Латын терминологиясының тарихы
Реферат, 14 Октября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Латын тілі-біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын ,қазірге Италия мемлекеті орналасқан Апеннин түбегінің орталығындағы Лациум аймағында өмір сүріп ,тіршілік еткен «латинян» деген тайпаның тілі. Аталған аймақтың орталық қаласы б.з.б. VIII ғасырда іргетасы қаланған , қазіргі кезде Италия мемлекетінің астанасы Рим қаласы болатын. Лациум аймағыныің халқы б.з.б.III-IІ ғасырларда көптеген көрші елдерге соғыс ашып,оларды (Грекия,Македония,Карфаген,Сирия, Мысыр, Галия,Британия,Азия мен Африканың біраз жерлері) күшпен бағындырып, халқының құрамы әр түрлі және әр тілде сөйлейтін Рим империясын құрды
Содержание
I.Кіріспе бөлім
1.1.Латын терминологиясының тарихы
1.2. Латын тілі туралы
1.3.Латын тілі-ғылым тілі
1.4.Тілдің жаңа тарихы
II. Негізгі бөлім
2.1.Жан Батист Ламарктің өмірбаяны
2.2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы
2.3.Жан Батист Ламрктің ғылымға енгізген жаңалықтары
2.4.Жан Батист Ламарктің тұжырымына берілген баға және оның
кемшіліктері
III. Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Прикрепленные файлы: 1 файл
симош.docx
— 38.33 Кб (Скачать документ)Жоспар
I.Кіріспе бөлім
1.1.Латын терминологиясының тарихы
1.2. Латын тілі туралы
1.3.Латын тілі-ғылым тілі
1.4.Тілдің жаңа тарихы
II. Негізгі бөлім
2.1.Жан Батист Ламарктің өмірбаяны
2.2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы
2.3.Жан Батист Ламрктің ғылымға енгізген жаңалықтары
2.4.Жан Батист Ламарктің тұжырымына
берілген баға және оның
кемшіліктері
III. Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I.Кіріспе бөлім
1.1.Латын терминологиясының тарихы
Латын тілі-біздің дәуірімізден
бірнеше ғасыр бұрын ,қазірге Италия мемлекеті
орналасқан Апеннин түбегінің орталығындағы
Лациум аймағында өмір сүріп ,тіршілік
еткен «латинян» деген тайпаның тілі.
Аталған аймақтың орталық қаласы б.з.б.
VIII ғасырда іргетасы қаланған , қазіргі
кезде Италия мемлекетінің астанасы Рим
қаласы болатын. Лациум аймағыныің халқы
б.з.б.III-IІ ғасырларда көптеген көрші елдерге
соғыс ашып,оларды (Грекия,Македония,Карфаген,Сирия,
Мысыр, Галия,Британия,Азия мен Африканың
біраз жерлері) күшпен бағындырып, халқының
құрамы әр түрлі және әр тілде сөйлейтін
Рим империясын құрды. Оның территориясы
қазіргі замандағы батысы Португалиядан
басталып, шығысы Румыниямен шектеліп
жатқан үлкен аймақты алып жатты.Латын
тілі Рим империясының ресми мемлекеттік
тіліне айналып,мемлекет құрамындағы
барлық халықтар латын тілінде сөйлеп,жаза
бастады.Демек, латын тілі халықаралық
тіл деңгейіне көтерілді. Рим мемлекетіне
дейін ғылыми,әдеби және мәдени жағынан
дәуірлеп дамыған Грекия тілі де , латын
тілімен қатар Рим империясы өміріне үлкен
ықпал етіп,өз кезегінде латын тілінің
ғылым,әдебиет,мәдениет тілі ретіндегі
дамуына зор әсерін тигізді.
Ветеринария саласындағы
латын тілін үйренудің бірден бір мақсаты-ол
болашақ латын терминологиясына сауатты
мал дәрігерін дайындау.Қазір латын тілі
“өлі” тілге жатқанымен, біздің күнделікті
тіршілігімізде латын және грек терминологиясын
кеңінен қолданатынымыз белгілі. Мысалы:
ректор,доцент,декан,ассистент,институт,факультет,аспирант,
лаборант,студент,диссертан,аудитория,конкурс,аппетит,конкурс,прогресс,регресс,питиция,обсерватория,резерв,стиль,орнамент.
Бұл сөздер біздің қолданып жүрген терминдеріміздің
аз ғана бөлігі деп айтуға болады. Латын
тіліндегі афоризмдер мен мақал-мәтелдермен
тыңғылықты бір ойды,тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін білдіреді. Бұл афоризмдер
біздің заманымыздан бұрын және одан кейін
өмір сүрген атақты ғалымдар,философтар,ақындардан
қалған аманат. Кейбір афоризмдер медицина
мен ветеринарияда деонтологиялық (деон-міндет,
логос-ілім) міндетті заңдылықтарға ие.
Мысалы: medice,aegrotum,sed non morbum-дәрігер,ауруды
емес,ауырған жанды емде немесе primum non
nocere – ең алдымен зиян келтірме.
Латын тілі үнді-еуропалық топтың ең көне тілдерінің бірі.Латын тілі Апеннин жарты аралында көне Лаций (Лацио) мекенінде орналасқан Latini тайпасының атынан шығып отыр. Аңыздарға қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 753 жылдары осы аралда ағайынды Ромул және Рем Рома (Рим) мемлекетін көтерді.Рим мемлекетінің шапқыншылық- басқыншылық саясатының арқасында , оның шекарасы барған сайын кеңейіп,Жерорта теңізінің бассейінінде ған емес,жақын жатқан жерлердің бәрін бағындыруының арқасында Рим мемлекетінің шекарасы үлкейіп , отарланған елдеріне латын тілінің де ықпалы жүре бастады. Бірақ, осыған қарамай , б.э.д.146 жылдары өзі бағындырған Греция жеріне латын тілінің әмірі жүрмеді.Керісінше, Греция және Шығыс елдерінде латын тілі тарихы тереңде жатқан,мәдени деңгейі биік жергілікті тілдерді бағындыра алмай,эллин мәдениетінің ықпалына енді. Рим империясында грек философтары ,дәрігерлері,жазушылары дәріс оқыды. Сауатты римляндықтар міндетті түрде грек тілінде сөйлескен. Мектептерде грек тілін оқытты,өйткені грек тілі ғылымның көп саласына жол ашты. Сөйтіп, грек тілі латын тілінің қойны-қонышынан бір-ақ шықты. Кірме грек тілі латындандырылды және әліппесінің кеңеюіне алып келді. Латын әліппесіне ипсилон және зета деген екі әріп қосылды.
Латын тілінің тарихында келесі 2 кезең көрініс береді:
Архаикалық кезең (б.э.д. 650-480 жылдары) осы заманнан қалған қолжазбалардан дерек береді. Б.з.б. IV ғасырларда өмір сүрген Аристотель жануарлар және өсімдік әлемін VI ғасырда өмір сүрген Аристотель жануарлар және өсімдік әлемін қорытындылауға тырысқан, ал оның оқушысы Феофраст (IV-III б.з.б) өсімдіктердің құрылысы және көбеюі туралы трактат жазып қалдырған.
Классикаға дейінгі
кезең (б.э.д. 3 және 2 ғасырларда)-әдеби
латын тілінің аяққа тұру кезеңі
болып табылады. Бұл заманнан
Теренция мен Плавтаның комедиялары,
Энния мен Невияның поэзиялары,
Катонның «Жер игеру» туралы
трактаты хабар береді.
Латын тілінің ең жоғарғы биігіне жеткен кезеңі, бұл б.з.б I ғасырда император Августың билік құрған кезеңі – «Алтын кезең». Алтын немесе классикалық кезең, латын тілінің грамматикалық, синтаксикалық және стилистикалық мәресіне жеткен кезеңі.
Латын тілінің «Күміс дәуірі» (б.з. 14-117 ж ) классикалық латын тілі дәуірінен шегінген уақыты.Бұл кезде латын әдеби тілінің фонетикалық морфологиялық заңдылықтары және орфографиялық анықтамалары толық деңгейіне жеткен кезеңі болатын.Бұл заманның көрнекті жазушылары- Петроний, Марциал,Тацит,Сенека және Ювенал.
Келесі кезең латын тілінің соңғы дәуірі (б.з.2-5 ғасырларда) алады.Бұл дәуір латын тілі Еуропаның басқа да елдерінің тілдерімен араласып кеткен кезеңі. Бұл кезеңде тарих,заң,жер игеру,сәулет өнері дамып,әдеби шығармалар көп жазылды.Біздің заманымыздың 5 ғасырында Рим империясы құлдырағаннан кейін де,латын тілі әдеби және сөйлесу құндылықтарын жойған жоқ. Бұл кезеңде қазіргі Италия,Франция,Испания,Румыния елдерінің территориясында роман тілдері қалыптаса бастайды. Осыған қарамастан ,әр мемлекет ортақ тілге зәру болды-бұл тіл көп ғасырлар бойы мемлекеттік мекемелер ,дипломатия,шіркеу,білім және ғылымда пайдаланған –латын тілі болып келеді.
Қайта жаңғыру кезеңінде (15-16 ғасыр) Еуропа елдерінің интелектуалдық, мәдени,заң,ғылым саласына латын лексикасы қайтадан зор ықпал ете бастайды.Осы заманда жаңа латын әдеби тілі көркейеді.
Әрине,латын жазбасы «тез» пайда болды деп айтуға болмайды, тіл қалыптасу жолында барлық процестер ұзаққа созылады, кейде көптеген мыңжылдықтар аралығында қалыптасады, латын тілі мен латын алфавиті де баяу және өз ретімен дамыды. Латын алфавитінің қазіргі бізге үйреншікті аяқталған түрі б.з.д VI-ІІІ ғ.ғ қалыптасқан. Латын жазбасының алғашқы ескерткіштері (тастағы және әртүрлі нәрселердегі жазбалар) ежелгі грек жазуымен туыстығын көрсететін архаикалық әріп жазбасымен ерекшеленді. Көптеген ежелгі латын жазбалары жазуды оңнан солға қарай жазған, тек б.з.д ІV ғ. жазу сол жағынан оңға қарай бағытталып тұрақты орнатылды.Кейіннен классикалық латын жазуы да бірқатар өзгерістерге ұшырады. Б.з.д І ғ. бастап У және Z тек грек тілінен шыққан сөздерде пайдаланылды. Антик кезеңінен кейін әріптерді жазбаша және қатармен бөлу пайда болды, сонымен қатар тыныс белгілер мен диакритикалық белгілер (әріптің үстінен немесе астынан қойылатын белгілер мағынасын анықтау үшін қолданылады). Б.з.д ХІ ғ. W әрпі, ал ХVI ғ.- J және U әріптері еңгізілді.Латын тілінің бүкіл тарихы және ежелгі Рим тарихының ең бір ерекше және қызықты сұрақтарының бірі-Римнің мәдени ізбасарлары мен саяси бәсекелестер латындар мен этрускілердің қарым – қатынастары болған еді. Этрускілердің пайда болуы мен тілінің қалыптасуы, айтылып кеткендей, әлі күнге дейін анықталмаған. Этрус тілі жерортатеңіздік тіл тобына жатады (Оңтүстік Еуропа мен Жерорта теңізі аралдарындағы үндіеуропалық тіл қатары емес). Мүмкін, этрусс алфавиті грек алфавиті негізінде қалыптасқан. ХVIІІ ғ. этрус теориясындағы латын тілінің қалыптасуының теориясы пайда болды, бірақ этрус тілі жайында мәлімет өте аз болғандықтан (аз ғана жазбалар сақталған, олардың қазіргі таңда тек 150 сөзі ғана шешілген), оны анықтау мүмкін емес.Этрускілер Римнің солтүстік батысында орналасқан Этрусияда мекендеген және олар жоғарғы мәдениетке ие болған ( ол жайлы этрус өнерінің ескерткіштері мәлім етеді). Римдікдер этрускілерден өнер (сонымен қатар әскер өнері),саяси мәдениет пен діни әдет – ғұрыпты қабылдапты. Б.з.д VIғ. этрускілер Римнің оңтүстігіне жылжуының нәтижесінде Тарквини этрусс династиясынан шыққан патшалардың қол астына енуіне тура келді. Ақырғы Тарквинидің қуылуы нәтижесінде (б.з.д 510 жылы, осы кезеңде Рим республика болып жарияланды) этрускілердің үстемдігі нашарлай бастады. V –VI ғ.ғ. олар толығымен саяси дербестігін жоғалтып, Римнің қол астына енеді. Біздің заманымыздың басында этрускілер толығымен романдалды, ал олардың тілі уақыт өте келе ұмытылды.Этрускілерді күреспен жеңген уақыт Рим гегемониясының алғашқы кезеңі болды, б.з.д ІІІ ғ. бастап Римнің экономикалық және саяси жағдайы жоғарлай бастайды. ІІІ ғ. аяғында Орталық қала Лациум өз билік астына италиялық қалалармен аймақтарды біріктірді. Үш Пуни соғысы (ІІІ ғ.орт. –ІІ ғ. орт.) нәтижесінде римдіктер Батыс Жерорта теңізі мен Карфагенді өзінің мықты қарсыластарын жеңген. Б.з.д І ғ. аяғында Римнің қол астында бүкіл Жерорта теңізі, Испаниядан Грецияға, Азия мен Египетке дейін, қазіргі Франция территориясы, Англия мен Германиянің кейбір бөліктері және т.б жерлер енген. Кейінгі дәуірлерде империялық Рим мемлекеті жоғарғы билікке ие болды. Италиянің бірігуі нәтижесінде латын тілі римдік мемлекеттің ресми тіліне айналды. Әртүрлі халықтарға жататын және әртүрлі тілде сөйлейтін Италия аймақтарындағы тұрғындар римдік азаматтықты алып, өзінің біріккен тұтас мәдениетінің бір бөлігі ретінде сезді.Латын тілі бүкіл Апенин түбегіне тараған, кейін тіпті Галия мен Испания халқымен қабылданып алынды.