Паразитти кенелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 18:28, реферат

Краткое описание

Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кене.docx

— 91.71 Кб (Скачать документ)

Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда  бұл салада академик Илларион Григорьевич  Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты.

Адам үшін қышыма кене —  өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2—0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан  ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық  көруге болады. Қышыма кене адамның  терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әре-кетінен денеде қотыр  пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып-талып, әлсірейді.

Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдардың қотырын  емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Бұл үшін малды басын  далада қалдырып, мойнынан қатты қысып  тұратындай тетік жасайды да, паразитті  өлтіретін улы күкіртті ангидридпен  ыстайды. Ауыл шаруашылық жануарлар  мен өсімдіктердің зиянкестері.

Кенелер азық-түлік қорьш  бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен  зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер, мысалы, қамба кенесі, сүтсірне кенесі азық-түлікті  орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе  қамба кенесінің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез  көбейеді де, астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа  айналдырады.

Мамықкенелер құстардың  денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе-тауыққа) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы  қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл  томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды, Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата  алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл  томпақтарға қарамай немесе креолин  жағып емдеуге болады.

Үй хайуанаттары тері кенелерінен  де зардап шегеді. Бұлар қышыма кенеден  ірірек—1 мм шамасындағы жәндіктер. Теріге жабысып алып, малдың қанын  сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең - қаны шығар. Киімді қаға берсең — шаңы шығар» демекші, терінің жүні ғана түсіп қоймай, мал азып, титықтайды. Тері кенесінен  қутқару үшін қойды жүнін қырыққаннан  соң креолинді суға тоғытады.

«Қансигек» ауруы мал  шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 проценті шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді де, мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды.

Бұл кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады, сондықтан кенелерді  кездестірген жайылымнан малды 9 айдай  кенесіз басқа табынға ауыстырса, мал  пироплазмозбен ауырмайтын болады.

Құрт пішінді, мөлшері 0,1—0,2 миллиметрден аспайтын ұсақ берішкенелер әр түрлі өсімдіктердің шырынын  сорып, олардың ұлпасын және мүшелерін  зақымдайды, сөйтіп өсімдік денесінде  беріш түзіледі.Дене тұрқы бір  миллиметрге жетер-жетпес алма кенесі алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Үрықтанған кененің  аналығы ағаш қабығының астында  қыстап, сәуір айында қоректенуге  шығады, бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен  қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7—9 рет ұрпақ  береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта 2- 4 дара кене байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.

Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі — өрмеккене. Мөлшері 0,2—1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқыаяқтарында  өрмек бездері болады.

Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор  зиян келтіреді. Кенелер өсімдік  жапырағынан шырын сорып, олардың  өсіп - өнуіне кедергі келтіреді, сөйтіп әлсізденген өсімдік солады. Ұрықтанған аналық кенелен қыркүйек – қараша айларында қыстамаға жатып, ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы  күрес шарасы жүргізіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Jump up ↑ Қазақ энциклопедиясы
  2. Jump up ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  3. Jump up ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0

 


Информация о работе Паразитти кенелер