биік үшкірұшты бас киім киілген, сонымен қатар қанатты жылқылардың бейнелерімен суреттелген, бұл күн құдайын білдіреді. Қару-жарақтары ұзын қылыш пен қысқа қанжар болды. Жауынгермен бірге бейіттерге балшықты қымызды ыдыстар, ет кесектерімен ағаш табақшалар, күмістен және қоладан жасалған бағалы ыдыстар қойылған. Қорғанда жерленген жас жігіт сақ - тиграхауд басшыларына жатады. 

 

Қазақстандық археологтардың пайымдауларынша, ол Ұлы Қошандар Империясының басқарушы династиясының өкілі болып табылады. Қорғанның өзі үлкен моланың оңтүстік маңында орналасқан, ол 40-тан астам қорғаннан тұрады. Қорғанның диаметрі 60 м, биіктігі - 6 м. Үйінді көп қабатты (3-4 қабат), тас қабаты сазды-қиыршық тасты болып кезектеседі. Үйінді астында екі мәйіт жерленген: орталық және жанындағы (оңтүстік). Орталық бейіт толығымен тоналған, жанындағысына тиіспеген. Жерлеу ақымы тянь-шань шыршасының өңделген бұталарынан жасалған, оның өлшемдері: ішкі өлшем бойынша 2.9 х 1.5 м, сыртқысы бойынша - 3.3 х 1.9 м, еңкісі бар биіктігі 1.3 -1.5 м. 

 

Анропологтардың анықтауы бойынша, Есік қорғанында жерленген жас адам 17-18 жаста болған. Ол алтын тастармен әшекейленген қымбат сауытта, белбеуі алтынмен тігілген салтанатты киімде болған. Бас киімде, барлығы 150-ге жуық әшекейлік заттар орналасқан. Олардың көбісінде қар қабыланының (барс), тау-текелерінің, архарлардың, аттар мен құстардың бейнелері таңбаланған. Жауынгердің сырт киімі шекпен мен шалбардан тұрады. Қызыл түсті теріден жасалған қысқа шекпенге толығымен алтындалған сымбатты белгілер, өңірі, етегі мен жағасына жолбарыстың басы беййнеленген үлкен-үлкен төртбұрышты кескіндемелер жапсырып, тігілген. Шекпен, барлығы төрт мыңға жуық алтын заттармен әшекейленген. Жас жігіттің оюмен безендірілген жерлеу жабдықтары құнды зат болып табылады. Сақтардың акигак қанжары «айуан» стиліндегі жауһар (шедевр) деп танылған. Қанжардың екі шетін бойлай алтын тілімшеге қасқыр, түлкі, тау қойы, бөкен-сайғақ, үй қояны, жылан және т.т. 21 жануар бейнеленген. Оңтүстік қабырғада ағаш ыдыс тұр, сонымен қатар оның артқы жағында төрт ыдыс екі қатар, онымен бірге, бірақ алдыңғы қатарында мескей мен шөміш орналасқан. 

 

Келесі қабырғада бір қатар болып қыш құмыралар тығыз орналастырылған, ал олардың алдыңғы жағында мескейлер тұр да, олардың ішіне, тағы да бірге екі күміс тостаған мен қасық салынған. Күміс тостағандардың бірінде 26 әріптен (белгіден) тұратын жазу бар. Алтын адам уақыт байланысының, сақтар, ғұндар, үйсіндер, қыпшақтар және басқа халықтардың ата-бабасы мекендеген жерлерді қорғаушылар ерлігінің бейнесіне айналды. «Алтын адамның» найзалары Алматы және Астана қалаларының мұражайларына қойылған.

 


Информация о работе Алты адам