Қазақстандағы туристік кәсіпорындардағы бизнес турлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік қарым-қатынас.......................................................................................................5
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМІНДЕ ИТАЛИЯНЫҢ ҮЛЕСІ
2.1 Қазақстандағы Италия компаниялары және олардың ұйымдастыратын көрмелері, жәрмеңкелері......................................15
2.2 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардағы бизнес турлары..........21

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм.doc

— 303.00 Кб (Скачать документ)

 

  1. сурет. Қазақстан бойынша іскерлік мақсаттағы туристер саны [].

 

 

Италия Қазақстанның Шығыс Европадағы маңызды саяси  және экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. 

Қазақстан мен Италия арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 12 шілдеде орнады. Екі жақтық бірлестіктегі алғашқы қадамдар 1992 жылы қарашада қазақстан-итальян  Сауда палатасының құрылуымен анықталады, оның мақсаты сауданы дамытудағы көмек көрсету, семинарлар, көрмелер, жәрмеңке өткізу болып табылды. Сол кезден бастап Қазақстан мен Италия арасында бизнес туризмнің дамуы бастау алды. 1993 жылы желтоқсанда Алматыға Италияның сыртқы сауда Институты делегациясы келді. 1993 жылы ақпанда кабелді өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтарды жеткізу және дайындауға 24,125 млн. АҚШ долларына «Энергокабель» АҚ-мен контрактқа қол қойды. Итало-қазақстан саудасының көлемі 1994 жылдан 1999 жылға дейін 56 пайызға өскен; және ол қазақстан экспортының Италияға шикізат материалын тасымалдауы. Мұндай жағдай екі елдің экономикалық мүмкіндігі мен күшіне сәйкес келмейді. Италия мысты импорттау көлемін ұлғайтуға құлшыныс білдіріп отыр. Италияның сыртқы сауда министрі А. Фантоццидің көрсетуі бойынша, «Италияға келген түсті металлургия өнімі ағысының ары қарай дамуы өте тиімді».

1994 жылы 22 қыркүйекте  Президент Н. Ә. Назарбаевтың  Италияға ресми сапары басталды. Екі ел мемлекеттер арасында  егемендік теңдікті, аумақтық тұтастықты  құрметтеу, шекараның мызғымастығы, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу принциптерін қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Екі жақ адам құқығын сыйлау мен  этникалық маңыздықтарға, демократиялық  принциптер мен бостандыққа көңіл  бөлетіндігін мәлімдеді. Қазақстан  мен Италия ядролық қаруды таратпау режимін күшейту үшін алға шығатындарын және адамзатты жоятын барлық қару түрлерін таратпауға бағытталған шараларды қабылдады.

Екі жақ елдерінің келешегі Европалық  континент сияқты нарықтық экономикада  қалыптасқан жүйенің құрылуы  мен экономиканың дамуына байланысты болады деді. Олар әр түрлі салада өзара тиімді бірлестік даму үшін керекті шаралар жасап отыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар Италия екі елдің қоғамы мен халықтарын біріктіруге ықпал ететін құқық, саясат, экономика және мәдениет саласында Қазақстанға көмек беретінін мәлімдеді.

Екі жақ Қазақстандағы Семей  полигонындағы ядролық қаруды жылдар бойы сынақтар және Арал теңізінің  тартылуы ғаламдық қауіп-қатер болып  табылады. Бұл мәселе жан-жақты бағдарламаларды  пайдалана отырып бірігіп шешілуі  қажет.

Римде біздің еліміздің Басшысы мен Италияның Кеңес Министрлерінің Төрағасы Сильвио Берлускони екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастар принциптері жайлы Декларацияға қол қойды.

Бірлескен Декларацияда екі ел үкіметінің ісіндегі басымды бағыттары анықталған. Қазақстан мен Италия қоршаған орта саласында бірлестікті дамыту мен технология мен тәжірибемен алмасу жүзеге аспақшы. Екі жақ мәдени бірлестік, сондай-ақ білім, туизм, ғылым және мәдени құндылықтарды сақтау салаларын қолдайтындығын айтты.

Келіссөз кезінде мынадай  құжаттарға қол қойылды:

    • Экономикалық бірлестік жайындағы Декларация;
    • Екі еселік салық жинау туралы Конвенция;
    • Инвестицияны қорғау мен қолдау туралы Келісім;
    • Екі ел СІМ арасындағы консультациялар жайлы Протокол;
    • Ғылым мен технология саласындағы бірлестік жайындағы протокол.

Декларацияда екі елдің  бірлестігі жайлы өзара тиімділік  пен теңдік, өзара сыйласым принципінде  жасалғанын астын сызып тұрып  көрсетті. Оның басты мақсаттарының  бірі Қазақстанға экономикалық реформа  қолдауын көрсету. Екі жақ сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы бірлестіктің дамуының барлық формада дамуына ықпал ететіндерін көрсетті.

1997 жылы мамырда Қазақстан мен Италия арасында достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. 1998 жылы 24 қыркүйекте Президент Н. Назарбаевтың Италияға ресми сапары кезінде Рим Папасы Иоанн екіншімен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

1997 жылы 5 ақпанда Қазақстанның сыртқы істер министрі ресми сапармен Италияға келді. Италия Президенті О. Скальфаромен, премьер-министр Р. Продимен, Сыртқы істер министрі Л. Динимен кездесулер өткізді.

1997 жылы 16 қыркүйекте Қазақстанға  ресми сапармен Италия премьер-министрі  Р. Проди келді. Романо Проди  Қазақстан геологиялық және экономикалық  көзқарасы жағынан Италия үшін  аумақтағы кілтті ел болып  отыр. Президент Н. Назарбаевпен кездесу барысында саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Итальяндық тарап Каспий теңізі мен Қарашағандық мұнай конденсатын  игеруде, Қазақстанның мұнай-газ орындарын игеруде, сонымен қатар Каспий труба жолы консорциумы (КТК) жобасына «Аджип» компаниясымен котрактқа қол қоюға дайын екенін жариялады.

Р. Проди «Аджип» компаниясының  контракт шарттары мен Қазақстанның экономикалық дамуына баға берді.

1998 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанның Президенті Н. Назарбаевтың Римге екінші ресми сапары болды.

Қазақстанның Президенті Италияның  Президенті Оскар Скальфароға «Достық» (Дружбы) орденін табыстады. Италияның  Президенті Қазақстан мен Италия арасындағы сенімдік пен әріптестік, достықты күшейтуге қосқан үлесі үшін орденді иемденді. Екі жақ Н. Назарбаевтың Италияға 1994 жылғы алғашқы сапарындағы және 1997 жылы О. Скальфароның Алматыға келгеніндегі диалог өз жалғасын тапты. Екі жақ тек экономикалық байланыстарды ғана емес, сонымен қатар саяси, гуманитарлы, мәдени салаларда байланыстарын күшейтетінін мәлімдеді.

Италияның Президенті Рим Астана үшін стратегиялық әріптес болуы үшін ықпал ететіндігін жариялады. Өз кезегінде біздің еліміздің Басшысы  Н. Ә. Назарбаев қазіргі кезде Астана Қазақстандағы кіші және орта бизнесті дамытуда итальян кәсіпкерлерінің қатысуын күтеді деп айтты. Келіссөз кезінде О. Скальфаро ғаламдық қауіпсізқдікті күшейтуде Қазақстанның қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сондай-ақ, республика Кеңес Үкіметінің құлауынан кейін бірінші болып ядролық қарудан бас тартты деді.

1998 жылы 24 қыркүйекте Н. Назарбаев  Ватиканның басшысына   және  рим католиктік шіркеуінің папасы  Иоанн Павел ІІ-ге сапармен  барды. ҚР Президенті мен папа  жалғасы бар әңгіме айтысты.  Сол күні Ватиканда Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Престол арасындағы өзара түсіністік жайлы Келісімге қол қойылды. Оған ҚР сыртқы істер Министрі мен Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анжело Содано қол қойды. Қазақстан Қасиетті Престолға ТМД елдерінен алғашқы болып мұндай құжатқа қол қойып отыр, ватиканның Мемлекеттік хатшысы жемісті екі жақтық бірлестіктің жалғаса беретін үмітін білдірді және Қазақстанның басқа мемлекеттерге сенім мен ұят бостандығының таралуына үлгі бергенін айтты. Қол қойылғаннан кейін таратылған Ватиканның ресми Коммюникесіндегі Келісім қорытындысы «тарихи оқиға» болып аталды.

Білім, туризм және мәдени салаларда  да қазақстан-итальяндық бірлестік  жақсы қарқынмен дамуда. Мантуе мен  Римде өткен «Алтын адам: Қазақстанның қола ғасырдан ұлы көші-қон дәуіріне дейінгі дала мәдениеті» көрмесі сәтті болды. Ол Италияның сыртқы істер Министрі, «ЭНИ» концерні мен ғылым Министрлігінің археология Институты – ҚР ғылым Академиясының ықпалымен жасалған. 1999 жылы «Алтын адам» елдің оңтүстік қалаларында – Лечче мен Неапольда экспонатталды.

Кез келген елмен екі  жақтық қарым-қатынастағы контексте негізінен мыналар ескерілген: саясат саласында – мемлекеттік пен біздің егемендігімзді күшейтуге ықпал ету және қолдау көрсету; экономика саласында біздің экономикалық өсуімізге ықпал ету және қазақстандықтардың жағдайын көтеру; мәдени-гуманитарлық салада – бүкіләлемдік мәдениетке біздің мәдениетіміздің интеграциясы мен адамдық потенциалын дамытуға ықпал ету.

Италия Қазақстанның ірі сыртқы сауда әріптестерінің қатарына кіреді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2004 жылы 3,5 миллиард долларды құрады. Бізде итальян компаниясының 42 бірлескен кәсіпорны және 8 өкілдігі  тіркелген. Олардың негізгі салалары ауыл шаруашылық, химия өнеркәсібі, қызмет көрсету саласындағы қызмет көрсету, құрылыс материалдарын өндіру, дәрі препараттары және т. б. Ынтымақтастық барлық дерлік салаларда: пайдалы қазбалар, кен орнын зерттеуде, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде, тамақ өнеркәсібінде, машина жасауда, ауыр өнеркәсіпте, энергетикада, жеңіл өнеркәсіпте,  ХТТ өндірісінде дамып келеді.  

Италия Қазақстан экономикасына  салынған инвестицияның көлемі жағынан АҚШ-тан, Оңтүстік Корея мен Ұлыбританиядан кейін төртінші орын алады. 2004 жылдың аяғында италияның инвестиция көлемі 1,6 млрд. доллардан асып түсті.

Қазақстан рыногын игеруде  отын-энергетика кешеніне байланысты «Эни» концернінің құрамына кіретін «Аджип», «Комеринт», «Сайпем С. п. А.», «Ди Анджели Индастриз» және басқа итальян компаниялары зор белсенділік танытуда.

Рим Папасының бастамасымен 1986 жылы Италияның Ассизи қаласында  Европадағы негізгі конфессиялар өкілдерінің кездесуі болды. Сол кезеңнен   бастап мұндай кездесу тұрақты сипат алды. 2002 жылғы кездесуге 48 конфессиялар мен шіркеулерден өкілдер келді.

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының  (ФАО) бас директоры  Жак Диуф Қазақстанда өткізіп  жатқан саяси және экономикалық реформаға, соның ішіндегі ауыл шаруашылық саласындағы өзгерістері нәтижесіне жоғары баға берді. Бұл туралы ол Қазақстан Республикасының елшісі, БҰҰ-ның жүйесіндегі халықаралық ауыл шаруашылық ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Алмас Ханзаевпен Римде болған кездесуінде айтты. Елші ФАО директорын елбасының жолдауының негізгі тармақтарынан хабардар етті. БҰҰ өкілдерінің пайымдауынша, Қазақстан бүгінде Орталық Азияда және әлемдік қауымдастықта жоғарғы статусқа ие болған мемлекет.

1994 жылы 21 қыркүйекте Президент Н. Назарбаев ресми сапармен Италияға келеді. Италия Президенті О. Скалфаро мен үкімет басшысы С. Берлусконимен кездесу өткізеді. Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қарым-қатынастар жөніндегі декларацияға, ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы протоколға, экономикалық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қояды.

2005 жылы 2 маусымда Астанада  Италия Республикасының құрылуына  59 жыл толуына орай ресми қабылдау  өтті. Қабылдануда Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев және Италияның Қазақстандағы елшісі Диего Лонго баяндама жасады.

2006 жылдың желтоқсан  айында Қазақстан Республикасы  мен Италия Республикасы арасында  дипломатиялық қатынастарды орнату  туралы ноталармен алмасу рәсімі  өтті.

Қазақстан Республикасының Сенаттың Төрағасы Қасымжомарт Тоқаев сенатор Италия Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Джанни Вернеттиді қабылдады.

Сұхбат кезінде Қазақстан-Италия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту  мәселелері бойынша салиқалы пікір  алмасып, парламентаралық диалогты кеңейтуге, халықаралақ ұйымдар шеңберінде екі елдің заң шығару органдары арасындағы өзара ықпалдастықты жандандыруға ерекше назар аударылды.

Д. Вернеттидің пікірі борйынша, біздің елдеріміздің экономика,сауда  және энергетика салаларында өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту үшін қажет үлкен әлеуеті бар. Италия парламентшісі ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төрағалық ету біздің еліміздің кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. Қазақстан осы ұйымды реформалау үдерісіне сындарлы идеялар енгізе алады.

2007 жылдың 24 қазанда Неапольда 21 конфессияаралық бейбіт үшін кездесу өтті. Оған дәстүрлі және әлемдік дін лидерлер делегациясы мен сенат төрағасы Қ. Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасынының діни өкілдері мен парламент делегациясы қатысты. Салтанаттың жабылуы бейбіт үшін Қаратпаға қол қоюмен аяқталды. Сонымен қатар Бүкілхалықтық дауыс беру алаңында Рим Папасы Бенедик ХVІ-ның бейбіт үшін жалбарынуы болды, оған Италия Республикасының президенті Джорджио Наполитано қатысты.

Неапольда сонымен қатар  сенат төрағасы Қ. Тоқаев пен Италия президенті Д. Наполитанының кездесуі өтті. Наполитано өз кезегінде Қазақстандағы әлемдік және дәстүрлі діннің съездері өткізілі маңызын жоғары деп бағалады және діниаралық және ұлтаралық келісімді қазақ қоғамына жоғары баға берді. Қ. Тоқаев өз кезегінде 21 діниаралық диалогтың маңызын көрсетті және болған кездесудің ұйымдастырылуы жоғары дәрежеде болғанын айтты. Қазіргі кезде қазақ делегациясы Римде, Қ. Тоқаев екі жақты бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Италияның елшілігі ескі астана Алматыдан Қазақстанның жаңа астанасы Астанаға 2005 жылы 15 сәуірде көшкен болатын. Жасалынған келісімдердің алғашқысы Астанадағы 2003 жылы мамырда Италия Елшілігінің Жеке Секциясының ашылуы, оның ашылу салтанатын Сыртқы Істер Вице-Министрі Бонивер мен Алғашқы Сыртқы Істер Вице-Министрі Абусеитов  өткізді: ашылу кезінде италияның Елшілікті ескі астанадан жаңа астанаға көшіру жұмыстарын өзіне алатынын мәлімдеді. Ендігі кезекте келесі айларда Европалық Одақ елдерінің Елшіліктері көшіп келетін болады.

2007 жылы 8 қазанда ресми  салтанаттан кейін Ақорда сарайында  Қазақстан Президенті мен Италияның  Кеңес Министрлерінің Төрағасымен  кең ауқымды келіссөздер жүргізді. Екі жақ екі ел арасындағы  ауқымды сұрақтарға жауап берді,  инвестициялық, сауда-экономикалық және саяси сфералардағы өзара ықпал перспективаларын анықтады. Қазақстан мен Италияны ғаламдық және аумақтақ саясат сұрақтарына бірдей араласуы біріктіреді. Келіссөздер кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Романо Проди ЕО, БҰҰ, ЕЫҚҰ және басқа да халықаралық құрылымдар бойынша ықпалдығын күшейтуге сөз берді. Қазіргі таңда Қазақстанда итальян компанияларының өкілдері мен бірлескен кәсіпорындарының 100 жуығы тіркелген. Италия қазақстандық бидайды алудағы ең ірі импортер, соңғы жылдары бидайдың 1 миллион тоннадан астамын сатып алған. Сонымен қоса, Италия – қазақстандық экономиканың ірі инвесторы, оның инвестиция көлемі 1 миллиард долларға жетеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 90 жылдары Романо Проди Италия үкіметінің Басшысы болғанда екі ел арасындағы тығыз экономикалық байланыс орнатқанын еске салып өтті. Қазақстан – итальян қарым-қатынастарының іргетасын Романо Проди қалаған деді. Бүгін Италия әлемде саудамен әріптестік ретінде Ресейден кейін екінші орынды Италия алатынын да айтты. Италия Европалық Одақтың төрағасы болғанда Қазақстан Европалық одақпен тығыз байланысқа түсе алды. Италиямен жан-жақты байланыс Қазақстан сыртқы саясатының алғашқы бағыттарының біріне айналды және Қазақстан Италияны адал экономикалық және саяси әріптесі ретінде қарастырады. Қазіргі таңда қазақстан-италия қарым-қатынастары негізінен экономикалық салада жақсы қарқынмен дамуда. Мұның дәлелдемесі ретінде сауда айналымының көрсеткіші бұрынғы бес жылға қарағанда жеті есеге өскенін көрсетуге болады. 2007 жылы сауда айналымының көлемі 8,3 миллиард долларды құрады, осы жылғы айлар көрсеткіші 20 пайызға ұлғайғанын көрсетіп отыр. Бірақ шикізат, жоғары технологиялық қарым-қатынастарының дамымағанын айтты. Президент Назарбаев әскери-техникалық, авиация-космостық, байланыс пен телекоммуникация, білім мен медицина, туризм, мұнай керек-жарақтарын өндіру мен жоспарлау, автомобиль жолдарын салу, машина жасау салаларында өзара тиімді бірлестік жасауға болатынын мәлімдеді. Бұл мақсатта екі жақ қазақстан-итальян жұмыс күштерін айырбас пен экономикалық және өндірістік бойынша жұмыстарын белсендіре жүргізуде. Италияның премьер-министрі     Р. Проди БАҚ-на Қазақстанға осыдан 10 жыл бұрын келгенін естеріне салды және осы соңғы жылда Қазақстан мүлде басқа ел болып өзгергенін айтты. Ол жаңа астана – Астана қаласындағы құрылыстармен тамсанды. Италия Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрайым болуы мен ДСҰ енуін қолдайтын болады. Қазақстан Италия өткізіп жатқан бүкіл әлемде өлімдік жазаны жою кампаниясын  және 2015 жылы бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесінің итальян қаласы Миланда өткізу кандидатурасын қолдайтын болады. Премьер-министр келіссөздер кезінде қаржылық сала мен жоғарғы технология аумағындағы бірлестіктерді сөз еткенін мәлімдеді. Мысал ретінде, Романо Проди осы жылы италияның «UniCredit» банкі көлемі бойынша Қазақстандағы үшінші банк АТФ Банкты алғанын айтуға болатыны еске салды. Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша республика ұйымдары мен кәсіпорындары жасаған құрылыс-монтажды жасаған жұмыстарының көлемі 895,4 млрд. долларды құрады. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,2 пайызға өскенін көрсетеді.  

Информация о работе Қазақстандағы туристік кәсіпорындардағы бизнес турлары