Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 10:46, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жобамның тақырыбы "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы".
Курстық жобамның жалпы түсінігі: Кәмілетке толмаған балаларға қолданылатын жазалардың түрлерін ашық, қарапайым етіп түсіндіру. Қазақстан Республикасын Қылмыстық Кодексінің қандай баптарда қолданатынын, жалпы түсінігін беру.

Содержание

КІРІСПЕ
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1.1 Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру 5 2.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері 16
2.1 Кәмелетке толмағандар саласы бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізу 18
2.2 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату 22
2.3 Соттылық және оның жоюлуы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 21 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЫЛМЫСТЫК.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

                                                                                                                                       2.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын  жазаның түрлері

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын  жазаның түрлері:2

а) айыппұл;

б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығын айыру;

в)  қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) қамау;

е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

1. Айыппұл кәмелетке толмай сотталаған  адамнын дербес табысы немесе  өндіріп алуға жарайтын  мүлкі  болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық  есептік көрсеткішке дейінгі  мөлшерде немесе кәмелетке  толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезендегі мөлшерінде тағайындалады.

2.  Кәмелетке  толмағандарға  белгілі бір қызметпен айналысу  құқығынан айыру бір жылдан  екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

3.  Қоғамдық  жұмыстарға –  тарту қырық сағаттан жүз алпыс  сағатқа  дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның  қолынан келетін  жұмысты орындауды  болып табылады және ол оны  оқудан немесе негізгі жұмысынан  бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан,  ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.

4. Түзеу жұмыстары сот үкім  шығарған кезде он алты жасқа  жеткен  кәмелетке толмаған адамдарға бір жылғы дейінгі  мерзімге тағайындалады.

5.   Қамау сот үкім шығарған  кезде он алты жасқа жеткен  кәмелетке толмаған адамдарға  бір  айдан төрт айға дейінгі  мерзімге тағайындалады.

6. Кәмелетке толмаған адамды бас бостандығынан айыру он  жылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі  өлтіргені үшін он екі жылдан аспайтын мерзімге  тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты  жасқа дейін кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас ботандығынан айыру тағайындалмайды.

  Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды.

а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ  әйел  жынысты кәмелетке толмағандар жалпы ренжимдегі тәрбиелеу колонияларында;

б)  бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.

Қоғамдық қауіптілік сипатына, және дәрежесіне, кінәлі адамның  жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған  шешімнің себебін көрсете отырып,еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан  айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.

Сот жазаны  орындалуы органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым - қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқалу беруі мүмкін.

Ережеде түрлі құқық жүйелерінде ойдағыдай қолданылып жатқан ықпал ету мен рұқсат етудің кейбір маңызды шараларының тізімі берілген.  Мұндай  шаралар бірге отырып және төмендегі мына шаралармен бірге жүзеге асырылады:

а) асырап алу, жетекшілік және қадағалау туралы қаулы шығару;

ә) сыннан өткізу;

б) қоғамдық пайдалы еңбекке баулу;

в) айыппұл салу сияқты жазаның қарапайым түрлерін қолдану.

Ең төменгі қалыпты ережелердегі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесіне жататын негізгі ережелердің қысқаша мазмұны осындай.

2.1. Кәмелетке толмағандар саласы бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізуді ұйымдастыру

Кәмелетке толмағандар жасаған, не болмаса олардың өміріне, денсаулығына, адамгершілігіне қол сұғылған әрбір қылмыс бойынша құқыққа қарсы әрекет жасауға жағдай жасаған себептер мен шарттарды анықтау, әкімшілік, криминалды порлицияның кәмелетке  толмағандар ісі  жөніндегі қызметкерлерінің, ішкі істер органдарының басқа қызметтері қызметкерлерінің рольдері мен кінәлерінің бар болуын анықтау мақсатында Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің лауазымды адамдары қызметттік тексеру жүргізеді. Ішкі істер органдарының есебінде тұратын, сондай-ақ қылмыстық –жазалау әрекетін жасағаны үшін бұрын жауапқа тартылған кәмелетке толмағандар қылмыс жасаған кезде  қызметтік тексеру қызметтік тергеу қорытындысымен ресімделеді. Лауазымды адамдардың кінәсі анықталған жағдайда қорытындыға оларға тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

Кәмелетке  толмағандарғак қатысты қылмыстар жасау, сондай-ақ қайғылы оқиғалар, қызметтік тексеріс қылмыс жасау мен оқиғаның болуына ықпал етуші  себептер мен шарттардың жағдайын, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің алдын-алу ескерту сипатындағы қабылдаған жазаларын баяндаған дәлелді анықтамамен ресімделеді. Анықтама сондай-ақ кәмелетке толмаған қылмыс жасаған кезде 18 жасқа толмаған жағдайда жазылады, мұндайда кәмелетке толмағандығы туралы тууы куәліктің көшірмесімен, тергеуші бекіткен тиісті анықтамамен расталуы керек.

ІІББ, ІІБ, КІІБ аппаратының қызметкерлері кәмелетке толмағандар:

  1. ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерін – бандитизм, кісі өлтіру, оның ішінде оған қастандық жасау, қарақшылық, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру,зорлау;
  2. Бұрын  қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар бір не одан да көп қылмыстар, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына дейін қылмыстық жазалау әрекеттер жасағаны үшін ІІО есебінде тұрған адамдар қайтадан қылмыстар жасаса;
  3. Көп эпизодты (үш және одан да көп) немесе топтық (үш не одан да көп адам) қылмыстар;
  4. Ішкі ісминнің мәліметтеріне енгізілген, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар жасағанда қызметтік тексерулер жүргізеді.

Қылмыстың өзге түрлері бойынша қызметтік тексеруді аудандық, қалалық және желілік ішкі істер органдары жүргізеді, олар қорытынды мен анықтаманың көшірмелерін ІІББ, ІІБ, КІІБ-ның КТЖБ – не жіберіп отырады.

Қызмет көрсететін әкімшілік учаскесінде, аумағында қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше инспекторының не болмаса қылмыс жасаған кәмелетке толмаған есепте тұратын Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің инспекторына қызметтік тексеру жүргізуге тыйым салынады.

50 тармақта көрсетілген қылмыстар  жөніндегі  қызметтік тексеру  қорытындыларының көшірмесі төмендегідей  мерзімде жіберіледі;

1) Қалалық, аудандық, желілік ішкі  істер органдары ІІББ, ІІБ, КІІБ  – не 10 күнге дейін;

2) ҚР Ішкі ісминініне 20 күнге дейін.        Келіп түскен  көрсетілген құжаттардың көшірмелері Ішкі ісминнің ІІББ, ІІБ, КІІБ – ның жеке номенклатуралық ісінде үш жыл сақталады, кейін белгіленген тәртіппен жойылады.                                                                                                                                                                                                               2.2 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімнен бұрын босату.

Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың белгілі бір анықталған ерекшеліктері ҚР ҚК-тің 84- бабында белгіленген. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдарға:3  

а) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалатын жаза мерзімінде кемінде үштен бірін;

б) ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде жартысын;

в) аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың негізі болып, соттың адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп табуы болады. Жасқа толған адамдарға қарағанда, кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуда, заі қылмыс санаттарына байланысты жазаны өтеудің ең төменгі  мерзімін белгілейді. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды кәмелетке толмағандарға қолданылған жағдайларда, ҚР ҚК- тің 70- бабының жетінші бөлігіндегі талаптар қолданылады.

ҚР ҚК-тің 69 және 75- баптарында көзделген ескіру мерзімінің кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босату кезінде мерзімнің тең жартысы қысқартылады, яғни кішігірім ауырлықтағы қылмыс үшін- бір жыл; орташа ауырлықтағы қылмыс үшін- екі жарым жыл;ауыр қылмыстар үшін- бес жыл; аса ауыр қылмыстар үшін- жеті жыл, алты ай болып есептеледі.4

 

 

2.3 Соттылық және оның жоюлуы.

 

ҚР ҚК- тің 86- бабына сәйкес он сегіз жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар үшін Қылмыстық кодекстің 77- бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше:5

а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның  неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

б) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығы айыруды өтегеннен кейін бір жылға;

в) ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады. Сонымен қатар, ҚК-тің 13- бабының төртінші бөлігіне сәйкес он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін, сондай- ақ Қылмыстық кодексте белгіленген тәртіп бойынша соттылығы алынып тасталған немесе жойылған жағдайдағы қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді. 6

Тағы бір ескеретін жәйт ҚК- тің 87- бабына сәйкес он сегіз бен жиырма жас аралығында қылмыс жасаған адамдардың жасаған әрекетінің сипатын және олардың жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу- тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін   қолдана алады. Он сегіз    жастан жиырма жасқа дейінгі аралықтағы жас шамасында қылмыс жасаған адамдарға арнаулы тәрбие немесе емдеу- тәрбиелеу мекемесіне орналастыру қолданылмайды.7

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мен өзімнің курстық жобамда кәмелетке толмаған жастардың қылмыстар жасауына байланысты жауаптылықтарға тартылуы жайында жаздым. Қазіргі кезде қылмыс жасаған адамдарды жауаптылыққа тартуды дұрыс деп есептеймін. Қылмыс болмаса, жаза да болмайды. Адамдар өзінің жасаған қылмыстары үшін жауыптылыққа тартылуы тиіс.

Бұл курстық жобаны жазу барысында конституция, нормативті құқық актілерін, және тағы басқа әдебиеттерді,оқулықтарды қолдана білдім деген ұйғарымдамың.

Кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі бөлімшелердің учаскелік инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың және  қадағалаусыз қалудың алдын алу, жолын кесу мақсатында, құқық бұзушы жасөспірімдерді, балалардың  құқық бұзуына жағдай туғызушы ата – аналарын, басқа да ересек адамдарды, егерде олардың  құқыққа қарсы немесе қоғамға қарсы мінез-құлқы белгіленген тәртіппен соттың, қамқорлыққа алу органдарының,  оқу тәрбие, емдеу мекемелерінің, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу, ақтау орталығы, қылмыстық-атқару  жүйесі  мекемелері әкімшіліктерінің және ішкі істер органдарының  басқа  да бөлімшелерінің үкімінде, анықтауында, шешімінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың хабарламаларында, азаматтардың шағымдары мен арыздарын тексеру материалдарында анықталса, онда оларды 10 күндік мерзім ішінде есепке алады. Оларға бақылау – тіркеу карточкасы ашыла отырып, есепке 18 жасқа  толмаған, және кәмелетке томағандарды спиртті ішімдіктер қолдануға тартқан ересек адамдар тіркеледі. Ересектердің осы санатындағылардың жинақтау материалдары жеке номенклатуралық іске салынады.Осы рольде ата-аналар болған жағдайларда осы ереженің 21.3 тармағына сәйкес бақылау ісі ашылады.

Бақылау істері мен бақылау – тіркеу карточкаларын ашу кезінде Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің учаскелік инспекторлары хабарда болуы тиіс, және міндетті түрде ата-аналары.

 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

                                  Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.

2. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі, Жалпы бөлім. 1994 ж. 12 желтоқсан;

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Ерекше бөлім. 1999 ж. 1  шілде;

 

 Әдебиет:

1. «Қазақстан Республикасының Азаматтық  құқығы» I Том А: «Жеті жарғы» 2001ж. Ғ. Төлеуғалиев

2. «Қылмыстық құқық» I том. А.: «Заң әдебиеті» 2003 жыл. Ғ. А. Жайлин.

3. «Қылмыстық құқық» II том. А.: «Заң әдебиеті» 2003 жыл. Ғ. А. Жайлин.

4. «Қазақстан Республикасының мемлекеті  мен құқығының негіздері» Оқулық, Алматы 2003 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қосымша



1  ҚР ҚК  65- 69, 73- 76, 81, 82 баптары.

2   ҚР Қылмыстық кодексінің 79- бабы.

3  ҚР ҚК- тің 84- бабында белгіленген.

4  ҚР ҚК-тің 69, 75- баптарында көзделген.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы