Туризмнің оң және теріс жақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:10, реферат

Краткое описание

Туризм бұл қоғамдық өмірдің күрделі көп жақты және көп аспектілі көрінісі. Қазіргі батыстың экономикалық ғылымы туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық көрінісі деп қарастырады. Мұнда ол туризм индустриясы деп аталатын көп салалы өндіргіш кешен құрушы компоненттердің бірі ғана болып табылады. Экономикалық мәселелер туризм іс-әрекетінің қоғамдық және экономикалық аспектілері контексінде сарапталынады. Туризм кешенді құбылыс ретінде пән аралық зерттеу обьексініе айналды.
Турист – бұл бір елге келуші, яғни өзі тұрақты тұратын жерінен басқа жерге саяхаттап, 12 ай мерзімінде келген жерінде ақылы жұмыс істеу және тұруда басқа мақсатпен (көңіл көтеру, емделу, конференцияға қатысу, туыстарына бару, діни және спорттық және т.б.) саяхаттаушы тұлға.

Содержание

Кіріспе 3

1 Әлемдік туризмнің даму тарихы
Туризм ұғымы, мәні 5
Әлемдік туризмнің қалыптасуерекшеліктері 7
Әлемдік туризмнің дамуындағы мәселелері 12

2 Әлемдік туризмдегі Қазақстанның алатын орны
2.1 Қазақстан туристік компанияларының халықаралық 14
операциялары
2.2. Қазақстан туризмін дамытудағы өзекті мәселелер 19
2.3. Әлемдік туризмдегі Қазақстанның ролі 22
3 ҚР-ғы туризмді дамытудың болашақтары
3.1. ҚР-дағы туристік компания қызметтерін тиімді жетілдіру 25
жолдары
3.2. ҚР туризмді дамытудағы кластерлік саясатын жүргізу
жолдары 27

Қорытынды 30

Пайдаланылған әдебиеттер 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Халықаралық.docx

— 95.59 Кб (Скачать документ)

 

        Дамушы елдердегі туризм дамуындағы ерекшеліктердің бірі, бұл ұлттық (ішкі) туризмнің кенже дамып отырғандығы. Және бұндағы қалыптасқан туризм индустриясы басынан ақ сыртқы сұранысы қанағаттандыруға бағытталған. Бұл ерекшелік қазақстанда да бой көтерген. Бірақ бізде сыртқы құрылысты қанағаттандыру процесінде келу (шет елдік) туризміне емес, керісінше шығу (резиденттер) туризміне сұраныс көп.

        Сонымен 2010ж. туристердің 22%-ы резидент еместер болған. Барлық осы фактілер, Қазақстандағы келу туризмі нарығы жағдайын талдау туризмнің барлық мәселелерінің заңмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі туралы қатаң салық салу туралы, жоғарылатылған тариф, туристік инфроқұрылымнің әлсіздігі, республикамыздың табиғат көркемдігін шет елге жарнамалау және туризмді насихаттаудың жоқтығы туралы куәландырады.Шетелдік туристерді тартудың негізінде туризм индустриясының толыққанды қалыптасуы мен дамуы – жарқын болашақтың ісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               2.2. Қазақстан туризмін дамытудағы өзекті мәселелері

 

        “Қазақстан ашық аспан астындағы дала мұражайы” дегендей еліміздің бай мәдени  мұрасы, адам қолы тимеген көркем табиғаты еліміздің “мәдени” демалысты ұнататындарын және шетелдіктерді қызықтыратыны сөзсіз. Олар үшін табиғат сұлулығын, қызықтап, таза ауада демалудың ләззаты бөлек болса керек.

        ДСҰ-ның Бас хатшысының орынбасары Давид де Вильенің: “Қазақстанның табиғаты өте керемет, экзотикалық болып табылады. Ал осындай бай табиғаты бар ел туризмді жан-жақты дамытуы керек”, - деген сөзі соның айғағы. Давид мырза бұл ойымен болашаққа Қазақстан туризмінің қайнаған ошағына айналмақ дегенді білдірсе керек.Оңтүстік, Оңтүстік Шығыстың таулы аймақтарында-тау туризмімен, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл, Көкшенің 80 көлі сияқты аймақтарда – жаға-жай туризмімен айналысуға болады. Оған қоса, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда өңіріндегі қасиетті әулиелер жатқан тарихи жерлер туристерді көптен тартуға өте қолайлы және өте тиімді емес пе? Ал, Алматының асқар Алатауы, оның сылдырап аққан мөлдір бұлағы, жағасындағы құрағы туристер үшін таптырмайтын орын. Қазақстанның жер асты Менделеев таблицасының элементтеріне бай болғандықтан жер-жердің іскер азаматтары да қызығушылықпен қарайды, сондықтан еліміз туризмнің іскерлік түрімен де айналысуға зор мүмкіндігі бар.

        Осыдай әсем табиғатқа, бай  қазынаға мол мәдени мұраға  ие болып отырып, біздің ел  әлі күнге дейін туризм мәселелерін  шеше алмай келеді. Бұл салада  біздің туристік жағымыз басымдау  болып тұр. Елімізге келетін  туристерден елден тысқа шығып  жерлес демалушылардың саны көбейіп  отыр.

Мысалы, көршілес жатқан Қырғызстан жалғыз-ақ Ыстық көлімен мол табысқа  жетіп отыр. Жаз болса болғаны  біздің елдің азаматтары сол жаққа  қарай ағылады. Ал сол Ыстық көлден өзіміздің Алакөл емдік қасиеті  жағынан мың есе артық емес па. Қаржыны сыртқа ағызғанша, сол  Алакөлдің инфроқұрылымын жақсартып, индустриясын дамытсақ, қаражатымыз  өзімізде қалғанымен қоймай, сырттан  келетін ақша ағымы да көбейер  еді. Ал Алакөлдің жағасындағы жағдайды айтар болсақ, котедж, демалыс .й, пансионаттар тұрмақ, ол жаққа баратын жолдың өзі талай жылдан бері жөндеуден  өтпей, қараусыз қалған. Оның маңындағы  “Барлық”, “Арасан” санаториіне баратын  жол жоқ деп айтсақ та артық  болмайды. Атағы аспанға шарықтаған Көлсай, Балқаш, Марқакөлдеріміз де сондай жағдайда тұрғаны белгілі.[8]

        Мұнда көркем жерлер Шарын  шатқалының мән-жайына келетін  болсақ, бұл маңның да келісіп  тұрмағаны мәлім. Әлемде бір-бірінен  әдемілігі жағынан асып түсетін  екі-ақ шатқал бар. Оның бірі  Солтүстік Америкадағы, Колорадо  штатындағы Үлкен шатқал болса,  екіншісі осы – Шарын шатқалы.  Талайлардың бір көруге армандаған  жерін біз дұрыс пайдалана  алмай отырмыз. Шарын шатқалы  – Алматыдан 220 шақырым жерде  орналасқан. Сол 220 шақырым жолдың  сапасы төмен болғандықтан, жолаушылар  бұл аралықты 6 сағат жүруге мәжбүр. Ал негізгі жол мен шатқалға  дейінгі аралық 12 шақырым. Осы  жолға түгелдей асфальт төселмегендіктен, жауынды күндері көлік түгілі, жаяу адам аяқ алып жүре алмайды. Сонымен қатар, шатқалдың төңірегі қоқысқа толып барады. Ол жерді тазалау сонда жұмыс істейтіндердің ойына кіріп те шықпайды. Шатқалға кірер есікте ақшаны санап алғанда пысық болып, сол жерді тазалау мәселесіне келгенде ондағы адамдардың енжарлықтары басым. Және сол акцияға Алматыдағы “мен” деген турфирмалардың барлығын шақырыпты. Тағы да сол ақшадан басқаны ойламайтын жерлестеріміздің ел игі шараға қатысуға құлық танытпаған. Мұхит асып келген шетелдікті алаңдатқан Шарын экологиясына қазақстандық бауырлардың бас қатырмауы ұяларалық жағдай.

        Туристік санадағы тағы бір  алаңдатарлық жағдай туризм индустриясының  материалдық базасының төмен  жағдайы болып табылады. Облыс  орталықтарындағы шетел келушілеріне  сапасы төмен турөнімді ұсынуының  басты себебі жоғарғы класты  қонақ үйлердің болмауы болып  табылады, ал қолда бар қонақ  үй базалары 80% пайыз ескірген. Қонақ  үйлердің көп бөлігі 60-жылдары  салынғандықтан құлағалы немесе  банкротқа ұшырағалы тұр. 1994 жылдан 1999-жылға дейін 605 қонақ үй жабылған, 2000 жылы олардың саны 205 құраған,  ал нөмірлік қоры 15% ғана болған. Статистикалық мәлеметтер бойынша  2003 жылы 239 қонақ үй қызмет атқарған, олардың 85,8% жеке меншік, 7,3%-ы мемлекет  иелігінде және 6,9%-ы басқа мемлекеттердің  жеке тұлғалары мен азаматтарының  қолында болған. 2006 жылы қонақ  үй саны 273 ке ғана көтерілген. (5-кесте) 1999 жылдан бері бірнеше жыл өтсе де қонақ үйлердің саны әлі күнге дейін сол кездегі шаманы маңайлай алмай келеді. (сурет 2).

5- кесте  - Қонақ үйлердің меншік нысандары

 

 

2002

2003

2004

Меншіктің барлық түрлері бойынша  барлығы 

соның ішінде

 

195

 

239

 

273

Мемлекеттік меншік

16

20

21

Жеке меншік

167

202

235

Одан шет елдің қатысуымен бірлескен  кәсіпорындар меншігі

 

16

 

16

 

18


 

        Қонақ үй шаруашылығының көп бөлігі қалалық жерде – 9,1%, ал ауылдың жерде – 6%-ы ғана орналасқан. Бұдан біз ауылдық жерлерде туризмді дамытудың ешқандай мүмкіндігі жоқтығын көреміз. Ал қазақ жерінде ауылдық жерлерде ұлттық, аңшылық туризмді дамытқан өте тиімді болатын еді және ауылдың тұрмыс-тіршілігіне, ұлтымыздың салт-дәстүріне қызығушылар да көбейер еді.Дәл қазіргі уақытта әлем бойынша туризмнен түсетін пайда үшінші орында тұр. Туризмнің дамуы шетелдік валютаның елімізге ағылуына бірден-бір себепкер. Оған қоса қаншама адамға жұмыс табылар еді.

Батыста туризм саласында бірінші орында тұрған мемлекет – Франция болып  саналады. Осы Францияға жыл сайын  шамамен 76,5 млн. шетелдік саяхатшы келеді екен. Сонымен қатар, жыл сайын Испанияға – 49,5 млн., Италияға – 39,1 млн. турист келіп, мемлекет қоржынына қыруар қаржы салып кететін көрінеді.Ал енді Қазақстанның табиғаты Франциядан ілдеқайда коректі екені жалпы жұртқа белгілі. Сөйте тұра біз туризм саласында кенже қалған мемлекет санатындамыз.

         Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бір ғана Алматы қаласының өзінде 500 турагенттік жұмыс жасайды екен. Солардың қай-қайсысы да туристерді сыртқа шығарумен айналысады. Ал шетелдерден бізге келуші туристер саны шамалы ғана. Туристер неге Қазақстанға келмейді? Оның ең басты себебі, Қазақстан қанша жерден аса көрікті, табиғатқа бай болғанымен шетелде ешкім білмейді. Демек, жарнама жоқ деген сөз. Ал жаңағы турфирмалардың жарнамалауға жағдайы жоқ. Сол себепті, алдағы уақытта бұл мәселелерді мемлекет өзі шешіп беруі тиіс.

        Еліміздегі туризм саласының дамымай отыруының тағы бір себебі, тасымал бағ1асының қымбаттығы. Мысалы, Алматы мен Атырау қаласына жету үшін ұшақ билетінің бағасы 120 АҚШ долларын құрайды. Ал көршілес Ресейде Мәскеуден Италияның астанасы Римге барып қайту үшін 220 АҚШ доллары ғана кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        2.3. Әлемдік туризмдегі Қазақстанның ролі.

 

        Туризмнің әрбір елдің экономикасы мен әлеуметтік - қоғамдық өмірінде алар орны айрықша. Оны өркениетті елдер әлдеқашан ұсынып, осынау мәселеге жіті көңіл бөліп отыр. Кез келген мемлекеттің халықаралық байланыстар мен экономикасын дамыту барысында ұсталар бірден-бір жолы-туризм. Мұны деректер мен дәйектер дәлелдей алады. Мысалға, бүгінгі таңда туризм саласы бүкіл әлемде мұнай өнімдері мен автокөліктер сатудан түсетін табыстан кейінгі үшінші орынды иеленеді екен. Демек, ішкі жиынтық өнімді орнықтыру, сыртқы сауда байланысын арттыру, жұмыс орындарының анағұрлым молырақ ашылуы секілді мәселелерде аталмыш сала жетекшілік рольде. Туризм мәселелеріне біздің Қазақстанда да мейлінше оңды көзқарас қалыптасып келеді.

        Еліміз Дүниежүзілік туристік ұйымға 1993 жылдан бері толық мүше. Мемлекетімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп келеді. Оған нақты айғақ ретінде мысал қарастыра аламыз. Мысалы, соңғы екі-үш жыл ішінде республикамызға туристік сапармен келуші шет ел азаматтарының саны екі есеге өсті. Табыс ауқымы да ұлғайған. негізінде, елімізде қазіргі кезеңде жұмыс жүйелеуші туристік ұйымдар саны 700-ден астам. Ал, биылғы жылы мемлекетіміз туризмді дамытуға қомақты қаржы бөліп отыр. Бұл шара іс көлемінің ауқымдана түсуіне сөзсіз ықпал етеді.

        Өз территориясына өзі қожалық етіп, өз бетімен ішкі және сыртқы саясатын жүргізіп, анықтай отырып Қазақстан Республикасы қазіргі кезде әлемнің көптеген елдеріне танымал болды. Осыған орай еліміздің тарихында жаңа кезең басталды. Көптеген елдермен  елшілік және өкілдік деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. Қазақстанды егеменді мемлекет ретінде алғаш таныған елдер қатары: Ангилия, Германия, Түркия, Франция және таяу шетел мемлекеттері, сонымен қатар таяу Шығыс елдері және т.б. көптеген елдер болып табылады. Республикамыздың сыртқы саяси бағыты ТМД елдерін қосып алғанда басқа шет мемлекеттермен достастық сабақтастықты, толық сенімділікті қолдаудан құралған, сонымен қатар барлық елдермен әділеттілік және халықаралық серіктестік негізінде кең  байланыс орнатты.

       Халықаралық туризмнің даму салдарынан туризм индустриясы өзінің жанама қызмет түрінің кең жүйесімен европалық елдерде ары қарай дами түсетін ұлттық экономикалық, халықаралық туризммен ерекше байланыстағы қызмет көрсету саласына айналды.Қазір іс-әрекет жасап тұрған материалдық-техникалық база негізінде туристік экскурсиялық қызметтің сапасы мен көлемін жоғарылату.

        Қазақстанда аталған мемлекеттермен салыстыра отырып, туризмнің дамуы бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Алматы қаласының АҚШ-тың Аризона штатындағы Тусан қаласы, тек туризм арқасында өз бюджетін жыл сайын 1 млрд. 800 млн. АҚШ долларына байытып отырады. Бұл сана Қазақстанға түсетін шет ел инвестицияларының көлеміне тең.

Қазақстан Республикасында  туристік қызмет нарығы әлі де қалыптасу  үстінде. Бұған дәлел келтіру  үшін қазақстанның жалпы ішкі өнімінің құрамындағы туризмнің үлес салмағына 1991-2004 жылдар аралығында талдау жасайық (сурет 2). Тәуелсіздігімізді алған жылы (8,29%) 2002 жылға қарағанда (0,045%) жоғары болған, ал 2004 жылы жоғарыда келтіргеніміздей 2%-ға жетіп отыр.

        Қазақстанның қазіргі экономикасында туризмнің ролі біртіндеп арта түсуде. Соңғы 1999-2004 ж.ж. ішінде елдегі туристік сапарлар саны орта есеппен 295,5 мың адамды құрады. Бір өкініштісі Қазақстанда туризмнің әлі де болса тиімділігі төмен болып тұр.

        Қазақстан азаматтары өздерінің сапар шегуін жиілетіп, туристік ағымдардың біздің ел үшін теріс бетанысы байқалды. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2004 ж. мәліметтеріне сүйенсек, туристерге қызмет көрсету бойынша шығу туризмі 52,9%-ды, келу туризму – 10,7%-ды ғана құрады (6 -кесте). ТМД мен басқа елдер арақатнасын салыстырып көрсек, онда келу туризмінде ТМД елдері небәрі 11,3%-ды, ал өзге елдер 88,6%-ды құрады. Шығу туризмінде-11,1%-ды, өзге елдер – 88,8%-ды құрады.

        Бұл көрсеткіштерді 2000 жылмен салыстырсақ келу туризмінің 17,4%-дан 10,7%-ға дейін төмендегенің көреміз, шығу туризмінің 43,6% дан, 52,9%-ға көтерілгеннін байқаймыз.

        Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады.[9]

        Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.

6 -Кесте - Қазақстан Республикасында туризм түрі бойынша туристерге қызмет көрсету (2004 ж)

 

Туризм түрлері

                Қызмет көрсетілген туристер

 

        адам

% - бен

    % - бен

Барлығы:

   29

2738

Туризм түрлеріне қарай  

Елдер бойынша

       

Келу туризмі

 ТМД

ТМД-дан тыс

Шығу туризмі

 ТМД

ТМД-дан тыс 

Ішкі туризм

   31367

3546

   27821

   154885

   17219

   137666

   106486

10,7

 

 

  52,9

 

 

        36,4

      100

      11,3

      88,6

      100

      11,1

      88,8

Информация о работе Туризмнің оң және теріс жақтары