Қылмыстық істі қозғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 21:20, реферат

Краткое описание

Сондықтан да экономика саласының заңдылықтарын іске асыру ең алдымен, сол әрекеттердің заң негізінде жүзеге асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана біз мемлекетіміздің экономикасын нығайтып отырған заңдылықтарды орындауымызға болады. Осындай күрделі мәселелердің бірі - дәл қазіргі жағдайдағы еліміздегі көптеп пайда болып жатқан шаруа (фермер) қожалықтары мен олардың қызметін құқықтық реттеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Содержание

I.К І Р І С П Е
II.1 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының ұғымы мен түрлері
Шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайының азаматтық құқықтық ерекшеліктері……………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін қызмет ұйымдастыру мен мүшелікке кіру тәртібі………………
3)Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату…..
III.2 Б Ө Л І М
1)Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу………………………….
2)Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқықтық реттеу………………….
3)Шаруа (фермер) қожалығына салық салу жеңілдіктері мен оны құқықтық реттеу.
4)Қазақстан Республикасы заңдарымен шаруа (фермер) қожалығына қарастырылған жеңілдіктер…
ІҮ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ү. Б И Б Л И О Г Р А Ф И Я

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sharua kojalygy 2004.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)

Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтатудың үшінші негізі – жер пайдалану құқының тоқтатылуы. Мынандай жағдайларда шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалну құқығы тоқтатылады  /23/.

1. Жер пайдалану құқынан бас тарса;

2. Жер пайдалану құқығын басқа адамға берсе;

3. Шаруа (фермер) қожалығының міндеттемелері бойынша жер пайдалану құқығын төлеттіріп алу қолданылса;

4. Жер учаскесі мемлекет мұқтаждығы үшін алынса (сатып алынғанда);

5. Жер учаскесін берген мерзім біткенде;

6. Мақсатқа сай пайдаланылмаған жер учаскесі алып қойылғанда;

7. Жер учаскесін тәркілегенде;

8. Жерлер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда алынып қойғанда тоқтатылады.

Сондай-ақ бір ескеретін жайт, жер учаскесін шаруа (фермер) қожалығынан тиісті нысанына орай, мақсатқа сай пайдаланылмаған жер ретінде пайдалану құқығы берілген сәттен бастап, үш жыл ішінде алып қоюға болмайды. Бұл кезеңге, сондай-ақ, жерді игеруге қажетті уақытты дүлей апаттарға немесе мұндай пайдалануға жол берілмейтін басқа да жағдайларға байланысты мақсатына сай пайдаланыла алмайтын уақыт кірмейді.

Шаруа (фермер) қожалығы өз қызметін тоқтатқан кезде мүлікті, ортақ меншікті бөлу тәртібіне сәйкес, әрбір қатынасушылардың үлесі алдын-ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін. Үлестік меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасында бір-бірінің келісімімен бөлінуі жатады. Сонымен қатар шаруа (фермер) қожалығының қызметін жүзеге асыру нәтижесінде туған мүліктік жер даулары және өзге де дауларды шешу сот тәртібімен қаралады /24/.

Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметі – жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нысаны болғандықтан оның қызметін тоқтату жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатуға сай келуі тиіс. Алайда, “ Шаруа (фермер) қожалығы” туралы заңда көрсетілмесе де, жеке кәсіпкерлік туралы заңда көрсетілген /25/ қызметін тоқтату негіздерін көрсетуге болады:

1. Егер, қызмет лицензиялауға жататын болса, қызметті лицензиясыз не заң актілерінен тыйым салынған қызметті жүзеге асырғанда;

2. Заңдарды күнтізбелік  жыл ішінде бірнеше рет  немесе өрескел бұзса;

3. Жеке адамның фермер қожалығын құру барысында ол қайтыс болса немесе әрекет қабілеттігінен айырылса т.б. негіздер Бұл негіздерге қоса, негізгі бір қызметін тоқтату салдары ол шаруа (фермер) қожалығының қызметін мүшелерінің ерікті түрде тоқтатуы болып табылады.

 

 

 

 

 

ІІ  Б Ө Л І М

 

Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін

 құқықтық реттеу

 

Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз /26/ меншік түріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорында шаруашылық басқару құқына негізделген ынталы қызметін айтамыз. Осыған сәйкес, шаруа (фермер) қожалығы жеке кәсіпкерліктің түрі болып табылады, яғни ауылшаруашылығына арналған жерлерді ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ, өнімді ұқсату мен өткізумен тығыз байланысты табыс табуға бағытталған азаматтардың жеке меншігіне негізделген және олардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асатын ынталы қызметі.

Жалпы, жеке кәсіпкерлікті екі түрге бөледі. Ол өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік. Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін заңдарда бірлескен қызмет түрі ретінде көрсетеді. Бірақ, бұл дұрыс пікір емес. Өйткені қызмет туралы шарт негізінде құрылған жай серіктестік нысанында фермер қожалығының қызметін бірлескен кәсіпкерлік қызметке жатқызуға болады да, ал өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығының, яғни, бір адамның құруына байланысты, оны өзіндік кәсіпкерлік түріне жатқызуға болады. Бұдан шаруа (фермер) қожалығының қызметі, жеке кәсіпкерліктің өзіндік бірлескен кәсіпкерлік түрінде де болатынын көруге болады. Сонымен өзіндік кәсіпкерлік /27/ дегеніміз – бір азаматтың меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі меншік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.

Ал, бірлескен кәсіпкерлік – азаматтар тобы ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асыратын қызметі. Бірлескен кәсіпкерлік-бірлескен ортақ меншік немесе үлестік ортақ меншік негізде болады. Сондықтан отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа қожалығының бірлескен кәсіпкерлігі – ортақ бірлескен меншік негізінде болса, ал, бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған жай серіктестік нысанындағы фермер қожалығы - үлестік ортақ меншік нысанында құрылуы мүмкін.

Жалпы азаматтар заңды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Бірақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін, міндетті түрде тіркеу қажет етілмейтін жағдайлар да болады. Олар мысалы, шаруа (фермер) қожалығы жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбаса және кәсіпкерлік қызметтен Қазақстан Республикасы заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық табысы болмаса міндетті тіркелуі қажет емес. Сонымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан да пайда болады. Кәсіпкерлік құқықтық статусын алу, кәсіпкердің кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқықтар мен міндеттерге ие бола отырып, кәсіпкерлік міндеттемелерді орындауға, кәсіпкерлік жауапкершілікпен тығыз байланысты болады. Ал, кәсіпкерлік жауапкершіліктің ерекшелігі оның тәуекелдігімен сипатталады және тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін өте жоғары деңгейде қорғау қағидаларымен айқындалады.

Сондай-ақ, кәсіпкер өзі өндіретін өнімнің сапасы үшін жауап береді және қойылатын талаптарға сапа сертификаты болуы тиіс. Шаруа (фермер) қожалығы өзінің өндірген ауылшаруашылық өнімдерін өткізумен байланысты оны мемлекеттік сауда орталықтарына еркін шығаруға мүмкіндік берілген.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарына сәйкес, өндіріліп алмайтын мүлікті қоспағанда барлық мүлкімен жауап береді. Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында тапқан табыстары (пайда) оның құрылу нысанына сәйкес, ортақ бірлескен меншік немесе ортақ үлестік меншік негізінде бөлуге жатады. Бұдан ортақ бірлескен меншік негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалығының түскен пайдасы мүшелер арасында тең бөлінсе, бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған жай серіктестік нысанындағы құрылған фермер қожалығының кәсіпкерлік қызметінен түскен табысы егер, жай серіктестік шартында өзгеше көзделмесе олардың ортақ мүліктеріндегі үлестеріне теңбе-тең негізде бөлінеді.

Шаруа (фермер) қожалығы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыра отырып, белгілі бір міндеттерді орындауға тиісті. Солардың бірі – бүгінгі күнде реттеуді қажет ететін басты мәселелерінің бірі – шаруа (фермер) қожалығының салық төлеуі.

Шаруа (фермер) қожалығы заңды тұлға болып табылмағандықтан, ол жеке тұлғалар сияқты салық төлейді. Сондықтан, ол жеке тұлғаларға салынатын табыс салығын, қосылған құнға салынатын салық, акциздер және жеке тұлғалардың мүлікке салынатын салық пен көлік құралдарына салынатын салықты төлейді /28/. Бұндай акциздерді төлеу мынандай жағдайларда жүзеге асырылады /29/.  Егер ауылшаруашылық өнімдерін жерге қатысты өндіру ұқсату және өткізумен байланысты түсім негізі қорды құрамаса, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығы бюджеттен тыс қорларға зейнетақы қорына, мемлекеттік әлеуметтік қаматамасыз ету қорына өз табысынан белгіленген тәртіп бойынша қаржы аударып отыруы тиіс. Бірақ бұл салық емес, дегенмен де, міндетті төлеуді талап ететін төлем болып саналады. Ал, қосымша құнға салынатын салыққа сәйкес, шаруа (фермер) қожалығының өндіретін ауылшаруашылық өнімдеріне байланысты 10 пайыздан 20 пайызға дейін ставкада алынады. Ал, табыс салығы – шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметі барысында түскен пайдадан алынады. Ал жер салығы жергілікті салық органдарының әр жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей төленуге тиісті.

Барлық салық түрлерін төлеуге байланысты нақты көрсетілген ережелерге салық заңдарына қайшы келмейтін негізде жеңілдіктер қарасырылған. Шаруа (фермер) қожалығының салық төлеуі бір жүйеге – яғни патент жүйесіне кіреді. Осы патент құынына салынатын салық, жер, мүлік, көлік салықтарының барлығы кіреді. Бұның тиімділігі сол фермерлердің әр түрлі бухгалтерлік есеп құжаттары мен декларацияларын дайындаудан туатын қиындықтардан босатады.

Патенттің жылдық құнын төлеу төрт мерзімде көрсетілген. Ол:

    1. Патент алған сәттен бастап 1/6 пайыз патент құнын алса;

2. 20 мамырдан 20 тамызға дейін;

3. 20 тамыздан 20 қарашаға дейін 1/6 пайыз төленеді. Ал қалған бөлігі жыл соңына дейін төленуі тиіс.

Шаруа (фермер) қожалығының басшысы тиісті тіркелген әлеуметтік зейнетақы қорларына қаржы аудару барысында қожалық мүшелері үшін ғана емес, жалдамалы жұмысшы еңбеккерлері үшін де тиісті төлемді аударып отыруға тиісті.

Сонымен, шаруа (фермер) қожалығы өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында мынандай құқықтарды иеленеді:

1. Кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы;

2. Кәсіпкерлік қызметін жүргізу мақсатында пайдалану үшін мүліктерін жалға беруге құқылы;

3. Өздерінің өндіретін өнімдерін сату мақсатында сатып алынған өнімдерді заңды тыйым салынбаған кез келген әдістермен және кез келген жерде сатуға құқылы. Бірақ,

1. Жүргіншілер жүрісіне кедергі жасамайтын;

2. Маңындағы тұрғын үйлердің тұрғындарына қолайсыздық туғызбайтын;

3. Санитарлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады;

4. Аумақтың ластануына әкеп соқпайтын жағдайда жұмыс жүргізуге тиіс. Аталған сауданы жасау үшін ақы алынбайды. Осыған байланысты ескертетін бір жағдай, жергілікті атқарушы органдар тікелей тыйым салған, белгіленген тәртіппен алаңдардан, көшелерден, жолдардың жүргін бөлігі болып табылатын учаскелерден өтетін жерлерден және қоғамдық көліктің жолаушылар аялдамасынан басқа жерлерге сауда қызметін жүргізуге міндетті.

5. Есеп айырысу өздерінің қалауы бойынша қолма-қол төлемейтін тәртіппен де жүргізеді.

6. Шаруа (фермер) қожалығы заңды тұлға болып табылмаса да заңды тұлғалармен тең дәрежеде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

7. Шаруа (фермер) қожалығын тіркеу, патент беру, қызметін тексеру, банкрот деп тану, жер пайдалану құқығын жүзеге асыру, кәсіпкерлік қызмет бабында туған даулар мен құқықтарын және мүдделерін жүзеге асыру барысында кедергі келтірген лауазымды адамдар мемлекеттік орган қызметкерлерінің іс-әрекеттерін сотқа шағымдауға құқылы.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында туындайтын мәселе – жалдамалы жұмыс күшін пайдаланған шаруа (фермер) қожалығы еңбекшілерін кәсіпкер ретінде танимыз ба? Деген сұрақ туындайды. Бұған жауап ретінде былай деуге болады. Шаруа (фермер) қожалығыныңжалдамалы жұмыс күшін пайдалануы оған жалданған еңбекшілерді кәсіпкер ретінде тануға негіз болмайды. Себебі, олар тек шаруа (фермер) қожалығының қызметін жүзеге асыруға, белгілі бір еңбек шарты негізінде жұмыс істеуге негізделген адамдар еңбегін пайдалану. Сондықтан да, жалдамалы жұмысшылар қызметі кәсіпкерлік қызмет белгілеріне жатпайды. Дегенмен де, жалдамалы жұмыскерге өзінің сіңірген еңбегіне ақы алумен бірге жұмыс барысында түскен пайданы бөлісуге қатысуға құқы бар.

Сонымен, шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметі, кәсіпкерлік еркіндігі басқа кәсіпкерлікті жүзеге асырушы субъектілермен бірдей мемлекет тарапынан қорғалады және қолдау табады.

 

 

  Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығын азаматтық құқықпен реттеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің 22-желтоқсан 1995 жылғы “Жер туралы” Жарлығына сәйкес, шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығы тұрақты жер пайдалану құқығына береді.

Бүгінгі күнде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, жерді пайдалану құқығы барысында туындап отырған әртүрлі азаматтық құқықтық мәмілелердің пайда болуы қоғамымызда жаңа құбылыстардың пайда болуына әкеп соқтырады. Ал, бұл құбылыстардың өз кезегінде заңды фактілік роль атқаруы мүмкін. Бұдан, бұл құбылыстар шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайын анықтағанда, оның мемлекеттік емес жер пайдаланушы екенін ерекшелендіріп көрсетеді. Сонымен, тұрақты жер пайдаланушы дегеніміз – жерді пайдалану құқығы мерзімсіз сипаттағы тұлғаларды айтамыз /30/.

Шаруа (фермер) қожалығының тұрақты жер пайдалану құқығы 3 түрлі негіздерде пайда болуы мүмкін.

    1. Жер  пайдалану құқығын табыстау
    2. Жер пайдалану құқығын беру.
    3. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық

мирасқорлық тәртібімен ауысуы арқылы пайда болады. Бұдан жер пайдалану құқығын табыстау дегеніміз – шаруа (фермер) қожалығы мүшелеріне жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттің беруін білдірсе, ал жер пайдалану құқығын беру – адамға жер пайдалану құқығын  басқа жер пайдаланушының беруін білдіреді. Сондай-ақ, әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртіппен жер пайдалану құқығын алу - құқықтық мұрагердің заң бойынша мұраны иеленуі кезінде жер пайдалану құқығының пайда болуы.

Жер пайдалану құқығын беру азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде жүргізіле отырып, жер пайдалану құқығын оқшаулау арқылы азаматтық құқықтық мәмілелердің (сатып алу, сату, айырбастау және т.б.) негіздерінде жүргізіледі.

Шаруа (фермер) қожалығы жер пайдалану құқығын құқық табыстау  арқылы мемлекеттен алған кезде тұрақты жер пайдалану құқығын алумен бірге тегін жер пайдалану құқығын қоса алады.

Бұрынғы ауылшаруашылық ұйымдарының (колхоз, совхоз) құрамынан шыққан азаматтарға, өздерінің осы ұйымдағы жер үлестеріне сәйкес, жер учаскелерін алып, шаруа (фермер) қожалығын құрып, шаруашылықпен айналыса алады.

Сондай-ақ, жер үлесін алуға басым құқықтары жоқ сыртқы елді мекендерден, қаладан көшіп келген шаруа (фермер) қожалығын құрып, шаруашылықпен айналысуға ниет білдірген азаматтарға жер учаскелерін беру, жергілікті жердегі атқару органына өтініш берумен жүзеге асырылады. Олар осы өтінішпен бірге, шаруашылық жүргізудің қысқаша бағдарламасы қоса тапсырылады. Бұндай азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер мен запастағы жерден беріледі.

Информация о работе Қылмыстық істі қозғау