Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. Бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1.Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы........................................3
1.1Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде...................................................................................................................................3
1.2Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағы.........................................10
1.2Бұзақылықтың субъектісі және субъективтік жағы......................................13

2.Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату және оған жаза тағайындау ерекшеліктері................................................................................18
2.1Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері.......................................................................................................................18
2.2Бұзақылық жөніндкгі істер бойынша сот практикасы туралы....................21

3.Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы және алдын алу........................................................................................................................................27
3.1Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы..........................27
3.2Бұзақылық қылмысының алдын алу...............................................................30

Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

БҰЗАҚЫЛЫҚ.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................2

1.Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық  сипаттамасы........................................3

1.1Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде...................................................................................................................................3

1.2Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағы.........................................10

1.2Бұзақылықтың субъектісі және субъективтік жағы......................................13

 

2.Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату және оған жаза тағайындау ерекшеліктері................................................................................18

2.1Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері.......................................................................................................................18

2.2Бұзақылық жөніндкгі істер бойынша сот практикасы туралы....................21

 

3.Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы және алдын алу........................................................................................................................................27

3.1Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы..........................27

3.2Бұзақылық қылмысының алдын алу...............................................................30

 

Қорытынды.............................................................................................................36

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. Бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті. 

Бұзақылықтағы психикалық күш көрсету мазмұны жағынан, физикалық күш қолданбай-ақ,  денсаулығы мен өміріне қарсы күш көрсетемін деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Психикалық қорқытудың бұл түрі түрлі формада:  “өлтіремін”, “бауыздаймын”, “сындырамын-құртамын”, “қырамын-жоямын” деген сөздермен, іс-қимылдармен, түрлі жарақаттар салуға болатын  қару-жарақ көрсетумен жүзеге асырылады. Психикалық күш көрсетуде  қорқыту нақты болуы керек, яғни қылмыс жасаушы әрекетті сол кезде жүзеге асыратындай мүмкіндік болғанда ғана қорқыту жүзеге асырылды деп сараланады.

Қорқытуды алдағы уақытта жүзеге асыру немесе  күш қолданбай-ақ қолдану, немесе  денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтіндей күш көрсету жағдайда байланысты бұзақылық емес, алаяқтық деп саралануы мүмкін.

Шабуыл жасау-бұл  жәбірленушіге қарсылық жасауға  мүмкіндік бермейтіндей кенеттен күш көрсету. Қылмыстық құқық теориясында  “шабуыл жасау” түсінігінің нақты анықтамасы берілмеген. Заңгерлердің бір тобы бұзақылықтың анықтамасын беріп, мазмұнын толықтай ашпайды. Екінші бір тобы шабуыл жасауды күш көрсету деп түсіндіреді. Үшінші біреулері, шабуыл жасау бұл күш көрсету емес деп есептейді.

Менің пікірім  бойынша: күш көрсету мен шабуыл жасау бір мағынаны білдірмейді. Сондықтанда, физикалық және психикалық күш көрсетуді  бұзақылықның міндетті құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады. Көптеген заңгерлер шабуыл жасауды екі кезеңнен тұратын әрекет деп қарастырады: күш көрсетуге нақты жағдай жасау кезеңі және күш көрсетуді жүзеге асыру кезеңі. Күш көрсетудің нақты мүмкіндігін және оның қауіптілік дәрежесін жәбірленушінің өзі бағалайды, бірақ кейбір жағдайларда бұзақылық кезінде шабуыл жасау кенеттен болуы да мүмкін. [1]

 Бұзақылықты қалай саралауға болады, мысалы, ұйқыда жатқан адамға шабуыл жасау, мұнда ұйқыда жатқан адам шабуылдың нақтылығы жайлы біле алмайтындықтан, оның қауіптілік дәрежесі туралы да біле алмайды, бірақ шабуыл жасаудың қауіптілігі мен күш көрсетудің мүмкіндігі, зардаптың нәтижесінде көрініп тұратындықтан әрекетте  бұзақылық қылмысы құрамының белгісі бар деп есептелінеді.

Шабуыл жасау  жәбірленуші тарапынан оның жеке мүлкіне ие болу үшін қолданылатын  нақты қарсылықты тойтару мақсатында ғана емес, сонымен бірге қарсылық көрсетудің алдын алу мақсатында да жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған сәйкес күнделікті тәжірибеде, есеңгірететін заттарды қолдану арқылы жасалған бұзақылықты саралау өте қиынға түседі.Заңгерлер арасында бұл сұрақтың нақты  шешімін тауып, ортақ бір пікірге әлі де келген жоқ. Мысалы, кейбір заңгерлер, жәбірленушіге есеңгірететін заттар қолдану арқылы оның жеке мүлкіне ие болу әрекетінде бұзақылық қылмысының белгілері жоқ деп есептейді [1].

Қылмыстық құқық  ғылымында физикалық күш көрсетуді  қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы  әрекет жасау арқылы жәбірленушінің еркінен тыс оның денесінің сыртқы және ішкі бөліктеріне зардап келтіру  деп таниды. Соңғы кездерде күш  көрсету жәбірленушінің өз еркімен де жүзеге асырылатын жағдайлары кездесіп жүр, атап айтқанда: адам ағзасына ұйқы келтіретін, есеңгірететін, уландыратын зат заттар жіберу. Менің ойымша, адам ағзасына есеңгірететін заттарды жіберудің өзі күш көрсету әрекеті болып табылады, өйткені сол заттардың көмегі арқылы жәбірленуші қарсылық көрсету мүмкіндігінен айырылады, сондай –ақ қолданылған  уландыратын, есеңгірететін, есірткілік т.б заттар көп мөлшерде болса, жәбірленушінің организмінің нақты қалыпты жағдайдан шығып, денсаулығының ұзақ уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетінің жоғалуына, сөйтіп оның өліміне әкеліп соғуы мүмкін.

Бүгінге дейін  дау тудырып жүрген мәселелердің бірі жәбірленушіге көп мөлшерде ішімдік ішкізіп, оны дәрменсіз  жағдайға келтіріп бұзақылық әрекетін жасау.Көптеген заңгерлер бұл жағдайда қылмысты саралау мастықтың дәрежесіне қарай жүргізілуі керек деген пікір білдіреді. А.И.Спасов: “Егер, жәбірленуші ішімдікті өз еркімен ішіп, есірткілік затты өз еркімен пайдаланса, жәбірлеушінің әрекетінде күш көрсету жоқ деп таниды. Ал кейбір заңгерлер, бұзақылықтағы жәбірленушіге қарсы физикалық күш көрсету оны көп мөлшерде ішімдік ішкізу мен есірткілік заттарды пайдалануға көндіруді жатқызады” [2,46-48бб].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

 

    1.  Бұзақылық –қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде

 

Бұзақылық аса  қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма жыл өсіп, көбіне олардың қоғамға қауіптілі сол , банда құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.

Бұзақылықтың  қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына  зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық екеніне  дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласуымен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюымен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейі жасалған әрекеттері арқылы көрініс табады.

Бұзақылық-тұрмыс салты мен қоғамдық тәртіптің  бірден-бір жауы. Қылмыстың тікелей  объектісі-қоғамдық тәртіп, ал қосымша  объектісі-адамның денсаулығы, ар-намысы немесе меншігі болып табылады. Осы  қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзыретті барлық лауазым адамдары жатады. Қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге адамдар деп- өкімет өкіліне немесе ұйымдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетті атқаруға жатпайтын басқа адамдардың азаматтық борышын өтеп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларды айтамыз. Қоғамдық тәртіп дегеніміз-қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындардағы лайықты мінез-құлқының, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бұзақылық іс-әрекет бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен байланысты болса, онда бөтеннің мүлкі оның заты болып табылады. Объективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады. Бұзақылық үшін заңда көрсетілгендей қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық орын алуы керек. Осы белгі арқылы қылмыстық жолмен жасалынатын бұзақылық ұсақ бұзақылықтан ерекшеленеді. Кінәлының күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленген әдепсіз іс-әрекеттер жасауымен ұштасқан әрекеттері қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзған бұзақылық деп саналады. Күш қолдануға денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе еңбек ету қабілетінің болмашы ғана жоғалуына ұласқан денеге жеңіл жарақат салу жатады. Қорқытуға жәбірленушінің сана-сезімі мен еркіне әсер ететін түрде күш қолданамын деген әрекеттер жатады. Қорқытудың мазмұны сан алуан, ол сабаймын, өлтіремін, өртеймін деген айбат жасаулар арқылы көрініс табуы мүмкін. Бұзақылықта бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін. Залалдың мөлшерін анықтау нақты фактілерге байланысты болады. Ерекше арсыздықпен жасалған бұзақылық деп-адамгершіліктің жалпы қабылданған қалыптарын көпе-көрінеу жоққа шығару; мысалы, ұятсыздық, ауру адамды, өзін-өзі қорғай алмайтын жағдайдағы адамдарды, т.б. қорлау арқылы көрінетін бұзақылық әрекет. Бұл қылмыс құрамының объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі істелген іс-әрекеттерде қоғамды анық, көрінеу құрметтемеуін білдіретін белгілер болуы керек. Қоғамдық көрінеу, анық құрметтемеу деп кінәлының көпе-көрінеу, көпшілікті, қоғамдық тәртіпті құрметтемейтін, өзін қоғамға және оның мүдделеріне ашық қарсы қоятын мінез-құлықтарын айтамыз. Бұзақылықта қоғамды анық құрметтемеушілік көпшіліктің көзінше жүзеге асырылады. Демек, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық құрметтемеушіліктің жиынтығы басқа да белгілермен бірге бұзақылықтың объективтік жағының қажетті белгілері болып табылады. Бұзақылық формальдық-материалдық қылмыс құрамына жатады. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық, көрінеу құрметтемеушілік әрекеттерін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер бұзақылық әрекеттерімен бөтеннің мүлкі жойылса, бүлдірілсе онда қылмыс материалдық құрамға жатады. Мұндай ретте іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау   қажет.

Бұзақылық қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, әдетте, қоғамдық орындардан (көшеде, мекемелерде, көліктерде, қоғамдық тамақтандыру немесе көпшілік орындарда) басқа, байланыс адамдарға, жас балаларға, келіп-кетушілерге  қарсы жария түрде жасалады. Адам өз әрекеттері арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды көрінеу құрметтемегендігін біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Бұзақылықтағы қылмыстың ниетіне қоғамды көрінеу сыйламаушылықтан туындаған эгоистік көзқарастар, бостандықты теріс түсінушіліктен болған жағдаяттар жатады. Бұзақылық ниетке-қоғамды көрінеу құрметтемеушілікті білдіретін әр түрлі дөрекіліктер, өктемдіктер, қатыгездіктер, тентектік пен арсыздық, ұятсыздық көріністері жатады. Бұзақылықтың мақсаты қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, жәбірленушіге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқыныш туғызу, мүлкін жою, бүлдіру болып табылады. Отбасында, пәтерде туған-туысқандарын, таныстарын балағаттау, ұру, денесіне жарақат түсіру және жеке бастың араздығынан, жәбірленушінің теріс және жеке бастың араздығынан, жәбірленушінің теріс қылығынан болған осыған ұқсас әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көрсетілген Қылмыстық кодекстің баптарымен саралануы тиіс. Егер мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен ұласса және қоғамды көрінеу құрметтемеушілікті білдірсе, онда кінәлының әрекеті бұзақылық ретінде сараланады. Қылмыстың субъектісі-жалпы, 16-ға (254-баптың 1-тармағы) және 14-ке (257-баптың 2,3-тармақтары) толған есі дұрыс адам.

Қылмыстың тікелей  объектісі –қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі –адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқа да мүдделері.

Объективтік жағынан  бұзақылық бірнеше әрекеттердің жиынтығы болып сипатталады:

-Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда ) құру;

-Осындай  топтық банданы басқару;

-Тұрақты қаруланған топқа бандаға қатысу;

-Бандалық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да  қарулануы.

Қаруланған  банда -екі немесе одан да көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.

Банданы құру деп  банданы  жарақтау, оларды қарумен  жабдықтау, банданың құрамына мүшелер  тарту, банды мүшелерінің ролдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз.Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады.

Банданың тұрақтылығы  қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімнің нәтижесі арқылы анықталады.

Банда мүшелерінің  алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп атаймыз.

Бандаға кіретін  топ мүшелереінің ең болмағанда біреуінің  атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады.Бұзақылық құрамы құрылысы жағынан келте (формальды) қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (банданы) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан  бұзақылық құрамы аяқталған деп табылады.

Банданы басқару  деп құрылған банданың қылмыстық  іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен тәрбиелік сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көздерін жою туралы шешім қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.

Шабуыл жасау  деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қауіпін айтамыз.

Егер, шабуыл жасау  барысында адам өлімі немесе адамның  денсаулығына зиян келтіру орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Субъективтік  жағынан  бұзақылық тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстық ниет әртүрлі  болуы мүмкін, оның негізгісі пайда  күнемдік ниет. Қылмыс құрамыныңы субъективтік жағының міндетті белгісі- арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс адам.Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адам қатысса, онда олар адам өлтіргені, әйел зорлағаны,  бұзақылық жасағаны үшін ғана жауаптылыққа тартылады.

Бандаға қатысу деп-олардың жасаған шабуылдарына  тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.

Шабуылға қатысу деп- бандалық топпен бірге қылмыстық нәтижеге жету үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қодану қауіпін туғызуды айтамыз.

 Бұзақылықты қорқытып алушылық құрамынан ажырата білу керек.  бұзақылық жасағанда қылмыстың заты болып тек мүлік,мүлікке құқық , мүліктік сипаттағы басқа да әректтер жатады.  Бұзақылықда күш қолдану немесе қолданамын деп қорқытумен орын алады, ал қорқытып алушылықтың негізгі құралы қорқыту арқылы ғана жүзеге асырылады, күш қолдану қорқытып алушылықтың ауырлататын құрамына ғана жатады. Бұзақылықдағы қорқыту тек қана күш қолданамын деп қорқытумен шектеледі. Бұзақылықта мүлікті беруді талап ету шабуыл жасаған уақытпен сайма-сай келеді, бұзақылықдағы күш қолдану өмірге және денсаулыққа қауіпті болады. Бұзақылық шабуыл жасаған сәттен бастап аяқталған деп саналады.Бұзақылықның тікелей объектісі болып меншік қатынастары саналады.Бұзақылық жеке орындаушылар немесе адамдар тобы арқылы жасалады. Бұзақылық қару қолданылып немесе қарусыз жүзеге асырылады. бұзақылық құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады.Сондықтан ол шабуыл жасау сәтінде-ақ аяқталған деп саналады.Бұзақылық тек пайдакүнемдік мақсатпен жасалады.

Информация о работе Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы