Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)
 
1)Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары.Туризм функциялары негізгі мақсатына қарай : танымдық,спорттық сауықтыру, және емдік функцияларына бөлінеді.Сонымен қатар танымдық функциясына  барлығы да зор мән береді. Танымдық  функциясы туристердің табиғатты, мәдени тарихи орындарды, этнографиялық, шаруашылық және басқа ауданның коңіл қоятын, көз тартарлық  көрікті орындарын білуге тырысуынан туады.Таным – адамның психологиялық күшін қалпына келтірудің ерекшк түрі. Мәдени- тарихи орындары – бул сәулет ескерткіштері, мұражайлар, көркем галереялары, театрлар және басқа да халық обьектілердің  жиынтығы.Этнографиялық обьектілерге жергілікті халықтың салт  дәстүрі, киімі, аспаздың өнері, фольклор және басқа да  халық шығармашылығының қырлары жатады.Сонымен қатар, белгілі  жерге бару себептеріне жергілікті  оқиғалар, мысалы фестивальдар, конгрестер, мәжілістер ауқымды спорт жарыстары жатады.Туризм арқылы сауықтыру – адамның  физикалық және психологиялық шаршауын  басу жолы болып табылады.Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік  экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың  денсаулығын шынықтыруға  бағытталған, олай болса, ол адамның  еңбек қабілетін көтереді. Туристік жорықтарда адамның адамның  психофизиологиялық  қасиеттері қалыптасады.Туризмнің ондай касиетінің  практикалық маңызы зор. Емдік-сауықтыру мақсатындағы саяхаттардың тамыры өте тереңде жатыр. Сонау заманда ежелгі гректер мен римдіктер өздерінің денсаулықтарын жақсарту үшін ауа райы жайлы орындар мен сауықтыру көздерін пайдаланған. Курортты жерлерге тек қана науқас адамдар емес, сонымен бірге физфкалық күштерін қалпына келтіру мақсатында сау адамдар да келген. Ежелгі Грецияда Эпидавр және Кос, ал Римде Байи деп аталатын теңіз жағалауындағы курорттар әйгілі болған.

 Уақыт өтіп жатты, бірақ саяхаттардың мақсаты өзгермей қала берді. Емдік қасиеті бар табиғат факторлары өзінің сұранысын жоғалтқан жоқ. Бірақ дем алу және көңіл көтеру мақсатындағы туризм түрімен салыстырғанда емдік туризммен айналысатын туристтер легі азшылықты құрады.

 Емдік–сауықтыру туризмінің  ерекшеліктері. Емдік–сауықтыру  туризмі бірқатар айырмашылықтарға  ие. Біріншіден, туристің курортта  болу ұзақтығы, белгілі бір себептерге  байланыссыз, 3 аптадан кем болмауы  тиіс. Тек осы уақыт аралығында  ғана емделу мақсатымен келген  тұлға қажет сауықтыру шараларын  алады. Екіншіден, курорттарда  емделу бағасы қымбат тұрады. Дегенмен қазіргі уақытта салыстырмалы  түрде арзан туристік курорттар  ұйымдастырылуда. Туристер арнайы  емдеу үшін маманданған және  денсаулықты нығайтуға арналған  курорттардың бірін ғана таңдайды. Бұл таңдау олардың жеке мақсаттарына  тікелей байланысты.

2) Спорттық туризм түрлері.

Жаяу туризм, шаңғы туризм, тау туризм, тау шаңғы туризм, альпинизм су туризм, су асты туризм, спелеотуризм, желкенді ескекті туризм, салт атты туризм, вело туризм, агротуризм, дельтапланды туризм, мотоциклді туризм, жүгіру туризм. Спорттық туризм. Спорттық туризмге спорттық мақсаттары басым болатын туристік шаралар жатады. Спорттық туризмнің спорт түрлерінің барлық белгілері: жарыстар, ережелер, спорттық дәрежелер және оларға қойылатын талаптар бар.Тау шаңғы туризмі.Тау шаңғы туризмінің тарихы Норвегияда ХІХ ғасырда басталды.Қазақстанда Алматы маңында Шымбұлақ, Кімасар, Көкжайлау, Табаған, Ақбұлақ тау шаңғы орталықтары орналасқан, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды облыстарында да бірлі-жарым орындар бар.Дайв-туризм Ағылшын тілінен аударсақ, бұл судың астына сүңгу. Дайвинг Жак-Ив Кусто мен инженер Э.Ганьян ойлап жасаған автономдық акваланг (1945 ж.) арқасында пайда болды.Экстремалды туризм Бұл сегментке әлемнің туристік нарығының 10 % жатады. Экстремалды туризм дамуының себептері – мораль мен талғамдардың өзгерісі, қауіпті нәрсені есірткі сияқты аңсау, атаққұмарлық. Экстремалдық туризмге тәуекелді қажет ететін скайсерфинг, трекинг, хели-ски, фри-райд, рафтинг және басқа спорт түрлерін жатқызуға болады. Спелеотуризм ерекшеліктері: жер астындағы маршруттардың қиын, күрделі болуы, жоғары салыстырмалы ылғалдылық (100 % дейін), ауаның төменгі температурасы, қараңғылық.

3) Белсенді саяхаттардың түрлер

Белсенді туризм – маршрут бойынша белсенді түрде яғни өз күшін жұмсап қозғалып өтетін туристік саяхаттардың барлық түрлері. Белсенді туризмге өзіндік туристік саяхаттардың көптеген түрлері жатады.

Белсенді туризмнің мақсаты жорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Жорық мақсаттарын атап шықсақ, олар мынадай: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу (экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздестіру-құтқару мақсаттары.

Спорттық жорық мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.

Рекреациялық  жорықтар (демалу) мақсаты – демалып, адамның қалпына келу. Рекреациялық жорықтар әдетте, көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып, өткізіледі.

Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.

Зерттеу жорықтары әралуан: геологиялық, геоморфологиялық, гидрологиялық, археологиялық, зоологиялық және т.б. мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес.

Жаяу туризм, шаңғы туризм, тау туризм, тау шаңғы туризм, альпинизм су туризм, су асты туризм, спелеотуризм, желкенді ескекті туризм, салт атты туризм, вело туризм, агротуризм, дельтапланды туризм, мотоциклді туризм, жүгіру туризм. Спорттық туризм. Спорттық туризмге спорттық мақсаттары басым болатын туристік шаралар жатады. Спорттық туризмнің спорт түрлерінің барлық белгілері: жарыстар, ережелер, спорттық дәрежелер және оларға қойылатын талаптар бар.Тау шаңғы туризмі.Тау шаңғы туризмінің тарихы Норвегияда ХІХ ғасырда басталды.Қазақстанда Алматы маңында Шымбұлақ, Кімасар, Көкжайлау, Табаған, Ақбұлақ тау шаңғы орталықтары орналасқан, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды облыстарында да бірлі-жарым орындар бар.Дайв-туризм Ағылшын тілінен аударсақ, бұл судың астына сүңгу. Дайвинг Жак-Ив Кусто мен инженер Э.Ганьян ойлап жасаған автономдық акваланг (1945 ж.) арқасында пайда болды.Экстремалды туризм Бұл сегментке әлемнің туристік нарығының 10 % жатады. Экстремалды туризм дамуының себептері – мораль мен талғамдардың өзгерісі, қауіпті нәрсені есірткі сияқты аңсау, атаққұмарлық. Экстремалдық туризмге тәуекелді қажет ететін скайсерфинг, трекинг, хели-ски, фри-райд, рафтинг және басқа спорт түрлерін жатқызуға болады. Спелеотуризм ерекшеліктері: жер астындағы маршруттардың қиын, күрделі болуы, жоғары салыстырмалы ылғалдылық (100 % дейін), ауаның төменгі температурасы, қараңғылық.

4) Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.

«Туризм» термині түрлі  халықтардың тілінде XIX ғ ғана тұрақтала  бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды. Қазіргі туризмтануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды

 «Туризм»  сөзінің түбірі — француз тілінің «тур», яғни «серуен», «сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.

«Туризм»  сөзі қазіргі энциклопедиялық үғымда бос уақытта саяхат жасау және белсенді демалыстың түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдық, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағыналар береді. Халықаралық туризмде табыс табудан басқа кез келген мақсатта уақытша, ерікті тұрғын орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туриске санау әдеті қалыптасқан.

1974 ж.  бастап БҰҰ елдің тұрғын орнын  және жұмысын ауыстырғандардан  басқа демалу, ғылыми, іскерлік және  мәдени шарада кездесу мақсатында  орын, тұрақ ауыстыруларының барлығын  туризм деп есептеу керек деген  шешім қабылдады.

Туризм дегеніміз әзірше толығымен зерттелмеген және сандық көрсеткіштерімен бағалануы қиынға түсетін күрделі қоғамдық құбылыс. Сондықтан, көп ғасырлық тарихына ие болғандығына қарамастан, туризмнің  біркелкі анықтамасы жоқ. Тар салалар  ауқымымен шектелген анықтамалар  бұл күрделі ұғымның барлық ішкі және сыртқы байланыстарын біріктіре  алмайды. Қазіргі анықтамасы: Туризм -  жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ түнеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхат.

5) Кіру және шығу туризмі.

Халықаралық  туризмнің екі басқа  екі түрімен  тығыз байланысты кіру,шығу. Бұлар  туристік  ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса  – мұндай туризмді шығу туризм дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп  аталады.Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристік ағымдардан құралады.Бір  елдің ішіндегі туризм ішкі және келетін  туристік ағымдарды қамтиды.

6) Туристік өнімін  құрастырудағы туристік фирманың әрекеті.

Туристік өнім бұл туристік кәсіпорындардың халыққа (туристерге) көрсететін қызметтердің кешені. Туристік

мекеме дегеніміз барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп (жерді, ресурстарды, еңбек күшін, қаражатты  және т. б.), туристерге қызмет көрсететін мекемелер. Туристік мекемелер өз қызметтерін  ұсынып, халықтың туристік

қажеттілігін өтейді. Туристік мекемелердің біреулері клиенттерге  тек қана туристік қызмет көрсетіп тұрса, басқалары үшін туризм олардың  коммерциялық іс-әрекетінің бір ғана тармағы болады. ХХ-ғасырдың 50-ші жылдардан  бастап қарқынды дамып келе жатқан бұқаралық туризм туристік қызметтердің стандартталуын, алдын ала дайындалған, жоспарланған және есебі жасалған «қызметтер пакетін» қажет етті. Қызметтердің осындай жиынтығы бір бағамен  туристік фирма каталогында тұтынушылардың назарына ұсынылады. Бұрын тұристің өзі ойластырған заттардың барлығын: маршрутты, орналасуды, тамақтануды, тур  бағдарламасын күні бұрын жоспарлауын  – мұның барлығын қазір туристік фирманың өзі әзірлейді. Қазір ұйымдастырылған  туризм деп «туристік саяхатты»  құратын туристік қызметтердің стандартталған толық пакеттерінің ұсынысын айтамыз. Туристік қызметтер халық тұтынатын  қызметтердің елеулі бөлігі болып табылады.

Туристік өнім дегеніміз  туристердің саяхат кезіндегі қажеттіліктерін  қанағаттандыратын туристік тауарлар мен қызметтер жиынтығы. Туристік өнім турдың негізі, оның жеке элементтері  тур бағдарламасына енгізіліп ваучерге жазылуы мүмкін. Туризм индустриясының негізгі ерекшелігі өнімді шығаруы мен өнім өткізуі бір уақытта болады. ТӨ бір жерде шығарылып сол жерде пайдаланылады және шығарылған уақытында пайдаланылады. ТӨ артығымен шығарып сақтап қоюға болмайды. Пайдаланған ТӨ тұтынушының өз бойында, алған әсер, эмоция немесе ден саулық ретінде қалады.

7) Туризмде қауіпсіздік түсінігі

Туризмдi дамытудың негiзiн қалаушы  шарттардың бiрi оны туристер үшiн  қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету болып  табылады. Туристердiң қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету Дүниежүзiлiк туристiк  ұйым Бас ассамблеясының София қаласында (Болгария) 1985 жылы өткен VI сессиясында  мақұлданған Туризм хартиясында, Сантьяго қаласында (Чили) 1999 жылғы 1 қазанда  қабылданған Этикалық туристiк кодексте жарияланды. 
Туристiң қауiпсiздiгi мемлекеттiң саясатына, туроператорлар мен турагенттердiң турларды ұйымдастыру кезiнде қабылдайтын шараларына тiкелей байланысты. Террорлық актiлердiң,мiндет пен техногендiк сипаттағы жағымсыз зардаптардың өсiп отырған жағдайында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi өткiр қойылып отыр. 
Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мыналар қажет:

Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"