Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 13:20, курсовая работа

Краткое описание

Бұлтартпау шарасы бұл арнайы превентивті-ескерту амалы, қылмыстық өндірістің мүддесін қорғайтын институт. Оның басты мақсаты - қылмыстық іс бойынша шындықты кедергісіз анықтау, кінәлінің жауапкершілігін қамтамасыз ету мен оның қылмыстық байланыстарымен араластыруы үшін, қылмыстық әрекетін қайта жалғастырмауын алдын-алуға бағытталған.
Сондай жағдайда бұл қылмыстық-процессуалдық заңның әділеттілігіне, дұрыстылығына, заңдылығына кепіл бола алады.
Бұлтартпау шарасы - бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпкерге, ал қажет болған жағдайда сезіктіге қолданылатын және кылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын занды шара (істің барлық, мән-жайларын анықтау, занды дұрыс қолдану, қылмыстық теріс қылық жасағандарды жазалау және заң бұзушылық жасамағанды жазалауға жол бермеу.

Содержание

Кіріспе...............................................................................2
I Қылмыстық процестегі бұлтартпау
шараларының түсінігі, мәні.
1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні........................4
1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері
мен шарттары............................................................6
1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе
үйғару және оны өзгерту мен тоқтату.........................10
II Бұлтартпау шарасының түрлері
2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу...................................................................15
2.2 Жеке кепілдік беру.....................................................16
2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру..........................17
2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру........................18
2.5 Кепіл болу..................................................................19
2.6 Үйде қамауда ұстау....................................................20
2.7 Қамауға алу................................................................21
2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары..................24
III Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық
мәселелері және оларды шешу жолдары......................27
3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың
қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері.....29
Қорытынды....................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................37

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс по кіжк.docx

— 93.34 Кб (Скачать документ)

Үлкен маңызды мәселе болып, тұлғаның уақытша іс жүргізу жерінде болмауы табылады. Оны қолданылған шараның бұзылуы деп есептеуге бола ма? Тергеу практикасында шараның бұзылуы, айыпталушы тұлғаға басқа қатан шара қолданудың негізі болады, ол туралы оған қолхат алынғанда түсіндіріледі. Тұлғаның іс жүргізу жерінде болмауы деген ұғым нақты анықталуға тиіс. Мысалы, тұлғаға себепсіз басқа жаққа кетуге рұқсат беру немесе тұрғылықты жерін өзгерту, шараның бұзылуы деп есептеледі.              

Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс үстау туралы қолхат беру, практикада ең жие қолданылатын шаралардың біріне жатады. Практиканы зерттеп көретін болсақ, арнайы субъектлерді ескермегенде, ешқайда кетпеу және өзін дұрыс үстау туралы қолхат беру және қамауға алу ең жие қолданылатын шаралар. Себебі, жеке кепілдіктің барлық жағдайда, нәтижесі бола бермейді; кепіл материалдық әсер етумен байланысты болғандықтан, тұлғалардың барлығы оны төлей алмайды; үйде қамауда ұстау әлі дұрыс қалыптаспаған. Сондықтан, іс жүргізуші тұлғалар, осы екі негізгі шараны қолдануға тырысады.

Бұл шараның кемшілігі – оның қамтамасыз етілмеуі. Айыпталушы, сезікті тұлға, ешқайдй кетпеймін деп айтудан басқа ешқайдай кепілдік бермейді. Сондықтан, болашақ жауаптылықтан жалтаруға, іс жүргізуші органдардан жасырынуға мүмкіндігі жоғарлайды. Сот практикасында жие кездесетін тағы да бір мән-жай, алдын ала тергеу барысында осындай шара қолданылған тұлға, оз мекен-жайын әдеиі жасырып қояды, бірақ органдардың шақыруы бойынша келуден бас тартпайды, ал енді іс сотқа келіп түскен кезде тұлғаны табуға ешқайдай мүмкіндік болмайды. Немесе, шетел азаматтары қылмыс жасап біздің мемлекетте ұсталған кезде.

Шетел азаматтарына міндетті түрде қамауға алу шарасы қолданылу керек деген ереже жоқ, сондықтан оларға бұлтартпау шаралары барлық тұлғалармен бірдей қолданылады. Шетел азаматтары ауырлығы төмен немесе орташа қылмыс жасаған жағдайда, әсіресе әйел адамдар, оларға ешқайда кетпеу және өзін дұрыс үстау туралы қолхат алу шарасы қолданады. Ал олардың мемлекет аумағында болуын ешкім  қамтамасыз ете алмайды, сондықтан олардың өз мемлекетіне кетіп қалу жағдайлары өте жие кездеседі.

 

                 2.2 Жеке адамдардың кепілдігі

Бұлтартпау шарасы ретінде жеке адамдардың кепілдігін қолданудың тәртібі ҚІЖК-нің 145-бабымен белгіленген. Жеке кепілдік сенімге ие болган адамдардың айыпталушы өзін дұрыс ұстайтындығына және кылмысіык процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келетіндігіне кепілдік беретіндіктері туралы жазбаша міндеттеме алуынан түрады. Кепілдік берушілердің саны екеуден кем болмау керек.

Жеке кепілдікке кепілдік берушілердің жазбаша өтініші мен кепілдік берілетін айыпталушының келісімі бойынша жол беріледі.

Кепілдік берушілер кепілдік берілетін айыпкердің айыбының мәні айыпталушы осы бұлтартпау шарасын бұзған жағдайда, өздеріне акшалай айып салынатындығы ескертілгендігі туралы қолхат береді.

Кепілдікке берушілер қылмыстық іс жүргізудің кез келген сәтінде кепілдікке беруден бас тарта алады.

Қылмыстық іс жүргізу заңы кепілдік беруші ретінде кім тартылатыны жөнінде айтпаған. Бірақ, ол адамдар сенімді болу керек деген талап қояды. Сенімді тұлға деп абыройлы, жоғары моральды, тұрғылықты жері және қызметі бар адамды айтуға болады.

 Кепілдік беруші ретінде, айыпталушының  кәсіби және қоғамдық байланысы  бар тұлғалармен қатар, туыстары, көршілері, достары бола алады.

Жеке кепілдік мәжбүрсіз, тұлғалардың еркімен жүзеге асырылады, сондықтан іс жүргізудің кез келген уақытында кепілдік берушілер одан бас тартуға құқылы. Іс жүргізуші органдар, бұл жағдайда, басқа шара қолдануға тиісті.

Жеке кепілдік туралы міндеттеме бөлек жазбаша құжат ретінде толтырылынады. Құжатқа кепілдік беруші туралы мәліметтер кіргізіледі. Міндеттеменің мәні, кепілдік берушінің жауаптылығы көрсетіледі. Жеке кепілдікті шара ретінде қолдану барысында, оны қолданып отырған тұлға, не себептен, кепілдік берушінің айыпталушы сот пен тергеуден бас тартпайтынына көз жетіп отырғанын анықтауға тиісті. Сонымен қатар, айыпталушы тұлға мен кепілдік берушінің арақатынасын анықтау қажет. Процессуалдық әдебиетте бұл шараға қатысты түрлі пікірлер айтылған. Егер айыпкер тергеуден немесе соттан бұлтарса, әрбір кепілдік берушіге сот ҚР ҚІЖК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен жүз айлык есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде акшалай айып салуы мүмкін. Бұл шараның практикасы мүлде қалыптаспаған. Біріншіден, қандай санаттағы қылмыстар бойынша қолданылатындығы белгісіз, ҚІЖК-де ол туралы айтылмаған. Сондықтан кез келген қылмыстар бойынша қолдануға болады деп қорытынды шығаруға негіз бар. Екіншіден, сұрақ адам бостандығы туралы тұрғанда, жүз айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақша, ақша ма? Үшіншіден, біздің пікірімізше, бұл шара негізгі шара ретінде емес, қосымша шара ретінде қолданылғаны дұрыс, мысалы, ешқайда кетпеу және өзін дұрыс үстау туралы қолхат беру шарасымен қатар немесе кепілдікпен бірге. Егер, тәуелсіз негізгі шара ретінде қалдыратын босақ, оны бұзған үшін жауаптылық қатайуға тиісті.

 

 

2.3. Әскери қызметшіні әскери  бөлім командованиесінің

бақылауына беру

Әскери қызметшілер немесе әскери міндеттілер болып табылатын айыпталушыларды бақылауы ҚР Қарулы Күштері мен Ішкі әскерлерінің жарғыларында көзделген, айыпкердің мінез-күлкының тиісті дәрежеде болуын және қылмыстық процессті жүргізеті органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ететін шаралардан түрады. Қылмыстық іс жүргізу органы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарып, оны рындауды әскери бөлімнің командованиесіне тапсырады. Онымен бірге әскери бөлімнің командованиесіне аталған бұлтартпау шарасы таңдалган істің мәні туралы хабарланады жәнеәскери командованиенің міндеттері түсіндіріледі.

Әскери бөлім командованиесі бақылау орнатылғандыгы туралы оны бұлтартпау шарасын таңдаган органға жазбаша хабарлайды.

Өздеріне жүктелген міндетті орындамаған кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Әскери басқарма айыпкердің қылмыстық процессті жүргізуші органның шакыруына баруын қамтамасыз етумен қатар, оның қажетті тәртібін де қамтамасыз етуге тиіс. Айыпкерге бұлтартпау  шарасымен қатар, қарулы күштер жарғысында көрсетілген мынадай шаралар қолданылады: айыпталушы өзінік тікелей бастығының немесе сөткелік нарядтың бақылауында болады, қаруын ұстап жүру құқынан айырылады, қарауылға тұруға және басқа да жауапты нарядтарға тағайындалмайды, әскери бөлімнен шығып кете алмайды және бөлімнен басқа жердегі жүмыстарға жіберілмейді.

 

         2.4. Кәмелетке  толмағанды қарауға беру

ҚР Қылмыстық іс жүргізу нормаларына сәйкес, жоғары аталған шаралармен қатар, кәмелетке толмаған тұлғаларға арнайы шаралар қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағанды ата-анасының. қамкорларының, корғаншыларының немесе баска да сенімге ие адамдардың, сонымен қатар ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру аталған адамдардың біреуінің жазбаша өтініші бойынша мүмкін болады.

Қарауына қабылдау туралы қолхат алынган кезде, қарауына алушыларға кәмелетке толмаған айыпкердің қылмысының сипаты туралы және өздеріне қабылдаган міндеттемені бұзған жағдайда міндеттеме қабылдаушыға ҚІЖК-нің 160 бабында көзделген тәртіппен акшалай айып салынуы мүмкін екендігі туралы ескертіледі.

Қарастырылып отырылған шаралар кепілдік беру шарасына ұқсас, бірақ оларды ажырататын жағдай өте маңызды: олар кәмелетке толмаған айыпталушының келуін және өзін дұрыс ұстауын қамтамасыз етуге тиісті. Сондықтан, бұл бұлтартпау шарасын қолдану, заңда бекітілген міндеттемелердің орындалуын, басқа, бас бостандығын шектеумен байланысты емес шараларға қарағанда нақты қамтамасыз етеді.

Өтініш иесі кәмелетке толмағаннын тиісті мінез-қүлқы мен оның қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ететіндігі туралы өзіне жазбаша міндеттеме қабылдайды.

 ҚР Қылмыстық іс жүргізу  заңында басқа шаралармен қатар, кәмелетке толмағандар үшін арнайы  бұлтартпау шараларының болуы  негізді болып саналады. Кәмелетке  толмаған тұлғаны қадағалауға  ала алатын тұлғалар мен мекемелердің  саңы шектелген. Мекемелерге мектеп-интернаттары, балалар үйлері, арнайы мектептер, еңбек-тәрбие колониялары жатады.

Кәмелетке толмаған тұлғаға бұлтартпау шараларын қолдану кезінде, істің барлық мән-жайына көңіл аудару қажет, соның ішінде оның өмір сүру және тәрбиелену ортасына, жеке басына, қасындағы адамдарға және т.б. қылмыстың жасалауына және тұлғаның іс жүргізу барысында болуына негіз болатын жағдайларға. Заң нормаларына сәйкес, кәмелетке толмаған тұлға қылмыс жасаған жағдайда, заңда белгіленген мән-жайлардың болуы оны қылмыстық жауаптылықтанда босата алады.

Практикада, кәмелетке толмаған тұлға ауыр қылмыс жасаған жағдайда қаралып отырған шара қолданылуы мүмкін, егер оның ата-анасы, қамқоршысы, қорғаушысы болса және олар оның іс жүргізу барысында ешқайда кетпеуін және өзін дұрыс ұстауын қамтамасыз ете алады деген тергеушінің сенімі болатын болса. Бұл жағдай жабық балалар мекемесінеде қатысты.

Осындай жағдайдың заңда қарастырылуының себебі, кәмелетке толмаған тұлғаға қолданылатын бұлтартпау шарасы, бұлтартпау шараларына тән арнайы мақсатты емес, тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздеуге тиіс. Ата-аналарының, балалар мекемелері әкімшілігінің арнайы қадағалауы, кәмелетке толмаған тұлғаны алдын ала тергеу барысында дұрыс жолға салуға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмаған тұлғаны ата-анасының және басқа да заңда көзделген тұлғалардың қарауына беру тек қана олардың жазбаша сұрауы бойынша жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған тұлғаны ата-анасының қарауына беру жеке кепілдікпен ұқсас. Екі жағдайда да, тұлғалар, жазбаша түрде, тұлғаның өзін дұрыс ұстауын және алдын ала тергеу, сот органдарының шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ететіні туралы көрсетеді.

Бірақ, осы екі шараның өз ерекшеліктері бар:

    а) жеке кепілдік кәмелетке  толған және кәмелетке толмаған  тұлғаларға да қолданылуы мүмкін, ал қарауына беру тек қана  кәмелетке толмаған тұлғаға қолданылады;

б) жеке кепілдікке беру үшін ен кемінде екі кепілдік беруші қажет, қарауына беру үшін бір тұлғада болуы мүмкін – ата-анасы, қамқоршысы, қорғаушысы;

   в) кепілдік беруші ретінде  айыпталушының туыстары және  басқа да тұлғалар болуы мүмкін, ал қарауына тек қана заңда  көзделген тұлғаларға беріледі: ата-анасына, мекеме басшысына, т.б.

Бұл шараны толық және жие қолданған жөн, себебі бұл шара кәмелетке толмаған тұлғаны тәрбиелеуге міндетті тұлғаларға үлкен міндеттер жүктейді.

 

2.5.Кепіл

 

Бұл бұлтартпау шарасы сезіктінің немесе айыпталушының өзі не басқа жеке немесе занды тұлға соттың депозитіне сезіктінің, айыпталушының тергеу органына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ету мақсатында салатын ақшадан түрады (ҚІЖК-нің 148-бабы).

Кепіл айыпталушыға қылмыстық процессті жүргізуші органның шакыруы бойынша келетіндігі туралы міндет жүктеледі. Кепіл  ретінде прокурордың немесе соттың рүқсатымен баска да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін. Кепілдігін бағалығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандарға кепіл қабылданбайды Кепіл прокурордың санкциясымен немесе соттык шешімі бойынша ғана қабылданады.

Кепілдің мөлшері: шағын ауырлықтағы қылмыспен айыпталу кезінде - айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталу кезінде - айлык есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен; орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасағандығына айыпталу кезінде - айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен; ауыр кылмыс жасағандығына айыпталу кезінде - айлық есептік көрсеткіштін мың еселенген мөлшерінен кем болмапды.

Кепіл берушіге осы бұлтартпау шарасы қолданылатын айыпкердің қылмысының мәні туралы, айыпкер шақыру бойынша келуден жалтартқан жағдайда кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы ескертілгендігі туралы хатгама жасалады. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын тандап алган лауазымды адам мен кепіл беруші қол қояды. Хаттама істің материалдарына қосылады, кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі тапсырылады. Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шакыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы қатаң түрімен өзгертіліп. прокурор сотқа кепілді мемлекеттің кірісіне  айналдыру туралы үсыныс жолдайды. Сот кепіл беруші жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкін болатын шешім қабылдайды.

Баска жағдайларда сот іс бойынша үкім немесе қаулы шығарғанда кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді.

Кылмыстык іс алдын ала тергеуде тоқтатылган кезде келіп тиісті органнын қаулысы бойынша кепіл берушіге қайтарылады.

Кепілдің көлемі айыпталушының сот пен тергеуден жасырынуын алдын алуға тиісті. Барлық жағдайда, қылмыспен келтірілген зиянның және қойылған азаматтық талаптың көлемінен аз болмауға тиісті.

Заң, кепілді, айыпталушы тұлғаның құқыққа қайшы мінез-құлқын алдын алу шарасы ретінде көздейді. Бірақ, кепілдің көлемі тұлғаның дұрыс өзін ұстауын қамтамасыз етеді деп айта алмаймыз. Басқа шараларды қолданған кезде де, ол шара қызмет етеді деп ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан, кепілдік шаралардың бір түрі, оны біздің қылмыстық іс жүргізу заңына енгізу қазіргі кездегі экономикалық өзгерістермен байланысты. 1997 жылға дейін біздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында осындай шара көзделмеген болған. Бұл шетел тәжрибесінің белгісі. Көптеген шетел мемлекеттерінде бұл шара бұрыннан қалыптасқан және нәтижелі қызмет атқарады. Біздің мемлекетте жақында ғана енгізілгендіктен оның механизімі әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан, шара, бұрыннан келе жатқан шараларға қарағанда, жие қолданылмайды. Оның жие қолданылмауының себебінің бірі – көп тұлғалардың материалдық жағдайы, ақшалай немесе құнды мүлік арқылы кепілдік жасауға  мүмкіндік бермейді.

 

                   2.6. Үйде қамап ұстау

Информация о работе Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні