Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны 1.1Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны 6
1.2.Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны 13
1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұны 21
ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқтық сипаттамасы 2.1.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті 30
2.2.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жағының сипаттамасы 35
2.3.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың жіктелген белгілері 43
2.4.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заңсыз кәсіпкерлікті алдын алудың негізгі құралы 49
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттертізімі 62

Прикрепленные файлы: 1 файл

дип касип кызмет.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

«Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық» туралы заңда жеке-меншіктік қосалқы шаруашылық - ауылды жерде, қала маңында орналасқан жер учаскесінде өзінің мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге құқық меншік құқығында немесе елді мекендер мен қосалқы жерлердің ауыл шаруашылығы арналымының жерлерінен жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар азаматтарға жатады.

Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін азаматтарға берілетін жер учаскелерінің шекті мөлшері, мал ұстаудың нормативтері заңнамалық түрде регламенттелінеді.

Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың:

  • елді мекенге бөліп берілген ауыл шаруашылығы арналымының жерлерді жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалануға;
  • кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер және ассоциациялар құруға, сондай-ақ жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтардың қызметі мен жұмыс істеуінің ортақ мәселелерін бірлесіп шешу мақсатымен олардың құрамына кіруге;
  • ауылды мекенді орналастыру жобасына сәйкес жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге қажетті тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар мен ғимараттар салуға құқығы бар.

Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік іс ұғымы - бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола апады. Сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:

  • 1) жалпыға ортақ белгіленген тәртіп;
  • 2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • 3) оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • 4) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. (мұндай тәртіп сақталынған жағдайда).

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режімі қарастырылған.

Құмар ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер құмар ойын бизнесі салығын сондай-ақ құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемін төлейді.

Дара кәсіпкерлер салықтарды есептеу мен төлеудің онайлатылған тәртібін пайдаланатын шағын бизнестің субъектілері болуы мүмкін. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, тәртібін өздері таңдай алады.

 

 

1.3.Кәсіпкерлік қызмет пен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұны 

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салу кәсіпкерлік құқықтық негіздердің бұзылуының салдарынан болатын жәйт. Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы,  А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық  құқық ие болатын еді.

П.И. Стучканың  түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екісекторлық құқық теориясын» шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.

ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді  зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы  ымыраны талдауды көздейді.

ХХ ғ –ң  50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық  құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет  құқықтанушылары шаруашылық  кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.

ХХ ғ-ң 90 жылдарында  Ресейде жоспарлы  экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан  тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.

Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және азаматтық.

Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас «тігінен» тұрғызылады. Ал азаматтық құқық  мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды «көлденен » тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.

 Кәсіпкерлік құқық  пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз : Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған. Сонымен қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде  РФ 23,51  статьясында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Екінші топқа – кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты қатынас жатады. Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен реттеледі.

  Азаматтық құқықтың  бір бөлігін көпшілік – құқықтық  әдісімен реттейді. Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады, тауарларды сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету, осының бәрі мемлекеттік келісім-шарт арқылы жасалады. Бүгінгі таңда құқық ғалымдарын таныстыру, кәсіпкерлік саланы реттеуде екі негізгі тұжырымдаманы қарастырады.

 Манистикалық тұжырымдаманы  ұстанушылар профессор Б.С. Мартемьянов, И.В.Дойников, академиг В.В. Ловтев-ң  көз қарасынша, яғни кәсіпкерлік  және шаруашылық құқық- өз бетінше  құқықтық саланың бірыңғайлық  пәні деген.Осы салалар өз күшіне  мынадай норманы ығыстырады, яғни кәсіпкерлік қатынас  коммерциялық емес қатынаспен және эконмиканы мемлекеттік реттеу қатынасын бір- бірімен тығыз байланыстырады.Заманға сай жағдайларда мемлекет   пен нарық арасындағы байланысты кәсіпкерлік саланың әдісімен реттеу мүмкін емес.Профессор Е.А. Суханов кәсіпкерлік саланы реттеудің «Дуалистік тұжырымдамасын» шығарды. «Дуализм»  сөзі, жеке құқықтық қатынас пен тауар өңдірушілер арасындағы азаматтық құқықты реттеу. Есептеу кезінде қолданбалы мақсаттарды белгілеу әрқашан рұқсат.

ХХ ғ басында атақты орыс өркениетшісі  Р.Ф. Шерменевич “тауар құқығы” пәнінен сабақ бергенде, оны өзіндік сала құқығы деп санады, ол тауар құқығына мынандай жауап берді: ол жеке құқықтың нормасы,яғни коммерциялық айналымды реттеу, бірлікті кәсіпкерлердің қарым-қатынасын реттеу деп таңыды. Осыған байланысты ол көпшілік және жеке тауар құқығын бөліп қарастырды.

Көпшілік тауарлық құқық – ол мемлекеттік және тұлғалар арасындағы тауарлық қатынасты реттейді. Жеке кәсіпкерлердің, банктердің, қозғалыстардың құқықтық жағдайларын анықтайды.

Жеке тауарлық құқық – тауар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді. Қазіргі кәсіпкерлік құқықты көпшілік тауарлық құқық ретінде қараймыз. Кең мағынада, сауда кәсіпкерлік саланың бір түрі болып анықталады. Егер біз шетел ғалымдарына құлақ салсақ, кәсіпкерлік құқыққа қызығушылық таңытатын кәсіптік экономикалық жатады. Бұндай кәсіпкерлік құқықтың кең мағынасы басқа құқықөтық саланың пәнін шектей қоймайды. Сондықтан кәсіпкерлік құқыққа басқада дәстүрлі салаларды  да жатқызуға болады; олар : экологиялық, жергілікті және еңбек құқығы. Оларға санитарлық –эпидемиялық зерттеулер керек етілмейді. Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып, қолданбалы мінез танылады, оны білім алу мақсатында пайдаланады. Олар бөлек бөлімшелерден тұрады. Олар : қаржылық құқық, бәсекелік құқық және т.б.

 Кәсіпкерлік құқық  кең мағынада әр түрлі құқықтық  нормаларды қосады, ол бизнеспен  тығыз байланысты. Бизнес, ол  өз  ішінде бір сала болып табылады. Ол бір компаниядан екінші  компанияға әр сала түрін қарастырады.Оған  көрсітілген  қызмет  қаржылық қорытынды шығару.

Кәсіпкерлік құқық ойдағыдай ғылыми – методологиялық жүйелер қолданылады. Азаматтық құқыққа қарағанда РФ – ғы кәсіпкерлік құқық бірыңғай, шоғырландырылған құқықтық акт болып танылады. Кәсіпкерлік құқықтың ғылыми тұжырымдамасы ақталуына қарай келеселерімен бөлінеді.

  1. Нарықтық шаруашылық жүйесі.
  2. Осы жүйені объективті түрде реттеу.

 Кәсіпкерлік құқық  ғылымын кіріспенің методологиялық  және ғылыми – теориялық жүйесін  анықтау арқылы жүзеге асырылады. Біздің көз қарасымыз бойынша кәсіпкерлік құқықты келесі себебтер бойынша бөліп қарастырамыз.

  1. Кәсіпкерлік саланың анықтамасы, сонымен бірге  РФ –ғы  азаматтық кодекспен белгіленген кәсіпкерлік құқықтың негізгі принциптері.
  2. Азаматтық кодекстен алшақ орналасқан нормативтік акт, олар арнайы кәсіпкерлермен мүлікті қатынас арасындағы реттеуді бақылау.

 Құқықтық кодекс –  бұл құқықтық салаларды реттеу, мысалы, совет одағындағы көптеген  саюз республикалары әкімшілік  кодексін иеленді.

Ресейлік құқық жүйесі - әр саланың бөлінуін білдіретін құрылым. Кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік саланың заңдарын қарастырады. Бұл заңдар біздің елде әртүрлі сұрақтарды қарастырады. Ол сұрақтар мәдениетпен, ғылыммен, экономикамен, кәсіптік саламен тығыз байланысты. Құқықтық сала, өзінің анық пәнімен реттеледі. Заңдық білім алу жүйесінде мынандай тәртіптер қарастырылады. Мысалы, қылмыстық іс қозғалысы, заңдық психология.Осыларды зерттеу үшін әр түрлі құқықтық салаларды қарастырады.Мысалы, көптеген ВУЗ –да осындай тәртіптерді көлік құқығы сақтандыру құқығы секілді ұғымдар мен байланыстырады.

  Әдет – ескі заманнан  келе жатқан құқықтың бір түрі. Әдетпен істің айналымын жүргізу  кең мағынада кәсіптік саланың  құқығын қолдануын көздейді. Осы  әдеттерді қолдану арқылы нормативтік  актілер жүргізіміз.

Қазіргі уақытта істі жүргізу кезінде әдетті қолдану соттың рұқсатымен  жүзеге асырылады.

Соттың шешімімен осы пікір – сайысты қарастыру үшін көптеген себебтер бар:

  1. Жоғарғы сот оргындарының қойған ұстанымдары.
  2. Анық көрсетілмеген мінез – қылықтары;
  3. Қандай да бір болған оқиғаларды сот шешімдерінің ұстанған актілерімен жүзеге асыру.

 

Конституциялық құкықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады.

            Әкімшілік құқық-мемлекттің басқару  аясында мемлекет органдарын  ұйымдастыру және олардың атқарушы-өкім  ету қызметінің барысында пайда  болатын қоғамдық қатынастарды  реттейді,жергілікті басқару органдарының  құрылымы мен күзіретін белгілейді.

Осылайша, прокурорлық қадағалаумен қатар атқарушы биліктің уәкілетті лауазымды тұлғаларының заңда көзделген әкімшілік мәжбүрлеу шаралары жағдайларын қолдана отырып, бағынысты емес субъектілерге – азаматтар мен ұйымдарға қатысты жүзеге асыратын, әкімшілік заңнамамен реттелетін қызмет салаларындағы заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету мақсатындағы әкімшілік қадағалаудың болуы заңдылық.

        Яғни  азаматтар мен ұйымдардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қатаң  сақтау кезіндегі әкімшілік қадағалаудың міндеті әкімшілік құқықтық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдірудің перспективалы бағыттары:

- бақылау-қадағалау органдарының  жүйесін оңтайландырумен;

- кәсіпкерлерге ғана  емес, сонымен қатар құқықтың  басқа да субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің ауқымын реттеумен және қысқартумен;

- әкімшілік-қадағалау қызметін  құқықтық реттеу деңгейін арттырумен  байланысты.

        Мемлекеттік  қызмет саласындағы қатынастар  да әкімшілік құқықты реттеудің нысаны болып табылады. Оның дамуының басым бағыттар ретінде:

 

- мемлекеттік саяси және  әкімшілік қызметтің аражігін  неғұрлым нақты ажырату;

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы