Халыкаралык туризм тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 19:28, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады: әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастыру. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы сипаттау. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы келтіру.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................3
І.
ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ.................4
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні ....................................................4
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері .................................5
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері ..................................................5
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру ...............................6
ІІ.
ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ .......................8
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм ...................8
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм ........... 10
2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм ..............................................12
2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм......................................................................................................13
2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм .....................................................................................................16
III.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ......................18
3.1
3.2 Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы және даму кезеңдері...........18
Әлемдік туризм дамуының кезеңдері..................................................23
3.3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу....................................28


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

80-шы жылдары 150 –  ден астам өзендік және теңіздік  теплоходтар жыл сайын туристтік  мақсатта қолданылып отырды.

Жоспарлы темір жол  саяхаттары 60-шы жылдардың басынан белсенді дымыды және 80-ші жылдардың соңына қарай бүкіл республикалық өлкелік және облыстық туризм бойынша кеңестерінің темір жол көлігін қолданатын маршруттары болды. Бұл мақсатпен арнайы туристтік-экскурсиялық поездар – атап айтқанда, денсаулық поездары құрылды. 1986 жылы 2600 турситтік –экскурсиялық поезд болды.

Темір жол маршруттарының бағдарламасы құрастырылғанда экскурсиялық орталықтар арасында жүру мезгілі түнгі  уақытқа сәйкес келетіндей құрастырылды.

80-шы жылдары әуе  туристтік маршруттар да бұқаралық сипатқа ие болды. Статистикалық көрсеткіштер бойынша, қалалар мен аудан орталықтарының 160-тан астам саяхат және экскурсия бюролары авиация қызметтерін жоспарлы туристтік саяхаттарды ұйымдастыру үшін қолданған.

Жоспарлымен қатар өз күшімен ұйымдастырылған туризм де дамыды. Туристтер өздігімен демалыс күнгі жорығынан жоғары категориялы қиындықты спорттық жорықтарға дейін өздері құрастырып отырды. Статистика мәліметтері бойынша, демалыс күнгі жорықтар мен көп күндік саяхаттарға 80-ші жылдары 20 млн кеңестік азаматтар қатысты.

1990 жылы «КСРО туристі»  белгісі 250 мың туристке, туризм  бойынша спорттық разрядтар 80 мың туристке, спорт мастері атауы  124 туристке берілді. Миллионнан  астам оқушы туристтік жорықтарға  қатысты.

 

 

               III. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

 

3.1 Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы

 

КСРО – ның басқа  да аудандары сияқты Қазақстанда  да туризм екпінді түрде дами бастады.

Қазақстанда туризмнің  дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой  адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.

ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының  бөлімшесі ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші туристі деп казак есаулы А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К.И. Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды. Олармен бірге Мүшкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы көліне дейін өтті.

Әліби Жангельдин 1910-1912 жылдары таяу «жер дүниесін айналып өтетін» саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты - өзінің білімін арттыру, әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы.

Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г.И. Белоглазов  болатын. 1925 жылдың жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге дейін жаяу жорық шекті. Ол басқарған жас туристтер тобы Озерный, Ақсу асуларын аты. Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға (қазіргі Ананьево) дейін түсті.

Г.И. Белоглазов Алматының  №10 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген. Өзінің оқушыларымен ол жақын жатқан шаткалға жиілеп шығып отырды. 1926 жылы жазғы демалысында ол қайтадан оқушылармен Ыстық көл жағалауларына сапар шекті. Біртіндеп секция жалпы қалалық масштабқа ие болды.

1931 жылы республикамыздың  астанасында Жетісу губерниялық мұражайы жанынан Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының бастауыш ұйымы ашылды (ТЭКҰ). Оның құрамында 10 адам енді. Оның белсенділері арасында Г.И. Белоглазов, В.Д. Городецкий, Н.Н. Дублицкий және т.б. Болды. Олардың бастауымен Қазақтық өлкетану кеңесі құрылды.

Туристтік актив күшімен  Горель шатқалында туристтер үшін тау  лашығы (үй) құрылып, 1936 жылы 50 орынды «Горельник»  туристтік базасына айналады.

1936 жылдың қыркүйегінде  ТЭҚҰ жабылып, оның орнына кәсіподақтар жанына ұйымдастырылған Қазақтық туристтік-экскурсиялық басқармасы (ТЭБ) ашылды.

1955 жылы Алматыда «Интурист»  Бүкілодақтық Акционерлік қоғамның  Қазақстандық бөлімшесі ашылды. 1956 жылдың 12 мамырында Алматыға 25 шетелдік  турист келді, келесі жылы олардың саны 157-ге, ал 1971 жылы Қазақстан 8 мың адам қабылдады. 1995 жылы әртүрлі елдерден келген туристтердің саны 28 мың адамға, 2001 жылы 2507 адамға жетті. 1991 жылы қоғам «Қазақстан Интуристі» ұлттық компаниясы болып қайта құрылды.

1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы ұйымдастырылады және 5- облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл облыстарда экскурсия бюролары да ашылды.

Республиканың өте көркем жерлерінде жаңа туристтік базалар салына бастайды: Баян аул – Павлодар облысындағы, Жансыбай көлінің жағасында, Қарқаралы – Қарағанды облысының  тау-орман көгалды алқабында, Алтай – қойнау – Шығыс Қазақстан облысы Бұқтарма су қоймасының жағасында алтын бор – Көкшетаудың тауларында. Қазақстан туристтік базасы Қырғызстанда Ыстық - Көлінің жағалауында.

Туризмнің дамуына серпінді күш берген «Елдегі туризм мен  экскурсиялардың ары қарай дамуы  жөніндегі шаралар туралы» қаулы  болды (1969 ж). Қазақстанда туризм және экскурсиялар бойынша облыстық кеңестер, экскурсиялық бюролар, саяхат және экскурсия бюролары ашыла бастады. Маңызды орынды Республикадағы туризмнің материалдық базасын күшейту бойынша шаралар – жаңа туристтік базалар мен қонақ үйлерді салу, оларды мейрамханалар, кинотеатрлар және басқа да мәдени және тұрмыстық қызметтермен жабдықтау алды. Туристтік құрал-жабдықтарды жалға беру орындары, моторлы қайық стансциялары, мамандалған автобазалар ашылды.

Елдің бас қаласы Алматы: туризм қарқынды түрде дамыды. 1959 жылы облыста «Алматы» турбазасы ашылып, қаланың сыртында орналасты. 1972 жылы Алматыға жақын жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылынан жоғарырақта «Алматау» турбазасы ашылды. 1970 жылдан бастап Алматылық автобаза қаланың және облыстық туристтік ұйымдарына  қызмет көрсетіп келеді. 1975 жылы биіктаулы мұз айдыны «Медеу» салынғалы «Медеу» және «Алатау» атты туристтік қонақ үйлер де салына бастады. Алайда, мұның барлығы әлі де жеткіліксіз еді.

1979 жылы Алматылық  туристтердің қалалық клубының  мәліметтері бойынша, қалада 100 шақты туристтік секциялар, 7 туристтік клубы жұмыс істеді. Туризммен айналысатындардың саны 213 мың адамнан асты (Алматыда бұл кезде 900 мыңдай тұрғын халық болды).

Тау туризмнің техникасы  бойынша, жарыстар әдетке айналып, туристік слеттер, туристтік кештер, «Турист күні» мейрамдары жыл сайын Горький атындағы мәдениет пен демалыс Орталық паркінде ұйымдастырылып отырды.

1988 жылы КСРО-да туризмді  басқару құрылымы өзгереді. Туризм  мен экскурсиялар бойынша кеңестердің  орнына туристтік – экскурсиялық бірлестіктер (ТЭБ) аймақтық қағидаға байланысты құрыла бастады.

Басқа республикалардағыдай, Қазақстанда ТЭБ – ге бұрын  кеңестер басшылығындағы туристтік  кәсіпорындар мен ұйымдар енді (турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, тамақтандыру кәсіпорындары, автобазалар және т.б.).

Туризмде басталған  қайта құрылыс туристтер клубтарының  қаржыландырылуын бірден қысқартып, кейіннен оларды шаруашылық есепке өткізді. Олардың  халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған  іс-әрекеті нашарлай бастады. Жорықтар, слеттер мен жарыстардың ұйымдастырылуы сирей береді. Кейбір туристтік клубтар жабыла бастады.

Терең экономикалық дағдарыс Қазақстанға 1990 жылы келді, сонымен  қатар елдің нарықтық қатынастарға көшуі туризмнің дамуына үлкен  әсерін тигізді. Қоғамның кедейленуі мен  әлеуметтік жағдайының әркелкілілігі туристтік қозғалыстың бірден қысқаруына әкеліп соқты. 90-шы жылдарда туристтік саяхаттарға қатысушы адамдардың саны күрт төмендеді. Қортыа келгенде, қазіргі шақта жас егеменді Қазақстан Республикасына қазіргі тұрғыдағы туризм индустриясын құру үшін барлық жұмыстарды жаңадан бастау керек.

Бүгінгі күнде туризм коммерциялық қызметтің ең қарқынды түрде дамып келе жатқан түрі болып  табылады. Қазіргі заманда әлемдегі әрбір 15-ші жұмыскер туристтік және қонақ жай бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 6 % және әлемдік тұтынушылық шығындардың 11% келеді. 1996 жылы халықаралық туризмнен түскен елдердің жиынтық табысы 425 млрд. АҚШ долларына жетті, ал ол әлемдік экспорттың 8 % және әлемдік қызмет экспортының 1/3 бөлігін құрайды. Дүниежүзілік туристтік ұйымның болжамы бойынша 2020 жылы туристтік сапарлардың саны 3 есеге көбейіп, 1,6 млрд. адамға жетеді.

Қазақстан Республикасының  Статистика Агенттігінің мәліметтері  бойынша соңғы жылдары кіру туризмі  көлемінің 2002 жылы 3,7 млн.-ға, ал 2004 жылы 4,3 млн. туристтерге жеткен. Соңғы жылдары туризм географиясы кеңейіп келе жатқанына қарамастан, Қазақстанға туристтердің көп бөлігі Германиядан (51,1 %) келеді, екінші орынды Ресей (30,6 %), үшінші орынды - Өзбекістан (24,6 %), төртінші орынды – Қытай (22,6 %), бесінші – АҚШ (5,7 %) алады.

 

  Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері

 

Қазақстанда туризмнің  даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан  ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына  дейін Қазақстан КСРО-ның құрамына кіргенге дейін, туризм экономиканың саласы ретінде қарастырылмады. Негізінен  адамдар демалу, танып-білу және емделу мақсаттарында саяхаттады. Ішкі туризм секторы айтарлықтай дамыған болды, ал шекараның жабықтылығы, визалық тәртіптің күрделілігі халықаралық туризмнің дамуын қиындатты. Кеңес өкіметі кезеңінде жеңілдік жағдайында туристік жолдамаларды бөлу жүйесі жемқорлықтанған болғанын атап өткен жөн. Туристік жолдамаларға қолдары жететін шенеуніктердің оларды қолдануға мүмкіндіктері болды. Барлық халықтың әлеуметтік теңдігін насихаттау шындыққа қайшы келді.

 Қазақстанның тәуелсіздікке  өтуі қызметтің барлық сфераларында  реформалық өзгерістерге ұшырады, оның ішінде туризмде. Қазақстанда нарықтық экономикаға өтумен туристік саладағы экономикалық аспектілер әлеуметтік аспектілерді асып кетті.

Туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көшбасшыға айналды. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты сфераларының біріне айнала алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика  туристік қызметті дамыту үшін ең жағымды экономикалық орта болып табылады. Бұл туристік қызметтің даму процесі нарықтық қатынастар қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес байланыста өтеді дегенді білдіреді. Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін кәсіпорындар тікелей тұтынушыға бағытталады, қандай да бір деңгейде туризмнің дамуын қамтамасыз ететін көптеген сфералар мен салалар нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді рольді ойнайды.

Жағымды жағдайларды  құрған кезде Қазақстанда туристік сала экономикалық тұрақтылық пен республикалық  экономиканың дамуының қозғаушы күшіне айналуы тиіс.

Жүргізіліп отырған  реформалар мен өзгерітер жағдайында әдістемелік жоспарда туризм сферасында ең тиімді әрі мақсатты саясатты таңдау ерекше маңыздылық алады. Осы мақсатпен  туристік бизнестің дамуының, динамикада жекелеген сегменттерді қалыптастырудың ретроспективті және жағдайлық талдауын жүргізу маңызды. Туризмнің кезеңдік дамуын қарастыру қажеттілігі пайда болады. 1991 жылдан бастап, Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу келесідей болады.

 

Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдестіру

 

Кезеңдер

Экономикалық  аспектілер

Заңдық база

Саяси аспектілері

Әлеуметтік  негіздері

1 кезең

1991-1994 жж.

Туризмде мемлекеттен  шығару және жекешелендіру процестері басталды. Кіру және шығу туризмдері бойынша  көрсеткіштердің өсуі, жаңа туристік фирмалардың ашылуы, саланың рентабельділік көрсеткіштерінің көтерілуі

«ҚР туризм мен спортты  дамыту туралы» Министрлер Кабинетінің  қаулысы, «Туризм туралы» ҚР заңы, «Туристік және спорттық қызметті лицензиялау, сертификаттау, туралы ереже»

Кіру және шығуға шекараның  ашылуы, визалық формальдылықтардың жеңілдетілуі, шетелдік инвесторлардың ағымы

Туристік фирмалардың  спонсорлыққа қатысуы

2 кезең

1995-1999 жж.

Кіру туризмі бойынша  көрсеткіштердің тоқырауы, ішкі туризмнің  көрсеткіштерінің құлауы, шоп-туризмге маманданған фирмалар санының өсуі, инфрақұрылымның қалыптасуы

«ҚР-да туризм индустриясының дамуының Ұлттық бағдарламасы», туристік қызметті лицензиялау жүйесі қайта  қаралды

Шетелдік азаматтардың іскерлік белсенділіктерінің құлауы

Бірқатар фирмалардың спонсорлық іс-шараларға қатысуы

3 кезең

2000 жылдан бастап 

Туризм түрлерінің құрылымының  өзгеруі, кіру туризмі көрсеткіштерінің құлауы, бәсекелестіктің шиеленісуі, маркетинг және жарнама құралдарын қолдану

ҚР-да туристік қызметті лицензиялау Ережесі, 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы № 1947 «Туристік қызметті дамытудың бірінші реттік шаралары туралы» ҚР Өкіметінің қаулысы, № 211-11 «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР заңы

Визалық формальдылықтарды  одан ары қарай жеңілдету, туристік қызметте интеграциялық процестер

Зейнеткерлер, көп балалы жанұяларға арналған жеңілдіктер қолданылды, туистік ескерткіштер қалпына келтірілді.


Қазақстанда туризмді кезеңдестіруді экономикалық, ұйымдастырушылық және заңнамалық факторларға байланысты жүргізуге болады. Бұндай кезеңдестіру айқын көрінбейтін сипат алады, бірақ та оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар негізінен мемлекеттің саясаты және жүргізіліп отырған экономикалық қайта қалыптастырумен байланысты болды.

Информация о работе Халыкаралык туризм тарихы