Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗА.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

Н.Ф. Кузнецованың бұл  пікірімен келісуге болады, өйткені  құқық салаларының барлығы да тиісті қоғамдық қатынастарды бұзғаны  немесе өз міндеттерін сақтамағаны  үшін құқықтық қатынастың субъектісіне жауапкершілік қарастырады және қолдана алады. Ол жауапкершілік түрлерінің барлығы да жазаны білдіре бермейді. Қылмыстық заңға барынша сипаты жақын болып келетін әкімшілік заңның өзіндегі жауапкершіліктер жазаны білдірмейді. Жаза-қылмыстық заң бойынша қылмысты деп танылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін сот арқылы белгіленетін және қылмыстық заңға негізделе отырып тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының бір түрі немесе жауапкершіліктің ең қатал түрі болып табылады.

«Жазаға қатысты теңділік қағидасы біріншіден, пенализация талабын бекітеді, яғни сотталған адамдардың жынысына, ұлтына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан санкциялар қолданылады.

Екіншіден, теңділік қағидасының  іске асырылуы қылмыстық жауаптылықтың  негізгі кезеңі ретінде жазаның  бұлтартпастығын анықтайды. Жаза түрлерінің жүйесінде және нормаларының санкциясында теңділік қағидасы әділеттілік, кінә, ізгілік қағидаларымен үйлеседі. Әділеттілік қағидасы сотпен жаза қолданылған кезде қылмысты жасау мән-жайларын және кінәлі адамның жеке басын еске алуды талап етеді. Соңғысы үш сипаттан құралады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-рольдік және әлеуметтік-психологиялық»,-деп санайды Н.Ф. Кузнецова. [16; 5 б.]

Мемлекеттік қылмыстық  саясаттың әдістері мен амалдарын  құру үшін теориялық және практикалық  маңызы бар жазаның кінә, әділеттілік және ізгілік қағидаларына қысқаша сипаттама беруге болады.

Кінәлілік қағидасы төмендегі  негіздемеден тұрады: кінәсіз зиян келтіруіне байланысты адамды жазалауға  жол берілмейді және жаза әрқашанда  дараланады, яғни сотталған адам ғана құқықтары мен бостандығынан айырылады және шектеледі.

Әділеттілік қағидасы толық  жазаға негізделген. Ол қылмыстың сипаты мен қоғамға кауіптілік дәрежесіне, оны жасау мән-жайларына және кінәлі адамның жеке басына толық  сәйкес болуын талап етеді. Бір қылмысқа екі жаза тағайындауға жол берілмейді.

Жазаның ізгілік қағидасы қылмыстық-құқық нормаларына сүйене отырып, сот үкімімен белгіленетін нақты жазаның үнемді тиімділігін  бекітеді.

Жазаға қатысты ізгілік  қағидасы жазаның тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейтiнін бекітеді.

Жазаның қағидаларынан  басқа профессор Н. Ф. Кузнецова  жазаның белгілерін де жүйелейді. Оның пікірі бойынша, жазаның бірінші  белгісі, жаза-мемлекеттік еріксіз  мәжбүрлеу шарасы екенін мойындау қажет  екені және тек сот билігі келбетіндегі мемлекеттен басқа еш орган жаза тағайындай алмайтындығы. Жазаның екінші белгісі, оның еркінсіз күшінде тұрады. Себебі жазаны тағайындау және орындау сотталушының  оның еркін есепке алусыз жүзеге асырылады. Жазаның үшінші белгісі,  оның мазмұнымен байланысты және сотталушының құқықтары мен бостандықтарын әр түрлі дәрежедегі шектеулерге әкеп соқтырады. Жазаның төртінші белгісі, қылмыс жасалу салдарына байланысты оны жасаған адамға шара қолдану арқылы айқындалады. Бұл мағынада жаза жасалған қылмыстың логикалық салдары болып табылады. Жазаның бесінші белгісі, оның қатысушыларымен, яғни сот қызметімен қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған адаммен тығыз байланыстылығы. Қылмыскердің жеке басының өзі міндетті түрде зерттелуге және жазаны дараландыру мәселесін шешу кезінде назарға алуға жатады.

Жоғарыда көрсетілген  жазаның қағидалары мен белгілерін абайсызда жасалған қылмыстарға  жаза тағайындау мәселесін дұрыс  шешу үшін назарға алу қажет.

Жасалған әрекеттер  үшін жазаға қатысты теңдік қағидасы сотталушының жынысы, ұлты, нәсілі, діни және әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан қылмыстық-құқық санкцияларын қолданудан тұрады. Яғни қылмыстық заң адамдарды осындай ерекшеліктеріне қарамастан заң алдында бірдей деп санайды.     

Жасалған қылмыстар үшін жазалауда кінәлілік қағидасы, кінәсіз келтірілген зиян үшін жазалауға жол берілмейтінін білдіреді, себебі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 19-бабының 2-бөлігіне сәйкес, объективті айыптауға, яғни кiнәсiз зиян келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi. Сонымен қатар, абайсызда жасалаған немесе қасақана жасалған қылмыстар болсын, адамның кінәсі анықталмай немесе дәлелденбей тұрып, жаза тағайындалмайтынын білдіре алады. 

Жасалған қылмыстар үшін жазалаудағы  әділеттілік қағидасы абайсыздық үшін қолданылатын жазаның қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне, оны жасау мән-жайларына және  кінәлі адамның жеке басына толық сәйкес болуын білдіреді.

Қылмыстар үшін жазаларды қолдану  кезіндегі ізгілік қағидасы сотпен тағайындалған жазаның түрі қылмыстық-құқықтық қудалаудың үнемді болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана, ол үшiн көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Сонымен қатар, абайсызда жасалған қылмыс үшін жазаға қатысты ізгілік қағидасы жазаның тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейтiнін бекітеді.

Жаза мемлекеттік еріксіз көндірудің шарасы екенін мойындау қажет. Мемлекеттік биліктің дербес тармағы, яғни сот билігі болып танылатын соттан басқа ешқандай орган адамға жаза тағайындауға құқылы емес. Сондықтан жаза мемлекет атынан ресми түрде тағайындалады.

Жазаның екінші белгісі - адамның ерікінен тыс күшінде тұруы. Абайсыздық үшін жазаның еріксіз күші, оны тағайындау және орындау жөнінде мүлдем жазаланбау немесе онша қатаң емес түрдегі жазамен шектелу сотталушының еркінен тәуелсіз жүзеге асырылады. 

Үшінші белгісі - сотталушының құқықтары  мен бостандықтарын әр түрлі дәрежеде шектеуді білдіретін абайсызда жасалған әрекеттің мазмұнымен байланысты.

Жасалған қылмыстар үшін жазаның  төртінші белгісі - оны тағайындаудың  негізінде. Қылмыстың жасалуы жаза тағайындаудың негізі болып табылады және бұл жағдайларда жаза тағайындаудың өзі абайсыз әрекетті жасаудың салдары болып табылады.  

Жазаның бесінші белгісі-жасалған қылмыстың субъектісімен байланысты. Жасалған әрекет үшін есi дұрыс, заңмен белгiленген жасқа толған және абайсызда  әрекет жасағаны үшін сотпен кінәлі деп  танылған жеке адам ғана жауапқа тартылуға тиiс. Қылмыс субъектісінің жеке басы соттың оған жаза тағайындаған кезде дербес негіз болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын  қортынды, жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жазалау тиімділігінің  маңызды жалпы шарттарының бірі, жасалған әрекеттер үшін жазалардың ерекшелігін және өзгешелігін сипаттайтын белгілері мен қағидаларының түсініктілігі, практикада қолданылуы және дұрыс есепке алынуы деуге болады.

 

 

1.5 Жазаның мақсаттары  және оның қылмыстық құқық  теориясындағы аспектілері

 

 

Келесі жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жазалау тиімділігінің  маңызды шарты – жасалған әрекеттер  үшін  жазалаудың мақсаттарына қол  жеткізу. Жоғарыда көрсетілгендей, жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына  келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсаттарында қолданылады.

Қылмыстық жазаның мақсаттарын  дұрыс түсіну мәселесі қылмыстық  құқықтың теориясында күрделі, талас  тудыратын мәселе болып қалып  отыр.

Жазаның мақсаттарының түсінігін қарастыра отырып, профессор И. Я. Фойницкий былай деп жазған: «Жазаның мақсатын анықтау- жазаның барын түсіндірумен және оның өзін ақтайтынымен байланыстырылады: егер жазалау арқылы қудалап және сол арқылы оның мақсатына қол жеткізілген болса, онда жазаның өзі де қажет, нәтижесінде жазаның мақсаты өзін ақтағанын көрсетеді. Сондықтан жазаның мақсатын зерттеу-жазаның жөніндегі ауқымды зерттеулерге кіреді. Алайда, олардың арасында тығыз байланыс бар болғанымен, бұл екі бөлек мәселе.

Бұл мәселені логикалық  та, тарихи жағынан да қарастыруға  болады». [17; 56-57 б.]            

Профессор И.Я. Фойницкий  жазаны логикалық жағынан қарай  отырып, жазалаудың болашағы жөніндегі  мәселені екіжақты қарауға болады деген  қортындыға келген. Біріншісі, жаза өзін өзі ақтайтын институт ретінде; екіншісі, жаза басқа мақсаттарға қызмет жасау үшін тартылған институт ретінде сипатталады. Осындай жазаның мақсаттарының екі жақты сипаттамасынан жазаның тиісті абсолютті және қатыстылық теориялары шығарылады. Екі пікірдің бірге қосылуы жазаның аралас теориясының тұжырымын білдіреді.

«Абсолюттік теориялар-жаза мақсатында өздерін дербес акті ретінде  көрсетеді. Ол жалпы нәтижелерден жоғары: жоғары күші бар заңдардың талаптарына  қатысты емес, өзінен өзі қажет  нәрсе ретінде қаралады. Осы пікірлердің айырмашылықтарына қарай заңдардың абсолюттік теориялары екі топқа бөлінеді. Олардың жоғарғылары заңдарды мемлекеттің өзінен жоғары қояды, ал төменгілері тек құдайдың, жалпы табиғаттың, космостың немесе адам табиғатының талаптарының орындаушысы ретінде ғана көреді. Жаңа қоғамдық құрылыстарда бұл мәселе түзеліп, заңдар мемлекет жағынан сипат алды.

Қатыстылық теориялар-жазалау  арқылы белгілі мақсаттарға қол  жеткізуді талап етеді, жазаның  барын тек осы мақсаттармен дәлелдейді. Оларға қол жеткізуге болмайтын  болса, жазаның өзі де болмау керек. Жазалаудың мақсаты адамдарды қылмыстық  әрекеттерден тоқтату. Мұндай мақсатқа бір жағынан жазаның тиімділігі, екінші жағынан жазаның орындалуымен қол жетеді.

Осыған байланысты қатыстылық теориялар мынадай:

а) қорқыту;

б) жалпы алдын-ала  ескерту;

в) психикалық еріксіз  көндіру; 

г) жеке еріксіз көндіру;

д) түзеу теориялары.

Бұлардың арасындағы айырмашылық, ол қоғамның немесе нақты  бір адамның келешектегі қылмыскерлігіне  әсер етуінде және нақты қылмыскерге  жазаның қолданылуы  немесе оның орындалуында». [18; 56-57 б.]

Қылмыстық жазаның табиғаты мен мақсаттарына қатысты профессор И.Я. Фойницкий келтірген тұжырымдар мен қорытындылар бүгінгі күні де өз өзектілігін жоғалтпаған. Шынында қазіргі уақытта қандай мақсатта, не үшін жаза бар деген сұрақтар өз маңыздылығын төмендетпей, жекелеген зерттеушілердің одан сайынғы қызығушылығын тудырды. Себебі, республикада жүргізілген қылмыстық және қылмыстық-атқару заңдарының реформасы, өкінішке орай, бұл өзекті сұрақтарға, яғни  жазаның табиғаты мен мақсаттарының сипаттамасына қатысты толық жауап берген жоқ. Атап айтқанда, қылмыстық заңда жазаның сипаттамасы мен мақсаттарына қатысты сұраққа олардың мазмұнды жағын ашатын жауап берілмейді. Мысалы, заң шығарушы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру деген жазаның мақсатына арнайы түсінік бермейді. Қазіргі қылмыстық заңға және елде мемлекеттің жүргізіп жатқан қылмыстық-атқару саясатының саласында белгіленген заң мәселелерінде, оның ішінде жазаның табиғаты мен мақсаттары жөнінде  маңызды сұрақтар туынайды. Сондықтан жазаның абсолюттік және қатыстылық теориясының концепцияларындағы бөлек іргелі ойлар, қазіргі заманғы жазаның мазмұнын түсіну үшін де қажет.

Қатыстылық теорияларының  шешімін, халықтың арасында үрей тудыру арқылы жазаның мақсатына жетуді көздейтін мәселелердің шешу үшін пайдалануға  болады.

Белгілі кеңестік және ресейлік ғалым, профессор А. В. Наумов жаза және оның мақсаттары мәселелерін зерттеу нәтижесінде, жазаның белгілерінің және мақсаттарының жүйесін жасады:

«1) жаза – бұл мемлекеттік  мәжбүрлеу шарасы, оның басқа шаралардан айырмашылығы – бұл жасалған қылмысқа мемлекеттің реакциясы;

2) жаза- жеке сипатталады  және қылмыскердің өзіне қатысты  ғана қолданылады, ол басқа  адамдарға қатысты қолданылмайды  (мысалы, кәмелетке толмаған қылмыскердің  ата-анасына).

3) жаза-міндетті түрде  қылмысты жасағаны үшін сот  үкімімен кінәлі деп танылған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді көздейді, оған белгілі бір азап келтіреді және белгілі бір игіліктерден айырады (мүліктік құқықтар, бостандықтар және басқа да қолайсыздықтар)». [19; 359-361 б.]

Демек, жаза басқа құқықтық шаралардан өзінің ерекше белгілерімен ажыратылады, оның әр қайсысын қылмыстық құқықта жаза институтын дамыту және қоғамға қауіпті әрекеттер үшін қолданылатын жаза шараларын үйлестіру арқылы қылмыспен күресудің практикалық амалдарын жетілдіру мәселелерін шешу кезінде назарға алу қажет.

Жазаның мақсаттарына қол  жеткізу мәселесінің теориялық  зерттеулері, қазіргі заманғы қылмыстық  құқықтың жетістіктерін есепке ала  отырып, жаза шараларын қолдану тиімділігін  көтеру мәселелерін шешуде айтарлықтай  орын алып отыр.                

Профессор Ү.С. Жекебаев жаза мәселелері бойынша қылмыстық  құқықтың қазіргі заманғы концепцияларын тиянақты қарастыру және зерттеу  нәтижесінде мынадай қызықты  және мазмұнды тұжырымдарды қалыптастырды: Американдық профессор Дж. Флетчердің ойларын талдай отырып, Ү.С. Жекебаев «Жазаның негізгі маңызы, жазаны қолдану қатерімен қылмыстық құқықты іске асыруға назар аударып отыр. Сонымен қатар, АҚШ қылмыстық заңында жазаның түсінігі жоқ. Ол заң терминдерінің сөздігінде құқық талаптарына сәйкес, заңмен белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың үкімі немесе шешімі бойынша адамға салынған шек қою ретінде анықталады».

Профессор Ү.С. Жекебаев Германияның қылмыстық құқығында  жаза және оның мақсаттарының анықтамасы (дефинициясы) жоқ екендігін көрсетеді. «Оларда қылмыстық құқықтың теориясында жазаның негізгі мағынасы - жасалған әрекетті толық өтеу қылмыскердің міндеті және Қылмыс жасағандықтың есесі ретінде кінәлі адамға жамандық келтіріледі деген мағынада ашылады. Сонымен қатар, жазаның ролі сотталғандарды өзін және басқа да адамдарды ұқсас жазаланатын әрекеттерді жасаудан қорқытуға келтіріледі.

Жазаның мақсаттарына байланысты  мәселенің теориялық зерттемесіне батыстық ғалым-заңгерлер де назар  аударған. Қылмыстық жаза мақсаттарының жүйесі үш ғылыми бағыттарда ұсынылған:

1. қылмыс жасағаны  үшін есе қайтару; 

2. келешектегі қылмыстардың  алдын-алу немесе оларды жасағаны  үшін туындайтын салдар арқылы  қорқыту; 

3. сотталушыны түзеу». [20; 54 б.]

Яғни, дамыған шет мемлекеттер қылмыстық-құқығының бағдарламасы бойынша жазаның мақсаттары ретінде, қылмыс жасағаны үшін жазаның қолданылуы, қылмыстардың алдын алу және кінәлі адамдарды түзеу алынады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері