Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 15:12, реферат

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
· Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
· Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
· Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
2.2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
2.3. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
2.4. Қылмыс және қылмыс құрамы
2.5. Қылмыс құрамының түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс права.doc

— 121.50 Кб (Скачать документ)

 Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың  маңызды шарттарының бірі қоғамға  қауіпті іс-әрекеттерге заңды  дұрыс қолданып, оның әрекет немесе  әрекетсіздікке қылмыстық заң  нормасының талабына сай баға беріп саралау   болып табылады.   

 Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген, нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады.   

 Қоғамға қауіпті  іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады.Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет.Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады.Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек.Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр.   

 Біздің құқықтық  мемлекетімізде бірде –бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде  қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауаптылыққа тартылу немесе жазалануға тиісті емес.Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.  

2.4.Қылмыс және қылмыс құрамы 

 Қылмыс пен қылмыс  құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық  -құқылық  түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті  және құқыққа  қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.   

 Қылмыстың жалпы  түсінігі, сол қылмыстың заңдылық  сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де  ашып көрсетеді.Өмірде қылмыстық  құбылыстар әр түрлі нысандарда  көрініс тауып немесе түрлі  түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған.   

 Қылмыстың жалпы  түсінігі – барлық қылмыстарға  тән, оның белгілері Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінде  көрсетілген жеке қылмыстар түрінде  нақтыланып, өзінің дамуын табады.   

 Қылмыстық заңда  сипатталған әрбір қылмыс, яғни  қылмыс құрамы өзінің ерекше  белгілерімен сипатталады.Қылмыстың  құрамы – бұл қылмысты іс-әрекет  емес, тек соның нысанын сипаттайтын  түрі ғана.Ол – нақты қылмыстың  заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі.Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер – қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлік  және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілердің жиынтығы есепке алынады.Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады.Осы екі қылмыстың құқылық- түсініктерінің бағыты да әр түрлі.Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды.    

 Қылмыстық құқық  теориясында, оқулықтарда қылмыс  құрамының жалпы түсініктері  кеңінен қолданылады.Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады.Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді.Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік.Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар.   

 Қылмыстық құқық  теориясы әрбір қылмыста болатын  төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың обьектісін, қылмыстың  обьективтік және субьективтік жақтарын, және субьективтік жақтарын, және субьектінісін атап көрсетеді.Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі элементтерге бөлінеді.Әрбір қылмыс құрамында оның обьектісін, обьективтік және субьективтік жақтарын, және субьектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады.Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді.   

 Қылмыстың құрамының  жалпы түсінігі барлық қылмыс  құрамына тән осы төрт түрлі  элементтермен сипатталады.Қылмыстың  осы немесе басқа элементтерін  сипаттау тиісінше қылмыс құрамының  элементтерін сипаттау деп аталады.Мысалы, қылмыстың субьективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субьективтік жағы деп аталады.    

 Қылмыстың обьектісі  деп, сол қылмыстық қиянаттың  неге бағытталғанын, оның қандай  зиян келтіргенін немесе келтіруге  нысана алғанын айтамыз.   

 Қылмыстың обьектісі  заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.   

 Қылмыстың сыртқы  пішінін, көрінісін сипаттайтын  белгілердің жиынтығы қылмыстың  обьективтік жағын құрайды.   

 Обьективтік жағының  белгісіне ең алдымен қоғамға  қауіпті мінез-құлық актісінің  сыртқы көрінісі – адамның әрекеті немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырамдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалтыру, т.б.).Біршама қылмыс құрамының обьективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді.Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың обьективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады.   

 Қылмыстарды ажыратып  жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің  дәрежесін белгілеуде, қылмысты  саралауда обьективтік жақтың  осы белгілерінің маңызы зор.    

 Қылмыстың субьективтік  жағының белгілеріне қылмыстың  ішкі жағын құрайтын белгілері,  яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады.     

 Субьективтік жақтың  белгілеріне кінә, ниет және мақсат  жатады.Кінә екі түрлі нысанда:  қасақаналық және абайсыздық  түрінде (20,21-баптар) көрініс табады.    

 Субьективтік жағынан  бір қылмыстар қасқаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасқаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін.   

 Кінәнің нысанының  көпшілігі қылмыстық заңның өзінде  тікелей ашып көрсетіледі.Ал көрсетілмеген  жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады.Кейбір қылмыс құрамының субьективтік жағының белгілерін қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады.Мысалы, пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру.   

 Қылмыс құрамының  субьективтік жағының белгілерін  анықтау, қылмысты саралауда қылмыстың  және қылмыскердің қауіптілік  дәрежесін анықтау үшін және  жаза мөлшерін белгілеу үшін  аса маңызды болып табылады.   

 Қылмыстық заң бойынша   қылмыстың субьектісі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез келген адам жатады.   

 Қылмыстық жауаптылыққа  есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толғпн (14,15-бап) жеке адамдар жатады.   

 Сонымен кез келген  қылмыс құрамының субьектісінің жалпы белгілері болып:жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады.Қайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ған жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді.Мысалы, пара алудың субьектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың субьектісі болып әскери қызметшілердің болуы қылмыстың субьектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор.   

 Осы тұрғыдан алғанда  қылмыстық құқық теориясында  қылмыстың құрамының жалпы түсінігі, қылмыс құрамының қажетті, міндетті  белгілері және факультативті  белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі.    

 Қылмыстың құрамының  факультативті нышандары дегеніміз бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданатын белгілері болып табылады.   

 Факультативтік белгілерге  жататындар: уақыт, қылмыс істеу  тәсілі, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың  заты, қылмыстың арнаулы субьектісі, қылмыстың зардабы, себепті байланыс.    

 Егер факультативті  белгі сол немесе басқа бір  құрамда атап көрсетілсе, онда ол  өзінің мәні жағынан осы құрамның  қажетті, негізгі белгісіне айналып кетеді.Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі – мүлікті ашықтан-ашық алу, осы қылмыстың белгісі.    Егер факультативті белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді.Тек қана қылмыстық-құқылық жаза белгілегенде есепке алынады.Мысалы, қызметшінің, құжаттары қолдан жасау қылмысын саралауда оның қандай тәсілмен, қандай құралмен істелгені есепке алынбайды (314-бап).Бірақ қолданылған тәсіл, мақсат, жаза тағайындалғанда сөз жоқ ескеріледі.Қылмыс құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы орасан зор.   

 Қылмысты дұрыс  саралау үшін, нақты қылмыс құрамдарының  белгілерін тиісінше дұрыс түсіну қажет.Осындай әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерінбілуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамының жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудың аса қажетті сатысы болып табылады. 

2.5. Қылмыс құрамының түрлері

 Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету  және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.   

 Қылмыстық құқық  ғылымында мұндай бөлінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады.    

 Іс-әрекеттің қоғамға  қауіптілігінің дәрежесі мен  мәніне қарай құрамдар негізгі,  жауаптылықты ауырлататын қылмыс  құрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді.   

 Негізгі қылмыс  құрамы деп іс-әрекеттің белгілі  түрі бойынша онда негізгі,  тұрақты белгілердің болуын айтамыз.   

   Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігіндегі құрам негізгі құрамға жатады.Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.   

 Егер қылмыс құрамында  осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен  басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп атаймыз.    

 Мұндай қылмыс құрамына  Қылмыстық кодекстің 98- бабында  көрсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында болған  кісі өлтіру).Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады.Сондай-ақ құрам қатарына 129-баптың III-бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 1-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т.б. жағдайлар жатады.   

  Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді.   

 Жай құрам дегеніміз  қылмыс құрамының белгілерінің  біркелкі болуы, яғни оның бір  ғана обьектісі, бір ғана обьективтік  жағы ғана болуы.Бұған мысалы, 125- баптың 1- бөлігінде көрсетілген  адамды ұрлау жатады.   

Информация о работе Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі