Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа

Краткое описание

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................

І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................

Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................

II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................

3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................

3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кларита диплом.doc

— 678.50 Кб (Скачать документ)

-өңірде туристік кластер  құру және дамыту

Ақтөбе облысында туристік кластерді құрудың және дамытудың  негізгі міндеті осы үрдіске  қатысушы өзара байланысты ірілендірілген үш топқа: уәждемелік өзек ретінде «ойын ережесін» белгілейтін және бүкіл процестің бастамашыл іс-шараларын материалдық жағынан қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға; негізгі құрылымдық элемент ретінде әрекет ететін, негізгі инвестициялық жүктемені көтеретін және алдында туристік кластердің нақты объектілерін құру және дамыту міндеті тұрған бизнес қауымдастығына; өңірдегі туристік кластерді құру маңыздылығын және әлеуметтік перспективалылығын облыстың тұрғындарына жеткізу негізгі міндеті болып табылатын байланыстырушы, сондай-ақ іс-шаралар мен құжаттарды тәуелсіз баға беру жолымен  кері байланысты жүзеге асырушы элемент ретіндегі үкіметтік емес ұйымдарға арналған Ақтөбе облысының туристік кластерін құру міндеттерін шешуге бағытталған басымдықтар мен негізгі іс-шараларды анықтау болып табылады.

Барлығы өткен кезеңде  туристік кластерді құру үшін дайындалуға  байланысты әртүрлі іс-шараларға  облыс әкімдігі 10 млн. теңге бөлді.

С. Өңірлік  өнімді жылжыту:

-туритік іс-шараларға  қатысу 

Ақтөбе облысының ТДШ  және СБ Қазақстанның 4 тақырыптық көрмелеріне қатысады: «Сарқылмас саяхат» туристік жәрмеңкесі (онда облыс жарияланған номинациялар бойынша екінші орындарды жеңіп алып отырды); «KITF» халықаралық көрмесі, Алматы, «Astana Leisure», ақмолалық «ARTF».

Облыс 2007-2008 жылдары Берлиндегі «ITF», 2007 жылы Токиодағы JATA; үстіміздегі жылы Орал өзені бойынша  ХIII халықаралық экологиялық экспедициясына қатысты. Осындай іс шараларға облыс бюджетінен жыл сайын 4млн. теңге бөлінді.

-туристік іс- шараларды  ұйымдастыру және өткізу     

2009 жылы 26 ақпанда облыс әкімінің өкімімен «Менің Отаным Қазақстан» туристік экспедициясын өткізу жөнінде жұмыс тобы құрылды, оған барлық құрылымдық бөлімшелер кірді. Экспедицияның кезеңін өткізуге 2010 жылы 2,5 млн.теңге жұмсау көзделуде.

Жыл сайын «ITFA» Ақтөбе жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Ағымдағы(2009) жылы алғаш рет Қырғыз Республикасы мен РФ делегациялары келді. ТСМ ТИК 2010 жылы Өзбекстаннан, Түркіменстаннан және Қырғызстаннан делегациялардың қатынасуы үшін жәрдем берулеріне өтініш жасады. Бюджетте осы көрмеге 5 млн. теңге салынды.

Жыл сайын жазғы кезеңдерде облыстың БАҚ мен туроператорлары  үшін жарнамалық ақпараттық турлар өткізіледі. Облыстық және қалалық телеарналар арқылы туризм саласының лауазым иелері қатысқан тікелей эфир хабарлары тұрақты өткізіліп тұрады. Бұл хабарлар облыс тұрғындарының көтеріңкі сұранысына ие. Бүкіл дүниежүзілік Туризм күні қарсаңында туристік саланың көшбасшыларына құрмет көрсете отырып, мерекелік іс шаралар өткізіліп тұрады.

-жарнамалық –ақпараттық  материалдар шығару

Жарнамалық бейне қалыптастыру компаниясының өңірлік турөнімді жылжыту жөніндегі тұжырымдамасы өзгеріске ұшырады.30х30 пішінді  150 беттік «Арайлы Ақтөбе» жылтыр тартулық фотоальбом және  20х13 пішінді қатты тысты жылтыр «Жібек жолында» фотоальбомы шығарылды. Ақтөбе облысының туристік картасы басып шығарылды, оған туризмнің жаңа нысандары және Ақтөбе қаласының анықтамалық ақпараты бар карта сызба кірді. 10000 дана «ТДШ және СБ» брэнд пакеттері және 7000 «ITFA» пакеттері шығарылды. Ақтөбенің брэндік кәдесыйлық өнімі, түрлі тартулық жиынтықтар мен бұйымдар өндірілді. Ақтөбе қаласының 140 жылдығына естелік тиын шығарылды. Сондай-ақ қабырғаға ілетін және қалта күнтізбелері, қала бейнеленген   открыткалар жиынтығы,түрлі буклеттер мен лефлеттер,банерлер,плакаттар және көптеген басқа заттар шығарылды.

Д.Экологиялық  туризмді дамыту:

-туристер үшін табиғи аймақтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету

Ақтөбе облысы экологиялық  туризм нысандарына бай:10-нан астам  (соның  ішінде әлемге әйгілілері де бар) нысан облыстың 7 ауданында орналасқан.Облыстағы 5 өзеннің тартымды өзен ланшафттары қашық орналасқан.Орналасу ерекшеліктері және жолдармен туристік соқпақтар тығыздығының төмендігі туризмнің бұл түрін дамытуда белгілі бір қиындықтар туғызады. Ақтөбе облысы ТДШжәнеСБ көпжылдық жұмысының қорытындысы  бойынша қажетті нысандарды нысандық дамытудың Шебер-жоспарын әзірледі,оған жеке инвесторларды және жергілікті тұрғындарды тартты.

Е. Балалар-жасөспірімдер  туризмі:

-балалар-жасөспірімдер  туристік  мекемелерінің жүйелерін  дамыту

Ақтөбеде бір қалалық жас туристер станциясы бар.Биылғы жылы ТДШжәнеСБ оны облыстың балансына беру, сөйтіп барлық аудандарда кеңейтілген жүйе құру туралы ұсыныс жасады.Бірақ бұл мәселе шешілмеген күйінде қалды.Бұл «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициясын және басқа да туристік жорықтарды және спорттық іс-шараларды өткізуге де қолайлы болатын еді. Ақтөбе облысында балалар мен жастар арасысындағы туризм спорттық  мекемелердің негізінде дамып келеді:25 ,балалар–жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді,оларда 13537 бала және жасөспірім тәлім-тәрбие алуда.Дене шынықтыру және туризммен кәсіптік-техникалық мектептерде -5381,орта арнаулы оқу орындарында -23741,жоғары оқу орындарында -10789 оқушы қамтылған,тақырыптық туристік жорықтар мен туриадалар тұрақты өткізіліп тұрады.

G. Туристердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ҚР Туризм және спорт  министрі міндетін атқарушысының 2008 жылғы 23 қазандағы бұйрығын орындау мақсатында Ақтөбе облысының ТДШжәнеСБ тоқсан сайын ТИК ақпарат беріп отырады. Бірақ, соңғы уақыттарда өзі немесе мекен-жайы туралы хабар бермейтін туристік қызметпен айналысушы адамдар бар екендігін айтып кеткен орынды. Әділет департаменті арқылы оларды әрдайым тауып ала алмайсын. Әдетте басқа облыстың қандай да болмасын бір департаменті лицензиар болып шығады. Бүгінде нұсқаулық туризмінің қызметін кқрсетуге бір лицензия берілген.

ҚР ТСМ туризм индустриясы  комитетінің инвестициялық жобалараның  мыналар кірді:75 орындық балаларға  арналған спорттық-туристік кешен құрылысы («Тимур және К» ЖСШ); қонақ үй құрылысы («Агроодақ» ЖШС). ТДШжәнеСБ келесі жылы министрліктің қарауына тағы да бірқатар инвестициялық жобаларды енгізуді жоспарлап отыр.

Шекара маңындағы  ынтымақтастықты дамыту

Мемлекеттік органдармен  өзара қарым-қатынас проблемалары (кеден, көші-қон және т.б.)

2008 жылғы қыркүйекте мемлекеттер басшылары қатысуымен ҚР мен РФ шекара маңы облыстарының 5-форумы болды, экскурсиялық бағдарламалардың тұсаулары кесілді.

 

2.3 Алдағы уақытта  туризмді дамытуға арналған бағдарламалар

 

Ақтөбе облысының туризм саласының дамуын әрі қарай жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан аз шаралар қолданылып отырған. Алдағы жылдардағы нақты жоспарлар құрылып, сол жоспарлар бойынша облыстың туристік мүмкіндіктерін кеңейту көзделініп отыр. Осы мақсаттағы шаралардың ішіндегі маңыздысы- бұл облыс Әкімшілігінің Ақтөбе облысында туристік саланы бамытудың 2009-2012 жылға арналған бағдарламасы. Енді осы бағдарламаға кеңінен тоқталып өтейік.

Шекара маңы ынтымақтастығы ауқымында РФ-ның Орынбор облысы Үкіметі мен ҚР-ның Ақтөбе облысы әкімдігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім-шарт қабылданды. 2008-2010 жылдарға арналған іс-шараларының нақты жоспары әзірленді. 2009 жылғы 24-26 маусымнан бастап «Европа-Азия шекарасыз ынтымақтастық» деген VIII Қазақстандық – Ресейлік өндірістік көрме өткізілді. Көрме ауқымында «Шекарасыз туризм» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары қарастырылды.

Бірнші фаза: Ақтөбе облысының туристік кластері бойынша экономгеографиялық зерттеу:

  • табиғи туристік ресурстар;
  • мәдени туристік ресурстар;
  • басқа туристік ресурстар (қолжетімді қызмет көрсетулер);
  • инфрақұрылым;
  • көлік;
  • тамақтану орындарының бар жоқтығы;
  • экскурсиялық нысандар (соның ішінде іскерлік, экологиялық, балалар- жасөспірімдер туризмі нысандары)
  • қызмет көрсету саласының  жай-күйі мөлшерлемелері бойынша осы сәттегі жай күйін бағалау мақсатында жүргізіледі.

Экономгеографиялық зерттеудің қорытындысы бойынша аналитикалық талдау әзірленді, онда туристік саланың  тиімділігіне әсер ететін облыс салаларына баға, мұндай тиімділікті арттырудың шаралары туралы ұсыным берілді. Экономгеографиялық зерттеу қорытындыларын көресету мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігінде есепті іс-шара және бизнесмендер мен мемлекеттік емес сектор үшін семинар болады.

Екінші фаза:  Экономгеографиялық зерттеудің мәліметтері негізінде  Ақтөбе облысының рекреациялық ресурстарын  кешенді бағалау. Ақтөбе облысы туристік кластерін одан әрі құрауыштары  бойынша дамыту мақсатында рекреациялық ресурстарды мынадай:

-топырақ климаттық  ресурстар

-су ресурстары

-жануарлар және өсімдіктер  әлемі ресурстары

-өндірістік және әлеуметтік  инфрақұрылым

-бизнес ортасының  субъектілері мен нысандары санаттары  негізінде кешенді бағалау жүргізіледі.

Үшінші фаза: Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Халықаралық нормалар мен қағидалары басшылыққа ала отырып құрылып жатқан бизнес үлгілердің өзара іс қимылы арқасында туристік кластердің барлық қатысушылардың нақты іс әрекеттерін анықтайтын кешенді бағдарлама жасау.

«Туризм » кластері бойынша Ақтөбе облысының 2010-1012 жылдарға арналған бірінші және екінші фазаларының қорытындылары бойынша әзірленген құжаттар мен материалдардың негізінде аумақтық даму қағидаларын ескере отырып облыстың аудандары мен Ақтөбе қаласын дамыту жөнінде кешенді бағдарламалар жасалады,туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі әзірленеді.Аталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға аудандық,қалалық және кенттік әкімдіктер,сондай-ақ туристік кластерді қалыптастыруға қатысушы мүдделі тұлғалар тартылады.

Ақтөбе облысының туристік кластеріне анағұрлым белсенді және тиімді қатысушылар үшін рейтингтік жүйесі сондай-ақ экономикалық жағынан  көтермелеу және ынталандыру шараларының  жүйесі құрылуда және енгізілуде.Ақтөбе қаласының жағажайлық рекреациялық аймақтарын есепке алу және мониторингтеу жөніндегі рейтингтік жүйе іске асырылуда. «Ең үздік жағажайлық аймақ» облыстық конкурсы қорытынды шығарудың әдісі болып табылады.

Туризмнің бірегей объектілерінің бар болуы, географиялық жағдайдың  қолайлы орналасуы, көліктік коммуникациямен қамсыздандырылуы облыстың туристік рыногының әлеуетін құрайды.

Туризм саласын жандандыру үшін «Ақтөбе облысының туризм саласын  дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған  бағдарламасы» жұмыс жасауда.  Бағдарламаны іске асыру үшін 2007 жылы  12,0 млн. теңге, 2008 жылы 14 млн. теңге бөлінді.

Орныққан туристік  имиджі құрылды, еліміздің ірі  туроператорлары  облыстық орталықта филиалдарын  ашуда, облыстың кәсіпкерлерінде және халқында  туризмге деген тұрақты  қызығушылығы белгіленуде.

Көптеген турфирмалар шет елдердің  туроператорларымен тікелей келісім шарттары бар, бұл көптеген ақтөбеліктерге шетелге шығу туризмінің жолдамаларына қолжетімді  болады. 

2007 жылы турфирмалар  мен орналастыру объектілерінің  қызмет көрсеткен, ішкі туризм  бойынша жалпы қызмет көлемі 6110,5 млн. теңгені құрады, 59,3 мың туриске қызмет көрсетілді. Инфрақұрылымның жаңа объектілері салынуда.

Қазіргі уақытта облыста  орналастырудың 52 объектісі, 22 қонақ  үй, 1 демалыс аймағы, 3 жол бойындағы  кемпинг, 7 сауықтыру лагері, 3 санаторий-профилакторий, 6 палаткілік турбаза қызмет көрсетеді. Облыста 28 турфирма (2 туроператор, 26 турагенттік) қызметін атқаруды.

Әртүрлі объектілердің санын 2008 жылға  қарағанда 2010 жылы 18,5%, 20011 жылы 1,5 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Облыстық туристік  кластерінің, оны іске асыру бойынша  шебер-жоспарының,  туризм инфрақұрылымы объектілерін орналастыру кестесінің картасының жобасы әзірленді.

Облыс территориясындағы  республикалық маңызы бар автожолдардың  жол жиегінде  жол бойы инфрақұрылымының 56 объектісі орналасқан және жаңалары салынуда.

Жаңа автожолдарды салу, ескілерін жаңарту,  жол  жиегіндегі  инфрақұрылым объектілерін және сервисті әрі қарай дамыту туризм саласына  облыстың жаңа аудандарын тартады және  ішкі және келу туризмінің автосаяхатының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде  туризм саласында  жұмыскерлердің санын  ұлғайтуға ықпал етеді.

Ақтөбе облысы ірі  өнеркәсіптік аймақ, көліктік торап, сондықтан  облысқа әртүрлі мақсаттармен келетіндердің  саны тұрақты артуда. Тек қана алыс шетелден жыл сайын 10,0 мың адам келеді. Олардың санын 2010 жылы 11,5%, 2011 жылға 1,4 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Шығу туризмі бойынша  5,6 мың адамға қызмет көрсетілді.  Тұрғындардың тұрмыс жағдайының өсуі, тікелей чартерлік рейстардың ұлғаюы туристердің санын 8,5%, 2011 жылға – 18,6% өсуін ұлғайтады.

Ішкі туризм бойынша  келушілердің саны жыл сайын 60 мың  адам.

Бүгінгі күні облыста  екі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар: Торғай мемлекеттік табиғи қорығы  және Ырғыз – Торғай мемлекеттік  табиғи резерваты. 2010 жылға олардың санын 8 бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.

Саланы ақпараттық қамсыздандыру  үшін  облыста туристік сайт құрылды  және жұмыс жасауда, мұнда  облыста  өткізілген іс-шаралар туралы  материалдар  тұрақты жаңартылып тұрады,  фотоматериалмен көрсетілген облыстың туристік саласын дамытудың әртүрлі аспекталары жөніндегі  материалдар орналасқан.

Осы мақсаттарға қол  жеткізу үшін төмендегідей гегізгі  міндеттер қойылып отыр:

-салааралық туристік  кешенде  әрекет ететін мемлекетік  органдар, атқарушы органдар және кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы мемлекеттік жүйесін қамтамасыз ету;

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері