Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны 1.1Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны 6
1.2.Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны 13
1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұны 21
ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқтық сипаттамасы 2.1.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті 30
2.2.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жағының сипаттамасы 35
2.3.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың жіктелген белгілері 43
2.4.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заңсыз кәсіпкерлікті алдын алудың негізгі құралы 49
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттертізімі 62

Прикрепленные файлы: 1 файл

дип касип кызмет.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫҢДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

Сот төрелігі институты

«Қылмыстық құқық және процестер» кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ

 

«Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы»

 

Мамандығы: 6М030100 – Заңтану

 

 

Ғылыми жетекші: __________Сгулов А.А., заң ғылымдарының докторы

Қорғауға жіберілді: «____» _______________ 2012 жыл.

Кафедра меңгерушісі: _______ Аликова А.Ш., заң ғылымдарының кандидаты.                                  

 

Астана – 2012

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары

  • Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;
  • Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.

Жалған кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады

Заңсыз кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны

1.1Кәсіпкерлік қызмет  ұғымы және мазмұны

 

Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық мағынасы өте кең деп айтуға болады. Кәсіпкерлік сонымен бірге, меншікпенде тығыз байланысты. Меншік  дегеніміз  әлемдік  категория б.т, яғни , экономикалық  ғылымдар, политология, психология, тарих және социология пәндердің жеке  бөліктерін үйрететін категория  б.т. Меншік  сонымен  қатар  заңды және  экономикалық  меншіктердің  аспектілерінде қарастырады.

        Заңды  меншік  дегеніміз  нақты  бір класстың  әлемдік  топтың            жеке-меншік  қарасты объектілермен  құқықтық түрлі құжаттарды дайындауда  адамдардың  жеке  қатынасы  ретінде  заңды ынталармен  нормалардың  жеке-меншік  құқықтарға  еркіндіктің  пайда  болуын айтамыз.

Экономикалық  меншік  дегеніміз- қосылу  себептері, иелену түрлі  экономикалық  субъектінің  материалды қызметтерді  басқару  нәтижесінде  пайда  болатын  қатынастар  жиынтығын  айтамыз.

        Жеке  меншіктің  теориялық  қатынасы , оның  экономикалық  категория  жиынтығы  негізінде  танылады, яғни, құн, өзіндік  құн, ақша  капитал, еңбек ақы, пайда, салық және т.б.

            1.Сандық

            2.Сапалық 

        Сандық  аспект- меншікті  түрлі  объектілермен  ұсынады. Заводтар, еңбек  құралдар, ақша, потенттер, және  лицензиялармен.

        Сапалық  аспект- Адамдар  арасындағы  кәсіподақтықтар  мен  мемлекеттер  аралық  және  басқа  да субъектер  арасындағы  өндірістік  құралдар  шығарылған  өнімдермен  құнды  қағаздар  және  т.б. арасындағы  қатынас  меншік  түрін  айтамыз.

           Кәсіпкерлік – белсенді  іскерліктің  қоғамның  талаптарын  қанағаттандыру  бағытында  коммерциялық  жетістіктерге  жету  үшін, инновацияны  пайдалануда  новаторлық  мінездемеге  жеке  форма  б.т. Нарықтық  экономикада  жеке  формалары  әр-түрлі  болып  табылады.

               1.Жеке  меншіктік

               2.Мемлекеттік 

               3.Ұжымдық

        Мемлекеттік  меншік  экономикалық  талаптардағы  кеңінен  таралған  меншік түрі.б.т. Кәсіпорын  дегеніміз - өз алдына  қызмет  атқаратын  субъект б.т.

         Кәсіподақ  пайда  табу және  қоғамның  қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсаттарында  кәсіпкерлермен  өндірістік  өнімдерді  шығару   оларды  ұсыну б.т.    

         Кәсіпкерлік  дегеніміз- қызмет етуші  субъектілердің  новаторлық  инициативалық  қызметі. Кәсіпкерлік – экономикалың  және  ұйымдастырудың  жағдайлары, жаңа материалдың  қызмет көрсету мақсатында, және тапқан пайданың шығындарын қысқарту  бағытына  арналған  қызмет түрі.

          Кәсіпкер -  бұл тәуекелден  орықпайтын, жауапкершілікті  мойына алатын, инновациялық  және инициативалық  қызметтерді  іске  асыра отырып , нарықта бәсекеге  түсетін  субъектіні  айтамыз.

          Кәсіпкерлік  қызмет  процесінде  бірнеше  субъектлер қатысады.

               1.Кәсіпкерлер 

               2.Тұтынушылар 

               3.Жалданушы  жұмысшылар 

               4.Бизнес  бойынша  серіктер 

               5.Мемлекет

         Кәсіпкерліктің  негізгі  қызығушылығы  тұтынушыларға  көп  мөлшерде  товарлар  мен  қызметтерді  ұсына  отырып, жоғарғы  денгейде  максималды  пайда  табу  жатады.

          Тұтынушы  бизнес  товардың қанша  көлемде  шығарылуын, қызметтердің  қай  денгейде  ұсынылуын , қанша  көлемде  және  қандай  сапада, қандай  бағамен   сатылуын , қандай  орындарда  орналасуын 

шешетін  бизнес  түрі  б.т.

    Т-м  к-о бұл  түрлі  меншік формасында  жүргізілетін  к-о,яғни, м-к , жекеменшік ААҚ,ЖАҚ, және  т.б. түрлерде көрсетілетін көпшілікке  н-е жекеге  т-л  товарлармен  қыз-ді өндіретін  өнеркәсіп  к-о б.т. Т-л бизнес тури-дің  мақсаттарын  кешендік  жүйеде  қанағаттандырады, ол тек жалғыз отель ғана емес сонымен  қатар мейрамханалар, т-к офистер және агенттіктер бола  алады. Отель н/е  т-к офис туристерге  т-к өнімдерді  ж -е қыз-ді ұсынылатын  орын  б.т. Т-к бизнес бірнеше отельдер мен агенттіктердің жұмысынан  тұруы мүмкін.Мәселен,Американ қонақ үй  фирмалар «Интерконтиненталь Киптон», «Шератон», «Холледей-Ин» және т-к  офистер «Американ экспресс» және т.б. әлемнің  барлық жерлерінде кеңінен таралған.

     Бизнесті енгізуде  келесідей  формалар түрін көрсетуге  болады. 1) Жаңа бизнес-бұл бизнес  түрі жеке кәсіпкерге тікелей, яғни, оның жжұмыс  істеуін кәсіпкердің  өзі жауапкершілікті мойына алады. Мұндағы  басты  ерекшелік  меншік  иесі бизнестегі  еркіндікпен  бақылауға қақылы.Ал оның  кемшілігі болып –меншік иесі басқалар үшін де болған қателіктерге  өзі жауап береді.

     Адамдарды  біріктіру, яғни,ұйым –бұл қызмет  түрінде екі н-е одан  да  көп қатысушылар бірлескен  қызметті  атқару мақсатында ұйымдасады.Ұйымды ұйымдастыру үшін ең бірінші қажеттілік болып, алғашқы капитал саналады.Шығындар мен кірістер,қатысушылар арасында теңдей  бөлікке түседі.

                 Шаруашылық  серіктестері мен  қоғамдары.

      Бұл –коммерциялық  қызметпенен  шұғылданау  туралы  өзара  келісімге  отырады.Олар қоғамның  мүлкіне және барлық  міндеттеріне  жауапты б.т. Шаруашылық  қоғамдары 3 түрге бөлінеді.1)ЖШҚ,2)ҚЖҚ, 3)АҚЖШҚ.

     Бұл  коммерциялық  ұйым бір адам н-е бірнеше  адамның  қатысуымен атқарылады.Жорғы капиталы құжатта көрсетілгендей  әрбірінің  үлесіне тиесілі.

    2.КЖҚ(ОДО).Қызмет  негізінде құжаттармен  реттеледі  ж -е қоғам қызметі регломенттік  жағдайларға  негізделеді.

    3.АҚ.Басқа  ұйымдардан  өзінің  акциясын шығаруға  жарғы  капиталына сәйкес қызмет атқаруыменен  ерекшеленеді.

          Акционерлік қоғам  2 формаға бөлінеді.

        1.ААҚ(ОАО)

        2.ЖАҚ(ЗАО)

    4.Кооперативтер  құрамына өз еркімен азаматтардың  бірлескен  өндірісті н-е шаруашылық  қызметті жүзеге  асыру  үшін  береді.Коорператив мүлігі коорператив мүшелерінің  ақшалай н-е материалды формадағы салым  ретінде құрылады.Кооператив мүшелері заңға сәйкес кооператив жарғысында көрсетілген  субсидиялық  жауапкершілікте болады.

    5.Мем-к ж –е  муниципалды, унитарлы к-о.Унитарлы к-о –коммерциялық  ұйым  б.т.Унитарлы к-о мүлігі мем-ң меншігінде болады және ол к-о жұмысшыларының  арасында үлес арқылы бөлінбейді.

     Унитарлы к-о  өз міндеті бойынша барлық  өзінің мүлкіне жауап береді,алайда  жеке меншік мүлігінің міндетін  мойнына алмайды.Унитарлы        к –о мемлекет органдары мен өзін-өзі басқару жергілікті органның шешімі бойынша құрылады.

Кәсіпкерлік қызмет:

- өндірістік;

- коммерциялық;

- қаржылық;

- кеңестер беру болып бөлінеді.

Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар

Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

- өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

- ақпараттарды өңдеу және жинау;

- рухани құндылықтарды игеру;

- тұтынуға жататын басқа да  өткізілімдер.

Бұлардың негізгі қолдану өрістері:

-өндірістік кәсіпорын және мекемелер;

- коммерциялық сауда мекемелері;

- тауар-қор биржалары;

- банктер мен халықтар.

Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.

Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын.

Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

Мұндағы ең басты мәселер:

- "нені сатып алу керек";

- "нені сату керек";

- "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу."

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы