Шошқаның гигиенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 14:26, реферат

Краткое описание

Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прфилактиканың негізі – жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.

Содержание

I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Шошқаларға арналған қоралар және оларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Қабандар гигиенасы
Аналық шошқалардың гигиенасы
Торайлардың гигиенасы
Енесінің бауырындағы торайлардың гигиенасы
Енесінен бөліп алынған торайлардың гигиенасы
Шошқаларды бордақылау гигиенасы
ІІІ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шошқаның гигиенасы.docx

— 39.37 Кб (Скачать документ)

Жас туған торайларды енесінің уызын ішкізу 2 сағаттан кешіктірілмей, алғашқы күндері тәулігіне 20-24 рет, яғни 50-60 минутта емізіп отыру қажет. Торайларды енесін емізу кезінде, бір ұядағылардың бір мезгілде емуін қадағалау керек (алғашқы күндері).

Аналық шошқалардың туғанда торайларды 10 бас, оданда артық болса, олар салмағы аз (400-800 г), әлсіз болып, енесінің уызын өздігінен сорып еме алмай, өлімге ұшырайды. Сондықтан алғашқы күндері ондай әлсіз торайларға ерекше көңіл бөліп, басқа сүті мол, торайы аз аналыққа теліп, немесе жекелеме күтім көрсетіп, енесінің бауырына салып, тері астына немесе ет аралығына 5-10 мл 30-40 % глюкоза жіберіп асырайды. 

Туғаннан кейінгі торайлардың негізгі көрегі болып, енесінің уызы мен сүтті болып саналады. Аналық шошқа 3-4 апта да туғаннан кейін тәулігіне 5-6 л сүт береді.

Жас торайлардың резистенттілігі көбінесе анасының сүттілігіне, тұрған қорасының микроклиматына, станоктар мен басқа жабдықтардың санитарлық тазалығына, қосымша азықтануына, ішетін суының сапасына тағы басқа көптеген факторларға тікелей байланысты болады. 

Жас торайлардың өсуін мезгілді тірі салмақтарын өлшеп отырып қадағалайды. Емшектегі торайлар ең жоғарғы зат алмасу процесстері мен энергия мөлшерімен ерекшеленеді.

Шошқаларды ұстау технологиясына байланысты торайларды енесінен 26-60 тәуліктік жастарында енесінен айырады. Бірақ торайларды 26 тәуліктігінде айырса, оның салмағы 6 кг, 35 күндігінде – 8 кг, ал екі айлығында 18-20 кг болуы керек. Ол кездерде торайлардың тәуліктік қосу салмағы 300-400 г кем болмауы керек. 

Енесінен айырған кездерде өсіп-жетілмеген торайларды арнайы профилакторияда немесе жеке топтарда ұстап күтеді. 

 

      6.2. Енесінен бөліп алынған торайлардың гигиенасы

      Енесінен айырған торайлар жаңа дағдаланбаған ортаға түскеннен кейін жиі күйзеліске ұшырап, резистентілігі төмендейді. Торайлар енесінен айырғанда мазасызданып, азыққа қарамай, қатты уайымдап кетеді.

Сондықтан торайларды енесінен айырғаннан кейін төрт ай бойы күтіп-бағу шошқа етін өндіру технологиясының жауапты кезінің бірі болып есептеледі.

Енесінен айырғаннан соң, стресстен сақтандыру үшін, станоктағы аналық шошқаны бөліп басқа станокқа алады дағы, 7-10 тәулік бойы торайларды сол өздері үйренген орындарында ұстайды.

Енесінен айырған торайларды өсіріп-жетілдіру станоктарына орналастырудың алдында олардың терісін дезинфекциялау және дезинсекциялау жұмыстарын жүргізеді. Торайлардың терілерін жылы сабын (СК-9) ертіндісімен, ал аяқтарын 0,7 % хлорамин немесе 0,5 % лизол ерітінділерімен жуады. Ондай өңдеуден өткеннен кейін торайлардың бір ұядағысының екіншісінен бөлінетін ерекше иістері жоғалып, олардың өзара төбелестері азаяды.

Бөлінген торайлардың арасында азық стрессі болудан сақтандыру үшін, оларды 4-5 тәулік бойына бұрынғы берілген азықтардың орнына жаңа түрін біртіндеп өсіре отырып, азықтандырған жөн болады. Енесінен айырған торайларға бір мезгілде азықтарын ауыстырып және басқа орындарын алмастырып топтау жұмыстарын жүргізуге немесе профилактикалық егу, зерттеу тағы басқадай зооветеринариялық шараларды қабаттастырып істеуге болмайды. Әрбір ондай шошқаларды мазалап топтау жұмыстары, олардың салмағының 5-7 % төмендеуіне апарып соғады.

Енесінен айырған торайлардың қораларының ауасының микроклиматы нормативтік көрсеткіштерге сәйкес болмаған жағдайда олардың салмағы төмендеп, жүдеп, ауруға ұшырайды да, арасында өлім-жітімге ұшырауы артады.

 

  1. Шошқаларды бордақылау гигиенасы

Шошқа шаруашылығында еттік бағытта жас шошқаларда бордақылау, оның ішінде беконды (қақтап тұздауға арналған) семірту және ірі шошқаларды майланғанша бордақылау болып екіге бөлінеді. Бордақылау шошқа шаруашылығында ет өндірудегі соңғы процесс болып саналады. 

Бордақылауға жас шошқаларды және бракқа (жарамсызға) шығарылған үлкен малдарды қояды. Бордақылауға жас шошқаларды 2,5-3 айлық жасынан, тірі салмағы 25-30 кг жеткенде 20-25 бастан топтап және топтағы шоқалардың салмақтарының алшақ айырмасы 3 кг аспайтындай біріктіріп станоктарда ұстайда.

Құнарлы азықтармен көректендіріп, бордақылау кезінде қалыпты жағдай тудырып, күтіп-баққанда жас шошқалардың тәуліктік салмақ қосуы жоғары болып (700-1000 г) шығады. 

Бордақылау кезінде азықтың құнарлылығына баға бере отырып, ондағы аминқышқылдарының рациондағы мөлшерін анықтап, көңілді аса лизин қышқылына бөліп, оның жетіспеушілігін рационға балық, ет және сүйек ұндарын, бұршақты тұқымды өсімдіктердің шөп ұндарын және арнайы синтетикалық (жасанды) жолмен алынған лизинді қосып қалыптау қажет. 

Бордақылау шошқаларына арнап рацион құрған кезде, оның құрамына кірген азықтардың ет және май сапасына тигізетін әсермен ескеру керек.

Бордақылау кезінде ең жоғарғы сапалы өнім шошқаларды аралас жүйелі азықтандыру жолы мен (бірінші жартысында – еркінше, ал екінші бордақылау жартысында – нормалы азықтандыру) алынады. 

Шошқаларда бордақылау кезінде, көбінесе бір-бірінің құйрық ұшын, құлақтарын жеп (каннибализм), елеулі жарақаттар түсіреді. Ондай каниболизм, көбінесе орындар, станоктар тар болып жетіспегенде, микроклиматтың бұзылуы, азықтандырудың кемшілігі, тағы басқа стрестік жағдай тудыратын факторлардан болады. [3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Садуақасов С. М. «Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы» (ІІ кітабы). Оқулық. Алматы, 2010 ж. 88-89 бет.
  2. Мырзабеков Ж. Б., Ибрагимов П. Ш. «Ветеринариялық гигиена». Оқулық. Алматы; ҚазҰАУ, «Агроуниверситет» баспасы, 2011 ж. 336-345 бет.
  3. Ғаламтор. http://kaz2.docdat.com/docs/index-122498.html?page=2

Информация о работе Шошқаның гигиенасы