Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

саяхат кіреді. Рекреациялық туризм климатпен емдеу, бальнеологиялық  және балшықпен емдеуден тұратын  курорттық емдеу туризмі мен  демалыс үйлері мен пансионаттардағы және спорттық жорықтардағы сауықтыруды  қамтитын сауықтыру-спорттық  туризміне  бөлінеді. Экскурсиялық  туризм  –  табиғаты мен  әлеуметтік-экономикалық (антропогендік) тұрғыдан  қызықты  орындармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл басқа аудандарға немесе елдерге  саяхат жасау. Арнайы туризм  –  арнайы бағдарлама және маршрут бойынша  өткізілетін саяхат. Әдетте оған мақсаттары немесе кәсіби мүдделері ортақ болатын  адамдар қатысады.

Қозғалыс  әдісі мен көлік  құралдарын  қолдану бойынша туризмнің  үш

тобы бөлінеді: а)  белсенді  (көлік  құралдарынсыз);  ә)  пассивті  (моторлы көлік  құралдарын пайдалануымен, бұл топтың бір бөлігі көлік туризмі  деп аталады); б) моторсыз көлік құралдарын қолданатын туризм түрі.  Осындай  белгілер бойынша жасалған жіктелу,  әрине, шартты түрдегі жіктелу екені  түсінікті. Мұнда ең басты белгіні  тауып анықтау маңызды. 

Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен (жеке), автобуспен,

авиациялық (рейс немесе чартер), темір  жолмен, теплоходпен (теңіз,  өзен, көл  кемелері) саяхат жасау болып бөлінеді(елді мекен айналасындағы), аймақтық,  жалпымемлекеттік маршруттық

туризм болады. Су туризмінің  серуендеу  және спорттық  түрлері дамып  келе  жатыр. Туризмнің  бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, су-шаңғы  спорты, каноэда ескекпен жүзу, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің бұл  түрі суға түсу,  жағажай туризмімен  ұштасады және теңіз, көл,  өзен жағасына орналасқан туристік кешендерде кең  тараған. 

Су астындағы жануарлар мен  өсімдікті суретке түсіру, олардың  өмірімен

танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі (дайвинг) әйгілі болып  келеді.  Балық  және аң  аулау  туризмі де барлығымызға таныс.

Соңғы жылдары  тау шаңғы туризмі  жылдам дамуда. Жақсы дамыған 

қызмет көрсету жүйесімен жабдықталған арнайы тау шаңғы курорттары

салынуда.  Альпинизм  де туризмнің  көпшілік түріне айналуда.

Рекреациялық-спорттық туризм түрлері  табиғи-аумақтық кешендерге жоғары деңгейдегі талаптарды:  өтуге арналған кедергілердің  саны мен  қиындығы, тау шаңғы  трассаларына қойылатын талаптар және т.с.с. қояды. Сапардың ұзақтығына қарай  туризм қысқа (демалыс күнгі немесе уикэнд туризмі және көршілес шекара маңындағы туризм) және  ұзақ  мерзімді болып бөлінеді.  Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін  қысқа мерзімді туризм дейді. 

62. Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама.Туристік  қор: туристердің рухани қажеттілігін қамтамасыз ететін, физикалық күшін қалпына келтіріп және дамытатын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, туристік көрсетуге арналған басқа да объектілер.

Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар Туристік қор – туристердің рухани қажеттілігін қамтамасыз ететін, физикалық күшін қалпына келтіріп және дамытатын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, туристік көрсетуге арналған басқа да объектілер.

Әлеуметттік экономикалық  туристтік   қорларға  тарихи  мәдени  объектілер (  ескерткіштер,  атақты   жерлер,мұражайлар  және  т.б)  және  құбылыстар  ( этногафиялық,саяси,өндірістік  және  т.б  ) жатады.Бұл  ресурстар  бір  жағынан  материалдық  және  рухани  болып жіктелсе,екінші   жағынан    жылжымайтын  және қозғалатын  ресурстар  болып  топтастырылады.

Тарихи және  мәдени  ескерткіштер  негізгі белгілері  бойынша  бес  түрге  жіктеледі:тарихи,археологиялық,сәулет  өнері  және  қала  құрылыстық,өнер  ескерткіштеріне,дерекнама  ескерткіштерңгн  бөлінеді.Қозғалмайтын  қорларға  тарихи  ескерткіштер,сәулет  өнерінің  объектілері,археологиялық  және  монументтік  құрылыстар  құрайды.

Әлеуметттік экономикалық  туристтік   қорларға  тарихпен,мәдениетпен  және   қазіргі  адамдардың  іс  зрекетімен  байланысты  басқа  да  объектілерді жатқызуға  болады.Мысалы,тамаша  салынған спорт кещені,зайуанат  паркі,ботаникалық  бақтар,ғылыми  мекемелер,жоғарғы  оқу  орындары,өндірістік  мекемелер,театрлар,этнографиялық   және  фольклорлық  көз  тартарлық  көрнекті  оындар,халы   дәстүрлері.

Табиғи  туристік  қорлар  деп  адамның  ешқандай  қатыспай  қалыптасқан  қорларын  айтамыз.Оларға: флора  мен  фауна,жер  бедері,сулар,климат

 Туристік аудандастыру.Туристік  аудан  дегеніміз  аумақтың  табиғи  және  мәдени  тарихи  кешендері  мен  экономикалық  шарттарын  пайдаланып,рекреанттар   қажеттіліктерін  ең  жақсы   түрде  қанағаттандыруға мүмкіндік   беретін,рекреанттарға қызмет  көсретуге   арнайы  мамандандырылған,эеономика   жағынан  өзара   байланысты  рекреациялық  кәсіпорындардың   аумақтық   жиынтығы.

Туристік  аудандастырудың көптген  түрлері  болуы  мүмкін,сондықтан  ауданадстыру  дегеніміз  бір  жерде  нақты  бір  мақсатқа   жетуге  арналған  әдіс  болып  табылады.

Аудандастыру  туризм  дамуына  қолайлы  табиғи   жағдайларды  аудандастырумен  теңдңседң  және  теңдеспек.ЕУропа  мен Ойкуменада  бұл  жағдайлар  бұрын  да  белгілі  болғандықтан,мәліметтер  базасынана   ақпарат  алынып  тұрса, аудандастырудың  қажеті  де  жоқ.Ол  туризмнің  бастапқы  кезеңдерінде  ғана  өте   қажетті болған.Ол  кезде  ақпараттың  қыруар  көлеммін  реттеу,ресурстарды  тегістеу  қажеттілігі  болған.

 

 

63. Экологиялық туризм. .(экотуризм)  жақын ғана «жасыл» революйия толқынында пайда болды және  елдің тұрақты даму  концепциясына байланысты  ол  батыста дами  бастады.Арнайы  әдебиетте экологиялық туризм  табиғи  троасы  жақсы сақталған аудандарға  жергілікті  жерлің  табиғи  және  мәдени  этнографиялық ерекшеліктері жөнінде   түсінік алу мақсатында  жасалатын саяхаттар деп анықталады,сонымен өатар экологиялық туризм  экожүйелердің біртұтастығын бұзбайды  және  табиғатты қорғау  жергілікті  тұрғындар үшін  пайда әкелетіндей экономикалық  шарттарды қалыптастыратын болды.

-  Экотуризмді  кейде   бұқаралық  туризмге  қарама  қарсы  мағынада  қарастырады,  сондықтан  әдеттегі  туризмге  қарағанда оның  негізгі  белгілері   мынадай:

-  Экотуризмнің  басты   нысандары  болатын  қайиаланбас   табиғи кереметтердің  бар   болуы;

-  Туризм  индустриясының  жспарлы  дамуының  арқасында   қолданғанмаен, тозбайтын  -табиғи  және  мәдени  потенциалды   территориянің  болуы;

-  Басқаларға  қарағанда  төмен  капиталды,  материалды  жіне  энергосыйымдылығының болуы.

-  Экотуризмнің  күрделі   мақсаттарының  бірі   экологиялық   білім  беру  және экологиялық   ойлауды  қалыптастыру.

-  Бүкіл  мелекеттер  мен  аймақтардың  әлеуметтік  экономикалық  дамуын  қолдау;

Экологиялық  туризмнің  диверсификациясымен бірге  оның туризм  басқа  туризм түрлерімен  жанасуы  байқалуда.Мысалы,іскерлік сапарлар  кезінде  өатысушыларжды  ұлттық  немемсе  табиғи  этнографиялық  саябақтарға  барады,жағажайда  шомлыып  п демалады  немесе  құры  жай  таза  ауада  серуендеп  қыдырады.Сөйтіп  экотуризм шекараларын  табу  қиын.

Бүгінгі  таңда  экотуризм  дамыған  елдермен  қатар  дамушы  елдерде  де  сәнге  айнала  бастады.Экотуризмді  белсене  насихаттайтын  елдерге Колумбияны,Солосон  аралдарын, Малайзияны,Уганданы  жатқызуға  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

64. Туризмде сақтандыру

Сақтандыру туристік өнімнің  ажырамас бөлігі

Адамның кез келген іс-әрекеті  кезінде оның денсаулығына, зат-мүлкіне, интеллектуалды меншіктеріне, қаржы-қаражатына зиян келтіретін қауіп-қатерлі жағдайлармен түйіндес келеді. Тіпті, бұндай жағдайлардың қашан болатындылығы да, тиетін зияндылығының  көлемі де белгісіз болады.Шетелге  барғанда турист кез-келген уақытта  экстремальді жағдайға тап болуы  мүмкін. Мысалы, климаттың ауысуы, судың  химиялық құрамының өзгеше болуы, тамақтану  тәртібінің басқашалығы т.б. өзгерістердің  қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Осындай  қауіп-қатерлер қоғамды олардан  алдын ала сақтандыру үшін іс-шараларды  жүзеге асыруға мәжбүрлейді.Туристің қауіпсіздігі көптеген факторлармен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде сақтандыру маңызды орын алады. Туристің ауырып қалу және сәтсіз жағдайларға ұшырауына  байланысты мәселелер турист пен  сақтандыру компаниясы арасында жасалған келісім-шартында көрсетілген тәртіп бойынша шешіледі. Осылай туристік фирмалар өздерінен туристердің  қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін алып тастайды. Ол жауапкершілікті  сақтандырушыға жүктейді.Сақтандыру дегеніміз  – бұл қандай да бір жағдайдың  болған кезінде сақтандыру төлемдерінен құралған ақша қоры есебінен жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша қатынастары..Сақтандыруға келесі өзіндік белгілері тән:

-   материалдық зақым  әкелетін қауіпті жағдайдың болуы

-   болған зақымның  өтелуі арқылы жеке және заңды  тұлғалардың объективті қажеттіліктерін  қанағаттандыру;

-   сақтандыру төлемінің  сақтандыру өтеуі ретінде қайтарылуы.

Сақтандырудың мәні жағымсыз жағдайлардың әсерінен болған зақымдар шығынын төлетіп алуда.

Сақтандыру міндетті және ерікті түрде жүргізіледі.

Міндетті сақтандыру бойынша  сақтандырушы мен сақтанушы арасында алдын ала келісім талап етілмейді. Бірақ әрбір қатысушыға міндеттілік  принципі жүктеледі, яғни сақтанушы  сақтандыру жарнасын төлеуге, ал сақтандырушы қарастырылған жағдайлар болған кезде сақтандыру шығынын төлеуге  міндетті.

Ерікті түрде сақтандыру әркімнің жеке еріктілігімен жүзеге асады, яғни сақтандырушы мен сақтанушы  арасындағы келісім-шарт негізінде  жүргізіледі. Жалпы шарттары мен  оны жүргізу тәртібін анықтайтын ерікті сақтандыру Ережелерін сақтандыру заңдылықтарына сәйкес сақтандырушы өзі  бекітеді. Осы орайда, сақтандырудың жалпы шарттары заңмен анықталса, ал оны жүргізудің нақты шарттары келісім-шартта келісіледі.

Сақтандыру келісім-шарты  дегеніміз – бұл төтенше жағдайлар  болған кездерде өзара құқықтары  мен міндеттерін орындау шарттары көрсетілген сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы екіжақты келісім.

Сақтандыру келісім-шарты  бойынша бір жақ (сақтандырушы) келісім-шартта көрсетілген жағдайлар туған  кезде екінші жаққа (сақтанушыға) сақтандыру шығынын төлеп беруге міндетті.

Сақтандыру келісім-шарты  сақтанушының арызы негізінде жазбаша  түрде жасалады. Келісім-шарт жасалған соң сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі.Сақтандыру (куәлігі) полисі сақтандыру келісім-шартының жасалғанын растайтын құжат болып табылады.

Сақтандыру полисі орыс және баратын елдің мемлекеттік тілінде  әзірленуі керек. Егер тур бірнеше  мемлекеттерде болатын болып  сақтандыру полисі тек орыс және ағылшын  тілдерінде ғана жасалған жағдайда туындайтын мәселелерді де нақты шешіп алу  керек. Егер жағдай туристік фирмамен жасалған келісім-шартта көрсетілмесе, бұндай жағдайда барған мемлекеттің  тіліне аударылмаған сақтандыру полисінің  заңды күші болмай, туристің ауырған  немесе қауіпті жағдайға тап болған кезінде ешқандай қорғаныссыз қалады.

Сақтандыру келісім-шарты  келесі жағдайларда ісін тоқтатады:

 

-   келісім-шарт мерзімінің  бітуі;

 

-   сақтандырушының  сақтанушы алдында міндеттерін  толығымен орындап аяқтауы;

 

-   сақтанушының сақтандыру  жарнасын төлемеуі;

 

-   сақтанушының жойылуы  немесе сақтандырушының қаза  болуы;

 

-   бекітілген заңдылықтар  тәртібінде сақтандырушының жойылуы;

 

-   сот шешімінің  келісім-шартты жарамсыз деп табуы.

Сақтандыру келісім-шарты  сақтандырушы мен сақтанушының талаптары  бойынша мерзімінен ерте тоқтатылуы және екі жақтың келісімі бойынша  да тоқтатылуы мүмкін. Туризмдегі сақтандырудың  мақсаты туристік қызметтер кезіндегі  қауіпті жағдайлардан болған зақымдардың  шығынын өтеп беру болып табылады.

Сақтандыру туристік базалардағы, кемпингтердегі, саяхаттардағы және сонымен бірге, шетелге сапарға  баратын азаматтарды да қорғауда қамтамасыз етеді. Сақтандыру туристердің мүліктерінің, ақшаларының зақымдалуы немесе жоғалуы, олардың өмірі мен денсаулықтары үшін жауапкершілікті алады. Туристік құжаттамаларды ресімдеуде қауіптерден сақтандыру маңызды болып отыр.

Туризмдегі сақтандыру туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде  туристке дәрігерлік көмек қажет  болғанда, зат-мүлкіне зақым келгенде немесе өміріне қауіп төнгенде келген шығындарды қайтарып беруге кепілдік береді.

Туристерді сақтандыру –  бұл туристік саяхаттар кезінде  азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғайтын  сақтандырудың ерекше бір түрі. Ол сақтандырудың қауіп-қатерлі түріне жатады. Оған тән сипаттарына қысқа  мерзімділік, жағдайдың болуы мерзімі  және болатын зақым мөлшерінің белгісіздігі жатады. Сақтандыру туристік өнімнің  ажырамас бөлігі

Адамның кез келген іс-әрекеті  кезінде оның денсаулығына, зат-мүлкіне, интеллектуалды меншіктеріне, қаржы-қаражатына зиян келтіретін қауіп-қатерлі жағдайлармен түйіндес келеді. Тіпті, бұндай жағдайлардың қашан болатындылығы да, тиетін зияндылығының  көлемі де белгісіз болады.

Шетелге барғанда турист кез-келген уақытта экстремальді жағдайға тап  болуы мүмкін. Мысалы, климаттың  ауысуы, судың химиялық құрамының  өзгеше болуы, тамақтану тәртібінің басқашалығы т.б. өзгерістердің қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Осындай қауіп-қатерлер қоғамды олардан алдын ала сақтандыру үшін іс-шараларды жүзеге асыруға мәжбүрлейді.

Туристің қауіпсіздігі көптеген факторлармен қамтамасыз етіледі. Олардың  ішінде сақтандыру маңызды орын алады. Туристің ауырып қалу және сәтсіз жағдайларға  ұшырауына байланысты мәселелер  турист пен сақтандыру компаниясы арасында жасалған келісім-шартында көрсетілгентәртіп  бойынша шешіледі. Осылай туристік фирмалар өздерінен туристердің  қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін алып тастайды. Ол жауапкершілікті  сақтандырушыға жүктейді.

Сақтандыру дегеніміз  – бұл қандай да бір жағдайдың  болған кезінде сақтандыру төлемдерінен құралған ақша қоры есебінен жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша қатынастары..

Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"