Белсенді туризм түрлеріне жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 16:53, реферат

Краткое описание

Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді.
Қарапайым туризм түрі: экскурсиялық туризмімен, қонақүй туризмімен және т.б. туризм түрлерімен қатар, ерекше танымал болып келе жатқан – белсенді туризм болып табылады. Көптеген адамдар ауасы тар қаладан шығуға көптеген күш жұмсайды және кішкене уақытқа ғана табиғи табиғаттың сұлулығына және ғажайыптылығына ауысқысы келеді. Және белсенді туризм, қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан, осы амалды орындауға дайын болып саналады.

Содержание

Кіріспе
Белсенді туризм түрлеріне жалпы сипаттама
Негізгі бөлім
а) Әлемдегі таңғажайып үңгірлер.Спелеотуризм.
б) Спелеотуризм ерекшеліктері
в) Спелеотуристік іс-шаралар
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

белсенді туризм.docx

— 123.63 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе

Белсенді туризм түрлеріне  жалпы сипаттама

Негізгі бөлім 

а) Әлемдегі таңғажайып үңгірлер.Спелеотуризм.

б) Спелеотуризм ерекшеліктері

в) Спелеотуристік іс-шаралар

Қорытынды

 

Кіріспе

Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан. Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді.

Қарапайым туризм түрі: экскурсиялық туризмімен, қонақүй туризмімен және т.б. туризм түрлерімен қатар, ерекше танымал болып келе жатқан – белсенді туризм болып табылады. Көптеген адамдар ауасы тар қаладан шығуға көптеген күш жұмсайды және кішкене уақытқа ғана табиғи табиғаттың сұлулығына және ғажайыптылығына ауысқысы келеді. Және белсенді туризм, қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан, осы амалды орындауға дайын болып саналады.

Белсенді туризмнің түрлер

 

 

 

 

Дайвинг

Рафтинг

Сноубординг

Велотуризм

Әуедегі туризм

Белсенді туризмнің алуан түрлілігіне біз таң қаламыз. Себебі, қазіргі уақытта белсенді туризмнің мынандай түрлері бар:

  • Жердегі туризм;
  • Таудағы туризм;
  • Судағы туризм;
  • экзотикалық туризм;

Белсенді туризм классификациясы

Белсенді туризмнің біз ойламағанда түрлері бар екен. Белсенді туризм классификациясына жақынырақ келетін болсақ, келесідей болады:

1). Белсенді туризмнің жердегі түрі:

    • Жаяу туризм немесе треккинг;
    • Спелиотуризм (тау ішіндегі саяхат);
    • Спелестология (қолмен жасалған жер асты жерлермен саяхат);
    • Велотуризм;
    • Маунтинбайкинг.

2). Таудағы туризм:

  • Альпенизм(техникалық және физикалық дайындықты қажет етеді);
  • Таулы шаңғы және сноуборд.

3). Судағы туризм:

  • Виндсерфинг (парустық тақтада жүзу);
  • Судағы шаңғы;
  • Вейкбординг;
  • Кайтинг;
  • Каякинг;
  • Рафтинг.

Судағы туризмнің соңғы  екі түрі өте экстремальді және қауіпті, себебі бұлар таудағы өзендерде болады.

4). Экзотикалық туризм:

  • Ғарыштағы туризм;
  • Джайлоо-туризм;
  • Солтүстік және Оңтүстік полюстегі туризм және басқа да экстремальды орындарда

Спелеотуризм

«Атың барда жер таны, желіп жүріп» деп, атамыз қазақ айтпақшы, мүмкіндік болса, жұмыр жердің әр тұсында, әр заманда қабырғасы қаланған, тарихы тереңнен сыр шертетін көне жәдігер ғимарат-нысандарды, пирамида-молаларды  одан қалса, тарихи мәні үлкен аймақтарды аралап көргенге не жетсін! Жұрт қызыға көруге ұмтылатын ондай мекендері  көп мемлекеттер бүгінде сол  байлығын бұлдап көрсетіп, ырғын пайда  тауып отырғаны да белгілі. Мұны заманауи тілмен айтсақ - «туризм» дейді. Ал осы  туризмнің бір бөлігі, яғни бір  саласы болатын спелеотуризм. Спелеология - (грекше: spelaіon - үңгір және logos - ілім) үңгірлердің шығу төркінін зерттейтін ғылым. Онда үңгірлердің пайда болуы, морфологиясы, микроклиматы, суы, өсімдігі, ежелгі қолданысы мен бүгінгі жағдайы қамтылады. Спелеология ХІХ ғасырдың екінші жартысында француз Э.Мартельдің ұйытқы болуымен қалыптасты. Спелеология ТМД-да тек Кавказда ғана қолға алынған. Ал қазақ даласында да қилы тарихтан сыр суыртпақтайтын, ертегі-аңыздарға арқау болған қаншама үңгірлер бар. Бірақ бізде осы үңгірлерді зерттейтін спелеология ілімі жоқ. Егерде кенже қалған осы саланы қолға алатын ілім дамитын болса, үңгірдің қыр-сырына қызығатын талай жұрт біздің елге қарай ағылар еді. Бұл - біріншіден, елімізді өзге әлемге паш етіп, танытатын болса, екіншіден қып-қызыл пайданың көзі. Бүгінде өркениетті елдер жер бетіндегі тарихи орындармен қатар, жер астындағы үңгірлерін де қорғауға алып, көненің көзі ретінде жұртқа көрсетіп, көл-көсір пайда тауып отырғаны анық. Қазақ даласында талай қызықты, шым-шытырық әңгімеге арқау болған үңгірлер жеткілікті. Мәселен, соның бір-екеуін ғана атай кетейік. Қаратаудағы «Қатынқамал», Шығыс Қазақстандағы «Ақ бауыр», Шыңғыстаудағы «Қоңыр әулие» (Қоңыр әулие атты үңгір Баянауыл аймағында да бар), «Бектауата» және т.б. Бұлардың қай-қайсысы да өткеннен сыр шертері анық. Мәселен, Қаратаудағы «Қатынқамал» үңгірі жайлы түрлі аңыз көп. Соның бірі Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі бір оқиғаны былайша әңгімелейді. «Жоңғар шапқыншылығында Ақүйік өзені бойындағы Қаратаудың ұшар басында осы үңгірге қырық қыз-келіншек паналаған. Үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғар шапқыншылығы аяқталғанша, сонда өмір сүрген. Азық-түлігін оқта- текте түнделетіп ер-азаматтар жасырын жол арқылы тасыған. Бұл үңгір төменгі өзен бойынан, еңістен қарағанда көзге шалына бермейді. Өйткені маңайындағы қалың бұта мен қоқыс тастар үңгірдің аузын көрсетпей жауып тастаған. Оған таудың етегінен өрмелеп шығып, одан қия-қия соқпақтар арқылы төмен түсетін болған. Жол жобасын білетін ауыл адамдары болмаса, сырттан келген адамдар үңгірге жете алмаған. Міне, осы үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғардың ажалына ілінбей қалған, кейін еліне қосылған. Содан бері бұл үңгір «Қатынқамал» аталады. «Бектауата» үңгіріне ежелден бала көтермеген әйелдер, ауырған адамдар түнеп, қасиеті мол үңгірден өздеріне күш-қуат, денсаулық және бала тілеген. Жеті мың жылдық тарихы бар «Ақбауыр» үңгірі де құпияға толы. Әсіресе, онда ертедегі адамдардың тасқа ойып салған суреттері, таңбалары жеткілікті. Өткеннің тірі куәсі деуге болатын жер. Ал Шыңғыстаудағы Қоңыр әулие» үңгірі жөнінде де қызықты әңгімелер-аңыздар көп. Соның бірі - жарты әлемді басып алып, ұлы империя құрған, шығыстан шыққан Ұлы қаған Шыңғыс ханның мүрдесінің осы жерде жатуы жайында. Аңыз солай дейді. Үңгірдің түбінде тұнып жатқан шағын көлдің тұңғиығында үлкен қара сандық бар, оның ішінде Шыңғыс ханның жауһар тастары мен алтындары, яғни қазынасы осында сақтаулы. Ал қара сандықты ешкім ашып, ішіндегі қазынаны алмау үшін, сандыққа ешуақытта өлмейтін өте улы қара қоңыздар салынған дейді аңыз. Қалай айтсақ та, аңыздың өзегінде қаншалықты шындық барын кім білсін, әйтеуір, «Қоңыр әулие» үңгірінің құпиясы әлі ашыла қойған жоқ. Әрине, қазақ даласында жүздеген үңгір бар. Сол үңгірлерге байланысты жергілікті мекендерде көптеген аңыз-әңгімелер жеткілікті. Бірақ оны ешкім зерттеп жатқан жоқ. Осы орайда айтарымыз, елімізде спелеология ілімін дамытатын кез жетті. Егерде бұл сала жолға қойылса, спелетуризм өз-өзінен өркендер еді. Жалпы, қазақ даласы көненің көзі болып саналатын, өткеннің айғағы болатын шежірелі орындарға өте бай. Бәрін тізбелемей, әлемдік тарихтан ойып тұрып орын алатын Ұлы қолбасшы, Алтын орданың негізін қалаған, Ұлытауда тұрған Жошының мазары, Алаша ханның мазары, ұлы жиһангер Ақсақ Темірдің Алтын Орданы шабуға бара жатып, Ұлытауда екі жүз мың әскеріне тас жинатып, тау көтерген жері, оған қашап жазу жазып кетуінің өзі бөтен жұртты таңғалдыратын, қызыға көретін мекенге жарар еді. Бұдан қала берсе, ерте және орта ғасырларда қабырғасы қаланып, бүгінде тек сұлбасы қалған Сыр бойында жатқан қырық кенттің де орны туристердің ат басын тірер мекенге айналдыруға әбден болар еді. Бұдан өзге, үш жүз алпыс екі әулие мекен еткен, киелі Маңғыстауда қаншама тарихи орындар жеткілікті. Амал қанша, осыншама киелі де қастерлі жерлерге ие бола отырып, әлі күнге өзгеге мақтаныш ретінде көрсете алмай отырмыз. Мұның бірі иісі қазақ жұрты мекен еткен ұлы далада талай іргелі қағанаттар, ұлыстар, мемлекеттер бой көтергенінен, тек көшпелі өмірмен тіреліп қалмай, шаһарлар салып, гүлденген мәдени орталықтар болғанынан хабардар берер еді-ау.  
Жұмыр жердің бетінде жұртты таңғалдырған үңгірлер өте көп. Соның бірі және бірегейі - АҚШ-тың Кентуки штатындағы Флинт-Мамонтов үңгірі. Оның ұзындығы - 288 шақырым (кей деректер 500 шақырым дегенді келтіреді). Оның бір шетінен кіріп, екінші шетіне шығу үшін туристерге қанша уақыт кететінін есептей беріңіз... Ұзындығы жағынан екінші орында - тек гипстен тұратын Украинадағы «Оптимис» деп аталатын үңгір. Оның ұзындығы - 144 шақырым. Бұлардан кейін Швейцариядағы «Хеллох» және Украинадағы «Озерная» деп аталатын үңгірлер. Олардың ұзындығы 130 және 104 шақырымнан. Ал ең терең үңгір ол - Испания мен Францияны бөліп жатқан Пиреней тауындағы «Пьер-Сен-Мартен». Оның тереңдігі 1332 метр. Енді түсіп көр оған! Қап тауындағы «Қарлы» деп аталатын үңгір одан 1320 метрге «таяз». Одан кейінгі орында - Альп тауындағы «Берже» және «Жан-Бернар» үңгірлері. Тереңдіктері 1298 және 1141 метр. Ал мұз құрсанып жатқан үңгірдің бірі - Гренландияда. Тереңдігі 60 метр. Әлемде су астында жатқан ең үлкен үңгір Мексиканың Юкатан жарты аралындағы «Үлкен» үңгір. Оған 13 су асты үңгірі мен дәліздер кіреді. Бір қызығы, ол кейінен су басып кеткен баяғы үндістердің өркениетке қол жеткізген мая тайпасының бір қаласының орны екен. Ал ең ұзын жерасты жолы Одесса қаласында. Оның ұзындығы - 2500 шақырым. Туннель көптеген залдардан тұрады. Кейбірі кейіннен жасалып, табиғи үңгірмен жалғастырылған. Бұл жер- асты жолдары Ұлы Отан соғысы жылдары жауып тұрған оқтан қорғану үшін кеңес және неміс солдаттарына да көп қызмет атқарғаны тарихтан белгілі. Ал Римдегі жерасты жолдары 800, Париждегі жерасты жолы 300 шақырымға созылып жатыр. Акустикасы ең жоғары үңгірге Сицилиядағы Сиракузы қаласының маңындағы «Дионис құлағы» деп аталатын үңгір жатады. Мұнда жай сыбырлап сөйлескеннің өзі әр бұрышқа жаңғырып естіліп жатады. Ал айқай салсаң, дауысың зеңбіректің атқанындай дауыс шығарады екен. Сондай-ақ дауысты ұлғайтып шығаратын үңгірлер әлемде жеткілікті көрінеді. Ал ең кең үңгірге АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы «Карлсбадск» үңгірі жатады. Оның ұзынды-ғы - 1300 метр, ені - 200, биіктігі - 100 метр. Ең түбінде кеңдігі 400 метр болатын алаңы бар.

Балалар үңгір маңында  шомылуда

Спелеотуризм – үңгірлерде,әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін,үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы,табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру.Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер үсті өзендері болады.Үңгірлер вертикальды және горизантальды болуы мүмкін.Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүрілетін құралдар да ерекше (фонарь,примус,рация,барометр т.б.).

Pak Ou үңгірі

  • Спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан тұрады.Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерьлер құрылады.

Спелеотуризм ерекшеліктері

Спелеотуризм  саяхаты өзіндік ерекшеліктерге ие.

Бірінші ерекшелігі – күндізгі жарықтың болмауы.Жер асты саяхатының ең басты қауіптілігі - қараңғылық.Жарық жоқ жерде қозғалу,бағытты бағдарлау қиындай түсетіні белгілі.Соның салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап түсуге де болады.Мұндайға ұшырамау үшін саяхатшылар жарық сыйлар құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.

Екіншіден, үлкен үңгірлер ішке енетін жол тараптарының көптігімен күрделі,онда адаспай көздеген орынға жету тәжірибелі бастаушының  өзіне де қиын соғуы мүмкін.Үңгірлер қираған кезде жоғарыдан және қабырғалардан еденге тас сылықтарының құлайтыны бар.Кейде олар сәл  дірілдеп,тіпті қатты дауыстың өзінен-ақ үгітіледі.Жерасты саяхаты кезінде адамды тұншықтырар немесе жарылыс туғызар газдардың жиналып қалғанын кездестіруге болады.Жалпы үңгірлер сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие.

Үңгірге түскен әрбір саяхатшы альпинистік тәсіл негіздерін,шыңға шығу әдістеріе игеріп,мұзды еңістерден аман өтуі,жүргенде қауіпсіздік ерекшеліктерін,т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына және де онымен байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен батылдықты,тапқырлықты,төзімділікті,тез әрі жақсы қағып алушылықты,денсаулығының мықты болуын талап етеді.Жерасты саяхатына кетіп бара жатып үңгірлердің қауіпті екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды.Ең алдымен біреу бақытсыздық жағдайға ұшырап қалса,оған қалай сырттай көмек көрсетудің шаралары,сондай-ақ саяхатшылардың үңгірден қашан оралатыны туралы күнібүгін бақылау мерзімі белгіленуі керек[1].

Спелеотуризмнің негізгі ерекщеліктері: жер асты маршруттардың қиындығы, ол үңгірлердің  рельефінің сан қилылығымен (жер  асты сулары, кішкентай жолдар, құдықтар және т.б.); ауа дымқылдылығы көрсеткішінің  жоғары деңгейімен ( 100%-ға дейін) бұл  өте төмен температурамен қоса, жарықтың болмауымен байланысты болады. Спелеотуризм адамнана аса көп күшті, төзімділікті, ұшқырлықты, жер астында еркін  қозғалу және өмір сүру қабілетімен, жақсы жүзу және су астында жүзу (кейде аквалагпен жүзу қажет олған  жағдайда), шыңға өрмелеу қасиетінің болуын қажетсінеді. Маршрут әдетте 2 бөліктен тұрады:жер асты және жер  үсті. 1-ші бөлікті өту қиындығы мен  талаптары ( жаяу, шаңғымен, қайық үстінде  немесе өзге тәсіл арқылы), сонымен  қатар ұзақтылығы үңгірдің орналасу жерінен, оның тұрғын аудандардан арақашықтығымен, жорықтар қиныдығымен, жыл мезгілімен және т.б. байланысты болады. Екінші бөлік  қинышылығы үңгірдегі ауа жағдайымен және ұзақтылығымен байланысты болады. Арнайы дайындық пен техникалық құралдарды қажет ететін үңгілер 9 қиындық дәрежесіне бөлінеді: 1, 2А, 2Б, 3А, 3Б, 4А, 4Б, 5А, 5Б. Үңгірдің қиындық дәрежесін аңықтаудың негізгі  критерийі болып оның ұзақтылығы, қиындығы және маршрут барысында  кездесетін кедергілер көлемі болып  табылады. Кедергілер ретінде құдықтар және кішкене тар жолдар болып  келеді. Сонымен қатар, су және қар  күйіндегі кедергілер де кездесіп жатады.

Спелеотуристік іс-шаралар

Спелиомектептер

Кеңес одағы кезінде спелеотуристер тұру орны бойынша ұсынылатын арнайы лагерьлерде  оқытылып, ал кейін үңгір аудандарындағы спелеолагерьлерде оқуын жалғастырған еді.

Спелеоэкспедициялар

Спелеоэкспедициялар бірнеше үңгірлерді көрумен, бір  танымал үңгірді көрумен немесе жаңадан ашылған үңгірлерді зерттеумен байланысты ұйымдастырылуы мүмкін. Спелеоэкспедициялар  сонымен қатар, үңгірлер орналасқан аймақтар, саябақтар территориясында  жалғасуы мүмкін. Ол үшін тек администрациядан рұқсат алу қажет болады.

Спелеотуризм КСРО-да

Спелеотуризм  КСРО-да 60 ж. басында, Крым, Урал, Красноярск аймақтырмен бірдей уақытта пайда  болды. 70 ж. басында Мәскеудің өзінде-ақ 10-ға жуық ресми спелеологиялық ұжымдар  жұмыс істеді: 50 адамдай туристер клубының мүшесі болды ( оны "қалалық  секция" деп атаған), осындай шамалы топтар Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ) болды, қалған кішігірім топтар өзге көптеген жоғарғы оқу орындарында  өз қызметін атқарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

          Спелеотуризм – үңгірлерде,әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін,үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы,табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру.Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер үсті өзендері болады.Үңгірлер вертикальды және горизантальды болуы мүмкін.Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Үңгірге түскен әрбір саяхатшы альпинистік тәсіл негіздерін,шыңға шығу әдістеріе игеріп,мұзды еңістерден аман өтуі,жүргенде қауіпсіздік ерекшеліктерін,т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына және де онымен байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен батылдықты,тапқырлықты,төзімділікті,тез әрі жақсы қағып алушылықты,денсаулығының мықты болуын талап етеді.Жерасты саяхатына кетіп бара жатып үңгірлердің қауіпті екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдерінің негіздері» пәні бойынша 050902 «Туризм» мамандығына арналған оқу құралы/ С.Аманжолов атындағы шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Экономика және қаржы факультеті «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы – Өскемен,2007.
  2. Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері»/Оқу құралы/- Алматы,1996 7б.
  3. 3.google.kz//tourism.com..
  4. Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К., «Туризм және өлкетану неіздері», Алматы: ҚазҰПУ, 2006ж.

 


Информация о работе Белсенді туризм түрлеріне жалпы сипаттама