Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗА.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық  заңда көрсетілген нақты бір  қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мұның өзінде қылмыстық  жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық  құқықтық нормаларды кінәлі түрде ғана  бұзғанда жүзеге асырылады.

Яғни, қылмыстық  жауаптылық бұл қылмыстық  құқылық норманы  бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті  іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық  жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық  жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.

Қылмыскердің жасаған қылмысы үшін жауап беру міндеттілігін, жазаға тартылу қажеттігі жөнінде айтып, мемлекеттің және қылмыскердің арасындағы құқықтық қатынастарды айтпайды. Біздің  пікірімізше, құқықтық қатынастарда тараптар, жақтар арасында өзара міндеттер мен құқықтар болуы тиіс.

Қылмыстық  жауаптылық қылмыстық  құқықтық қатынас мәселесімен  тығыз байлынысты. Бұл байланыс екі  жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық  қатынас қылмыстық  жауаптылық сияқты істелген қылмыстық құқықтың зардабы.

Яғни,  нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық  жауаптылық та, қылмыстық  құқықтық қатынас  та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық  жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады.

Қылмыстық жаза мемлекеттік  күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы  күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.

Қылмыстық  жаза мемлекеттік  күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға  мұндай жазаны қолдану мемлекеттің  атқаратын функцияларының бірі ретінде  қарастырылады. Әсіресе, ауыр өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыл қылмыстық  құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.

Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек  қылмыстық  құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады.

Қылмыстық жаза мемлекеттік  күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.

Біріншіден, қылмыстық  жаза мемлекеттік күштеу шарасы ретінде  қылмыстық заңмен ғана белгіленеді.

Екіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент Республика  Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларды бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады.

Төртіншіден, қылмыстық жаза жария  түрде, ашықтан-ашық  тағайындалады. Яғни, қылмыс жасаған адамның кінәсін  анықтау, оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес, мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.  Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан  ешкімді де босата алмайды.

Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық  жаза қылмыстық  заңда көрсетілген нақты қылмыс жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін.

Қылмыстық  құқықтық әдебиетте  жазаның анықтамалары бар. Олардың көпшілігінде жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде қарастырылған.

Қылмыстық  құқықтық  оқулығында жаза қылмыс жасаған адамға қатысты  оны түзеу және сотталған адамның  тарапынан жаңа қылмыстардың алдын  алу мақсатында және қоғамның атынан теріс моральді саяси бағалаудың  білдіретіндігі көрсетілген.

Жазаны мемлекет мәжбүрлеу шарасы ретінде сипаттайтын барлық белгілердің  жиынтығы жеткілікті дәрежеде жаза және қылмыстық  жауаптылық  бір мағынасы бар түсініктер емес екендігін дәлелдейді.

Жаза сотталған адамға белгілі  бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың  кінәліні бас  бостандығынан айыру немесе белгілі  бір кәсіппен шұғылдануға  немесе белгілі бір лауазым иесі  болуға тиым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда, кінәліге заңда көрсетілген негізде   өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық моральдық, мүліктік зардап шегеді.  Өткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік  күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта  да сотталғандық атақ береді. Сотталғандықтың  кінәлі үшін белгілі бір құқықтық зардабы бар, ол  сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір  жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады немесе кейде сотталғандық атақ қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ  жазаны өтейтін түзеу мекемесінің түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады.

Жазалар жүйесі дегеніміз — ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген жөне сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық занда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Респубдикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1 бөлігінде орналасқан.

Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар.

Оның методологиялық маңызы сол  - әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сактауға қол жетізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол - онда жазаның түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нөтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының төжірибесін, қоғамдық көзқарасты жөне ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де үлымды пайдалана алады.

Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда — ол арқылы қай жазаның аса қатаң, ал кай жазаның онша қатаң емес екендігін анықгай аламыз. Бүл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақгау түріне ауыстырғанда да керек (ҚК-тің 71-бабы).

Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол төсілдер арасынан сот ең орынды шараны тандап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр кылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша кауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға күқылы.

Сонымен, жаза түрлерінің біршама  көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында түрған мақсатка жетуге көмектеседі (23-баптың 1 бөлігі).

Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен  қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне  және қылмыстың өзіне деген қоғамда  қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаның объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралаур жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер өруақга мемлекет атынан айыпталады.

Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем  көзқарасқа жене оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңцарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.

Керісінше, егер зандарға қоғам саяси  да, сана жағьшан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.

Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қа-лыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, жөне осы негізде қалыптасып отырған этикалық жөне күқықгық көзқарастарға сөйкес келуі тиіс.

Егер жаза түрлерінің қоғамның жөне қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай зандылыкты байкауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те темен деңгейде болды, оған сөйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды • ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жара-қаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.

1532 жылы кабылданған Карл V-нің қылмыстық жинағы «Каролина» (Constitutio criminalis Carolina) сол кезенді дәлірек сипаттайтын заң актісі. Басқа елдердің зандары да, одан кейінгі кездері де бүл заңнан алыс кеткен жоқ. Ф.Энгельс былай деп жазды: «Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т.б. жазалаудың көп тараған түрі болды»

Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен гана шектелді. Ондағы басты мақсат — «зиянкес» адамның көзін жою немесе оны адам сиякты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің үраны — үрейлендіру мен қатыгездік.

Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нөтижесінде қылмыс азайған  жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықган да, алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру   керек дегенді айтты.

Қазіргі тарихи кезең  жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қыл-мыскерлікпен күрестегі маңызды да жөне өзірше қажетті қүрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты күрал емес, тек қосымша ғана деген тусініктен туындайды.

Қоғамның өлеуметтік өміріндегі жазаның орыны, бәрінен  бұрын, адамгершіліктен, адамға деген  қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәж-бүрлеудің қылмыспен күрес  төсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақгық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-қулқын өзгертуге болатынды-ғын мойындау керек (3, 79-83 б.)

Қазақстан Республикасының  жаңа Қылмыстық кодексінде бүл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бүрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақгалған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған.

Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықгы шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмүны да өзгерген. Әскери жөне арнайы атақган айырудың орнына - арнайы өскери және құрметті атактан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жүмыстарына жіберудің орнына түзеу жүмыстары. Тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза төртіптік өскери бөлімде үстаумен ауыс-тырылған.

Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 39-бабында қарастырылған қыл-мыстық жазалар тізімінде мыналар бар: айыппүл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жүмыстарға тарту; түзеу жүмыстары; өскери кызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; тәртіптік өскери бөлімде үстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе қүрметті атағынан, сыныптық шеннен, ди-пломатиялық дәрежесінең, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу.

Тиімділігі    өте төмен    болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен  жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпен төрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана қүқынан айыру. Мүның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.

Бүрын кәмелетке толмағандарға  тағайындалатын жазалар түрінің  арнайы тізімі қарастырылмаған болатын. Ал қазір, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппүл салу; белгілі бір қызметпен айналысу қүқынан айыру; қоғамдық жүмыстарға тарту; түзеу жүмыстары; бас бостандығынан айыру.

Жаңа Қылмыстық кодексте жазалар жүйесі басқаша қүрылған: олар (жаза түрлері) жеңілдеу жазадан бастап катаң жазаға қарай тізілген. Бүл қылмыстық заң принципімен сөйкестігін табады - қылмыскерді жазалағанда жазалау қүралдары үнемді пай-даланылады.

ҚР-ның қылмыстық заңындағы жазалар жүйесінде адамды масқара ететін, оның денесін жарақаттап, мүгедек ететін жаза түрлері жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында былай делінген: «1. Адамның кадір-қасиетіне қол сұғылмайды. 2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, баскадай қатыгездік немесе адамдық қадір- қасиетін қорлайтындай жөбір көрсетуге, не жазалауға болмайды». Сонымен қатар, көмелетке толмаған адамға, екі қабат әйелдерге, емшекте баласы бар және жас сәбиі бар әйелдерге жаза қолданылғанда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері