Заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 08:13, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мынадай мәселелер қарастырылады, яғни заңи жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және түрлері, заңи жауапкершіліктің жүзеге асырылуы, заңи жауапкершілікті болдырмайтын мән жайлар, заңи жауапкершіліктен босату негіздері.
Заңи жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы заңи жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келетін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заңмен қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….3
Негізгі бөлім.
1. Заңи жауапкершіліктің ұғымы………………………………..5
2. Заңи жауапкершілік түрлері……………………………….......7
3. Заңи жауапкершіліктің жүзеге асырылуы……………….….22
Қорытынды……………………………………………………….23
Падаланған әдебиеттер тізімі..............................................…….25

..

Прикрепленные файлы: 1 файл

Заңи жауапкершіліk.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

Әкімшілік – құқықтық жауапкершілік туралы

    Заңдық  жауапкершіліктің ерекше түрі  әкімшілік жауапкершілік болып  табылады. Мұнда заңдық жауапкершіліктің  барлық түрлері бар: құқық нормасының  негізі бойынша, мемлекеттік мәжбүр ету бойынша құқық нормасының бұзылуы.

    Осымен  бірге әкімшілік жауакершіліктің  өзінің ерекше түрлері бар.  Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік  құқықты бұзғандар тартылады. Әкімшілік құқықты бұзушылық дегеніміз не? Бұл – басқарма белгілеген мемлекеттік тәәртіпке, азаматтың құқығы мен бостандығына қол сұғушылық сияқты құқық бұзушылық. Әкімшілік жауапкершілікке адам егр осы үшін жауапқа тартылады деп белгілеген нақтылы құқықтық норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуы жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық – нақтылы факті болуы керек. Ол төрт элементтен тұрады: субъект; тәртіпсіздіктің объективтік жақтары; тәртіпсіздіктің объектісі; тәртіпсіздіктің субъективтік жақтары.

    Әкімшілік  құқық бұзушылықтың субъектісі  әкімшілік қабілеттілігі бар  адам болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылыққа істеген тәртіпсіздігіне орай 16 жасқа толған азаматтар тартылады.

    Әкімшілік  құқық бұзушылықтың объектісі  заңмен қорғалған қоғамдық қатынастар  болып табылады. Әкімшілік тәртіпсіздік  – басқарма белгілеген тәртіпке  қарсы бағытталған, мемлекеттік және жеке меншікке, адамның құқығы мен бостандығына бағытталған тәртіпсіздік. Әкімшілік қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықтың тигізетін зияны азырақ және қауіптілігі де аз.

    Әкімшілік  құқық бұзушылықтың субъективтік  жағы – бұл субъектінің өз іс-әрекетіне психикалық қатынасы. Былайша айтқанда, бұл-әкімшілік құқық бұзушылықтың кінәсі. Кінә әдейі және байқаусызда жасалуы мүмкін. Адам саналы түрде әдейі өзінің іс-әрекетімен заңды бұзады. Өзінің іс-әрекетінің артында болатын зардабын да біле тұрып, жағымсыз қылыққа барады. Мысалы, жаяу адам көшеде келе жатып қызыл түстің жанып тұрғаның көре тұра көшеден өтеді. Соның салдарынан өзі де басқа да зардап шегеді, жолға қауіпті жағдай туғызады. Егер адам ісінің арты зардапты болатының біле тұрып жеңіл ойлылықпен, қайтер дейсің деп іс-әрекетке барса, мұны аңдаусызда жасалған әкімшілік құқық бұзушылық деп таниды.

    Әкімшілік  құқық бұзушылықтың объективті  жағы әкімшілік жауапкершілікке  әкеліп соқтыратын әрекеттілік  не әрекетсіздік болып табылады.

    Тек  әкімшілік құқық бұзушылықтың  жоғарыда көрсетілген төрт түрін  түгел жасаған адам ғана, егер  кінәлі деп танылса, әкімшілік  шара қолдану үшін әкімшілік  жауапқа тартылады. Әкімшілік  жаза – құқығына, мүлкіне шектеу  жасалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

    Мұндай  жазаны арнайы органдар және  лауазымды адамдар-автоинспекция,  санитарлық инспекция, балық күзетінің  инспекциясы, сондай-ақ сот тағаындайды.

 

Заң әкімшілік жазаның төмендегідей түрлерін қарастырады:

    Ескерту. Ұсақ әкімшілік құқық бұзушылыққа жазбаша қаулы қабылдау түрінде ескерту шарасы қолданылады. Кінәлі адамға өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы болғандығы айтылып, түсіндіріліп ондай кемшілігін жою және бұдан былай болдырмауға міндетті екенін ескертеді.

    Айып салу.  Бұл мүліктік көріністегі шара. Келтірілген құқық бұзушылықтың мөлшеріне қарай айлық табысын есіне ала отырып белгілі мөлшерде төлетіледі.

    Тәртіпсіздік  әрекеті үшін бұйымды иесінен  алу жазасы. Мұның мәнісі –  құқық бұзушылық істелген құралды  мәжбүр ету жолымен алу. Құралды алады да иесіне шығарылған шығыннан басқа құны қайтарылады.

    Тәркілеу жазасы. Тәркілеуге құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған құрал-сайман жатады. Мұндай жағдайда зат иесіне қайтарылмай, мемлекет меншігіне беріледі. Құқық бұзушылық меншігіндегі нәрсе ғана тәркіленуге жатады.

    Арнайы  құқығынан айыру. Бұл шара арнайы  құқығы бар құқық бұзушыларға  қлданылады. Мысалы, аң аулау құқығы, көлік жүргізу құқығы.

    Лицензиядан,  арнаулы рұқсаттан, біліктілік  аттестатынан айыру не белгілі  бір қызмет түріне оның қолданылуын тоқтата тұру. Мұндай әкімшілік жазалауды аталған адамның белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы, лицензияда қарастырылмаған, бірақ лицензиялау туралы заңда қарастырғандай судьяға жүктеледі.

   Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның, лауазымды адамның өтініші бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізіледі.

    Қазақстан  Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты жазалау шарасы ретінде қолданылады. Әкімшілік жолмен кетіруді судья тағайындайды.

    Бірақ  кейбір құқық бұзушылық жасаған  жасөспірімдер 14 жастан бастап жауақа тартылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы бойынша заңмен қорғалатын әр түрлі салалардағы жағдайларға, әкімшілік құқық бұзушылық үшін шаралар қолданылады. Мысалы, 14-тен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауакершілікке тартылады. Кәмелетке жасы толмаған баланы қасақана міндетке сай тәрбиелемеген ата-ананың немесе асырап алушы адамның теріс қылығы әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі. Атап айтқанда, мұндай жиі кездесетін құқық бұзушылық іс-әрекеттер төмендегідей:

  • прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары, Президенттің күзет қызметі, салық және әскери полиция, таможня органдары, шекара қызметі, төтенше жағдайлар жөніндегі өкілеттігі, полиция қызметкерінің заңды бұйрығы мен талабына қасақана бағынбау
  • оқ-дәрі мен қаруды сату тәртібінің бұзылуы
  • шекара зонасында шекара тәртібін немесе тұру ережесін бұзу
  • мемлекеттік шекара арқылы заңсыз жүк тасымалдау
  • жолды, темір жол өткелдерін, басқа да жол құрылыстарын бүлдіру.
  • Жүргізуге құқығы жоқ адамның көлікті мас күйінде басқарып жүргізуі
  • Электр жүйелерін бүлдіру
  • Заңсыз аң аулау, балық аулау, жануарлар әлемін пайдалану
  • Орман өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережесін бұзу
  • Орман үшін пайдалы фаунаны жою, сондай-ақ орманды түрлі қалдықтармен, химиялық заттармен ластау, зақым келтіру, басқа да орман қорының жерлеріне зиян келтіру
  • Жас көшеттерді қорғау мен күту ережелерін бұзу
  • Су ресурстарын қорғау ережелерін бұзу
  • ВИЧ-инфекциясымен контактыда болған, СПИД-пен ауыратын, венерологиялық аурулармен, туберкулезбен, сондай-ақ есірткі қолданатын не дәрігердің тағайындауынсыз психиотропты заттарды пайдаланатындардың медециналық тексеру мен емнен жалтаруы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Заңды  жауапкершілікті жүзеге асыру

  Бұл сұрақта міндетті түрде мазмұны мен категорияларын қарастыру қажет, бұнда яғни заңды жауапкершілік, функциясы мен және заңды жауапкершіліктің негізгі принциптері арасындағы байланысы қарастырылады.

Заңды жауапкершілік  нақтылы бір құқықта және фактілік негізде қолданылуы мүмкін бұл негізге  мыналарды жатқызуға болады:

-  құқықтық  норма, жауапкершілік мүмкіндігін  қолдану

- құқық бұзушылықпен  заңдық соңғы іс-әрекеттің “құқық  бұзушылықтың құрылымына” әсер ететін конструкциялар. Құқық бұзушылықтың бұл заңды факордың бір бөлігі болып табылады.

Құқық қабылдаушы акт, бұнда құқық нормасы нақты  қарастырылып,нақты түрімен заңды  жауапкершілікті анықтайды( соттың шешімі және қайта қарау істері)

         Осы барлық негізгі заңдық жауапкершілік теоретикалық, ғылыми болып келеді,бірақ заңның алдындада негізгі жауапкершілік бар. Мысалы: Қылмыстық құқықта Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі баптары бойынша « Қылмыстық жауапкершілік» бұнда «Қылмыстық жауапкершіліктің негізі қылмыс жасалуы, және осы қылмыстардың барлық құрылымы осы кодекспен қаралады»1.

Сонымен қатар  заңды жауапкершіліктің философиялық аспектілер ретінде қарастыруға  болады, осы мақсатта «бостандық»  түсінігі мен «жауапкершілік» бір  – бірімен өте тығыз байланысты2.

Сонымен қатар  арнайы түрдегі заңды жауапкершіліктің құрамына өзіндік бостандығымен  – сайлау бостандығық нұсқасы  жатады. Адамның бостандығы кеңейген сайын, оның жауапкершілігі артады. Осы  түрде бостандық пен жауапкершілік  бір – бірімен тығыз байланысты. Заңды жауапкершіліктің мақсаты ретінде әлеуметтік тұрғыны да құқықтық жүйеде қажет етеді. Заңды жауапкершілік екі мақсатты көздейді: құқығын қорғаумен құқықтық сайлау түрдегі азаматтарды тәрбиелеу.

4. Заңды жауапкершілікті болдыртмайтын жағдайлар.

Кез келген  құқыққа қарыс бағытталған әрекет, заңды жауапкершілілкке әкеп соғады.  Бірақта осы атылған ереженің  криминогендік қоғамдық қатынастың ерекшелігіне байланысты қолданылмайтын жерлері бар, яғни заңшығарушы  құқық  бұзушылық болған жағдайда да жауапкершілікті  болдыртпайды. Олар мына жағдайларда:

 Есідұрыс  еместік.  Құқықбұзушылық жасаған сәтте өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын тұлғаның  психикасының немесе ақылының кемдігінен ауру халдегі жағдайы.

Есі дұрыс еместігі түсіну екі критерийге байланысты сипатталады: құқықтық және медициналық.

Медициналық критерийдің белгілері:

а)созылмалы  психикалық сырқат;

ә) психикалық әрекеттің  уақытша бұзылуы;

б) кемақылдылық;

в) өзге дертке ұшырау.

Созылмалы психикалық ауру асқыну және ұзаққа созылу тенденциясымен сипатталатын  жазылуы қиын сырқаттарды құрайды.

Психикалық  әрекеттердің уақытша бұзылуы кенеттен  басталып, тез дамып, жылдам өтуімен , сондай – ақ, науқастың сырқаттан  құлан – таза айығуымен  сипатталады (маскүнемдердің елесті ауруы, паталогиялық мас болу, паталогиялық эффект т.б. )

Кемақылдылық (анография) – ақыл – қабілетінің тумысынан немесе ерте балалық шақта бұзылуы, әрі оның тұрақты төмендеуі.

Өзге дертке ұшырау деп , барлық ауруды емес, тек  психикалық әрекеттің бұзылуына  әкеп соғатын науқас түрлерін таниды. Мысалы, психопатияның кейбір түрлері кей инфекциялық аурулар салдарынан болған уақытша психиканың бұзылуы.

Құқықтық  критерий:

а) интеллектуалдық (яғни, өз әрекетіне жауап бере алмау)

б) еріктілік (яғни, өз әрекетн басқара алмау).

Сирек кездесетін әрекеттің іс жүзіндегі сипаты мен  қоғамға қауіптілігін сезе тұра , өзін бағындыра алмай еркінен тыс  іс жасау нашақордың наша іздеп,  «ашығуы» кезінде , не ұрламаса тұра алмайтын клептомандардың әрекеттерінде  ұшырасады.

Қажетті қорғану тек мемлекеттің өзі немесе оның органдары ғана емес, адамның өзі де өз құқығы мен бостандығын  қорғай білуі қажет. Мемлекеттік органдар да қылмыс құрбанына дер кезінде көмек бере алмай қалады. Сондықтан Конституцияның 13-бабында азаматтың өзіне, өзінің мүддесін қорғауына толық құқық берілген.

    Қажетті  қорғану- заң қорғайтын мүддені  қылмыскердің қауіпті қол сұғуынан  оған зиян келтіру арқылы қорғауды  айтамыз. Қажетті қорғану- қылмыскердің  озбырлығына қарсы қолданылатын  әрекет. Заңмен қорғалатын мүдделерге адам өмірі, денсаулығы, бостандығы т.с.с. жатады. Адамға құқық бұзушы шабуыл жасаса, ол одан белсенді түрде қорғануға құқылы. Егер адамға шынымен шабуыл жасалса, оның құқығы мен бостандығына нұқсан келтірсе, оның қорғануға құқы бар және ол заңды болып табылады.

 Сондай-ақ  егер адамға есі дұрыс емес  адамның және 14 жасқа толмаған  жасөспірімнің тарапынан жасалған  шабуылдан қорғануы да заңды  қорғану деп мойындалады. Қорғану  нәтижесінде шабуыл жасаушы адамға  зиян келтірілуі мүмкін. Бірақ  оған қорғанушы жауап бермейді. Егер жәбірленуші қорыққандықтан немесе сасқандықтан, болмаса есі шығып кеткендіктен, қорғаныс шараларын шектен тыс асырып жіберсе, сот қорғанушыны жауапкершіліктен босата алады.

    Қажетті  қорғануды заңды түрде әрекет  жасаған лауазымды адамға қарсы қолдануға болмайды. Мысалы, полиция қызметкері тәртіп бұзушыны ұстады, бірақ тәртіп бұзушы оған қарсылық көрсетті делік. Бұл жағдайда қажетті қорғаныс жоқ, өкімет өкіліне қарсылық көрсету жоқ. Егер лауазымды адам (полиция қызметкері т.б.) азаматтың құқығын бұзса, онда азамат жоғары тұрған органға шағымдана алады. Лауазымды адамға қарсылық көрсету  (мысалы, полиция қызметкеріне) егер оның қылығы айқын қылмыстық дәрежеде болса ғана қолданылуы мүмкін, егер полиция қызметкері мас болса, бұзақылық жасаса, адам өміріне, денсаулығына зиян келтіретіндей басқадай қылық көрсетсе т.с.с. ғана болуы мүмкін.

    Егер  шабуыл жасаушының қылығы айқын  қылмыскерлік болса, ұрса, тонай  бастаса, өлтіруге ұмтылса, қорғану  шаралары қажет деп есептеледі. Оның үстіне қорғану шабуыл жасаушының әрекетіне сәйкес келгені жөн. Бұл бірақ өте күрделі мәселе. Егер бір адам аяқ астынан шабуыл жасаса, ойланып тұруға уақыт болама? Шабуыл жасаушы таяқпен ұруы мүмкін, ал қорғанушы мылтықпен атуы ғажап емес. Мұндай жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп қарау соттың үлесінде, сот шешеді.

Информация о работе Заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері