Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 
 

КІРІСПЕ

3

1

1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

 

6

 

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні

6

 

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік  туризмнің дамуының негізгі     бағыттары

 

14

 

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры

22

2

2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

 

28

 

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

 

28

 

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

 

53

 

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел  қонақтарға іскерлік мақсатты  турларды жоспарлау және ұйымдастыру

 

58

3

3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

67

 

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға  бағытталған туристік байланыстар

67

 

3.2  Қазақстандық инфрақұрылымның  жақсарту шаралар

76

 

ҚОРЫТЫНДЫ

84

 

ПАЙДАЛАНҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР

86


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Туризм – француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.

Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни  саяхатшылық - бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Қазіргі туризм саласындағы менеджмент туристік кәсіпорынның ұйымдастыру ерекшілігін және әс ірекетің ескереді, яғни қазіргі туристерге қызмет көрсету барысында технологиялық және мазмұны бойынша түрлі болу тиіс. Туристеге қызмет көрсету жобалардың мен бағдармалардың көптүрлігі осыған орай құрылады. Туристеге қызмет көрсету бағдарламаларда қонақ үйлер, азық түлік кәсіпорындар, саяхат бюросы мен экскурсия, туристік агенствовалар, авто және авиакөлік кәсіпорындар, мұражайлар, кинотеатрлер, қызмет көрсету орталықтар, спорт және мәдени орталықтар, денсаулық орталықтары және басқалар. Олар барлықтары туризм инфрақұрылымын құрайды да демалу және туризмды ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыздандырады, ойткені олар саяхатқа қажетті қызмет түрлерінің кешені. Қазіргі заман талабына сай туризм индустриясы, тұрақсыз өзгеріп отыратын нарық жағдайына бейімделген жоғары білікті мамандар даярлауды қажет етеді. Өз қызметі саласында теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты қабілетті, әрі сауатты кәсіпкер ғана мол жетістіктерге қол жеткізеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметке арналған көптеген батыс ғалымдарының еңбектері жарық көруде. Бұл жұмыста көбі батыс елдерінің тәжірибесінде және нарықтық экономикада дамыған кәсіпорныдар негізінде құрылған. Бірақ халықаралық туризм индустриясы тәжірибесіндегі басқару модельдері дамымаған инфрақұрылымның және кадрлардың жетіспеуіне байланысты біздің жағдайда қолданысқа енуі екі талай. Осыған орай жұмыс барысында отандық ғылым мен практикада өзге елдердегі туристік индустриядағы маңызды тәжірибесі негізінде құрылған. Жұмыста  маркетинг, менеджмент, қаржы, құқықтық қамтамассыз ету сияқты мәлеметтік базалаларын негізгі бөліктері алынды..

Қоғамдық тамақтандыру әрбір елдің экономикасында жұмыс көлемінен де, қызмет көрсетушілер саны бойынша да елеулі орын алады. Қоғамдық тамақтандыру біздің елімізде жақсы дамып, ол тамақ өнімдерін өндіру, сату сияқты қызметтерді атқарады. Қоғамдық тамақтану материалдық және қоғамдық ресурстары, халықаралық тұрмысты қайта құруға икемдеу, әйелдерді үй жұмысынан босатуға және қоғамдық еңбекте белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады.  Қоғамдық тамақтандыру жұмыс істеу саласы бойынша әрбір тұтынушының қалауын орындаумен байланысты болғандықтан көптеген факторлардың, технологиялық ұйымдастыру сұрақтарының, күнделікті уақытқа сай дұрыс шешім қабылдаудың ықпалына тиеді. Сондықтан да кәсіпорынды дұрыс ұйымдастыру, оның пайдалылығын, рентабельділігін есептеу, осы кәсіпорынның алдағы уақытта көздеген мақсаттарына жетуіне тікелей байланысты.

Туризм индустриясы шаруашылықтын бір саласы ретінде бизнеспен кәсіпкершілікті дамытуға танымдылықпен салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы ерекше құрал ретінде қарастырылуда.

Әлемдік туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатты Бағдарламасын жасалды. Онда халықаралық деңгейге іскерлік туризм түрін шығыру және біздің кәсіпкерлер бизнестік форумдарға қатысуға арнайы іскерлік туризмды дамытуға бағыт алынды. Сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастырылған.

Өткен жылғы туризм саласындағы негізгі көрсеткіштер:

- сырттан келу туризм 8 пайызға  артып, 4 млн. 706 мың адамды құрады;

- ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың  адамнан тұрды;

- сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың  адамды құрады.

Жалпы көрсетілген қызмет көлемі 3932,6 млрд.тенге. Сатылган турөнімдер 13890,7 млн. тенге. Бұл көрсеткіштер 2009 жылға карағанда 1,9 есеге өскен.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: іскерлік мақсатты турларды жоспарлау, ұйымдастыру және құрастыру.

Осы жоғарыда көрсетілген мәлеметтерден дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты құрылды, яғни Қазақстандағы іскерлік туризмнің қалыптастыру мәселелерің ілімдік және практикалық тұрғыда сараптай отырып төмендегі міндеттерді шешу:

- нарық жағдайындағы іскерлік  туризм түрін талдау;

- іскерлік туризм түрінің қалыптастырудағы  басқару мәселелерінің анықтау;

- іскерлік туризм түрінің негізгі  міндеттерін айқындау;

- іскерлік туризм түрін қалыптастыруға  қатысты ұсыныстар беру.

Зерттеу объектісі: «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің мысалында Қазақстан республикасының іскерлік туризмді қарастыру.

Зерттеу пәні кәсіпорындағы іскерлік туризм дамуының теориялық, әдістемелік және  тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы болып табылады.

Зерттеу тәсілдері: анализ және синтез, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын сұрыптау, картографиялық. Туристік фирмалардын жұмыстарымен танысу.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы Қазақстан республикасының іскерлік туризмді қарастыру, әдетте экономикалық үрдістердің  құрамдас бөліктері, олардың жекелеген  түсініктерін нақтылауда.

Практикалық маңыздылығы: ілімдік негізде Қазақстан туризмі туралы деректерді талдау барысында іскерлік туризм түсінігін туризм индустриясында пайдалану жолдарын көрсету. Туристік өнім бейнесін анықтай отырып республикадағы іскерлік туризмнің жүйесін қалыптастыру. Елеміздегі іскерлік туризмнің қалыптастыру концепциясын жасауда алғы шарттар берілуі еліміздегі туризм индустриясынын дамуына өзіндік септігін тигізуге тиісті.

Дипломдық жұмыс үш тараудан турады. Бірінші тарауда іскерлік туризмнің қалыптасуының ілімдік және әдістемелік негіздері қарастырылды. Екінші тарауда іскерлік туризм - туристік өнімнің бейнесін қалыптастырудың мемлекет экономикасындағы ролі. Үшінші тарауда Қазақстан Республикасының іскерлік туризмнің бейнесін қалыптастыру концепциясы мәселелерін қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық   негіздері

 

 

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны, рөлі және мәні

 

Іскерлік туризмге анықтама, және қызметтер түрлері. Іскерлік туризммен бүкіл халықаралық тарихты байланыстыруға болады.  Ұлы Жібек  жолымен жүрген саудагерлер, Марко Поло, Афанаси Никитин, Васко да Гама, христофор Колумбтар сапарларын белгілі бір мақсатпен байланыстырады, былайша, іскерлік сапар жасаған десек те болады.

Қазіргі таңда саяхатшылардың әр бір төртіншісі сапарларын іскерлік мақсатпен байланыстырады. Және осы іскерлік сапарлардың әр түрлі мақсатта жасалатын үлкен саяхаттар секторын іскерлік туризм дейміз.

Іскерлік туризм – дегенде туристік қызметтердің толық пакетін жатқызамыз. әуе билетін броньдаудан бастап бизнес виза жасау және трансферлер іскерлік кездесулерді, демалуларды ұйымдастыруларды айтамыз [1].

Іскерлік туризм - әр елдің ұлттық экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Және сол экономиканың әлемдік нарыққа интеграциалануына септігін тигізеді. Іскерлік туризм әр қилы , ол өз құрамына жеке сапарлар мен топтық сапарларды қамтиды. Және бұл сапар шегулер әр түрлі халықаралық корпорациялар ұйымдастыратын іс шараларға қатысады. Ал бұндай іс сапарлардың түрі көп. Съездер, конференциялар, семинарлар, тағы басқадай шаралар. Бұндай іс шараларды көптеген саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени, діни және басқа да ұйымдар ұйымдастырады. Бұнымен қатар әр түрлі жәрменкелер, бизнес трэйнингтер, бизнес курстар тағы басқада іс шараларға қатысу, бұлардың барлығы іскерлік туризмнің бір бөлігі. Сонымен қатар бұндай іс шаралар әрқашан экскурсиялармен, танымдық бағдарламалармен байланыстырылады.

Іскерлік туризм тұтынушылармен, инвесторлармен, іскеллік әріптестермен кездесуге, жаңа технологиялармен танысуға, бизнестің дамуына оң септігін тигізеді. Ал жекелеген бизнестің дамуы дегеніміз сол мемлекеттің барлық экономикасының алға жылжуы, дамуы екендігі айтпаса да белгілі. Осы себептен біз іскерлік туризмді экономиканың маңызды бір бөлігі дей аламыз.

Іскерлік туризм дегеніміз не? Алдымен турист мағынасын ашып көрелік. Сөз жоқ, көз алдымызға табиғат аясындағы жорық көлбең ете қалар: тігілген шатыр, арқадағы рюкзак, шалқыма от басындағы шабытты ән, түрлі спорттық ойындар, тәбет ашар балық қалбырының кермек иісі. Тіпті турист дегенімізді қашық жерге шығып, тәуліктен астам уақыт тұрақты жүріп-тұрған адамды ен тағып даралап, дәлдеп атап жатады. Ал іскерлікті ту еткен туристің жайы белгілі. Бизнесін бекемдеу мақсатымен айшылық алыс жерден келген іскер адам ойындағысын тындырған соң, тосын шаһардың тарихи, мәдени орындарын аралап, сұлулық көрінісін тамашаласа, оның туристен несі кем? Мысалы, Парижге бардыңыз делік. Құмарлық отың маздап жүре берды.

Елисей алқабын аралау, Луврды тамашалау, опера театрына бару. Ой-өрісің танымдық жағынан байи түсер. Аралаған жеріңнің бәрі сені турист ретінде бағалап, құрметтейді, мінсіз қызметін көрсетеді. Туриспін деп кеуде соғуыңа болады. Яғни, іскер-турист! Осы түсінік астаналық шенеуніктерге көп парыз жүктейді. Елорданы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, сондай-ақ оны Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту жолында күрделі шаралар жүзеге асып жатқан кезеңде іскерлік туризм проблемаларын бүге-шігесіне дейін зерттеп, нақты жұмыс істеуге ықыласты олар. Сондықтан да шығар, әкім Асқар Мамин кезекті бір жедел кеңесте осы мәселені күн тәртібіне шығарып, тиісті сала мамандарын біраз ширықтырып алған. Онымен де шектелмей, бұл мәселені үнемі бақылау қырынан шығармай отырады [2].

Туризмге деген ықылас қаланың кластерлік экономикасының ең басым бағыттарының бірі есептелетіндіктен де айрықша мәнге ие болып отыр деуге негіз бар.

Келімді-кетімді адамдардың туристік сапарларының мәнісін сараптағанда белгілі болған жәйт мынадай. Олардың саны жылдан-жылға орта есеппен 20-30 пайыз өсіп келеді. Дегенмен, бір нәрсенің басы ашық қалып отырғандай. Іссапармен келушілер қатарының көбейгенімен, Ал шетелдік туристік топтарға мінсіз қызмет ету, міне, мақсатты іс сонда ғана кемелдене түспекші. Бізде осы жағы қандай деңгейде екен?

Іскерлік туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда өз ерекшеліктері бар. Бұл туризмнің қызметін тұтынушыларына сапарларының басты мақсаты сол елдегі іскерлік мақсат. Бұл әртүрлі халық аралық конференциялар, семпозиумдер, жиналыстар, көрмелер, компаниялардың еншілес фирмаларына сапарлары, тәжірибе алмасуы. Сол елдің ішкі іскерлік сапарлары. Осындай сапарлардың  туризммен ара қатынасын анықтап алу керек. Анықтап алу үшін сапар шегушілердің туризмнің қандай қызметтерін пайдаланатынын анықтау керек. Бұл қызметтер ішіне қонақ үй қызметі, тамақтану, транспорт, экскурсиялық қызметтер тағы басқа. 

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары