Жазғы жайылымдарда бағу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 19:22, курсовая работа

Краткое описание

Жануарлар гигиенасы (ветеринарлық гигиена, зоогигиена) ілімі мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу, малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді, соның ішінде сыртқы ортаны зерттеп, оны малдарға деген зиянсыз және қолайлы әсер етуі зоогигиена үшін басты мәселе. Жануарлар гигиенасы, ветерианрлық гигиена немесе зоогигиена (грек.zoon-мал, hygienos-дені сау) – малдарды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту туралы ғылым.
Ветеринарлық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек. Санитария (лат. Sanitas-денсаулық) – жануарлар гигиенасының талаптарын рындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы болса, ветеринарлық гигиена (жануарлар гигиенасы) –мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.

Содержание

I. Кіріспе..................................................................................3-4

II. Әдебиетке шолу................................................................5-8
ІІІ. Негізгі бөлім.
3.1 Малдарды жайылымға бағуға дайындау және ауыстыру........................................................................................................9
3.2 Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс..........................10-11
3.3 Мүйізді ірі қараларды лагерьде ұстау.....................................12-17
3.4 Малдарды жазғы жайылымдарда азықтандыру.....................18-20

IV. Қорытынды.......................................................................21

V. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................22-23
VІ. Қосымшалар.................................................................24-29

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ гигиена.doc

— 5.52 Мб (Скачать документ)

 

 

ЖОСПАР:

 

I. Кіріспе..................................................................................3-4

 

II. Әдебиетке шолу................................................................5-8

ІІІ. Негізгі бөлім.

   3.1 Малдарды жайылымға бағуға дайындау және ауыстыру........................................................................................................9

   3.2 Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс..........................10-11

   3.3 Мүйізді ірі қараларды лагерьде ұстау.....................................12-17

   3.4 Малдарды жазғы жайылымдарда азықтандыру.....................18-20

 

IV. Қорытынды.......................................................................21

 

V. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................22-23

VІ. Қосымшалар.................................................................24-29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жануарлар гигиенасы (ветеринарлық гигиена, зоогигиена) ілімі мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу, малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді, соның ішінде сыртқы ортаны зерттеп, оны малдарға деген зиянсыз және қолайлы әсер етуі зоогигиена үшін басты мәселе.

Жануарлар гигиенасы, ветерианрлық гигиена немесе зоогигиена (грек.zoon-мал, hygienos-дені сау) – малдарды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту туралы ғылым.

Ветеринарлық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек. Санитария (лат. Sanitas-денсаулық) – жануарлар гигиенасының талаптарын рындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы болса, ветеринарлық гигиена (жануарлар гигиенасы) –мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.

Республикада мал түліктерінің басын үздіксіз өсіру, олардан алынатын өнімдерді молайтып, сапасын жақсарту – бүгінгі таңда мал шаруашылығында істейтін жалпы еңбеккерлер мен мамандардың өзекті міндеттерінің бірі. Халқымыздың тұрмыс-жағдайын жақсарту, оларды азық-түлік түрлерімен қамтамасыз ету мәселесін ойдағыдай шешу осы міндеттің мінсіз орындалуына да тікелей байланысты.

Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп - мал шаруашылықтары орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын айтады.

         Қазақстан үшін жазғы жайылымдардың маңызы өте жоғары екені белгілі. Себебі республика жағдайында мал азық қорының шамамен 50%  осы жайылымда. Алайда, жайылымдардың негізгі бөлігі (70%) шөлейт, жартылай шөлейт жерлерге орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз. Бұл жайылымдар жыл мезгіліне байланысты ауысып тұрады. Шамамен барлық жайылымдардың 32% - жазғы, 44% - көктемгі-күзгі, 12% - қыстық деп белгіленсе, ал қалған 12% жыл бойы пайдалынатын жайылымдарға тиесілі.

Әрбір, әсіресе шалғайдағы жайылымдар ерте көктемде мамандар тарапынан тексеріліп, мал өлекселері мен жемтік сүйектерінен, минералды тыңайтқыштарынан, өсімдік шірінділері, көң, тас, шөпшек қалдығы, ағаш үйінділерінен тазалануы керек. Бұршақ тұқымдастар өскен жайылымдарға және қатқақ шықты күндері малды аса сақтықпен жаю талап етіледі. Өйткені, ондайда малдың жем қорыту қызметі бұзылып (тышқақтау, іш кебу) іш тастайды, суықтан болтын аурулар өршиді. Сондықтан малдарды жазғы жайылымдарға жаю оларға пайдалы болып келеді.

         Курстық жобаның негізгі мақсаты - жазғы жайылымдарды санитарлық-гигиеналық тұрғыдан дұрыс пайдалану.

Малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе өрісте (жайылымда) ұстаған кезде арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім (мысалы, сүт өнімдерін) алуға болатын қолайлы маусым болып саналады. Жаз маусымын түліктің сақайып, сауығатын, толығып, денсаулығы қалыпқа келетін кезең деуге тұрады.

Жазғы кезде шөбі жай құрғайтын және ылғалы тамырында ұзақ сақталатын жайылымдар қолданылады.

Курстық жобаның міндеті - жаздық жайылымдарға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар, оларды пайдалану мерзімі мен тәртібі және әр малдардың жайылымға деген сұранысы мен ерекшеліктерін оқып үйрену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ІІ. Әдебиетке шолу

 

Г.К. Волков (1982) дерегі бойынша малды жайылымда ұстаудың гигиеналық маңызы жоғары. Жайылымда осы шөптен дайындалған пішенмен салыстырғанда қоректік заттар 1,5 есе артық. Шөпті кептіру барысында ондағы азықтық заттардың бір бөлігі жоғалып қана қоймайды, сонымен қатар олардың мал организміне сіңімділігі нашарлайды (шөппен салыстырғанда, пішеннің қорытылу деңгейі 15-20 %-ға төмен болып келеді). Көк шөптің құрамында мал организмінің қажеттілігін қанағаттандыратын әртүрлі витаминдер бар. Көк шөптің құрамында пішенмен салыстырғанда, каротин мөлшері 10 есе жоғары болатыны белгілі. Жайылымдық кезеңді малды толық құнды азықтандыру, оның резистенттілігін, сонымен қатар өнімділігін жоғарылатады.

         Жүрек-қан  тамыр, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік және жүйке жүйесінің қызметін және зат алмасуды жақсартатын моцион (серуен), күн сәулесі және қолайлы ауа ортасы жайылымдық кезеңнің маңызды гигиеналық факторлары болып табылады.

         Жайылымдық кезеңде мал өнімдерінің (сүт, ет, жүн) көлемі артады және өзіндік құны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылымдық шөптің азық бірлігінің өзіндік құны басқа азықтармен салыстырғанда 1,5-3 есе төмен.

Дегенмен, малды жайылымда ұстау тиімділігі жайылымның өнімділігіне, оның рационалды пайдалануына және ветеринарлық-санитарлық тәртіпке байланысты (зиянкес жәндіктермен және кенелермен күресу).

Ж. Мырзабеков (2005) дерегіне сүйенсек, малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе өрісте (жайылымда) ұстаған кезде арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім (мал сүт өнімдерін) алуға қолайлы маусым болып саналады. Жаз маусымын түліктің сақайып, сауығатын, толығып, денсаулығы қалыпқа келетін кезең деуге тұрады.

Жаздық бағым-күтімнің профилактикалық жоғары маңыздылығы, әсіресе тұқымдық сиыр тобы үшін ерекше. Жаздық жайылымда түлікті бағудың шынықтырушы, сақайтып-сауықтыратын маңыздылығының мәні организмге сыртқы ортаның қолайлы да, оңтайлы да құрамдағы факторларының әсер етуінің нәтижесі деп саналады. Ондай қолайлы факторларға – аэроиондарға бай таза ауа, күн сәулесінің қызуы, температураның, ылғалдылықтың, ауа қозғалысы жылдамдығының белгіленген шекке дейін көбейіп құлдырауы, үйлесімді моцион, жас әрі құнарлы жем-шөп жатады. Әрі жазғы жайылымдарда мал организмінің табиғи төзімділігін төмендету мен қатар, зат алмасу процесінің бұзылуына, жем-шөпке зауқы соқпау және де қан-тамыр, тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзатын факторлар мал қораларда баққанда кездесетін ортаның жағымсыз, кері әсерлері (дымқылдық, улы газдар, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың шектелуі,яғни гиподинамия, құнарсыз азықтандыру және т.б. ) жойылады. Осы аталған құбылыстар, жем-шөптің құнын толық өтемеу, қысыр қалу, ацидоз, остеодистрофия, өкпе сырқаттарының жиі өршуінің басты себепкері болып табылады.

В. Ф. Костюнина (1983) мәліметтерінде көрсетілгендей Малдарды жазғы жайылымдарда бағу үшін арнайы жоба бойынша жабдықтайды. Орналастырылған қалқалардың (навес-лапас) саны мен сапасы малдың басына және өндірістік процестің ерекшелігіне сай болады. Сондықтан жайылым мал жайлауға келерден бұрын алдын ала дайындалуы тиіс.

Өрісті дұрыс әрі тиімді пайдаланудың тетігі – жайлауға малдарды дұрыс айдап не тасымалдап жеткізу.

Егер жаздық жайылым тауда орналасқан болса (3 км-ден биікке көтерілер бұрын) алдын ала көндіктіріп, бейімдеу процесі бірте-бірте көтерілу арқылы жүргізіледі.

Жазғы жайылым (өріс) топырақ қыртысының сипатына, жер рельефіне (бедеріне), шөптілігі мен оның ботаникалық құрамына, шаруашылықтан қашықтығына байланысты әр малдың түрлі топтарына бірдей үйлесе бермейді.

В. В. Храшцов (2004) дерегі бойынша малдың денсаулығы, одан алынатын өнімдердің саны мен сапасы, өзіндік құны республика жағдайында көбінесе жайылымда қалыптасады. Осыған орай, жайылымдарда іске асырылатын зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық шаралардың мәні арта түсетіні айтпасада түсінікті.

В. И. Гершун (2005) дерегінде жазғы жайылымда төмендегі ветеринарлық-гигиеналық шаралар жүзеге асырылады:

1. Мал жаюға жарайтын жерлер есепке алынып, олардың аумағы, сапасы анықталады.

2. Жайылымдық жерлер малдың түлігіне, жасына т.б. ерекшеліктеріне қарай бөлек-бөлек учаскелерге бөлінеді.

3. Шөптің түріне, биіктігіне, қалыңдығына қарай әрбір жайылым учаскесі 8-10 күн сайын ауыстырылып отырады.

4. Жайылым сапасын төмендетпеу мақсатымен қай өрісте қанша шөп оталмай қалғаны есепке алынып, қалған шөпті шауып алу мерзімі белгіленеді.

5. Жыл сайын малды жайылымға шығарардың алдында өрістік жерлер мұқият тексеріледі. Олар өлексе сүйектерінен, тастан т.б. мал жаюға кедергі келтіретін заттардан алдын-ала тазартылады. Жолдар тәртіпке келтіріледі, көпірлер мен құдықтар, суаттар мен астаулар жөнделеді. Тоғандардың жағалауы нығайтылады.

        Шаруашылықтар үшін ең дұрысы-табиғи жайылымдарды дұрыс пайдалану, оларды дер кезінде ауыстырып отыру. Ал, істен шыққан жайылымдарға жасанды шөптер егу олардың өнімділігін арттырудың ең тиімді жолы.

А.Е. Ставровский (1974) дерегі бойынша жайылымды белгілі бір тәртіппен дұрыс пайдаланудың маңызы зор.  Бұл жағдайда жайылымның топырақ қыртысы жақсы сақталады, оттылығы артады. Жайылымды дұрыс пайдалану, оның шөбін үнемдеп жұмсауға мүмкіндік береді. Жайылымды дұрыс үнемдеп пайдалану үшін жайылымдық жерлерді есепке алу, олардың жалпы азықтық қорын белгілеу, жазғы маусымның әр айында шөп шығымдылығының қандай болатынын білу, әр түрлі учаскелердің пайдалану кезегін тағайындау, бір гектар  жерде қанша мал бағуға болатындығын айыру қажет. Егер мал саны аз  болса,  жайылым нашар пайдаланып,  желінбеген шөп  малдың аяғымен тапталады да, соңынан буыны қатайып, көктеуіне кедергі келтіреді. Ал мал саны шамадан тыс  көп болса, жайылым тез тозады.

Жайылымды дұрыс пайдаланудың маңызды бір шарты-мал бағу әдісі. Малды еркімен жайып бағу жайылымды тез тоздырады. Сондықтан жайылымды өріске бөлу, ауыстырып пайдалану істері жүйелі түрде жүргізіліп отырылуы тиіс.  Әдетте далалық жайылымды 6-8 өріске бөліп,  әр өріске қойды 5-6 күн бағады, онан кейін келесі өріске ауыстырады. Алты жүз қойы бар отар үшін әрбір өрістің көлемі далалық жерде 15-25, шөлейт жерде 25-35 гектар шамасы. Ауыспалы жайылым жоспарында әрбір өрісті пайдалану тәртібі көрсетіледі,  шөбі жақсы жетілуі үшін өрісті 4-5 жылда бір тынықтырған жөн.

 Шығымдылығы жақсы екпе шөпті жайылымды сыммен қоршап, қойды соның ішінде жаю тиімді. Бұл жайылым маусымында шопандар санын азайтуға мүмкіндік береді.

А.Е Испенков (1984) мәліметтеріне сүйенсек, шаруашылықтарда жайылымды пайдаланудың келесі жүйелерін қолданады: айдамалық (тұрақты) және лагерьлік (алыс-жайылымды).

Жайылым мал фермасына жақын болған жағдайда (1,5-2км) айдамалы жүйе қолданылады. Бұл кезде малды саууға және түнетуге тұрақты мал қораларына айдап алып келеді. Айдамалы жүйе аз қолданылады, себебі алыстағы жайылымдарды қолдануға мүмкіндік бермейді.

Лагерьлік жүйеде малды барлық жайылымды уақыт бойына қыстық қора-жайлардан жайылымға ауыстырады, онда уақытша және тұрақты орындар ұйымдастырады. Лагерьде ұстау тек малдың денсаулығын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар ол мал фермаларында жөндеу жұмыстарын және санитарлық-гигиеналық шаралар жүргізуге де мүмкіндік береді.

Шөлді, жартылай шөлді және кейбір далалы аймақтарда малды уақытша алыс жайылымдарда бағып-ұстау кеңінен қолданылады: көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы.

Малды лагерьлік жағдайда ұстауды ұйымдастыру барысында жайылым қондырғыларына және дайындыққа үлкен көңіл бөледі. Лагерьдің жанына азықтық шөп, тамыр-түйнекті жемістер, сүрлемдік екпелі өсімдіктер егеді.

Малды лагерьлік ұстау өз кезегінде жайылымды-лагерьлі және тұрақты-лагерьлі болып бөлінеді. Жайылымды-лагерьлік ұстау кезінде мал организмінің қажеттілігі толығымен дерлік жайылымдық азық есебінен (құрама жем және минералды азықты есептегенде) қанағаттандырылады.

Тұрақты-лагерьлік ұстаудың мәні мынада: мал жайылумен қатар көк шөп және қорадағы азықпен (сүрлем, пішендеме және т.б.) қамтамасыз етіледі. Ол үшін лагерьлерді бастырмалармен, астаушалармен, суарғыштармен және т.б. жабдықтайды. Азықты арнайы тасығыш-таратқыш машиналармен тасымалдайды, олар азықты бірден астауларға салып шығады.

Тұрақты-лагерьлік ұстаудың белгілі зоогигиеналық артықшылықтарымен (таза ауа, серуен, күн сәулесімен сәулелену және т.б.) қатар кей жағдайда көк конвейерде бір ғана өсімдік болуының салдарынан малдың толық құнды азықтанбау қауіпі туады.

Тұрақты-лагерьлік ұстауда мал азықтандыру практикасында қыстық бидайды, дәнді және бұршақты шөптерді, жүгері және тамыртүйнекті жемістерді кезектестіріп қолданады. Жеке алғанда, бірде-бір азық, малдың әр түрлі тағамдық заттарға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.

Г. П. Табаков (2004) мәліметтеріде аталған малды алыс жайылымдықтарда ұстаудың ерекшілігі-үлкен табиғи жайылымдарды пайдалануда, оларда малды тек көктемде немесе жазда, күзде немесе қыста және жыл бойына жаяды. Құрғақ аудандарда (шөл, жартылай шөл және құрғақ дала) табиғи шөптің өсімділігі тек көктемде, яғни ылғал мол кезде ғана артады, сондықтан бұл жерлерде көктемгі өсімдік-эфемердің көбеюіне байланысты көктемгі жайылым пайдаланылады. Жазғы кезде шөбі жай құрғайтын және ылғалы тамырында ұзақ сақталатын жайылымдар қолданылады. Шөлді және жартылай шөлді жайылымдарда күзгі жаңбыр және суықтан кейін мал жусанды жақсы жейді, себебі бұл кезде оның ащылығы мен иісі кетеді.

Информация о работе Жазғы жайылымдарда бағу