Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:42, реферат

Краткое описание

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ........................

1.1Қылмыс деген не? ........................................................
1.21 Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы түсінік және оның түрлері...................................................................
1.2.1 Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері.........................13
1.2.2 Рақымшылық және кешірім жасау...............................................16
1.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................17
1.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау...............................18

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

1421_westudent.kz___.doc

— 260.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Заңдылық пен құқық  тәртібіне байланысты практикалық  міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте  көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.

Қылмыс пен жаза - өзара  тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде  жаза тек қылмыс үшін қолданылады.

Жазаға тән ерекшелік  – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.

Тағайындалған жазаның  ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың  сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.

Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасының өз міндеті, өзіне тән  мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге  ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.

Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).

Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану  қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.

Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза  әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».

Яғни жазаның мақсаты:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына  келтіру;

б) сотталғанды түзеу;

в) сотталған тарапынан  жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);

г) басқа адамдар тарапынан  қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың  мақсаты).

Жаза тағайындалған  әрбір жағдайда осы мақсаттар  бірге қарастырылуы тиіс.

Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге єрект жасауға тиіс.

Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚК-тің 39 бабы).

Жазаның негізгі түрлеріне  тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне  мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.

Қосымша жаза – негізгі  жазамен салыстырғанда қосалқы  сипаттағы жаза, ол тек негізгі  жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда  қолданылады.

Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан  айыру және мүлікті тәркілеу.

Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды  атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.

Жаза – мемлекет қолындағы  маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен  заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.  

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу  кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста  заңдар негізінде қылымыстың қоғамға  қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.

1.Қылмыс деген  не ?

Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

Жеке адамға, қоғамға  немесе мемлекетке зиян келтірмеген  және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.

Криминологияда және құқықтық статистикада —әрқайсысы үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа  қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен  бірдерлікте қылмыс — жекелеген  қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс.

Қылмыс жағдайы заңнамадағы  өзгерістер немесе оны іс жүзінде  қолдану салдарынан өзгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің  ауытқуы да қылмыс статистикасын  өзгерте алады. Сол немесе басқа  әрекет үшін немесе қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын қылмыстық заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына әсер етеді.

Қылмыстың құрылымы мен  сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы, тұрғындардың көші-қон және жас құрамына; аймақтың немесе басқа аумақтың экономикалық жағдайына; қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер және т.б.; қылмыс заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа факторларға тәуелді болады.

2.Қылмыстық  жауапкершіліктен және жазадан  босату туралы түсінік және  оның түрлері

Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады. Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.  
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.  
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.  
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:  
бірінші рет қылмыс жасаса;  
жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;  
жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;  
жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.  
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:  
кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;  
орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;  
ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;  
аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.  
Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері [өңдеу]

Соттың қылмыс жасаған  деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда  жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған  адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.  
барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.  
жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.  
сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.  
Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.  
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.  
Рақымшылық және кешірім жасау Жауапкершіліктен және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау.

Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі  бір санатты кешірім жасау  кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.  
Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.  
Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.  
Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:

бірінші рет қылмыс жасаса;

жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;

жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан  көрінеді;

жәбірленушіге келтірілген зиянның  есесін толтырған жағдайда жол берілуі  мүмкін.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:

кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;

орташа ауырлықтағы  қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;

ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;

аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.

Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері[өңдеу]

Соттың қылмыс жасаған деп таныған  адамын, сот тағайындаған жазадан  босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.

барлық жаза үшін мерзімінен бұрын  — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.

Информация о работе Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау