Қылмыстық істі қозғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 21:20, реферат

Краткое описание

Сондықтан да экономика саласының заңдылықтарын іске асыру ең алдымен, сол әрекеттердің заң негізінде жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана біз мемлекетіміздің экономикасын нығайтып отырған заңдылықтарды орындауымызға болады. Осындай күрделі мәселелердің бірі - дәл қазіргі жағдайдағы еліміздегі көптеп пайда болып жатқан шаруа (фермер) қожалықтары мен олардың қызметін құқықтық реттеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Содержание

I.К І Р І С П Е
II.1 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының ұғымы мен түрлері
Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының азаматтық құқықтық ерекшеліктері……………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін қызмет ұйымдастыру мен мүшелікке кіру тәртібі………………
3)Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату…..
III.2 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу………………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқықтық реттеу………………….
3)Шаруа (фермер) қожалығына салық салу жеңілдіктері мен оны құқықтық реттеу.
4)Қазақстан Республикасы заңдарымен шаруа (фермер) қожалығына қарастырылған жеңілдіктер…
ІҮ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ү. Б И Б Л И О Г Р А Ф И Я

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sharua kojalygy 2004.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)

Жер үлесіне құқығы бар азаматтар жергілікті атқару органдарына және өздері құрамынан бөлініп шығатын ауылшаруашылық ұйымына өтініш жасайды. Бұл өтініште сұрап отырған жер учаскесінің тұрған жері, шаруа (фермер) қожалығының құрамы, жер үлесінің саны, жалпы көлемі (гектармен) бағалануы көрсетіле отырып, өтінішке ауылшаруашылығы өндірісін жұргізудің қысқаша бағдарламасы, жер үлесіне құқығы туралы куәліктердің немесе қосымша жер үлесін алу үшін жасалған шарттардың көшірмелері қоса тіркелуі керек. Ал, жергілікті атқару органы өтініш берген күннен бастап, бір ай мерзім ішінде тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығаруы керек. Шаруа (фермерлер) қожалығына берілетін  жер учаскесі қожалық мүшелері арасындағы шартта өзгеше көзделмесе оның мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығында болады. Егер, шаруа (фермер) қожалығы мүшесінің біреуі қожалықтан шығуға ниет білдірсе, оның жерге үлесін бөліп беру, табиғи күйде немесе, ақшалай өтем түрінде төленіп берілед /31/.

Шаруа (фермер) қожалығы өзінің тұрақты жер құқығын: сатуға, сыйға тартуға, қайталама жер пайдалануға тапсыруға, айырбастауға, тағы басқа нысандарда өзгеге беруге, кепілге тапсыруға, мұраға қалдыруға, сондай-ақ, тұрақты жер пайдалану құқығына қатысты азматтық және жер туралы заңдарында тыйым салынбаған өзге де мәмілелерді жасауға мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз билік ете алады.

Тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы шаруа (фермер) қожалығының мүлкінің құрамына кіреді, онымен шаруа (фермер) қожалығы өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Тұрақты жер пайдалану құқығы–жер пайдалану құқығының мерзімі көрсетілмейді.

Уақытша ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы – жер пайдалану құқығының 3 жылдан 99 жылға дейін берілуі.

Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері ауылшаруашылық мақсатындағы жер санатына кіреді. Өйткені, ауылшаруашылық мұқтаждары үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ал, шаруа (фермер) қожалығының қызметі – жерге қатысты ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен ұқсату және өткізумен тығыз байланысты.  Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін беру және кәсіпкерліктің ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге байланысты жүзеге асыру нысаны болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу мақсатында жер учаскесін алған және ауылда (селода) тұрғын үйі бар азаматтардың шаруа (фермер) қожалықтарындағы жер пайдалану құрамына кірмейтін ауылдық жер учаскесі, ол азаматтардың жеке меншік құқығы ретінде сақталынуы тиіс.

Жер пайдаланушы ретіндегі шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтары мыналар болып табылады: /32/

  1. Жерді ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында пайдалана отырып, онда дербес шаруашылық жүргізуге,
  2. Ауылшаруашылық дақылдары мен өзге де екпе көшеттерді егу мен отырғызуға, жер учаскесін пайдалану нәтижесінде өндіріліп алынатын ауылшаруашылық өнімін және оны сатудан түскен табысты иеленуге құқылы,
  3. Жер учаскесінде бар құм, саз, қиыршық тас, және басқа да

көп кездесетін пайдалы қазбалар, шымтезек, орман алқаптары, жер үсті және жер асты суларын өз шаруашылығының мұқтажы үшін белгіленген тәртіппен пайдалануға, сондай-ақ, жердің өзге де пайдалы қасиеттерін кәдеге жаратуға,

  1. Жер учаскесі мемлекет мұқтажына алып қойғанда (сатып алған) жағдайларда шығындардың толық көлемде өтелуіне,
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатқа қайшы келмейтін құрылыстар мен ғимараттарды меншік құқығымен тұрғызуға,
  3. Жердің суландыру, құрғату өзге де мелиорациялық жұмыстарды жүргізуге белгіленген құрылыс, экологиялық, санитарлық - гигиеналық және өзге де арнайы талаптарға сай тоғандар мен өзге де суаттар салуға құқығы бар.

Ал, шаруа (фермер) қожалығының жер пайдаланудағы

міндеттері мыналар:

  1. Жерді нысаналы мақсатқа сай пайдалануға,
  2. Топырақ құнарлығының төмендеуіне жол бермеуге,
  3. Ауылшаруашылық өнімін өндірудің табиғатты қорғау технологияларын қолдануға және жер қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға,
  4. өз қызметі нәтижесінде экологиялық ахуалдың иемендеуіне,
  5. жер учаскелеріне құрылыс салуды жүзеге асыру кезінде

қолданылып жүрген сәулеттік – жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық - гигиеналық және өзге де арнайы талаптарды (норма, ереже, нормативтерді) басшылыққа алуға,

  1. басқа жер пайдаланушылар мен жер учаскелері меншік иелерінің құқығын бұзбауға,
  2. сервитуттарды жер туралы және азаматтық заңдарда белгіленген тәртіпте беруге қамтамасыз етуге міндетті.

Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқық әдістерімен қорғау азаматтық  құқық - мүліктік қатынастарды, соның ішінде шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын қолдануын реттей отырып, қорғалуын қамтамасыз етеді.

“Жер туралы” жарлықтың 115 бабына сәйкес жер пайдаланушының меншік құқығы мен жерді пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 259-267 баптарында көзделген тәртіппен қорғалады.

Азаматтық - құқықтық қорғаудың тар мағынасын бұзылған құқық қатынастарды қалыпқа келтіру деп түсінуге болады. Сондықтан, бұндай азаматтық - құқықтық қорғау шараларын екіге бөліп қарауға болады. Ол біріншеден, мүліктік құқықтық, екнішіден, міндеттемелік құқытық. Бұдан мұліктік құқықтық қорғау шараларын (индикативті және негаторлық талап қою арқылы жер пайдалану құқығын бұзған әрекеттер. Мысалы: шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесін заңсыз алып қоюды жатқызуға болады. Сондай-ақ, жер пайдалану құқығы әртүрлі қатынастарды жүзеге асыруға қатысты бұзылуы мүмкін. Мысалы шаруа (фермер) қожалығының мүшесі немесе арендатор шарт негізінде жер пайдалану құқын ала отырып, бірақ оны мерзімі аяқталған уақытында қайтармай немесе жер учаскесінің жайын біршама нашарлатып қайтарған болса, бұндай жағдайда міндеттемелік құқықтық қорғау қажет етіледі. Бұл міндеттемелік құқықтық қорғау жасалған мәмілелерді заңсыз деп тану келтірілген зиянның орнын толтыру (яғни, шарттарда көрсетілген міндеттемелерді орындамау салдарынан туған) т.б. талаптар қойылу арқылы жүзеге асырылады /33/. Мүліктік құқықтарды қорғаудағы азаматтық құқықтық әдістердің ерекшелігі–талаптың нақты бір заңда көрстілген меншік иесіне қойылуы.

Тәжірибе жүзінде көрсетіп жүргендей, тек мемлекеттік және тағы басқа заңды тұлғалармен бірге, шаруа (фермер) қожалығы мүліктік құқық иеленуші ретінде азаматтық істерде азаматтық талапкер де, жауапкер де бола алады. Мысалы /34/ Н.Н.Молчанов шаруа (фермер) қожалығының басшысы шаруа (фермер) қожалығының қызметін жүргізу үшін “Колос” колхозынан алған жер учаскесін қайтару туралы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев аудандық сотына талап арыз жолдаған. Онда Н.Н.Молчанов 1994 ж. 5-мамырда аудандық әкімшіліктің 05.05.1994 жылғы N79 қаулысының негізінде шаруа (фермер) қожалығын құру үшін 39,1 г. Жер учаскесін өмір бойы пайдалану құқы бойынша алған. Бірақ аудандық әкімшілік комиссия негізінде жерді табиғи күйінде беруден бас тартылған. Ал, “Колос” колхозы тарапынан аудандық әкімшіліктің комиссиясының шешіміне шағымданбаған. Содан, 22 мамыр 1994 жылы “Колос” колхозының басшысы шаруа (фермер) қожалығына берілген жер учаскесін қайтарып алған. Талапкер өз талап арызында жер учаскесін және өмір бойы жерді пайдалану құқығын қайтаруды сұрайды. Солтүстік Қазақстан облысының сот шешімімен талап қанағаттандыруға жатады деп шешкен. Бұл жағдайда фермер колхоздан бұрын берілген жерді қайта қайтару жөнінде виндикациялық талап қояды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 266-бабында көрсетілген негіздерде /35/ Қазақстан Республикасы меншік құқығын тоқтатып, заң қабылдаған ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтерілген залаларды меншік иесіне толық көлемде төлеуге жатады деген. Сондай-ақ, нақты іс бойынша сот шешім шығарған жағдайда мемлекеттік басқару органдарының жергілікті өкілді немесе атқарушы органның заң құжаттарына қайшы келетін құжаттар қолданылмауға тиіс. Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншік иесіне келтерілген залал тиісті өкімет пен басқару органының тиісті бюджет қаражатынан өтелуі тиіс болып саналады. Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесі мемлкеттік органдардың заңсыз тіркелуіне жол бермеу қажет. Бұл орайда, “Жер учаскесін тәркілеу, “Жер туралы” Жарлықтың 74-бабында көрсетілгендей, жер учаскелері заң актілерінде көзделген жағдайларда, қылмыс жасағаны үшін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесі сот арқылы санкция түрінде ғана ақысыз алынуға жол беріледі” делінген.

Шаруа (фермер) қожалығына салық салу жеңілдіктері мен оны құқықтық реттеу.

Шаруа қожалықтарына арналған салық режимі біріңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айрысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсатужәне оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтарының қызметіне қолданылады.

Жеке меншік құқығымен және жер пайдалану құқығымен жер учаскелеріболған кезде шаруа қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіндербес таңдауға құқылы.

Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін жыл 20 ақпаннан кешіктірмейжер учаскесі орналасқан жердегісалық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш береді.

Салық төлеуші аталған мерзімдеөтініш бермеуі оның бюджеттен есеп айрысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні арнаулы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.

Біріңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шаруа қожалықтары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:

  1. Шаруа қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын,
  2. Айналым бойынша қосылған құн салығы,
  3. Жер учаскелері бойынша жер салығын жәнежер учаскелерін  пайдаланғаны үшін төлемді,
  4. ҚР-ның Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу нысандары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты,
  5. ҚР-ның Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу нысандары бойынша мүлік салығын төлеушілері болып табылмайды.     

Арнайы салық режимін қолдану үшін қандай нәрселер керек. Ең біріншіден екі шартты сақтау керек:

  1. мемлекеттік тіркеуден өту;
  2. салық есебіне тұру.

Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шаруа (фермер) қожалықтары, заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлға болып табылады.

Заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын азаматтарды мемлекеттік тіркеу келу сипатында және азаматтың тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұрудан тұрады /36/.(«Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы « Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі Заңы /«Жеке кәсіпкерлік туралы « Қазақыстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы).

Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шаруа  (фермер) қожалығы мынадай нысандарда корінуі мүмкін :

жалпы бірлескен меншік базасына негізделген отбасылық  кәсіпкерлік нысанындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;

жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға  негізделген фермер қожалығы ;

бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде  жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында  ұйымдастырылған фермер шаруашылығы .

Салық төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарын қоса  салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу Салық кодексімен белгіленген мерзімде және тәртіпте жүргізіледі /37/(Салық кодексінін 93-тарауы) .

Мемлекеттік тіркеу мен салық төлеушінің тіркеу нөмірін алу үшін шаруа (фермер)  қожалығына Салық  кодексімен көзделген салық  міндеттемелерінің туындау сәтінен бастап 10 жұмыс күні ішінде салық органына өтініш беру қажет .Бұл ретте ,өтініш жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері бойынша салық органына беріледі. Өтініш нысаны мен оны жасау тәртібін ҚР  Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілейді.

Салық кодексімен белгіленген қажетті деректердін барлығын  алғаннан кейін салық органы Салық төлеушінің куәлігін береді.             

Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеуден өткізуден кейін шаруа(фермер) қожалығына салық органдарында:

Тұрғылықты жері бойынша ;

Салық салу объектілерін тіркеу мен (немесе) орналасқан жері бойынша ;

Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру орны бойынша тіркеу есебіне тұру қажет.

Тіркеу есебіне кою үшін шаруа (фермер)  қожалығының  басшысы тіркеу үшін берілетін мәліметердің құрамында салық органдарына тиісті өтінішті береді ,міндетті тәртіпте өз аты- жөнін ,туған күні мен орнын ,  тұрғылықты мекен-жайын,ҚР ІІМ берген жеке куәлігінің деректкрін көрсетеді .

Салық кодексімен норма белгіленген , соған сәйкес тіркеу есебіне қою туралы өтініште  шаруа  (ферме) қожалығы көрсеткен тіркеу деректерінің өзгеруі кезінде салық төлеуші осындай деректердің өзгеру сәтінен бастап 10 жұмыс күні ішінде  салық органына бұл туралы  хабарлауға міндетті .

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін арнайы салық режимдерін қолданудың ерекшеліктердін бірі осы арнайы  салық режимдерін қолдану мүмкіндігінің жер учаскесінін орналасқан жері бойынша (қызметті жузеге асыру орны бойынша) салық органдарына тіркеу  есебіне қоюдан кейін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ғана беріледі . 

Бұдан кейін шаруа фермер қожалығы бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырудың режимін таңдауы тиіс ,яғни салық салу режимі .Оған ерікті негізде не салық салудын жалпы белгіленген тәртібі немесе арнайы салық режимін таңдау ұсынылады.

Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданудың мүмкіндігін алу  үшін салық төлеушінің белгілі критерийлерге, шарттарға сәйкес келуі қажет.

Арнайы салық режимдерін қолдану үшін жағдай.

Информация о работе Қылмыстық істі қозғау