Адам жане онын кукуктары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:49, курсовая работа

Краткое описание

Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі
қағидалары...............................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2.1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері.........................................................................................................................21
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36
3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары......................................................................................................................48
Қорытынды.................................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукык курс.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

Ол еңбекақыны шартта көзделгендей сан мен сапа бойынша алады; және еңбекақы заңмен белгіленген мөлшер деңгейінен төмен болмауы тиіс;

Ұжым әкімшілігі, жеке жолдаушы жұмысқа қолайлы жағдай жасайды.

Жолаушы адам еңбек шартына  қатысушылардың бірі болып табылады. Ол еңбек шартына өз атынан қол қояды, өзіне қабылдаған еңбек ету (қызмет ету) міндетін өзінің жеке еңбегіменорындайды. Жұмысқа жалдану үшін, адам жұмыс істеуге қабілетті болу керек, яғни жұмысты қабілетіне қарай өзі саналы түрде таңдауы және жүктелген міндетке жауап беруі тиіс.

Әкімшілік (мемлекеттік, кооперативтік ұйымдар, жеке кәсіпкер) еңбек шартының екінші тарабы болып  табылады.

Конституцияда мынадай  қағида бар:

«Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда ғана жол беріледі» (24-бап).

Жоғарыда айтылғандай, ешкімнің ешкімді зорлап жұмыс істеуге құқы жоқ. Жұмысқа зорлау – құлдылықытың белгісі. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте көзделгендей: «Ешкімді еріксіз немесе міндетті еңбек етуге мәжбүрлеуге жол бермейді» (3-а тармақ). Қазақстан Республикасының Конституциясы бұл талапқа толық жауап береді. Аталған пактте мынадай да қағида бар: «Қылмыс үшін жаза каторгалық жұмыстармен қоса бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын елдерде, 3-а тармақ осындай жаза тағайындалған құзыретті сот үкімі бойынша каторгалық жұмысты орындауға тосқауыл болып есептелмейді». Тиісінше, Қазақстан Республикасының сот үкімі бойынша еріксіз еңбекке рұқсат ететін қағидасы халықаралық құқықтың жалпыға мәлім нормаларына қайшы келмейді[13, 26б].

Төтенше немесе әскери жағдай жарияланған кезде заң азаматтардың белгілі бір жұмыстарды міндетті түрде орындау жағдайын қарастыра алады. Мұнда «мәжбүрлеу» азаматтардың қоғамның заңды мүдделеріне қастандықты болдырмау және қорғау қажеттілігінен туады.

Еріксіз еңбектің уақытша сипатта болатынын айтқан жөн және адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, ар-намыс бостандығын шектемеуі, азап пен қатыгездік қатынас көрсетуге ұласпауы тиіс.

Демек, Қазақстан Республикасы мен заңдары еңбек ету бостандығын  жариялай отырып, еңбек шартының еркіндігіне де кепілдік береді. Мемлекет жұмыс істегісі келетіндердің жұмысқа орналасуын көздейді. Алайда, рыноктық қатынас жағдайында, жеке кәсіпорын пайда болған кезде мемлекет онда жұмыс істегісі келетиіндерді оған күштеп қабылдаттыруға жол берілмейді. Жеке кәсіпорын (кәсіпкерлер) жұмысқа қабылодау мен жұмыстан шығару мәселелерін заң негізінде өз қалауларынмен шешеді. Мемлекет, бұрынғы Кеңес өкіметі кезіндегідей, олардың саны қысқарып жатқандықтан, оларды өз кәсіпорындары мен кәсіпкерлерінде орналастыруға мүмкіндіктері жоқ. Соның нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады. Мемлекет оларға немқұрайды қарай алмайды, Сондықтан жұмыссыздардың жұмысқа орналастырумен шұғылданатын арнаулы органдар құрылды. Жұмысынан айырылған немесе алғаш іздеушілер, сондай-ақ ұзақ үзілістен кейін жұмысқа орналасқысы келетіндер, жұмыссыз деп танылып, тіркеле алады. Тіркелгеннен кейін 8 күннен соң жұмыссыз адам жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мезгілі заңда қарастырылған. Жұмысқа орналастыру органдары жұмыссыздар үшін жұмыс іздестіруі тиіс.

Азаматтардың  ереуілге шығу құқығы. Кеңістік өкімет жылдарында «ереуіл» ұғымы жоғалтылды. Кеңес мемлекеті халықаралық мемлекет деп танылғандықтан, ол халықтың мүддесін көздеуі, оны қорғауы, оның сұранысын қанағаттандыруы тиіс болды. Сондытан халықтың да, адамдардың жекелеген тобының да толқу, ереуіл ұйымдастыруға құқығы болмады. Алайда, мемлекеттік кәсіпорындар адам еңбегін қанады, еңбегі үшін ақыны толық төлемеді, барлық жерде бірдей еңбек етуге қолайлы жағдай жасалған жоқ. Кеңес азаматтары шырайлы болашаққа үмітпен қарады. Егер өкіметке өзінің еңбек жағдайын жақсартуды талап еткендер шыға қалса, оларды қылмыскер ретінде жауапқа тартты. Қарағанды облысында 60 жылдары жұмысшылардыңқарсылыған осындай қаталдықпен басты. Демек, өздерінің экономикалық құқығын қорғау мақсатында оны ұйымдасқан түрде білдіруге еңбек адамдарының құқы болған жоқ. Енді әркім өзінің еңбек ету құқығын қорғай алады, сондай-ақ азаматтар ереуілге шықуқа да құқылы.

Ереуіл – жұмысшылар менқызметкерлердің заңды талабын кәсіпорының, мекемелердің әкімшіліктерді қанағаттандырмаған кезде қолданылатын ең амлсыз шара. Оның үстіне мемлекеттік сияқты, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері де ереуілді жариялай алады. Ереуіл Қазақстан Республикасы заңдары шеңберінде өткізілуі тиіс. Ереуілшілер басқа азаматтардың заңды мүдделерін бұзбауы, оларға материалдық және басқалай зиян келтірмеуі, қоғамдық тәртіпті бұзбауы, басқа да заңсыз әрекеттер жасамауы тиіс. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактте де ереуілшілерге осындай талаптар қойылған: «.. мемлекет әр елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда ереуілге шығу құқын қамтамасыз етуге міндеттенеді.»

Азаматтардың  демалыс құқығы. Қазақстан Республикасының Заңы қызметкерлердің демалыс құқығын жан-жақты реттейді, оның үстіне демалыс туралы заң мемлекеттік сияқты ұжымдық және жеке кәсіпорындарды да қамтиды. Демалыс уақыты – қызметтердің өзінің еңбек ету міндеттемесін орындаудан босаған кездегі уақыттарын оны өзінің қалауы бойынша пайдаланатын уақыты.

Демалыс уақытының мынадай түрлері бар.

Жұмыс күні ішіндегі үзіліс. Мұндай үзіліс екі сағаттан ұзақ болмауы  тиіс және түскі уақытта беріледі. Үзіліс, әдетте, жұмыс уақыты басталған  соң төрт сағаттан кейін беріледі. Емшектегі баласы бар әйелге кем  кем дегенде жарты сағат қосымша үзіліс беріледі. Ол уақыт жұмыс уақыты деп есептеледі және ақы төленеді.Жұмыс күнінің мұндай тәртібі жұмыс уақыты 7-8 сағатқа созылатын жерлерде белгіленеді. Оқу орындарында үзіліс берудің басқа тәртібі белгіленеді.

Жұмыс күндері арасындағы үзіліс. Мұндай үзіліс жұмыс аяқталған соң басталып, келесі жұмыс күніне дейін созылады.

Апталық демалыс уақыты. Баршаға ортақ демалыс күні жексенбі,. Аптасына 5 жұмыс күні белгіленген  жерлерде сенбі-демалыс күні деп  есептеледі. Жұмыс күнінің ұзақтығы 42 сағаттан аспауы тиіс.

Жылдық демалыс уақыты – кем дегенде 15 жұмыс күндік демалыс. Әр түрлі салаларда тағы да қосымша демалыс беріледі. Мысалы,мұғалімдерге берілетін демалыстың ұзақтығы 48 жұмыс  күні

Мектептерде, арнаулы  оқу орындарында (техникумдарда, университеттерде) оқитындарға қосымша демалыс ақысы төленеді. Бұл оқитындардың ойдағыдай білім алуына мүмкіндік береді. Жұмыс орны әкімшілігінің қандай да бір себептермен болсын заңда көзделген демалысты беруден бас тартуға құқығы жоқ. Мемлекеттік сияқты, жеке кәсіпорындардың да әкімшіліктері заң ережелерін орындауға міндетті.

Азаматтардың  тұрғын үйге құқығы. Гуманды болғысы келетін мемлекет әр азаматына қолайлы жағдай жасауға, олардың әрқайсысының тұрғын үй болуға ұмтылуы тиіс. Міне осыдан келіп, Қазақстан мемлекеті азаматтардың тұрғын үйге құқына манадай кепілдік береді.

  1. Азаматтар тұрғын үй салуға, сатып алуға, белгіленген тәртіппен мемлекеттік, кооперативтік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы.
  2. Азаматтар тұрғын үй немесе пәтер сатып алуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тегін немесе алуға құқылы.
  3. Мемлекет азаматтарының жеке немесе кооперативтік үй тұрғызуына, оның ішінде қарыз алу жолымен тұрғызуына көмек көрсетеді.
  4. Тұрғын үйден қуып шығуға кім кімге болсын тыйым салынады. Қуып шығу заңда көзделген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
  5. Азаматтар тұрғын үйді пайдалану мүмкіндігінен айырылған немесе ол мүмкіндік шектелген жағдайда заңсыздық тоқтатылуы туралы сотқа жүгінуге құқылы. Егер азаматтың үйі орналасқан участок мемлекет мүддесіне алынатын болса, мемлекет оның құнын қайтаруы немесе пәтер беруі тиіс.

Азаматтардың тұрғын үйге құқығы болумен бірге, оларға тұрғын үйді пайдалануға байланысты міндеттер  де жүктеледі. Олар тұрғын үйді белгіленген  мақсатта пайдалануы, тұрғын үйді күтіп, тұрғын үйді пайдалану тәртібін сақтау, пәтер ақыны уақытында енгізіп отыруы, салықты төлеуі тиіс.

Нарықтық қатынасқа  көшуге байланысты мемлекеттік тұрғын үй жөніндегі саясаты айтарлықтай  өзгерді. Енді мемлекет бұрынғыдай азаматтардың бәрін бірдей тұрғын үймен қамтуды  міндетіне ала алмайды. Еңбекке қабілетті азаматтар өз еңбегімен, өз қаражатымен өздері пәтер алуы тиіс. Мемлекет азаматтардың тұрғын үй құрылысы жүргізілуі жеңілдетілген несиемен көмектеседі, ал халықтың тұрмысы төмен қабатына пәтер тұрғызып беретін болады.

Азаматтардың  денсаулығын сақтау құқығы. Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілетін тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Бұрын барлық медициналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық ісі мемлекеттің қолында болды. Енді мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен (ауруханалар, емханалар, дәріханалар, т.б.) бірге медициналық мекемелер құрылуда. Әрине, емханаларды, дәріханаларды және басқаларды дүмшелер емес,

Арнаулы медициналық  білімі барлар құруы және заңда белгіленген тәртіппен құрылуы тиіс. Әрине, жеке медициналық көмекке белгілі бір мөлшерде ақы төленеді.

Барлық саладағы дағдарыс жағдайында денсаулық саласының  жаңа жүйеге көшуі медициналық қызметті бірден жақсарта алмайды. Мұны медициналық  көмекке мұқтаж әр адам қатты сезінеді. Алайда, біздің мемлекетіміз, оның жергілікті жерлердегі органдары халықтың денсаулығы туралы тұрақты қамқорлық жасауы тиіс. Бұл – олардың конституциялық міндеті. Әйтпесе, тек адамдардың, әсіресе жеткіншек ұрпақтың денсаулығы төмендеп қана қоймайды, жұқпалы аурулардың да таралуы мүмкін. Ал олармен күрес бұл жұмысты жоспарлы және жүйелі түрде жүргізгеннен әлдеқайда көп қаржы мен күш жұмсауды қажет етеді. Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту көпжағдайда жергілікті мәслихат депутаттарының, жергілікті әкімшіліктердің белсенді қызметіне байланысты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау туралы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы заңдары мынадай міндеттер: 1) балалар өліміні қысқарту, олардың денсаулығын жақсарту; 2) өндірісте еңбек ету жағдайын жақсарту; 3) жұқпалы, кәсіби аурулардың алдыналу және оларды жою жұмыстарын жүргізу; 4) барлық адамдарды денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау, сарқаттанған кезде медициналық көмек көрсету міндетін жүктейді.

Денсаулық сақтау құқы, сондай-ақ азаматтардың әр түрлі жолдары (бұқаралық ақпарат құралдары, өтініш, хат және т.б.) пайдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізі қоршаған табиғи орта. Оның жағдайы қандай болса, адамдардың денсаулығы да сондай.

«Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайла  айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» (Конституция 31-бап).

Соңғы 40-50 жылда Қазақстанның табиғатына орасан зор, орны толмас нұқсан келтірілді. Ол – Кеңес мемлекетінің тар өрісті саясатының көрінісі. Тың жерді игерудің нәтижесінде оның құнды қабаты эрозияға ұшырады.Қара боран миллиондаған жылдар бойы қордаланған жер шұрайын сорып әкетті. Шаруашылықтар жайылымдық жерден айрылды. Су көздерін тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Арал теңізі құрыды. Тіпті Азияның ертедегі құл иеленуші мемлекеттетінің өзі суды үнемдеу үшін ирригациялық құрылыстар жүргізген еді. Ондаған жылдар бойы атом қаруын сынаудың нәтижесінде Шығыс Қазақстанның жері, су көздері уланды. Мұның бәрі адамдардың денсаулығына кері әсер етті. Бүгінгі ұрпақ аталған апаттардың зардабын шегіп отыр, ол келер ұрпаққа да жалғаспақ. Азаматтардың қоршаған табиғи ортаның өмір мен денсаулыққа қолайлы құқы жөнінде Конституцияда жарияланғандардың бәрін жүзеге асыруда, біріншіден, егемен Қазақстан мемлекеті бұрынғы социалистік режимнің ізгілікке жат саясатынан зардап шеккендерге жеңілдіктер беруі керектігін білдіреді. Екіншіден, Қазақстан мемелекеті алда қоршаған табиғи ортаны ластауға жол бермейтіндей саясатжүргізуі тиіс.

Азаматтардың білім алу құқығы. Білім алу құқының біраз жәйттері бар. Негізінен, орта білім алу міндетті болып табылады. Ол бір жағынан, жасөспірімдердің осындай деңгейде білім алуларын білдіреді. Егер адам жоғары сыныптарда, училищелерде, техникумдарда, университеттерде оқығысы келсе, оның талабына ешкімнің тосқауыл қоюға құқығы жоқ. Әрине адщам өзінің білім алу құын жүзеге асыру үшін «күресуі» керек – емтиханға шыдап, конкурс бойынша өтеуі тиіс. Олар мемлекеттік арнаулы оқу орындарында (техникумдарда, институттарда, университеттерде және т.б.) азаматтар тегін оқиды, егер «жақсы» және «үздік» оқыса стипендия төленеді, ал шетелдік студенттерге жатахана беріледі. Студенттер мен оқушылар сабақтан бос уақыттарында жұмыс істеуге, қосымша арнаулы білім алуға құқылы.Яғни жеке бастамасына толық еркіндік беріледі.

Әрине, оқушылар мен студенттер құқыққа ғана ие емес. Республиканың  білім және жоғары білім туралы заңдарына  оқушылар мен студенттердің міндеттеріде көзделген. Өйткені оқу орындарына түсу жалаң мақсат емес. Адамға керегі білім туралы куәлік не диплом емес. Мемоекет – оқу орындарының құрылысына, құрал жабдықтарына, оларды қалыпты ұстауына, жөндеуіне, оқытушылардың жалақысына, стипендияға және т.б., әр түрлі: педагогтік, инженерлік, дәрігерлік, заңгерлік және тағы басқа салаларда жоғары білікті мамандар әзірлеу үшін қыруар ақша жұмсайды. Оқушылар мен студенттердің міндеті – беріліп оқу, терең білім алуға ұмтылу, алған білімді практикада қолдану білу, оқу орнының ішкі тәртібінің ережелерін сақтау.

Сонымен бірге олардың абыройлы борышы – ізгі мұраттарға тәрбиеленген мәдениетті адам болып шығу. Оқу орнына мынадай басты міндеттер жүктеледі:

Рухани қуаты мен  талантының жарқырап көрінуіне, ізгі дәстүр негіздерін қалыптастыруға, әр адамның  дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасау;

Азаматтылыққа, оқушылардың  отбасы, қоғам мен мемлекет алдындағы  өзінің борышын, қоғамның мәдени, саяси  өміріне қатысу қажеттігін түсінуіне  тәрбиелеу;

Оқушылардың қазіргі  заманға деңгейде жалпы және арнаулы  білім алуына жағдай жасау;

Өзінің ұлттық жалпыадамзаттық мәдениетті зерттеп, халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді меңгеруіне жағдай жасау.

Білім берудің мемлекеттік  жүйесімен бірге Конституция  жеке білім беру жүйесін: мектептер, колледждер, университеттер және басқа  оқу орындарын ашуға рұқсат етеді. Жеке білім беру жүйесі жеке адамдардың қаржысымен құрылады. Жеке оқу орындарында білім ақылы түрде беріледі. Оларды мемоекеттік органдар емес, оны құрудың бастамашылары басқарады. Олар білімді көлемі жағынан да, деңгейі жағынан да тиісті мемлекеттік оқу орындарынан аз және төмен бермеуі тиіс. Тек сондай жағдайда ғана оларды ашуға және қызметістеуіне рұқсат етіледі, олардың куәліктері мен дипломдарының сонда ғана заңдық күші болады. Сөз жоқ, мемлекеттік және жеке оқу орындарында бәсекелестіктің болуы түсінікті. Мұнда бәсекелестік оқушылардың білімін жақсартып, тереңдетуіне ықпал етуі тиіс. Әрине, адамдар мемлекеттік оқу орнындағымен салыстырғанда терең және түбегейлі білім алу үшін ақылы түрде оқиды. Сондықтан, мемлекет, бәсекеге беруі үшін, өздерінің оқу орындарының қызметкерлеріне қолайлы жағдай туғызып, білім сапасын көтеруі қажет.

Информация о работе Адам жане онын кукуктары