Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2014 в 10:46, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жобамның тақырыбы "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы".
Курстық жобамның жалпы түсінігі: Кәмілетке толмаған балаларға қолданылатын жазалардың түрлерін ашық, қарапайым етіп түсіндіру. Қазақстан Республикасын Қылмыстық Кодексінің қандай баптарда қолданатынын, жалпы түсінігін беру.

Содержание

КІРІСПЕ
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1.1 Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру 5 2.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері 16
2.1 Кәмелетке толмағандар саласы бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізу 18
2.2 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату 22
2.3 Соттылық және оның жоюлуы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 21 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЫЛМЫСТЫК.doc

— 147.50 Кб (Скачать документ)

                                                         Мазмұны

 

КІРІСПЕ                                                                                                                 

1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

1.1 Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру                                                    5                                              2.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері                                   16                                                                                                                                          

2.1 Кәмелетке толмағандар саласы бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізу                                                                                                      18                                                                      

2.2 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату                                                                                                                          22

2.3 Соттылық және оның жоюлуы                                                                           23

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                           21                                                                                                    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                           

Кіріспе

 

Менің курстық жобамның тақырыбы "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы".

Курстық жобамның жалпы түсінігі: Кәмілетке толмаған балаларға қолданылатын жазалардың түрлерін ашық, қарапайым етіп түсіндіру. Қазақстан Республикасын Қылмыстық Кодексінің қандай баптарда қолданатынын, жалпы түсінігін беру.

Зерттеу объектісі: Жасөспірім балалардың қылмысқа бару жолын анықтау. Кәмілетке толмағандар саласы бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізу.

Курстық жобамның негізгі мақсаты: «Кәмелетке толмағандарға қылмыстар» деген ұғымды түсіндіру.

ҚР Қылмыстық кодекстің 78- бабының 1- тармағына сәйкес «Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады». Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Жалпы кәмелетке толмағандарға бас бостандығына айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән – жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататаын мән- жайларда кісі өлтіргені үшін 12 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандардан, олардың ата-аналарынан, басқа да адамдардан жасалған немесе дайындалып жатқан, қылмыстар туралы ақпарат алған кезде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше инспекторлары бұл туралы жазбаша түрде қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органының бастығына, не оның жедел жұмыс жөніндегі орынбасарына баяндауға қажет болып келеді.

Курыстық жобамның негізгі тапсырмасы:

1. Кәмелетке толмағандардың жауаптылығы.

1.1. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

2.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.                                                                                                                                                                         

2.1 Кәмелетке толмағандар саласы бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізу.                                                                                                                                                                       

2.2 Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату                                                                                                                          2.3 Соттылық және оның жоюлуы    

Жұмыстың құрылымы: Кiрiспеден, екі бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Ол бөлімдерде негізінен кәмілетке толмағандардың жауаптылығы, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және еспке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жайында айтылады.

Жұмыстың өзектілігі: Кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қарсы әрекеттер жасауға итермелейтін ата-аналарды немесе олардың орындағы, сондай-ақ өзге де ересек адамдарды анықтау болып табылады. Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес ата-аналардың немесе олардың орындағы адамдардың, оқу, емдеу және өзге де мекемелер қызметкерінің балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

                                                              

                                  1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

1.1. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орындағы адамдарды анықтау және еспке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі бөлімшелердің учаскелік инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың және  қадағалаусыз қалудың алдын алу, жолын кесу мақсатында, құқық бұзушы жасөспірімдерді, балалардың  құқық бұзуына жағдай туғызушы ата – аналарын, басқа да ересек адамдарды, егер де олардың  құқыққа қарсы немесе қоғамға қарсы мінез-құлқы белгіленген тәртіппен соттың, қамқорлыққа алу органдарының, оқу тәрбие, емдеу мекемелерінің, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу, ақтау орталығы, қылмыстық-атқару  жүйесі  мекемелері әкімшіліктерінің және ішкі істер органдарының  басқа  да бөлімшелерінің үкімінде, анықтауында, шешімінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың хабарламаларында, азаматтардың шағымдары мен арыздарын тексеру материалдарында анықталса, онда оларды 10 күндік мерзім ішінде есепке алады.

Бақылау істерін (N 6,7 қосымшалар) және бақылау – тіркеу карточкаларын (N 7а қосымша) ашуды қамтитын профилактикалық есепке қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары қызмет көрсететін аумақта тұратын адамдар алынады.

Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  бөлімшелерінің лауазымды адамының рапорты бойынша, көліктегі ішкі істер органдарының желілік бөлімі (бөлімшесі) бастығының және қалалық, аудандық ішкі істер органдары бастығының немесе олардың қызмет жөніндегі орынбасарларының келісімімен көлік объектілерінде құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын, егер бұл адамдар көлік объектілерінде жұмыс істесе, көлік қызметі үшін мамандар даярлайтын оку орындарында оқыса, көлік объектілеріне тиіп тұрған тұрғын үй алабтары мен елді-мекендерде тұрса, немесе қала сырты бағытындағы поездарды жұмыс, оқу орнына бару үшін үнемі пайдаланып тұрса, көліктегі ішкі істер органдарының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелеріне есепке қоюға рұқсат беріледі.

Статистикалық есеп беруде бұл кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары олармен профилактикалық жұмыстар ұйымдастыруға толық көлемде жауап беретін көліктегі ішкі істер органдарының тек кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің есебінде тұратындар ретінде көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің осы санаттағы жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда, жолын кесуде, ашуда  бұл құқық бұзушылар есебінде тұрған көліктегі ішкі істер органдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің лауазымды адамдарына көмек көрсетеді.

Кәмелетке толмағандар тұрғылықты жері бойынша да, көлік объектілерінде де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайларда, олар тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің есебіне алынады. Көліктегі ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлшелері қалалық, ауңдандық ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі юөлімшелерінің лауазымды адамдарына осы адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі жұмыстарына көмек көрсетеді.

Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының бастығы немесе оның қызмет жөніндегі орынбасары  кәмелетке толмағандардың,  балалар мен жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтар жасауға жағдай туғызушы ата-аналарының, жасөспірімнің жеке тұлға болып қалыптасуына теріс әсер ететін басқа ересек адамдардың құқыққа қарсы мінез -құлықтарын растайтын материалдары болған жағдайда есепке алу туралы жазбаша түрде рұқсат береді.

Көрсетілген басшылар әкімшілік полициясы бөлімшелерінің бастықтары мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің лауазымды адамдарының полицияның учаскелік инспекторларымен, криминалды полиция бөлімшелерінің жедел учаскелік инспекторларымен, криминалды полиция бөлімшелерінің жедел уәкілдерімен, тергеушілермен, анықтаушылармен және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің есебінде тұрған адамдардың арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөніндегі қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының басқа да бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлескен іс-қимылдардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Тоқсанына бір рет кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың бақылау істерімен, ересек адамдарға жинақталған материалдармен танысады және оларға қолданылып жүрген әсер ету нысандары мен әдістерінің тиімдщілігін арттыруға бағытталған жазбаша тапсырмалар береді.

Бақылау ісі ашыла отырып, есепке мынадай кәмелетке толмағандар тіркеледі:

  1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
  2. Бас бостандығынан айырумен  байланысты емес жазалау шараларына соттталғандар;
  3. «Тұтқан» түрінде жазау шараларын өтеп келгендер;
  4. Бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталғандар;
  5. Қылмыстық жауапкершіліктен және жазалаудан ақталмайтын негіздер бойынша  босатылғандар, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісінің негізінде («Қазақстан Республикасы ҚК 65, 66, 67, 68, 69, 73, 74, 75, 76, 81, 82 баптары);1
  6. Қылмыс жасаған деп айыпталғандар және алдын ала тергеу кезеңінде күзет қамауына алынбағандар;
  7. Қылмыстық жауапкершілікке тартылу жас мөлшеріне толғанға дейін қылмыстық белгілері бар қоғамға қауіпті әрекет жасағандар;
  8. Жабық үлгідегі арнайы оқу - тәрбие мекемелерінен оралғандар;
  9. Жүйелі түрде спиртті ішімдіктер қолданатын не еліртетін есірткі және басқа да күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта    пайдаланатындар;

10) 16 жасқа дейін үйінен өз  еркімен бірнеше рет кетіп  қалғандар, сондай-ақ міндетті орта  білім алудан қасақана жалтарғандар;

11) Жезөкшелікпен   айналысатындар;

12) Жылына екі не одан да  көп рет әкімшілік құқық бұзушылықтар  жасағандар;

Топтасып құқық бұзушылықтар жасағанда, оның ішінде ересектермен бірге жасаса, бақылау ісі міндетті түрде ашылады.

Бақылау ісі ашылғаннан кейін бір тәулік ішінде криминалды полицияға есептегі адамды (адамдар тобын) жедел бақылауға алу үшін бақылау  ісін ашу туралы шығарылған қаулының көшірмесімен бірге шолу анықтамасын жібереді. Криминалды полицияның кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшелерінде 1, 2, 4, 5, 6, 8, тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандардың санатына, сондай-ақ құқыққа қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарына, оның ішінде аралас топтарға, жедел- бақылау  істерінің екінші бөлімі ашылады.

Егер топ құрамына кіретін адамдар осы ереженің 19 тармағында қарастырылған негіздемелер бойынша есепке қойылған немесе қойылуы мүмкін болса, онда кәмелетке толмағандардың тобына бір бақылау ісі ашылады. Мұндай  жағдайларда көрсетілген іске бұрын топ жекелеген мүшелеріне ашылған бақылау істері қосылады. Топтарды бақылау істері нақты топқа қатысты тексеру материалдары оның құқыққа қарсы бағытын растайтын болса, сондай-ақ оған кіретін жасөспірімдердің қоғамға қарсы мінез-құлықтарын куәлендірілген жағдайда ашылады.

Қызмет көрсету аймағында топтың көпшілік мүшелері немесе топтың серкесі тұратын. Кәмелетке  толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің инспекторы топқа бақылау ісін ашады.

Бақылау ісі ашыла отырып, есепке тәрбиесінде кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар мына жағдайларда;

  1. Спиртті ішімдіктерді теріс пайдалану, не дәрігердің тағайындауынсыз есірткі немесе еліртетін басқа да күшті әсер ететін заттарды қолдану, немесе наркологиялық мекемелерінде «нашақор», «алкоголизм», «уытқор» диагноздарымен есепте тұратындар;
  2. Із балаларының тәрбиелеу міндеттерін  орныдаудан жалтару, ата-аналық құқыққа қарсы мінез -құлықтарымен балаларға кері әсерін тигізу;
  3. Із балалары мен басқа да кәмелетке  толмағандарды спиртті ішімдіктер пайдалануға тарту, сондай-ақ бұрын сотталғандар кәмелетке толмағандардың тобына қылмыстар жасағаны үшін алынады.

Балаларының құқық бұзуына мүмкіндік туғызатын ата-аналар қалалық, аудандық, желілік ішкі сітер органдарында басқа негіздер бойынша (мысалы, әкімшілік қадағалауда жүрген, «нашақор» диагнозы бар) есепте тұрған жағдайларда, Кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі бөлімшелерінің лауазымды қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының сәйкес бөлімшелерінің  қызметкерлерімен бірге ата-аналарының балаларға теріс әсер етуінің алдын алу шараларын жүзеге асыруға қатысады.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы