Ауески ауруы. Шошқа лептоспирозы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 14:26, реферат

Краткое описание

Ауески ауруы (Morbus Aujesztcy, болезнь Ауески) - жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышыма белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылыгына тигізер зияны айтарлықтай. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-90%-ға дейін қырылады. Ересек шошқалар төзімді, ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де, әдетте өліп қалады.

Содержание

1. Ауески ауруы. Қоздырушысы . Патанатомиялық өзегрістер.
2. шошқа лептоспирозы, қоздырушысы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

пат 6 апта гуми.docx

— 22.04 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

 

     СӨЖ

 

 

 

Тақырыбы: ауески ауруы. Шошқа лептоспирозы.                                              

 

                                                                     

 

                                                                       

 

 

                                                                        

                                                                          Орындаған: Алмасова Қ

                                                                          Тексерген:  Нуркенова М.К.

                                                                        

 

 

 

                                      Семей қаласы 2015

 

     Жоспар 

1. Ауески ауруы. Қоздырушысы . Патанатомиялық өзегрістер.

2. шошқа лептоспирозы, қоздырушысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауески ауруы (Morbus Aujesztcy, болезнь Ауески) - жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышыма белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылыгына тигізер зияны айтарлықтай. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-90%-ға дейін қырылады. Ересек шошқалар төзімді, ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де, әдетте өліп қалады. Ауырып жазылған шошқаның өсуі баяулап, асыл тұқымды жануарлар құнын жояды. Карантин мен басқа да шаралар шаруашылыққа зор зиян келтіреді.

Қоздырушысы - Suid  herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастыгына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.

Жетілген вириондары 180-190 нм, липопротеидгі қабығы бар. Барлық ауыл- шаруашылық малдары, терісі бағалы аңдар, жабайы жануарлар мен кемірушілер үшін зардапты. Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал, сондықтан оны балау үшін биосынамаға пайдаланады. Табиғатта уыттылығы әр түрлі штаммдары кездескенімен бұл вирус антигендік қасиеті жағынан біркелкі.

Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатын- дар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің, әсіресе торайлардың ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.

Патанатомиялық өзгерістер. Шошқа, күзен және бұлғыннан бас- қа өлген жануарлардың денесінде үйкелген жерлерінің жүні түсіп, терісі бүлінген, тері астындағы шел жалқақтанып, қанталаған. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары домбыққан, толық қанды. Ет қоректілердің қарны көп жағдайда желінбейтін заттармен аралас қоректік заттарға толы болады. Қарын мен ішектің кілегейлі қабығы гиперемиялы қанталаған. Үлпершек ағзаларда қан іркіліп, эпикардтың асты жолақтанып қанталаған, қуық несепке толып, кілегейлі қабығы қанталаған. Ми қабығының қан тамырлары білеуленіп, ми мен оның қабығы домбыққан.

Шошқада, негізінен, өліеттеніп ойылған тонзилит және өкпенің домбы- ғуы қатарлы бронхопневмония ошақтары кездеседі. Әр түрлі үлпершек ағзаларда, лимфалық ұлпаларда, оның ішінде жұтқыншақ сөл түйінінде жекелеген немесе көптеген бозғылт-сары ұсақ өліеттенген ошақтар кездеседі.

Екі айға дейінгі торайларда әдетте ми мен жұлын қабынып, ми домбы- ғады, ал оның бүйіріндегі қарыншаларында едәуір сұйық зат жиналады. 3-4 апталық торайларда өлі ошақтар әдетте кездеспейді. 

Алдын-ала диагнозды індеттанулық және клиникалық белгілері, патанатомиялық және зертханалық тексерудің нәтижесі арқылы қояды. Аурудың басты белгісі - қышынып, терінің үйкелуі. Шошқа қышынбайды. Торайларда энцефалиттің белгілері, ал ересек шошқаларда тұмауратқан пневмонияның белгілері басым болады. Иттер мен мысықтардың арасында болған ауру мен өлімді, кемірушілердің жаппай қырылуын ескеру қажет.

Түбегейлі диагноз зертханада міндетті түрде үй қояны мен жас мысыққа қойылатын биосынаманың нәтижесі бойынша, бактериологиялық тексерудің нәтижесін ескере отырып қойылады. Зертханаға ұсақ жануардың өлексесін тұтастай, ал ірі малдың басын немесе миын, ішкі ағзаларының (шошқаның міндетті түрде өкпесінің) кесінділерін және лимфа түйіндерін жібереді. Жаздың күні материалды 50% глицеринмен немесе ас тұзының қаныққан ерітіндісімен консервілейді. Материалдан алынған суспензияны зертханалық жануарғабұлшық етіне жібергенде 3-5 күн өткенде елігіп, қасынып Ауески ауруына тән белгілер пайда болады.

 

Лептоспироз - аз уақыттық безгекпен, қан аздықпен (анемия), кілегей және сірі қабықтардың сарғыш тартуымен, гемоглобинуриямен, геморрагиялық диатезбен, кілегей қабықтар мен терінің өліеттенуімен, ас қорыту ағзаларының атониясымен және түсік тастаумен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырушылары мен олардың сипаттамалары:

Лептоспиралар Leptospiraceae тұқымдасына жатады. Екі түрі бар: зардапты - L. interrogans және сапрофитті - L.biflexa.

Жануарлар патологиясында төмендегі серотоптардың маңызы зор: L.pomona, L.hebdomadis, L.tarassovi, L.canicola, L.grippotyphosa, L.icterohaemorrhagiae, L.sejroe.

Лептоспира - спираль тәрізді, түзу немесе айналмалы қозғалғыш бактериялар. Микробтың ұшы ілмек тәрізді иіліп келеді де осыған қарап оларды оңай тануға болады. Ал өсінділерде кейбір штамдардың клеткаларының ұштары түзу болуы мүмкін (ілмексіз лептоспиралар). Лептоспиралардың орташа ұзындығы 6-20 мкм, ені 0,1-0,6 мкм. Ұзындығына қарай спираль иректерінің саны 20-ға дейін жетеді. Ұзақ уақыт in vitro өсірген кезде кейбір клеткалардың ұзындығы орташа ұзындықтан 2-3 есе асып кетуі мүмкін. Керісінше патологиялық материалда лептоспиралар клеткалары өсіндідегіге қарағанда анағұрлым қысқа болып келеді. Лептоспира құрылысында осьтық жепше және оған спираль тәрізді оралған цитоплазматикалық цилиндр белгіленеді. Клетка қабықшасы грам теріс бактерияларға ұқсас, бірақ жағынды бояғанда морфологиясы өзгереді. Сондықтан лептоспираларды көп жағдайда тірі күйінде зерттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Сайдулдин Т.С. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. - Алматы, «Полиграфия-сервис и Кº», 2009, 516 б.

2. Смирнова Н.И. Руководство к практическим занятиям по ветеринарной микробиологии. – Минск, 1977, 187 с.

3. Стоянова Н.А., Дайтер А.Б. Лептоспироз в вопросах и ответах.- Санкт-Петербург, 1991, 34 с.

4. Тимаков В.Д. и др. Микробиология.– М., «Медицина», 1980, 351 с.

5. Томеску В., Гаврилэ И., Гаврилэ Д. Зоонозы. Болезни животных, передающиеся человеку /перевод с рум. Л.Х.Левенгуля/ - М.: Колос, 1982, 319 б.

6. Толысбаев Б.Т., Бияшев К.Б. Микробиология және иммунология. Алматы, Нур-принт, 2008,- 493 б.


Информация о работе Ауески ауруы. Шошқа лептоспирозы