Ветеринариялық офтольмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 18:35, реферат

Краткое описание

Көзі ауыратын жануарлардың күтімі мен емі оның жалпы жағдайы мен ауруының дамуына және оның жергілікті патологиялық жағдайына байланысты ұйымдастырылуы тиіс. Кей жағдайларда дәрігер – практикант қайтымсыз көз ауруларын емдеуден бас тартуына тура келеді.басқа сөзбен айтқанда, алдымен ауруды толық анықтап алып барым ем – шараны ұйымдастыру қажет. Емдеу әдісі мен емдік препараттарды таңдау барысында, олардың бәрі жалпы организмнің қызметтерінің бұзылуымен сипатталатынын ескеру қажет. Көз ауруларына үй жануарларының ішінде ең жиі шалдығатыны ірі қара малы.

Содержание

Ветеринариялық офтольмологияда қолданылатын дәрілердің түрлері мен қолданылу тәсілдері................................................2 – 4
Ветеринариялық офтольмологияда қолданылатын жалпы және жергілікті ауырсындырмайтын, нейролептик, наркотик дәрілер және олардың әсер ету механизмі..............................................5 – 7
Ветеринариялық офтольмологияда қолданылатын қарашықты кеңейтетін, тарылтатын, антисептикалық және тарқататын (бойға сіңіретін ) дәрілер және олардың әсер ету механизмі..............8 – 9
Көз ауруларын емдеуге новокайн блокадасын және басқада патогенетикалық тәсілдерді қолдану.....................................10 – 12
Көз ауруларын емдеуге витаминдерді, антибиотиктерді және физикалық тәсілдерді қолдану................................................13 – 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

амангуль офтальмология.doc

— 104.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар көз қарашығын ұлғайту және көздің ішкі қысымын төмендету үшін пилокрпинді физостигминді немесе салицил қышқылды эзеринмен алмастыруға болады, олардың миотикалық күші жоғары болғандықтан концентрациясын 0,25 – 0,5% асырмау керек.

Көз қарашығын кеңейтетін және тарылтатын препараттардың ішінде негізгі қолданылатын препараттарға көбірек көңіл бөлеміз. Оларды дұрыс пайдалану көздің тамырлы қабығының әртүрлі іріңсіз ауруларында маңызды болуы мүмкін. Мысалы, қатерлі глаукома кезінде пилокарпинді пайдалану көздің ішкі қысымын төмендетіп қана қоймай оның болашақта жақсаруына әсер етеді, басқа сөзбен айтқанда рецидивдтің алдын аламыз.

Егер пилокарпиннің күшін жою немесе қайтару керек болса, онда оның антогонисті – атропинді пайдаланамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Көз ауруларын емдеуге  новокайн блокадасын және басқада  патогенетикалық тәсілдерді қолдану.

Жануарлардың көз ауруларын емдеуде оперативтік араласусыз жүргізілсе, жергілікті жансыздандыру жасау арқылы, қабынуға қарсы және антисептикалық препараттарды, зақымдалған тканьдердің регенерациясын жылдамдататын препараттарды қолдану арқылы жүргізіледі. Мысалы, жергілікті анестетикті пайдалану  арқылы ауырсынуды басады. Қазіргі кезде кеңінен қолданыс тапқан ауырсындырмау препараттарының бірі 3 – 5 % новокаинның концентрациясы  болып табылады. оны тамшы ретінде пайдаланады. Көрсетілген концентрацияда пайдалану, новокаинды қайталап қолданғаннан соң 10 – 15 минуттан кейін әсер ете бастайды.

Бір мезетте микрофлораларға да әсер ету үшін, новокаин ерітіндісіне химялық немесе антибиотиктердің бірін қосып қолданған дұрыс. Нововкаинның анестезиялық әсерін ұзарту үшін, оны жақпа май немесе паста ретінде пайдаланған дұрыс, оның да құрамына анестетик немесе антибиотик қосады.

Г.С. Мастыко өзінің әріптестерімен бірге сиырдың терең жаралы каратитін емдеуде мына қоспадағы жақпа майын пайдаланып жақсы нәтиже алды: новокаин 5,0, биомицин 5,0 және вазилин 90,0. бұл жақпа майын пайдалану арқылы мүйізді қабықтың лейкоцитарлы инфильтрациялық структурасының терең өзгерісінің, абсцесс пен жараның алдын алуға болады.

Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, новокаинды жергілікті пайдалану  дәрілік заттардың кері әсерін тудырмайтындығы анықталды.

Новокаинды жергілікті және тек ауырсындырмау үшін қолданылатын препарат ретінде ғана емес, жалпы терапия ретінде, орталық жүйке жүйесінің қозуын реттеу және тежеу үшін де қолданады.

Новокаин вазоконстриктор жолындағы ауырсыну рефлексінің доғасын  гиперемия тудыру арқылы бұзады.

Новокаин блокадасы нейротропты және антипарабиотикті қоздырушы болып табылады, жүйке жүйесінің жағдайын өзгертіп, зақымдалған ұлпалардағы зат алмасуды реттейді.

Новокаин блокадасы арқылы орталық жүйке жүйесіне түсетін патологиялық импульстерді қайтаруға болады, яғнионың трофикалық функциясын оптималды жағдайға түсуін  қамтамасыз етеміз.

Новокаин блокадасы организмнің сезімталдығының төмендеуіне қарай реактивтілік қаблетінің өзгеруіне  көмектеседі, сондықтан ол аллергиялық реакция кезінде жақсы әсер беретін ең жақсы спецификалық емес десенсибилизациялық заттардың бірі болып табылады.

Мал дәрігерлік тәжірибеде жануарлардың көз ауруларын емдеуде краниальды симпатикалық мойын ганглийлерін блокадалау тиімді әсер береді. Кейінгі кездерде кеңінен қолданылып жүрген әдістердің бірі көзасты жүйкесін блокадалау болып табылады.

Басқа да дәрілік препараттарды пайдалануда новокаин блокадасын жергілікті пайдалану кері әсер етпейтіндігі анықталған. Керісінше, олардың сәйкестігі репаративтік процессті үдетеді. Бұл сәйкестік әсіресе көздің жекелеген ұлпаларындағы қатты ауырсынуларда әсері жоғары, және де оның анатомиялық құрылымында қабынулы процесстердің жалғаспауы үшін жақсы әсер етеді. Мысалы, жылқының көзінің өтпелі қабынуында новокаин ерітіндісін ретробульварлы немесе ішке қолдану жоғары әсер береді.

Новокаин терапиясын қабыну процесстерінің басталу шағында қолдану жақсы әсер береді, қосымша препараттар қолданбаған жағдайда да.

Ветеринариялық офтальмологияда көптеген ғалымдар өздерінің зерттеулеріне орай әртүрлі новокайнмен тежеу әдістерін ұсынған. Мысалы,

  • П.П. Гатиннің «Көз асты жүйкесін новокаинмен тежеу» әдісі;
  • В.А. Авроровтың «Көз маңайын новокаинмен тежеу» әдісі;
  • Г.Л. Бурчеладзенің « Көздің кірпікше денесінің ганглиясын спирт – новокаинмен тежеу» әдістері ветеринариялық офтальмологияда жиі қолданылып жүр.

П.П.Гатинның әдісі бойынша  көз және оның маңайындағы тіндердің патологиясында көз асты жүйкесін новокаинмен тежеу.

Ол үшін 0,5 %-ды новокаин ертіндісін көзасты каналы арқылы жібереді. Ол сол маңайдағы дәнекер тінді аймаққа жайылады. Қосымша көз шарасының маңайына терінің астына сол ертіндіні жібереді. Алдымен көз асты тесігін топографиясы бойынша анықтап алады да, одан 1-1,5 см ауыз қуысы жаққа ығысып барып 0,25-0,5 %-ды новокаин ертіндісін ірі малдарға 40-60 мл, бұзаулар мен қойларға 10-12 мл мөлшерінде жібереді. Қосымша терінің астына сол ретпен  30-40 және 10-15 мл ертінді жіберіледі. Тежеуді 3-5 күннен кейін қайталауға болады.

В.А.Авроровтың әдісі бойынша көз маңайын новокаинмен тежеу әдісі.

Бұл әдісті көздің қасаң қабығының қабынуында, оның кілегей қабығымен қабаттаса қабынуында және көз алмасының ойық жарасында қолдануға болады. Новокаинмен тежеуді альбуцидті және тетрациклин тобындағы антибиотиктердің майымен жергілікті түрде қоса қолданғанда әсіресе көздің індетті, асқынған түрдегі ауруларында жақсы нәтиже береді. Ол үшін 1:5000 қатынасындай етіп фурацилин ертіндісін қолдануға болады. Инені үстіңгі қабақ арқылы көз шарасының астыңғы шетімен қарсы жақтағы құлақтың түбіне бағыттап 6-8 см тереңдікке еңгізеді. Екінші рет инені төменгі қабақтың ортасы арқылы сол бағытта еңгізеді. Сол ине арқылы новокаинның 0,5 %-ды ертіндісін ірі малдарға 15 мл, бұзаулар мен қойларға 7-10 мл мөлшерінде жібереді. Осы мөлшердің төрттен бір бөлігін инені шығара отырып жібереді.

Көз кірпікше денесінің ганглиясын спирт-новокаин ертіндісімен тежеу әдісі.

Г.Л.Бурчеладзенің ұсынысы бойынша бұл әдісті керато-конъюнктивиттің жіті түрінде, кератиттің іріңді және жаралы түрлерінде, иридо-цилитте және басқа да көздің қабыну патологияларында қолдануға болады. Тежеу үшін 1-2 %-ды этил спиртінде 0,25-0,5 %-ды новокаинның ертіндісін дайындайды. Инені қабақтың сыртқы бұрышының үстіңгі жағынан 0,5-1 см ішке қарай жылжытып барып 3-6 см тереңдікке еңгізеді.

  1. Көз  ауруларын емдеуге витаминдерді, антибиотиктерді және физикалық тәсілдерді қолдану.

Ветеринариялық офтальмологияда көз ауруларын емдеуде витаминдердің, антибиотиктердің және физикалық әсерлермен емдеудің маңызы өте зор. Соның ішінде антибиотиктермен емдеу жануарлар организміндегі кейбір биохимиылық құбылыстарды қуаттандыратыны, сол арқылы жалпы жағдайын жақсартып, өсуін күшейтіп, өнімділігн арттыратыны және жануарлардың ауруларға қарсы қорғаныс реакциясын күшейтетіндігі анықталды. Сол себепті антибиотиктер қазіргі кезде жануарлардың әртүрлі ауруларын , соның ішінде көз ауруларын емдеуде кеңінен қолданылып жүр.

Антибиотиктер – дегеніміз микробтарға қарсы әсері бар микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдікткрдің өсіп - өнуі кезінде бөлінетін заттар.

Антибиотиктер деген термин 1942 жылы өте көлемді де, күрделі зерттеулердің арқасында қабылданды.

Антибиотиктердің әсер ету нәтижелілігі дәрілік заттың физико – химиялық қасиетіне, мөлшеріне, пішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты әсер береді.

Малдәрігерлігі тәжірибесінде антибиотиктер химиотерапевтік, химиопрофилактикалық, антисептикалық заттар ретінде жиі пайдаланылады. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдер мен макроорганизмдерге  әртүрлі әсер етеді.

Антибиотиктердің өте кең турде қолданылатындығы мынандай жағдайларға байланысты:

    1. өздеріне ғана тән әсер теу механизмі болатындығы;
    2. микробтарға қарсы әсер ететін ауқымының кеңдігі;
    3. өте төменгі мөлшерінің өзінде нәтиже көрсететіндігі;
    4. жануарлар организміне еккеннен кейін де активтілігін жоймайтындығы;
    5. емдік және профилактикалық әсері айқын әрі жылдам білінетіндігі;
    6. жануарлар үшін уыттылығының өте төменділігі.

Антибиотиктер  басқа препараттарға қарағанда сіңімділігімен, организмнен тез бөлініп шығатындығымен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта ветеринария мен медицина саласында антибиотктердің өте көп түрі қолданылып жүр. Мысалы, эрмицин, эрициклин, грамицидин, цитрамицин, метациклин гидрохлориді, гентамицин сульфаты, новопенициллин, нитокс, левоэритроциклин, спектиномицин және т.б.

Пенициллин. Пенициллинді жасыл балдырларды өсіру арқылы алады. Пенициллин қышқылдар тәрізді төзімсіз келеді, сол себепті тез  бүлініп, қысқа мерзімді әсер етеді.

Пенициллиннің белсенділігі оның сериясына және тазалау жолдарына байланысты болып келеді. Сол себепті оның әсер ету бірлестігі бойынша мөлшерлейді. Оның 1 әсер ету бірлестігі 0,5988 мкг химиялық тұрғыдан таза бензилпенициллиннің натрий тұзына сәйкес келеді. Пенициллиннің ең жақсы еріткіші – дистилденген суда дайындалған хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісі. Бұл ерітінді рН 6 – 6,5 болған жағдайда жақсы сақталады. Пенициллиннің топтары:

  • Бензилпенициллиннің натрийлі тұзы;
  • Бензилпенициллиннің калийлі тұзы;
  • Бензилпенициллиннің новокаинді тұзы;
  • Феноксиметилпенициллин;
  • Бициллин;
  • Алмециллин.

Сонымен қатар ветеринариялық офтальмологияда витаминдердің де маңызы өте жоғары. Көз ауруларының пайда болуына витаминдердің жетіспеуі тікелей әсер етеді. Солардың бірі А витамині – ретинол.

А витамині – ретинол. Ретинол жасушада өтетін алмасудағы тотығу үрдісін, күкіртті белоктар алмасуын, жасушаның көбейіп, өсуін реттеуге қатысады.  Сол үрдістер арқылы тері, ас қорыту және тыныстау жолдары, көбею мен зәр шығару жүйелерінің ішкі клегей қабаты эпителиінің өсуін, көз қабыршығының дұрыс пигментациялануын қамтамасыз етеді.

     А витамині жетіспеген  жағдайда эпителидің жұмсақтығымен  созылмалылығы нашарлап, ол қатайып, мүйізденетіндіктен өзіне тиесілі  сыртқы орта, сондай – ақ жолдар және мүшелер іші аралығындағы шекаралық қызметін дұрыс атқара алмайды. Соның салдарынан ас қорыту, тыныстау, зәр шығару мүшелерінің жұмысы бұзылып, терінің жұмсақтығы, көздің көруі нашарлайды, белок алмасуы бұзылып, фосфордың сүйек құрамына енуі әлсірейді. Жақсы көру үшін тамақтану рационының құрамында А витамині болу қажет, ол ағзаның инфекцияларға қарсы тұрушылық қабілеттілігін жоғарлатады, сонымен қатар қараңғыда көруді және жарық сезімін қамтамасыз етеді. Оның жетіспеушілігі көз қабынуына және тауық соқырлығына әкеледі. Көз сау болу үшін С, В1, В2 және В12 витаминдерінің маңызы зор. Олар қан тамырларының қабырғасын бекітеді және орталық жүйке жүйесін қоректендіреді. Пайдалы минералды заттарға К витамині жатады. Оның жетіспеушілігі көру қабілетінің нашарлауына әкеледі. К витамині бал және алма уксусының құрамында болады.

Көздің кейбі ауруларын емдеуде физикалық әсерлерді қолдану да оң нәтиже береді. Мысалы, ыстық – суықты пайдалану, саз балшықты пайдалану және де әртүрлі сәулелерді пайдалану арқылы көз ауруларын емдеуге болады. Соның ішінде қарастыратын болсақ ыстық – суықты комфресс ретінде немесе әртүрлі қыздыратын дәрілік заттарды пайдаланып әсер етуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдетиеттер тізімі.

 

  1. Муратбаев Д.М., Ильясов Б.К. «Ірі қара малдың кератоконъюнктивитін кешенді емдеу нәтижесі». – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің хабаршысы. – Семей, 2009.
  2. Қожанов К.Н. «Ветеринариялық фармакология» – Алматы – 2007 ж
  3. К.А. Фомин. «Глазные болезни животных» - Москва – 1968 ж
  4. Интернет мәліметтері.
  5. Сайдулдин Т.С. «Орысша – қазақша малдәрігерлігі сөздігі» – Алматы. Қайнар баспасы – 1993.

 

 


 



Информация о работе Ветеринариялық офтольмология