Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 08:40, реферат

Краткое описание

Зертханалық жануарлар - деп арнайы зертханаларда немесе хайуанатханалар (вивариумдер) жағдайларында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өндірістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады.
Зертханалық жануарларды - олардың ауруларын балау үшін, әр түрлі физиологиялық және патологиялық жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу үшін, химиотерапевтік және биологиялық препараттардың әсерін, керекті мөлшерін, т.с.с. әртүрлі зерттеулер үшін қолданады.

Содержание

1. Кіріспе.
1.1 Зертханалық жануарлардың түрлері.
2. Негізгі бөлім.
2.1 Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту.
2.2 Омыртқалы зертханалық жануарлар
2.3 Омыртқасыз зертханалық жануарлар
2.4.Балапандарды бағып – күту әдістері.
2.5.Балапандарды еденінде бағып – күту гигенасы.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жануарды куту багу осиру.docx

— 86.44 Кб (Скачать документ)

     Құстарды қора еденінде бағып-күту гигиенасы. Интенсивтендірілген құс шаруашылығында негізінен ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағьп - 
Күтеді. Еден жағдайында күтіп-бағу тәсілінің екі 
түрі бар: 
1. Қалың ауыстырылмайтын төсеніште. 
2. Жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде. Еден жағдайында күтіп — баққанда құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады. 
Құс қораларының едені тақтайдан салынады /түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан/ немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікке орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған тауық балапандары үшін 12 х 12 мм, ал 45 күн толған балапандар үшін 15×15 мм. 
Құс қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапанардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді. 
Құс қоралары тұрақты жинап алатын, немесе бөлшектеп алатын етіп құс қонактайтын ағашпен жабдықталады. Тұрақты құс қонақтайтын ағаштың астынан қорап түрінде немесе терең траншея қазып, саңғырық жинағыш жасалады. Ересек құстар қонақтайтын ағаштың биіктігі еденнен 60-80 см, балапандар үшін 50 см аспауы керек. 
Қазіргі уақытга өнеркәсіп құс қораға арнап жасалған механикаландырылған жабдықтардың (Ресейлік немесе шетелдік) комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді ШӨПТІ таратып — беретін құрал, науалы суат, түбі көтерілмелі ұя және механизм күшімен жұмыртқа жинағыш аспап, құс қонақтайтын сырғауылдар, ұяларды және құс өтетін жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар, құс саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматы жолмен басқаратын станция бар. Құс қораларға жабдықтарды орналастыру жобасы кора құрылысының конструкциясынаа байланысты болып, құстарды еден жағдайында қолайлы орналастыру тығыздығы  белгіленген.

Құс шаруашылығының еңбегінің жағдайынан жақсартуға арналған ветринарлық – санитариялық шаралар және антропозоондардың алдын

 

алу. 
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек. 
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс. 
 Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар (міндеті мен мамандығына қарамай) танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру. 
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың кауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады. Мал мен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиснасымен таныстырады. 
Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болса фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық малшылар қатысады. 
 Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-жай ауасының зиянды газдармен, шаң-тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты мал шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Малшылардың еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, кенді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора-жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бүлардың барлығы мал шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да мал қора-жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады. 
 Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім — бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш,

 

қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады. 
Химиялық дезинфсктанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі. 
 Санитариялық киім — бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта-матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады. 
 Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулсз, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. аурулар жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақытылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек. 
Малмен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора-жайларында тамақ жеуге және ауру малдан алынған шикі сутті ішуге тыйым салынады. 
 Қызмет көрсетушілер ауру малды куту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100-150 мг/л белсенді хлоры бар ертіндімен зарарсыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады. 
Зарарданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ертіндіге немесс 2 пайыз сода ертіндісіне салып кояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады. 
Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан мал шошынып, адам денесіне жарақат түсіруі мүмкін. Малдың теуіп жіберуі, сүзіп немесе тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек. 
 Қызмет көрсетушілер толык медициналық тексеруден өткен сон ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 ретпрофилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақытылы іш құрт (гельминт) тасымалдауға тексеріледі. 

Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекциялық ертінділермен жұмыс істеу және кауіпсіздік ережелерін білуі керек. 
 Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветсринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі. Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер (халат немесе комбинезон, алжапқыш, резеңке етік және қолғап, көзілдірік, респиратор немесе противогаз) киеді. 
 Дезертінділермен және аэрозольдсрмсн жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауланы аэрозольмен дезинфекциялау желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі. 
 Дезинфекция немесе аэрозольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды (дезертіндінің концентрациясына байланысты). Мұндай жағдайда қора-жайлардың есіктеріне «кіруге болмайды» деген ескертпе жазулар ілінеді. 
 Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды. Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және малды жіберуге рұқсат етіледі. 
 Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды. 
 Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық инспекция бекіткен саннитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады. 
 Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар малмен жұмыс істеуге жіберілмейді. 
 Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі сүт арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін. Сауыншылар және басқа да сүтке қатысы бар адамдар үнемі дене тазалығын сақтауы керек, әсіресе киімдері, қолдары таза болуы керек және тырнақтарын қысқа алып тастайды. Егер олардың дене температурасы көтерілсе, қолдарында кесілген немесе күйген, ірінді жарақаттар болса, оларға жұмыс істетуге болмайды. 
Ветеринариялық мамандар үнемі ауру малмен және өлекселермен

 

тікелей қатыста болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтау аса қажет. 
 Ветеринариялық-санитариялық өткелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді. Ірі шаруашылықтарда осыңдай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге алып кетуге немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

     

1) Буров А.Д. Лабораторные животные. М.,изд. «Сельхоз. литературы, журналов и пла-катов», 1963г., с. 385-414.

         2) Кырыкбайулы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жумагелдиев А. А. Лабораторное дело. Алматы, 2005,2009гг.

3) Ж. Мырзабеков, П. Ибрагимов «Ветеринариялық гигиена».

4) Ж.Б. Мырзабеков  «Жалпы зоогигиена».


Информация о работе Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту