Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа

Краткое описание

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................

І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................

Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................

II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................

3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................

3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кларита диплом.doc

— 678.50 Кб (Скачать документ)

Қонақ үйлер, әдетте, не қала орталығында, не әуежайға немесе темір жол

бекетіне жақын орналасады.

       Мотельдер не автомобиль жол бойында, не қала шетінде орналасады. Мотельде тұрған уақыттарында туристердің автокөліктеріне барлық қызметтер көсетілуі тиіс (автотұрақтар, жанар – жағармай құю стансалары, автосервис тағы басқа).

       Қонақ үй типтестуристік пансиондарда бір басқару, жеке ас үй түрінде көрсетіледі.

       Кемпингтер, туристік базалар – бұл қаладан тыс жерде орналасқан, автотуристермен қатар басқа да туристерді орналастыруға бағыттаоған тұрғын жай.

       Туристік ауылдар – туристердің демалуы мен түнеп шығуына арналған, өзіндік түнеу жабдықтары жоқ, қоршауланған тұрғын үй.

       V Саяхаттың мезгіліне қарай: маусымдық және маусымдық емес.

       VI Саяхат ұзақтылығына қарай: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (5-7күн)

       VII Топ құрамына қарай:

       1) топтық туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);

       2) жеке туризм;

       3) отбасылық туризм, яғни отбасы мүшелерімен бірге саяхаттауы;

       4) жастар (студенттік) туризм;

       5) туризмі. Жастар және балалар тиризмі шеңберінде саяхаттаушылар қызметтерге жеңілдіктер алуға құқылы.

       VIII Туристік өнім бағасының қалыптасуын анықтаушы қағидатқа қарай: әлеуметтік (дотациялық) және комерциялық туризм.

       Әлеуметтік туризмде өз демалыстарын ұйымдастыруға қажеттілікті ақша қаражаты жоқ халықтың өз қамтылған бөлігіне (зейнеткерлер, студенттер) туристік шаралар ұйымдастыру үшін әр түрлі формадағы белгілі дотацияларды мемлекеттік ұйымдармен қатар, қоғамдық ұйымдардан да алу көзделеді.

          

    1. Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару, Қазақстанның шетелдерге насихатталуы

 

       Қазір туризм инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылып жатыр. Туриза әкімшілігі индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарды. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм индустриясына қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Қолда бар деректерге жүгінсек, бүгінде республикада туристерді орналастырудың 400 –дей нысаны бар. Сонның ішінде 239 қонақүй, 34 санаторий, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік база, 13 сауықтыру лагері, 11 санаторий – профилакторий, 10 аішы үйі мен 8 профилакторий жұмыс істейді. Туристік нысандар мен туризм саласына қатысты басқа да жұмыстарды қаржыландыруға 2006 жылы 22 млрд. 447 млн. теңге бөлінсе, 2007 жылы бұл сома -  28 млрд. 194 млн. 328 мың теңгені, 2008 жылы 30 млрд. 115 млн. теңгені құрады. Бұл қаражаттың басым бөлігі жергілікті бюджеттен және жеке кәсіпкерлер тарапынан қарастырылды.

       Туризм инфрақұрылымының дамуы тек жылжымайтын мүліктерге ғана емес, сондай – ақ колік қатынастары қызметімен де тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміз туристерді көліктің бірнеше түрімен тасымалдауға назар аударып отыр. Республика бойынша шетел туристерін тасымалдау мақсатында әуе, темір дол, автокөлік қатынастары іске қосылған. Шетелдің 6 әуе компаниясы жұмыс істейді.

       Ал, экономикамыздың күретамыры – темір жолға келсек, шетел туристерін елімізге жеткізу үшін бірнеше бағыттар іске қосылды. Солардың ішінде «Қазақсатан темір жолы» ұлттық жолаушылар тасымалдау» компаниясы туризм әкімшілігімен және «Тұран Азия» компаниясымен бірлесіп, «Жібек жолының маржаны» атты арнайы бағыт жобасын әзірлеген болатын. 2002 жылы оның алғашқы бағыты Алматы-Тараз-Шымкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы қалалары бойынша жүзеге асты. Енді осы бағытты Теһранға, одан әрі Бейжіңге дейін жалғастыу қолға алынды.

       Туристерді автокөлікпен тасымалдау мәселесі де өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. Қазіргі кезде біздің елдің автокөлік жолдары ірі туристік нысандарымызды шетелдермен байланыстырып отыр. Осы орайда көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін әуе, автокөлік және темір жол нысандарының материалдық-техникалық базасын тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіп, туристерге қызмет көрсету саласын дамыту керек деп есептеймін. Біз туристік ұйымдардың қызметіне де қатаң талаптар қоюымыз қажет. өйтпеген жағдайда саланы дамытуда біраз кедергілерге тап болатынымыз анық.

       Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласында келімді – кетімді адамдарды сапалы азық – түлікпен, дәмді тағаммен қамтамазыз ету де жатады. Кейінгі жылдары облыс экономикасының  едәуір іргерілеуі бұл мәселені де шешуге мүмкідік береді деп ойлаймыз. Мәселен, 2000 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда, Алматы облысында биыл ет және үй құстары өнімдері - 8,7%, жеміс – көкеніс шырыны - 2,2 есе, қоытылған сүт пен қаймақ - 63,5% дәнді дақылдар ұны - 38,7%, коньяк және коньяктік ішімдіктер - 5,8 есе, жүзім шарабы 55,4% өсті.

       Тарихи және мәдени орталықтардың тағы бір ерекшелігі – олардың таяулы аймақтарға, өзен-көл жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен қазақтың көрікті табиғатын, саятшылық өнерін, балық аулау кәсібін этнографиялық жақтан әдептеу де туристік индустрияның табыс көзі болмақ. Маусымдық туризмге орай, қыстың күні қыратты аймақтарда шаңғы тебу, ат шана, түйе шанамен қыдырыс жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде бағаланбақ.

       Қазақ елі, қазақ табиғаты кімді таң қалдырмаған. Заты поляк, жаратылысы бостандықшыл Адольф  Янушкевич: «Аппенин биігінен екі теңізге көз жіберген кездерімде болған: ол бір ғаламат картина еді ғой, оның өзі менің жүрегіме тамылжытқан әндей сыбыр қағатын; бірақ тіпті кондордың қанатына міне Кордильердің ең биік шыңына ұшып шығып, сол жерден көз тастасам, дәйім табан астында жатқан мұхитқа көз тояттасам да, мына аласа төбенің басында тұрып, айналамдағы мына шөлейттерді, айнадай суларды, қол созымдағы тауларды, төбемдегі мынадай аспанды көрген бүгінгі күнімдей күн кешпес едім», - деп жазды Алатау жағасында тұрып.

       Міне, осындай асыл табиғат, саф ауа Жетісу жерінің берекесі ғой. Мұндай өлкедегі рекреациялық туризмге кім қызықпайды? Жетпісінші жылдардың басында Иран тағының мұрагер – ханзадасы осы маңайда, Лепсінің ар жағындағы Жасылкөл жағасында демалуы бекерден бекер емес шығар.

       2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүгірту, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы айналдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шет ел туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, білезік, сақина соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.

       Осы жерде бұрынғы Үйгентас ауданының Көкжар елді мекенінде марал шаруашылығы, бал өндіру орталығының жұмысы жақсы жолға қойылғаның айта кеткен жөн. Бұл маңда аю, сілеусің, барыс, жабайы шошқа сияқты аңдар, жабайы құстардың неше түрі мекен ететіні турист қауымын қызықтырмай қоймайды.

       Египет пирамидалары жанындағы түйемен, Үндістандағы пілмен қыдырту үлгісі біздегі өгізбен, сәйгүлікпен жер шолу сияқты өзіміздік өрнектерге ұласқан абзал.

       Тарихи мекен – жайлар ежелгі салт – дәстүрмен, этнографиялық айшықтармен тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми қызметкерлер көмегімен қазақтың ежелгі көшін шет елдік туристерге тамашалау, «Қыз Жібек» жырындағы көш легін реконструциялау ісін бір ізге салған жөн. Бұрынғы көші – қон дәстүрі де туристерді қызықтырмай қоймайды.

       Осы заманғы инфрақұрылым, туристік менеджментті ұйымдастыру үшін спутниктік, талшықты – оптикалық, байланысты жолға қою қажет. Халықаралық «Паблик релейшнстің» тұрақты приципі «ауқымды ойлап, абайлап қимылда» болу керек. Туристік бизнес табиғатына дөп келетін Туризм ханшасы конкурсын, сәйгүліктер көрмесін, қыран құстар мен құмай тазы саятын, қошқарлар жекпе – жегін, қораздар майданын жасап шығарудың да маңызы ерекше деп білеміз.

       Біз ұсынар және бір бағыт – шет елдік туристерді ескі қалалардағы қазба жұмыстарымен таныстыру, оларға палеонтологиялық зерттеулер нәтижелерін көрсету. Бұл да, біздіңше, игілікті шаруа. Айталық, Талдықорғанда өлкетану мұражайында тұрған мүйізтұмсықтың жілік сүйегі қиялы жүйрік турист қауымына ертегідей елес бермей ме?

       Біздің тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау хақында жаңа тұжырым ұсынып отырмыз. Ондағы басты идея – тарихи, мәдени игіліктердің көсегесін көтеру үшін оны туристік бизнеспен, жарнамалық ақпаратпен тығыз байланыста дамыту идеясы. Біз қазіргі нарықтық заманда осындай экономикалық шаралар арқылы бюджеттік қаржыға қараған тарихи және мәдени орталықтарының жұмысын жандандыруға, тіршілігін жақсартуға болады деп ойлаймыз. 

       Міне, осындай өзара көмек, демеу арқылы жанданған салаға мемлекет те, сырқы және ішкі инвесторлар да көмек беруге мүдделі болады.

       Туристік бизнес туралы сөз қозғағанда, біз оның бұрынғы дәстүрлі сипаты жойылып бара жатқаның ескерте кеткіміз келеді. Әлемдегі туристік тенденцияны бажайласақ, экологиялық, орнитологиялық, ботаникалық, экзотикалық, шытырманды оқиғалық туризмге көңіл қоятындар қатары көбейіп келе жатқан сықылды. Adventure деп аталатын мұндай топтарға пәлендеә керемет жағдай қажет емес. Кемпингтер, киіз үйлер, ішер ас, дос пейілді халық болса болғаны. Бүкіл дүние жүзінде тарайтын «Дискавери» каналының «Саяқ планете» («Одинокая планета») хабары осындай жандарға арналады.

       Еліміздің әрі арзан, әрі тиімді дәл мұндай бизнес саласын жолға қоюға шамасы әбден жетеді. Қазақстандық туристік фирмалар жыл сайын Лондонда өтетін биржаға қатысып өздерінің ресурстарн әлемдік сауда сахнасына шығарып, стратегиялық және тактикалық жарнама әдістерін шебер пайдалана алғаны жөн.

       Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) жылма – жыл статистикалық жинақ шығарып отырады. Бір өкініштісі, бұл кітапқа Қырғыстан еніп, Қазақстан кірмей қалған. Ендеше, қазіргі таңда осындай көкейкесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдыңдағы ел беделін де дұрыс пайдаланған ләзім. Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері, мемлекеттік телерадиоканалдарды, газет – журналдарды осы мәселелермен тікелей шұғылданса, Қазақстанның тарихи, мәдени мұрағаттарын елшіліктер өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істеп жатқан елдер жұртына жеткізіп отырса, еліміздің өркениет саласына, мәдениет қуатына қосқан зор үлес болар еді.

       Осындай өнеге көршілес Қытайда, Үндістанда бар. Мысалы, Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың иегері Әнуар Әлімжановтың 70 жылдығына орай, Үндістан елшілігі өткізген қабылдауда Төтенше және өкілетті елші Саед Раза Хашим мырза қазақ жазушысының шығармашылық әлемін, қазақ – үнді достастығын нығайту жолындағы істерін жоғары бағалай келеп, оның қандастары бұл игі дәстүрді ілгері апарса деген тілек айтты.

       Тарихи және мәдени байланыстар, туризмді дамыту бағыттары туралы елшілік материалдарымен танысқанымызда, Үндістандағы туристік маршруттар Дели, Агра, Гоа, Варанаси, Мумбай, Джайпур сияқты тарихы да, мәдениеті ежелден қалыптасқан елді мекендерді көктей өтетініе байқадық. Бір ғана Тәж – Махалға жылына 2 миллион турист келіп – кетеді екен.

       Туристік индустрия саласында бұл мемлекет айта қаларлықтай көмек көрсетіп отырады. Мемлекеттік туристік офистердің Үндістандағы саны 21 болса, шетелдердегі өкілдіктердің саны 17 көрінеді. Бұл тізімнің ішінде бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан тек Ресей бар.

       Орталық Азия мен Үндістанның арасындағы рухани сабақтастықтың материалдық белгісі – Нью-Делидің Үндістан ұлттық мұражайындағы Аурелл Стейннің коллекциясы. 12 000 заттан тұратын бұл жиналымда тек Орталық-Азия бұйымдары ғана бар. Реті келгенде осындағы бізге қатысты көне кітаптардың, ежелгі мүсіндердің көшірмесін туған топыраққа жеткізуге болар.

        Ендеше, ұлы Мұхтар Әуезов, кейіннен Әнуар Әлімжанов салған жолды жетімсіретпей, Үндістан бізге, бізден Үндістанға тартар маршруттарды кеңейте түскен жөн.

        Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғалымдар болжамын ескере отырып, төл туристік бизнесін жедел тамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой - өрісін көрсетеді. Тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес те болашақта қызмет етеді, стратегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.

        Кластер – бір – біріне жақын орналсқан, біріне – бірі байланысты, өзара шаруаларын  толықтыра алатын, белгілі бір салаларда еңбек ететін кәсіпорындар мен ұйымдар тобы. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ел экономикасын дамытуға туристік кластер де қомақты үлес қоса алады, өйткені, бізде туризмнің мәдени – танымдық, экономикалық, іскерлік, сауықтыру бағыттарындағы түрлері де дамып келеді. «Маркетинг және талдау орталығы» мен америкалық «Austin Associaties» және «Economic Competitiveness Group» компаниялары бірлесіп, Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті өкілдерінің қатысуымен туристік кластер жобасының алғашқы нұсқаның жасаған еді. Ал ел экономикасын кластерлік басқару туралы қабылданған жаңа жобаға келсек, оның негізгі мақсаты еліміздің өндеуші салаларын тұрақты түрде дамыта отырып, бәсекеге қабілеттігін арттыру шараларының жоспарын жасау болып табылады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын көбейтуге, өткеру нарығы неғұрлым қажетсінетін тауарларды экспортқа шығаруға, мұнай өндіруге тәуекелділікті азайтуға, елімізде дамыған салалық кластерлер қалыптастыруға қол жеткізу сияқты ауқымды міндеттер орындалуы тиіс.

Жақында Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында туризм саласына қатысты қойған міндеттерді іске асыру мақсатында туризм дамытуға мүдделі өзге де министрліктер мен ведомстволармен бірлесіп Үкімет жанындағы туризм жөніндегі кеңеске арнайы жоспар мен туристік кластер жобасын ұсыну керектігі жөніндегі шешім қабылдады. 

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері