Қылмыстарды жіктеу және оның мәні туралы қазақша
Реферат, 28 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Заң әдебиеттерінде қылмыстырды жіктеу мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Қылмыстарды жіктеу жеке нақты белгілері бойынша істелген қылмысты анықтауға, яғни әлеуметгік мәніне, қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі, кінәнің нысаны, қылмыстың саралануы мен тартылатын жазасына қарай санаттарға бөлуге мүмкіндік беретін болғандықтан қылмыстық құқықта негізге алынатын мәндердің біріне ие болады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Ансар кылмысты жиктеу.docx
— 59.80 Кб (Скачать документ)Атап өту керек, кінә нысаны қоғамдық қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін анықтауға әсер етеді (абайсыздықпен істелген қылмыс ауыр немесе аса ауыр деп танылуы мүмкін емес, қылмыстың қайталануы тек қана қасақана қылмыста танылады, қылмысқа дайындалу мен оқталу кінәнің қасақана нысанымен болады).
Кейде жіктеу негізіне қылмыстың жасалу себебі алынады. Мысалы, бас пайдасын көздеу себебі (ҚР ҚК 51-6. 2-бөлігіне сәйкес, пайдақорлыққа себеп болған қылмысты істегены үшін мүлкін тәркілеу белгіленеді) /53/.
Қылмыс қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша қылмыс келесідей ажыратылып бөлінеді: негізгі(мысалы, ҚР ҚК 96-6. «Адам өлтіру»), жеңіпдетілген мөн-жайлармен (ҚР ҚК 97-6. «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі», ҚР ҚК 98-6. «Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру», ҚР ҚК 99-6. «Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде істелген кісі өлтіру», ҚР ҚК 100-6. «Қылмыс істеген адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде істелген кісі өлтіру»), ауырлатылган мән-жайлармен (КР ҚК 96-6. 2-бөлігімен сараланған құрам).
Қылмыстық заңнамалармен жауаптылық қарастырылатын барлық қылмыс жалпы белгілерге ие болады. Бұл — қоғамдық қауіпті және қылмыстық заңға қайшы әрекеттер. Әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай барлық қылмыстар бірнеше санатқа бөлінеді. Қылмысты белгілі бір санатқа жатқызу түрлі қүқықтық салдарлар туғызады /54/.
Қылмыстарды онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп төрт санатқа бөлу заң бұзған адамға тйісті көзқараспен қарауға, қылмыстық жауаптылыққа тарту, жаза тағайындаумен және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату шарттарымен істелген әрекетті саралау туралы мәселелерді шешуді қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Заң шығарушы ҚР ҚК 10-бабындағы қарастырылған қылмыс санаттарының әрқайсысына қатысты белгілі бір құқықгық зардаптарды белгілеген.
Мәселен, адам онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар істеген кезде төмендегі мынадай зардаптар туындайды:
1) қылмыстың қайталануын анықтау кезінде негіз деп танылады (ҚР ҚК 13-6. 1-бөл. және 2-бөл. «а» тар.);
2) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны етеу режимін анықтау кезінде негіз деп танылады (ҚР ҚК 48-6. 5-бөл. «а» және «6» тар.);
3) жауаптылық пен жазаны
жеңілдету мән-жайларын тану кезінде
негіз деп танылады (ҚР ҚК 53-6. 2-бөл.);
4) қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауда жаза шамасын белгілеу кезінде ескеріледі (ҚР ҚК 58-6. 2-бөл.);
5) шартты соттауды жою мен қалдыруға негіз деп танылады (ҚР ҚК 64-6. 4 және 5-бөл.);
6) қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз деп танылады (ҚР ҚК 64, 65 және 68-6. 2-бөл.);
7) қылмыстық жазадан босатуға негіз деп танылады (ҚР ҚК 71,74, 81 -6.);
8) жазадан шартты-мерзімінен бұрын босатудың іс жүзіндегі және құқықтық негізі деп танылады (ҚР ҚК 70, 84-6.);
9) ескіру мерзімінің өтуіне
байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босатуға негіз деп танылады (ҚР
ҚК 69, 85-6.);
10) айыптау үкімінің ескіру
мерзімі өтуіне байланысты жазаны
өтеуден босатуға негіз деп танылады
(ҚР ҚК 64-6. 5-бөл. «а», «б» тар.);
11) сотгылықты жою мен
алып тастау мерзімін есептеуге
негіз деп танылады (ҚР ҚК 77, 86-6.).
Сөйтіп, мысалы ҚР ҚК 24-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ауыр немесе ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындамайды, ал осы баптың 4-бөлігіне сәйкес, жауаптылық онша ауыр емес қылмысқа оқталғаны үшін қарастырылмайды. ҚР ҚК 53-бабы 1-бөлігінің «а» тармағына сәйкес, онша ауыр емес қылмысты бірінші рет істеуы қьілмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып саналады. ҚР ҚК 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер қылмыстар жиынтығында тек онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар камтылса, онда түпкілікті жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен тағайындалады. ҚР ҚК 64-бабының 4-бөлігіне сәйкес, шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс істеген не кішігірім ауырлықты қасақана қылмыс істеген жағдайда шартты түрде соттаудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде шешеді, яғни сотқа шартты түрде сотталған адам сынақ мерзім ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою құқығы берілген (ҚР ҚК 64-6. 5-бөл.).
Адамның аса ауыр қылмыс істеуі төмендегі мынадай құқықтық зардаптармен сипатталады:
1) аса қауіпті қылмыстың кайталануымен (ҚР ҚК 13-6. 3-бөл.);
2) 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды, не өмір бойы бас бостандығынан айыруды немесе өлім жазасын қолданумен (ҚР ҚК 48-49-6.);
3) қатаң режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасын өтеумен (ҚР ҚК 48-6. 5-бөл. «в» тар.) немесе бас бостандығынан айыру жазасының бір бөлігін түрмеде, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімін өтеуімен (ҚР ҚК 48-6. 6-бөл.);
4) тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін (ҚР ҚК 70-6. 3-бөл. «в» тар.), ал кәмелетке толмағандарға қатысты жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін (ҚР ҚК 84-6. «в» тар.) шартты-мерзімінен босатуды қолданумен;
5) қылмыстық жауаптылықтан босатудың он бес жылдық ескіру мерзімі болуымен (ҚР ҚК 69-6. 1-бөл. «г» тар.);
6) соттылығын жоюдың сегіз жылдык мерзімімен (ҚР ҚК 77-6. 2-бөл. «е» тар.), ал кәмелетке толмағандарға қатысты үш жыддық мерзімімен (ҚР ҚК 86-6. «в» тар.) /55/.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегены үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады, ал егер осы атақтарды, шендерді, дәрежелер немесе сыныптарды Қазақстан Республикасының Президенті берген болса, онда сот осы аталғандардан айыру жөнінде ұсыныс жасайды. Жекелеген жағдайда заңшығарушы қылмыстың бірнеше жіктеуші белгілерін назарға алады. Мәселен, егер адам жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап, осы қылмысты алдын алу, ашу немесе тергеуге белсенді түрде атсалысса да ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы тиіс емес; егер жүкті әйелдер мен балиғатқа толмаған баласы бар әйелдер ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан артық мерзімге сотталған болса. онда оларға қатысты жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдану мүмкін емес. Бұл жерде көріп отырғанымыздай, қылмыстың санаты ғана емес, осы қылмыс қол сұққан объект, ал ең ақырында жаза тағайыңдау мерзімі де ескеріледі /56/.
Қылмысты белгілі бір санатқа жатқызу заңи зардаптар және қылмыстық жауаптылық пен жазаны даралау тұрғысынан алғанда маңызды мәнге ие болады. Біздің қылмыстық заңнамаларымызда, сондай-ақ көптеген ТМД елдерінің Қылмыстық кодекстерінде колданылып жүрген қылмыстарды қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша жіктеудің орындылығы қылмыстық құқықтың даму барысына негізделген және ол осы мәселенің пісіп-жетілгендігін көрсетеді, сондай-ақ жаза қарастырылған қылмыстың ауырлығына сайма-сай келуі болып табылады.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандар келесідей қорытынды істеуге мүмкіндік береді: 1) қылмыстарды жіктеу — бұл қылмыстарды белгілері бойынша тиісті топтар мен санаттарға бөлу процесі; 2) нәтиже ретіндегі қылмысгардың жіктелуі — бұл санаттарға бөлінген қылмыстар жүйесі; 3) қылмыстарды жікгеу заңшығарушьшық және құқық қолданушылық қызметтерінде қолдануды қамтиды.
Профессор Е. Ә. Онғарбаев былай деп атап өтеді, «белгілі бір қылмыстарды белгілі бір санатқа енгізе отырып және оларды бірыңғай терминмен атай отырып, заңшығарушы сөйлем құрылымдарын ықшамдап, ҚР Қылмыстық кодексінде көлемі үлкен баптардың болмауын ойластырады. Бұл сонымен бірге қылмыс санаттарын қылмыстық құқық нормаларына ұтымдырақ орналастыруға мүмкіндік береді, заңшығарушьшың ойлағанын нормаларда нақтырақ көрсетуге жағдай туғызады, нақты нормалар арасындағы өзара сәйкестікгі, заң техникасының тиімділігін қамтамасыз етеді. Заңда қылмыстарды жіктеуді жүзеге асыру олардың үнемі өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттіінен айырьш, оларды мейілінше тұрақты етеді» /57/.
Қылмыстық құқық теориясында ҚР ҚК «жеңілдету» мақсатында онша ауыр емес қылмыстардың қылмысқа жататындығьш альш тастау жөніндегі заңгер ғалымдардың көзқарастары көрсетілген. Бұл мәселені шешу үшін төмендегідей екі амал болуы мүмкін:
— біріншіден, қылмыстық қылық ұғымын енгізу керек. Қылмыстық қылыққа онша ауыр емес қылмыстардың бәрін жатқызуға болады;
- екіншіден, онша ауьф емес қылмыстардың бөрін әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік санатына ауыстыру мүмкіндігі /58/.
Осы айтылғандарға орай, профессор И. Ш. Борчашвили, онша ауыр емес қылмыстарды әкімшілік жауапкершілік саласына көшіріп, оларды қылмыссыздандырудың орынды екендігін айта келіп, мұның 2002 жылғы 20-қыркүйегінде ҚР Президентінің Жарлығымен мақұлданған Құқықтық саясат
тұжырдамасында айтылған қылмыстық құқықты одан әрі гуманизациялауға жағдай туғызатындығын атап өтеді. Мәселені бұлай қоюдың дұрыстығына мына төмендегі қосымша дәлелдер айғақ болады:
1) бұл қылмыстардың пайыздық
көрсеткіші жоғары болатындықтан
ішкі істер департаменттерінің
көп күші онша ауыр емес қылмыстардың
алдын алу, оларды ашу мен тергеуге кетеді;
2) бұл жұмыс ішкі істер департаменті қызметінің сапасы мен тиімділігіне онша әсер етпейді деп айтуға болады.
3) іс жүзінде адамды бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам, егер ол қылмыс істегеннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатуға құқық қорғау органдары мен соттарға құқық беретін ҚР ҚК «Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату» атты 5-бөлімінде арнаулы нормалар бар болғандықтан ішікі істер департаментінің бұл орайда атқаратын жұмысы іс жүзінде жоққа саяды деп айтуға болады. Бұл жерде ҚР ҚК 79-бабының 7-бөлігіндегі «он төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейін орташа ауыр қылмысты бірінші рет істеген адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды» деген ережені келтіру орынды /59/.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық